QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
37.9K subscribers
4.47K photos
1.6K videos
18 files
3.97K links
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы

Официальный Telegram-канал Министерства просвещения РК
Download Telegram
👩‍🎓Из организаций технического и профессионального образования выпускается более 144 тысяч студентов.
Елімізде 1️⃣4️⃣ 1️⃣4️⃣9️⃣ «AQYL» мемлекеттік білім беру жинақтау депозиті ашылған.

🎯Мақсаты – оқу ақысын төлеу үшін жинақтау.
📥Бастапқы жарна - 3 АЕК.
📬Жинақтау мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін.

📑AQYL білім беру депозитін ашу үшін екі құжат қажет:
• Ата-аналарының бірінің жеке куәлігі.
• Баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.

Салымшы білім грантына ие болса:
1. депозиттен жинақты алуға
2. ақшаны басқа баланың атына аударуға
3. білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыруға құқылы.

📞Толық ақпаратты @fincenter.kz парақшасынан білуге болады немесе 8-800-080-28-28 тегін жедел желі арқылы.
В стране действует
1️⃣4️⃣ 1️⃣4️⃣9️⃣ государственных образовательных накопительных сбережений «AQYL».

🎯Целевое назначение вклада — накопить на оплату обучения.
📥Минимальный первоначальный взнос — 3 МРП.
📬Срок накопления от 3-х до 20 лет.

📑Для открытия образовательного депозита AQYL необходимо всего два документа:
• Удостоверение личности одного из родителей.
• Свидетельство о рождении и ИИН ребенка.

При получении гранта вкладчик имеет право:
1. снять накопления с депозита;
2. перевести деньги на имя другого ребенка;
3. накапливать далее для получения других уровней образования.

📞С подробной информацией можете ознакомиться на странице @fincenter.kz или по бесплатной горячей линии 8-800-080-28-28.
👫Жаз мезгілінде балаларға арналған олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 100 мыңнан аса оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

Мемлекеттік органдар өкілдері мен мониторингтік топтар келесі іс-шараларды жүргізді:

• демалыс объектілерінің дайындығы тексерілді;

• санитарлық қадағалау күшейтілді;

• демалыс орындарындағы өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша алдын алу шаралары жүргізілді;

• жазғы демалысты ұйымдастыру кезінде бірыңғай, қауіпсіз тәсілдерді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдармен арнайы семинар-кеңес ұйымдастырылды;

• Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп балалардың өрт пен судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдері әзірленді.
👫Более 100 тысяч учебно-тренировочных мероприятий по обеспечению безопасности детей проведут в летнее время. Об этом рассказал министр просвещения Гани Бейсембаев на заседании Правительства РК.

Мониторинговыми группами с представителями ответственных госорганов проведены следующие мероприятия:

• проверена готовность объектов отдыха;

• усилен санитарный надзор;

• проведены профилактические мероприятия по соблюдению пожарной безопасности в местах отдыха;

• для обеспечения единых подходов при организации безопасного летнего отдыха с участием госорганов и общественных организаций прошло специальное семинар-совещание;

• Министерством просвещения совместно с Министерством по чрезвычайным ситуациям разработаны единые подходы к обеспечению пожарной и водной безопасности детей.
​​☀️ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ: ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ КҮН ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІН ОЙЛАП ТАПТЫ

🔅Екібастұз қаласының №13 жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы Александр Каминский VR технологияларын пайдалана отырып, күн жүйесінің планеталарын зерттеуге арналған интерактивті зертхана әзірледі.

🎙️Оқушының айтуынша, жоба білім беру тақырыптарына негізделген интерактивті ойындардан тұрады. Ол тақырыпқа қызығушылықты арттырып, терең іздене түсуге мүмкіндік береді.

💬«Ойын күн жүйесінің планеталары туралы жұмбақтарды шешуге негізделген. Ойын арқылы түрлі планеталар туралы ақпаратты жаттап алуға болады. Оқытудың бұл әдісі күрделі ұғымдарды есте сақтауға және түсінуге мүмкіндік береді және оқушылардың қызығушылығын арттырады. Жобаны білім беру ұйымдарында, оның ішінде мектептерде планеталар мен күн жүйесін зерттеудің қосымша ресурсы ретінде пайдалануға болады. Оны астрономия сабақтарына қызықты қосымша ретінде немесе сабақтан тыс уақытта қолдануға болады», - дейді Александр Каминский.

🔸Жобаның ерекшелігі, пайдаланушыларға Күн жүйесінің планеталары және олардың ерекшеліктері туралы ақпаратты зерттеуге практикалық мүмкіндік бер.Тақырыпты оқу немесе фактілерді тыңдаудан гөрі, ойын оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына ықпал етеді.

