QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
38.7K subscribers
4.08K photos
1.48K videos
18 files
3.84K links
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы

Официальный Telegram-канал Министерства просвещения РК
Download Telegram
🔵ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ
2023-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
 
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өңірдегі білім беру жүйесін әрі қарай дамыту мен өзекті мәселелерді нақты шешуді көздейтін бірлескен құжатқа қол қойды.

Қала әкімдігі мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тапсырыс көлемін 24 200 орынға дейін арттыру, 26 мектепке дейінгі мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік балабақшалардың материалдық-техникалық базасын 100% жаңартуды жоспарлап отыр. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту саласының 7000-нан астам  педагогі біліктілігін арттыру курстарынан, ал 1500-ден астам педагог қайта даярлаудан өтеді.
Кейінгі үш жылда 81 мектептің ашылуы үш ауысымды және орын тығыздығы бар мектептер санын азайтты. Жол картасы аясында тағы да 80 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр, оның ішінде 38  мыңға жуық оқушыны қамтитын 25 мектеп «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынады.  Сонымен қатар 30 орта білім беру мекемесіне кешенді жаңарту жүргізіледі.

💬 «Қаламызда демографиялық және миграциялық өсімдерге сәйкес бала саны жыл сайын артуда. Осыған орай, 2029 жылға дейін қуаттылығы 87 950 орындық 80 мектеп құрылысын салу жоспарланған. Сондықтан республикалық бюджетке ұсыныс берілді»,– деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Әсіресе, білім беру мекемелерінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінді. Қазір қаладағы мемлекеттік мекемелердің бәрі бейнебақылау, дабыл түймелері, турникеттермен жабдықталған. Жол картасы аясында мектептерге қосымша 2,5 мың бейнебақылау жүйесін сатып алу жоспарланып отыр және балабақшаларда тағы 7000 бейнебақылау жүйесі орнатылады.

🗯️«Жол картасын аймақтардың бәріне арнап әзірлеу және қабылдау жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласы басшылығы білім беру саласының дамуына айрықша көңіл бөліп отырғаны қуантады. Кешенді жұмыстар алдымызға Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруға және өзекті мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Жол картасында білім берудің барлық бағыты қамтылған, оның ішінде оқушылардың білім беру жүйесіне қол жеткізе алуын және олардың білім беру процесіне қатысымын арттыру да бар. Шымкентте ПМПК және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері жүйелерін кеңейту жоспарланып отыр,  арнайы педагогтер үшін жеті ресурстық орталық ашылады және психологиялық-педагогикалық көмек алу орындары бойынша мемлекеттік тапсырыс сегіз мыңға жуық орынға көбейтіледі», — деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
​​Бірқатар іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс санын азайтуға, балаларды қорғау бойынша оқу-жаттығу және психологиялық кеңес беруге, сондай-ақ балалардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға арналған.  

Шымкентте екі Оқушылар сарайы, үш Cауықтыру лагері және алты Өнер мектебі салынады. Жол картасының ауқымды бөлімі білім беру сапасын арттыруды көздейді. «Дана бала», «Shymkent Hub», «Сапалы білім», «Сандық мұғалім» түрлі жоспарлы төрт жобаны іске асыру жоспарланған.
Білім беру сапасын ұлттық және сыртқы бағалау жүйесін ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жұмыстар жалғаса береді.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту сапасын бағалау талаптары енгізіледі. Қала мектептері жыл сайын оқушылардың білім алудағы жетістіктеріне мониторинг жүргізу мен  «PISA-based Test for Schools» халықаралық зерттеуіне қатысады.

Сонымен қатар Президент тапсырмасына орай, министрлік техникалық және кәсіби ақысыз білім берумен 100% қамту, колледждерде педагог мамандар дайындау бойынша мемлекеттік тапсырысты ұлғайту және кәсіпорындардың сұранысы бойынша мақсатты түрде мамандар әзірлеу жөнінде жұмыстар жүргізіп келеді. Жол картасы іске асырылатын уақыт аралығында Шымкентте төрт өкілеттілік орталығы ашылады және сегіз колледжге жөндеу жасалады. Педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында біліктілікті арттыру курстары, арнайы оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерінің халықаралық тәжірибеден өтуі, ТжКБ басшылық құрамын менеджмент бойынша оқыту қарастырылған.  

Жалпы Жол картасына Шымкент қаласының білім беру жүйесінің барлық бағытын дамыту шаралары енгізілген, олардың іске асырылуы балалардың жан-жақты және толыққанды дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
🔵ПРИНЯТА РЕГИОНАЛЬНАЯ ДОРОЖНАЯ КАРТА ПО РАЗВИТИЮ СИСТЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА ШЫМКЕНТ НА 2023-2029 ГОДЫ
 
Министр просвещения РК Гани Бейсембаев и аким города Шымкент Мурат Айтенов подписали совместный документ, направленный на дальнейшее развитие системы образования региона и точечное решение проблемных вопросов.
 
Акиматом города планируется увеличение госзаказа в дошкольных организациях на 24 200 мест, проведение капитального ремонта 26 дошкольных организаций и 100% обновление материально-технической базы государственных детских садов города. Более 7000 педагогов дошкольного воспитания и обучения пройдут курсы повышения квалификации, а более 1500 педагогов переподготовку. 
 
Открытие 81 школы за последние три года позволило снизить количество трехсменных и переуплотненных школ. С реализацией Дорожной карты планируется ввести в эксплуатацию еще 80 школ, в том числе 25 школ почти на 38 тысяч ученических мест по проекту «Комфортная школа». Кроме того, 30 организаций среднего образования пройдут комплексную реновацию.
 
💬«Количество детей в нашем городе с каждым годом увеличивается в соответствии с демографическим и миграционным ростом. В связи с этим планируется построить 80 школ на 87 950 ученических мест до 2029 года. Предложение внесено в республиканский бюджет», — сказал аким города Мурат Айтенов.
 
Особое внимание уделяется обеспечению безопасности детей в организациях образования. На сегодня все государственные школы города оснащены системой видеонаблюдения, тревожными кнопками и турникетами. В рамках Дорожной карты планируется дополнительный закуп более 2,5 тысяч систем видеонаблюдения в школах, еще 7000 будут установлены в детских садах.
 
🗯️«Продолжается работа по разработке и принятию Дорожных карт со всеми регионами страны. Отрадно, что руководство Шымкента уделяет особое внимание развитию сферы образования. Комплексный подход поможет в решении актуальных вопросов и реализации поставленных задач Главы государства. Дорожная карта включает все направления образования, в том числе повышение доступности и участия в образовательном процессе всех учащихся. В Шымкенте планируется расширить сеть ПМПК и КППК, будут открыты семь ресурсных центров для специальных педагогов, увеличен госзаказ почти на восемь тысяч мест для получения специальной психолого-педагогической помощи», — сказал министр просвещения Гани Бейсембаев.
​​Ряд мероприятий направлен на снижение количества преступлений среди несовершеннолетних, учебно-тренировочные и психолого-консультативные занятия по защите детей, а также развитие творческого и интеллектуального потенциала детей. В Шымкенте будут построены два Дворца школьников, три оздоровительных лагеря и шесть школ искусств. Большой раздел в Дорожной карте отведен мероприятиям по повышению качества образования. Запланирована ххреализация четырех разноплановых проектов «Дана бала», «Shymkent Hub», «Сапалы білім», «Сандық мұғалім».
 
Продолжится работа по организации и проведению национальных и внешних систем оценки качества образования. Будут внедрены критерии оценки качества дошкольного воспитания и обучения. Ежегодно школы города будут участвовать в мониторинге образовательных достижений обучающихся (МОДО) и в международном исследовании  «PISA-based Test for Schools».
 
Кроме того, по поручению Президента министерством продолжится работа по 100% обеспечению бесплатным техническим и профессиональным образованием, увеличению госзаказа по педагогическим специальностям в колледжах и целевой подготовке кадров по заявкам предприятий. За годы реализации Дорожной карты в Шымкенте будут открыты четыре центра компетенции и отремонтированы восемь колледжей. Для повышения профессионального уровня педагогов предусмотрены курсы повышения квалификации, международная стажировка для преподавателей специальных дисциплин и мастеров производственного обучения, обучение менеджменту для руководящего звена ТиПО.
 
В целом, Дорожная карта включила мероприятия по развитию всех направлений системы образования Шымкента, успешная реализация которых позволит создать все условия для разностороннего и полноценного развития детей.
 
​​🟡ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

▫️ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Шымкенттегі жұмыс сапары кезінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті.

🔊Тараптар педагогикалық қоғамдастықты дамыту және жас мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру жөнінде пікір алысты. Болашақ мұғалімдерді даярлау, заман талабына сай білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселесі көтерілді.

Кездесуде студенттер еліміздің бас педагогіне білім беру сапасы мен жас мұғалімдердің құзыреттілігін арттыруға қатысты сұрақтар қойды.

💬«Қазіргі жағдайда үш тілді меңгерген білікті мұғалім кез-келген кедергіні жеңіп, жетістікке жетеді. Сіздер түрлі компьютерлік бағдарламаларды меңгеруге, олардың барлық техникалық мүмкіндігін білім беру процесін жеңілдетуге пайдаланып, әлемдік деңгейдегі сапалы ақпараттық-интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен алып, талдай білетін, жаңа идея ұсына алатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптасуларыңыз қажет», — деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетері, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті – еліміздегі педагог маман даярлайтын ірі оқу орындарының бірі. Мұнда 39 мамандық бойынша 7000 болашақ педагог білім алып жатыр.
​​🟡Министр просвещения встретился со студентами педагогического университета

▫️Во время рабочей поездки в Шымкент министр просвещения Гани Бейсембаев встретился с профессорско-преподавательским составом и студентами Южно-Казахстанского государственного педагогического университета.