💬«VR технология қарқынды дамып келеді, оның тиімділігі де жоғары. Ол компьютерлік жүйелермен өзара қабыса отырып, біздің ойлау, қабылдау сезімдерімізге визуалды түрде әсер ете алады. Яғни, білім беру, жаттығу мен түрлі сауық сайранға жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», - дейді өнертапқыш оқушы.

▫️Айта кету керек, Александрдың болашақтағы жоспар IT-технологияны игеру.
​​☀️ВИРТУАЛЬНАЯ РЕАЛЬНОСТЬ: ШКОЛЬНИК ИЗ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ НАШЕЛ НОВЫЕ ПОДХОДЫ В ИЗУЧЕНИИ СОЛНЕЧНОЙ СИСТЕМЫ

🔅Ученик средней общеобразовательной школы №13 города Экибастуза Александр Каминский разработал интерактивную лабораторию для изучения планет солнечной системы с использованием VR технологий.

🎙️По словам школьника, проект включает в себя интерактивные игры, основанные на образовательных темах. Они позволяют учиться и углублять знания в интерактивной и увлекательной форме.

💬«Игра, основанная на разгадывании загадок о планетах Солнечной системы, стимулирует интерес и любопытство учащихся, а также помогает им запомнить и усвоить информацию о различных планетах. В такой форме обучения есть возможность запомнить и понимать сложные концепции. Проект может быть использован в образовательных учреждениях, включая школы, как дополнительный ресурс для изучения планет и Солнечной системы. Он может стать интересным дополнением к урокам астрономии или использоваться во внеурочных мероприятиях», - поделился Александр Каминский.

🔸Уникальность проекта, как отметил юный разработчик, заключается в предоставлении пользователям практической возможности для изучения информации о планетах Солнечной системы и их особенностях. Вместо простого чтения или слушания фактов, игра позволяет пользователям активно участвовать в процессе обучения и взаимодействовать с материалом.

💬«VR технология находится в стадии активного развития и её потенциал впечатляет. Виртуальная реальность меняет способ, которым мы взаимодействуем с компьютерными системами и предлагает совершенно новый уровень визуального воздействия на наши чувства. Она открывает двери для новых возможностей в развлечениях, образовании, тренировках и других областях», - рассказывает школьник.

▫️Стоит отметить, что в будущем Александр планирует продолжить осваивать IT-технологии.
​​🔸АҚТӨБЕЛІК МҰҒАЛІМ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ӨЗІ ОЙЛАП ТАПҚАН ӘДІС АРҚЫЛЫ ДОМБЫРА ҮЙРЕТІП ЖҮР

🎼Ақтөбе қаласындағы музыка пәнінің мұғалімі Гүлсана Мағзымбетова ерекше балаларға музыкалық аспапта ойнауды үйретіп жүр. Естуінде ақауы бар қатысушылар үшін ұстаз түрлі-түсті түстер мен геометриялық фигуралар арқылы нота үйрету методикасын ойлап тапқан. Жеті нотаны жеті түрлі түске бояп, бес саусақты геометриялы пішіндерге ауыстырыпты.

📕Оқу әдістемесінің авторлық құқығы бар және ол Берн конвенциясы арқылы бірнеше елде қорғалған.

🙌Гүлсана Мағзымбетовадан бүгінде түрлі сырқаты бар 30 бала тәлім алып жүр. Бойындағы түрлі дерттеріне қарамай, ұлттық аспапта ойнауды меңгерген өнерпаздар қалалық байқаулардан бастап, облыстық, республикалық бәйгелерде көзге түсіп келеді. Ақтөбелік ұстаздың айтуынша, бұл әдіс балалардың денсаулығына оң әсер етеді.  

💬«Кез келген музыкалық аспапта ойнау адамның екі ми бөлігі бірден жұмыс істеуге итермелейді. Цебральді сал ауруына шалдыққан балалардың қол моторикасы жақсы дамиды. Осы әдістеме арқылы басқа да аспаптарда ойнауға болады», -дейді Гүлсана Мағзымбетова.

🌀Айта кету керек, жас ұстаз Гүлсана Мағзымбетова мемлекеттік грант ұтып алып, екі орталық ашқан. Ерекше балалар үшін музыкалық аспаптармен жабдықтап, өнерге қызығушылығы бар балаларды қабылдайды. Оның пікірінше мүмкіндік қашан да шексіз!
​​🎼УЧИТЕЛЬ ИЗ АКТОБЕ РАЗРАБОТАЛ УНИКАЛЬНЫЙ МЕТОД ОБУЧЕНИЯ ИГРЕ НА ДОМБРЕ ДЕТЕЙ С ОСОБЫМИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ

🔸Учитель музыки из Актобе Гульсана Магзымбетова учит детей с особыми потребностями играть на музыкальных инструментах. Для учащихся с нарушениями слуха педагог разработала методику обучения нотам с помощью ярких цветов и геометрических фигур. Семь нот покрашены в семь разных цветов, а пять пальцев руки заменены на геометрические формы.