🔊Стороны обсудили перспективы развития профессионального педагогического образования и повышение профессионального уровня начинающих педагогов.

В формате открытого диалога студенты смогли напрямую задать вопросы министру. Они касались принимаемых мер для повышения качества образования и поддержки молодых учителей.

💬«Сегодня квалифицированный преподаватель, владеющий тремя языками, может преодолеть любое препятствие и добиться успеха. Нужно осваивать различные компьютерные программы, использовать все их технические возможности для облегчения образовательного процесса, самостоятельно изучать и анализировать информацию и интеллектуальные ресурсы мирового уровня, предлагать новые идеи и принимать ответственные решения», — отметил Гани Бейсембаев, подводя итоги встречи.

Следует отметить, Южно-Казахстанский государственный педагогический университет — один из крупнейших вузов страны по подготовке педагогов. Здесь получают знания 7000 будущих учителей по 39 специальностям.
​​🛡️БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ —
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА

🚨Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығында Оқу-ағарту министріне білім беру ұйымдарын «дабыл түймелерімен» және бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы айтылды.

💬«Мектептердегі барлық бейнекамералар жедел басқару орталығына қосылған. Бұл бізге нақты уақыт режимінде мектеп қабырғасында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков.

Айта кету керек, бүгінде Шымкент қаласындағы мектептер тиісті қауіпсіздік жүйелерімен қамтылып, бейнебақылау жүйелері мен дабыл батырмалары облыстық полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Білім нысандарының бәрі мамандандырылған күзет мекемелерімен келісім-шарт аясында жұмыс істейді. Сондай-ақ 246 мектеп ғимаратының кіреберісіне фейс-турникеттер қойылған.

💬«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндетіміз. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысқа аса жауапкершілікпен қарауымыз керек», – деді Ғани Бейсембаев.

🛗Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды көру үшін Оқу-ағарту министрі қаланың бірқатар білім беру ұйымдарына барды. Онда «дабыл түймелері» және төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел әрекету жұмыстарын өзі тексерді.
​​🛡️ОБЕСПЕЧЕНИЕ БЕЗОПАСНОСТИ ДЕТЕЙ — ПРИОРИТЕТНАЯ ЗАДАЧА МИНИСТЕРСТВА ПРОСВЕЩЕНИЯ

🚨В центре оперативного управления департамента полиции города Шымкент министру просвещения рассказали о результатах работы по обеспечению организаций образования «тревожными кнопками» и системами видеонаблюдения.

💬«Все камеры в школах интегрированы с камерами видеонаблюдения центрального оперативного управления. Это дает нам возможность в режиме реального времени обеспечивать безопасность в стенах школьных заведений», — отметил начальник департамента полиции Кайрат Дальбеков.

Стоит отметить, на сегодня все учебные заведения Шымкента полностью обеспечены системами видеонаблюдения и специализированными охранными учреждениями. В 246 школах на входе установлены фейс-турникеты. Для усиления работы только в школах планируется дополнительно установить 7000 камер, еще более 1500 в детских садах.

💬«Одна из главных задач – обеспечение безопасности наших детей. Совместно с полицией необходимо усилить работу в данном направлении», - отметил Гани Бейсембаев.

🛗Также в целях проверки обеспечения безопасности детей министр просвещения проинспектировал ряд организаций образования города, где лично апробировал работу «тревожных кнопок» и оперативное реагирование при возникновении чрезвычайных ситуаций.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥ҚР Оқу-ағарту министрінің Шымкент қаласына жұмыс сапары

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

🎥Рабочая поездка министра просвещения в город Шымкент
​​🏆86 ОҚУШЫ Ө.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ ХІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

🏅Математика және механика бойынша ХІІІ Халықаралық ғылыми жобалар конкурсына еліміздің әр өңірінен және Тәжікстан, Қырғызстан Республикасынан 150 оқушы қатысып, 112 ғылыми жоба ұсынды. 3 күнге созылған білім сайысында 86 жүлдегер анықталды.

💬 «Дәстүрлі Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобалары халықаралық конкурсының мақсаты – оқушылардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын арттыру, ғылыми-техникалық саладағы ең дарынды оқушыларды анықтау» ,– дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Конкурс қатысушылары «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика», «Экономикадағы математикалық әдістер» бағыттары бойынша ғылыми жобаларын қорғады. Қорытынды кезең жеңімпаздары алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды.