📕Метод защищен авторским правом и находится под охраной Бернской конвенции. Сегодня Гульсана Магзымбетова обучает 30 детей с различными заболеваниями. Юные музыканты проявляют себя на городских, областных и республиканских конкурсах. По словам педагога, методика положительно влияет на здоровье обучающихся.

💬«Игра на любом музыкальном инструменте способствует активной работе двух полушарий мозга. Благодаря этому у учащихся с особыми образовательными потребностями развивается мелкая моторика. Например, у детей с цебральным параличом хорошо развивается моторика рук. По этой методике можно играть не только на национальных инструментах», — отмечает Гульсана Магзымбетова.

🌀Стоит отметить, что ранее начинающий педагог Гульсана Магзымбетова выиграла государственный грант и открыла два центра. Центры специально оборудованы под нужды особенных детей, желающих развить свой творческий потенциал. Как считает педагог, возможности безграничны.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
​​🎥АҚТӨБЕЛІК МҰҒАЛІМ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ӨЗІ ОЙЛАП ТАПҚАН ӘДІС АРҚЫЛЫ ДОМБЫРА ҮЙРЕТІП ЖҮР

🔹🔹 🔹🔹
🔹🔹 🔹🔹 🔹🔹

​​🎼УЧИТЕЛЬ ИЗ АКТОБЕ РАЗРАБОТАЛ УНИКАЛЬНЫЙ МЕТОД ОБУЧЕНИЯ ИГРЕ НА ДОМБРЕ ДЕТЕЙ С ОСОБЫМИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🟡Жазғы демалыс: еліміздегі мыңнан аса мектептен тыс ұйым оқушылардың бос уақытын көңілді әрі пайдалы өткізу үшін түрлі бағыттағы іс-шаралар дайындады.

Жазғы дебат академиясы, тілдік курстар мен хобби клубтар жұмыс істейді. Балалар спорт, шығармашылық және өздеріне ұнайтын іспен шұғылданады.
Барлығы тегін және әр баланың қалауы бойынша.
#летовдопобразовании2023, #жаз_қосымшабілімберу2023, #Zhazqosymshabilim2023

-------------------------------------

🟨Летние каникулы: более тысячи внешкольных организаций страны подготовили мероприятия различной направленности для веселого и полезного проведения досуга учащихся.

Действуют летняя академия дебатов, языковые курсы и хобби-клубы. Дети занимаются спортом, творчеством и любимым делом. Все бесплатно и на усмотрение каждого ребенка.
#летовдопобразовании2023, #жаз_қосымшабілімберу2023, #Zhazqosymshabilim2023
​​🏊‍♂️БАЛАНЫ СУДА ҚҰТҚАРҒАН АҚТӨБЕЛІК ОҚУШЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ақтөбе қаласының №13 мектеп оқушысы Қолқанат Баққұлды суға батып бара жатқан баланы құтқарғаны үшін марапаттады.

👏Оқиға 1 маусым күні болған. Қолқанат Елек өзеніне батып бара жатырған баланы құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. Министр батыр оқушы мен оны тәрбиелеген ата-анасына алғыс білдірді.

💬«Адам өмірін құтқару – бұл ерлік. Біздің мектеп оқушыларының арасында өзгелерге үлгі боларлық өжет, ержүрек, батыл балалардың бары үлкен мақтаныш.Осындай азаматтарды тәрбиелегені үшін ата-аналары мен мұғалімдеріне алғыс айтамын», - деді Ғани Бейсембаев.

👨‍👩‍👦Қолқанаттың ата-анасы да баласының ерлігін ескерусіз қалдырмаған министрге алғыс білдірді.

🎙️«Біз балаларымыздың қайырымды, қамқор, патриот болып өсуіне күш салдық. Рухы биік ұрпақ тәриелеуге тырыстық, ұлымыздың бұл әрекетін мақтан тұтамыз», - деді оқушының әкесі Ерболат Рзиев.

🤽Педагогтердің айтуынша, Қолқанат – Ақтөбе қаласы №13 мектептің үздік оқушыларының бірі. Қазақстан тарихы мен шет тілдеріне ұызығушылығы басым. Сонымен қатар мектептің волейбол командасының құрамында.

Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуір айында ҚР Оқу-ағарту министрі Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарынан келген 11 қазақстандық оқушыны ерлігі үшін марапаттап, ата-аналарына алғыс білдірген болатын. Министрлікте бұл шара дәстүрлі түрде жалғасатын болады.
​​🏊‍♂️ЗА СПАСЕНИЕ ЖИЗНИ РЕБЕНКА НАГРАЖДЕН ШКОЛЬНИК ИЗ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Министр просвещения РК Гани Бейсембаев наградил девятиклассника школы №13 города Актобе Колканата Баккул за спасение тонущего ребенка.

👏1 июня школьник спас ребенка на реке Илек, оказав ему первую медицинскую помощь. Министр поблагодарил юного героя и его за родителей за воспитание благородного гражданина нашей страны.

💬«Спасение жизни человека – без преувеличения героический поступок. Горжусь, что среди наших школьников есть достойные примеры, обладающие невероятным мужеством, храбростью и смелостью. Благодарю родителей и педагогов за воспитание настоящего героя», – подчеркнул Гани Бейсембаев.

👨‍👩‍👦В свою очередь, родители школьника выразили слова благодарности за оказанное внимание.

💬«Мы стремились воспитывать своих детей в духе уважения ценностей нашего народа и любви к Родине. Гордимся поступком нашего сына», – сказал отец школьника Ерболат Рзиев.

🤽Как отмечают педагоги, Колканат – один из преуспевающих учеников школы №13 города Актобе. Любит изучать историю Казахстана и иностранные языки. Он также состоит в школьной команде по волейболу.

Напомним, в апреле текущего года министр просвещения РК наградил за героические поступки 11 казахстанских школьников и их родителей из Атырауской, Карагандинской, Кызылординской, Северо-Казахстанской и Туркестанской областей. Данная традиция Минпросвещения продолжается.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥БАЛАНЫ СУДА ҚҰТҚАРҒАН АҚТӨБЕЛІК ОҚУШЫ МАРАПАТТАЛДЫ

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

🎥ЗА СПАСЕНИЕ ЖИЗНИ РЕБЕНКА НАГРАЖДЕН ШКОЛЬНИК ИЗ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
​​🌟5000 ОҚУШЫ «БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА ТЕГІН ДЕМАЛАДЫ

🏕️«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында жазғы демалыс маусымы ашылды. Бурабайдағы бас орталық пен Балқаш, Қонаев, Түркістан қалаларындағы филиалдар бұл аусымда мемлекеттік квота бойынша мыңға жуық оқушыны тегін қабылдайды.

🌀Ауысым - «Baldauren ART – START» деп аталады. Балалар сауықтыру шараларынан өзге шығармашылықпен айналысады. Өздерінің қалауы бойынша сурет салып, суретке түсіру, бейнемонтаж жасауды меңгереді. Олар үшін түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Сонымен қатар спорттық ойындар, тақырыптық мерекелік кештер, байқаулар, экскурсиялар ұйымдастырылған.Тәулік бойы медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.

🌈Айта кетейік, орталық пен филиалдар жаз бойы балаларды 5 ауысым бойынша қабылдайды. Әр ауысым тақырыбы да әр алуан. Балалар өз қызығушылықтарына сай ауысымдарға қатыса алады. Жаз бойы мемлекеттік квотамен 5000 бала тегін қамтылады.
​​🌟5000 УЧАЩИХСЯ ПОЛУЧАТ БЕСПЛАТНЫЙ ОТДЫХ В РЕСПУБЛИКАНСКОМ УЧЕБНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНОМ ЦЕНТРЕ «БАЛДАУРЕН»

🏕️В республиканском учебно-оздоровительном центре «Балдаурен» открыли первую летнюю смену.
Главный центр, расположенный в Бурабае, и филиалы в городах Балхаш, Конаев, Туркестан в эту смену бесплатно принимают около 1000 учащихся по государственной квоте.

🌀Смена – называется «Baldauren ART – START».
Помимо оздоровительных мероприятий дети занимаются творчеством. Учатся рисовать, фотографировать, и делать видеомонтаж в зависимости от своих интересов. Дети посещают различные кружки по интересам. Также организованы спортивные игры, тематические праздничные вечера, конкурсы, экскурсии. Кроме того, дети обеспечены круглосуточным медицинским обслуживанием.

🌈В летний период запланировано проведение 5 тематических смен. Дети могут участвовать в сменах, соответствующих их интересам, в соответствии с тематикой смены.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥5000 ОҚУШЫ «БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА ТЕГІН ДЕМАЛАДЫ

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

🎥5000 УЧАЩИХСЯ ПОЛУЧАТ БЕСПЛАТНЫЙ ОТДЫХ В РЕСПУБЛИКАНСКОМ УЧЕБНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНОМ ЦЕНТРЕ «БАЛДАУРЕН»