Айта кету керек, халықаралық конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының YouTube арнасында тікелей көрсетілді. Шара Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің базасында өтті.
​​🏆86 ШКОЛЬНИКОВ СТАЛИ ПРИЗЕРАМИ ХІІІ МЕЖДУНАРОДНОГО КОНКУРСА
ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИХ ПРОЕКТОВ ИМЕНИ У. ЖОЛДАСБЕКОВА


🏅В XIII Международном конкурсе по математике и механике приняли участие 150 талантливых школьников из всех регионов Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана. Всего было представлено 112 проектов. По итогам трехдневной «битвы интеллектов» определились 86 победителей.

💬«Цель ежегодного традиционного XIII Международного конкурса исследовательских проектов по математике и механике имени У. Джолдасбекова - максимальное развитие математических знаний учащихся, совершенствование системы и структуры организации своей исследовательской деятельности», - сказал директор РНПЦ «Дарын» Гаждембек Турсунов.

Защита проектов прошла по четырем секциям «Математика», «Прикладная математика», «Механика и математические методы в экономике». Победителям заключительного этапа вручили золотые, серебряные и бронзовые медали.

Надо отметить, что в целях обеспечения прозрачности конкурс транслировался на YouTube канале республиканского научно-практического центра «Дарын». Конкурс проведен на базе механико-математического факультета Казахского национального университета имени аль-Фараби.
​​ҚР Оқу-ағарту министрлігінің апталық жұмысына шолу🎬

Ғаждембек Тұрсынов «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директор лауазымына тағайындалды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «USTEM Robotics» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP - 2023» Орталық Азия робототехника ойындары аяқталды. АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін әлем чемпионатының ақтық сынында ел намысын төрт командадан құралған 50-ге жуық оқушы қорғайды.

«Білім. Шығармашылық. Инновация» тақырыбында мектепке дейінгі, орта білім беру және ТжКБ ұйымдарының педагогтеріне арналған екінші халықаралық онлайн семинар өтті.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі Білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасына қол қойды.

Ақтөбе облысында өткен республикалық семинарда шағын жинақты мектептерді дамыту мәселесі талқыланды. Шараға қатысушылар шағын жинақты мектептердің қазіргі жағдайы мен дамуы, оқушылардың білім сапасы, мектептерді заманауи оқу құрал-жабдықтарымен жарақтандыру және ауыл мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру жөнінде сөз қозғады.

ҚР Оқу-ағарту министрі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті. Тараптар педагогикалық қауымдастықты дамыту және жас мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру жөнінде пікір алысты.

Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Оқу-ағарту министрі білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты. Жол картасы аясында өңір мектептеріне қосымша 5500 бейнебақылау жүйесі орнатылады.
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңірдің дарынды балаларымен кездесті.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Шымкент қалалық әкімдігі Білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасына қол қойды.

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Шымкентке жұмыс сапары барысында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті. Бұл 39 мамандық бойынша 7 мыңға жуық студент білім алып жатқан еліміздегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі.

ҚР Оқу-ағарту министрі Шымкент қаласындағы бірқатар білім беру ұйымдарына барып, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету жұмысы мен «дабыл түймелерін» тексерді.

Математика және механика бағытындағы ХІІІ халықаралық ғылыми жобалар байқауы аяқталды. Үш күнге созылған білім бәйгесінде 86 жеңімпаз анықталды.

Білім беру ұйымдарының 7 000 басшысы қатысқан жиында орта білімді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірлеріндегі мектеп директорларының жұмысына кешенді талдау жүргізіледі.
​​Краткий дайджест главных новостей Министерства просвещения за минувшую неделю🎬

Гаждембек Турсунов назначен директором республиканского научно-практического центр «Дарын».

Завершились Центрально-азиатские игры по робототехнике «Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP – 2023», организованные общественным фондом «USTEM Robotics» при поддержке Министерства просвещения РК.
Честь страны в финале всемирного чемпионата в американском Хьюстоне представят около 50 казахстанских школьников из четырех команд.

Прошел второй Международный онлайн-семинар «Воспитание.Творчество. Инновации» для педагогов организаций дошкольного, среднего образования и ТиПО.

Министерство просвещения и акимат Актюбинской области подписали региональную Дорожную карту по развитию системы образования на 2023-2029 годы

Развитие малокомплектных школ обсудили на республиканском семинаре в Актюбинской области. Участники обсудили современное состояние и перспективы развития малокомплектных школ, качество знаний обучающихся, необходимость оснащения школ современным учебным оборудованием и повышение профессиональных компетенций сельских педагогов.

Министр просвещения провел встречу с профессорско-преподавательским составом и студентами Актюбинского регионального университета имени К.Жубанова. Стороны обменялись мнениями по развитию педагогического сообщества и повышению компетентности молодых учителей.

Во время рабочей поездки в Актюбинскую область министр просвещения ознакомился с работой по обеспечению безопасности в организациях образования. В рамках Дорожной карты в школах дополнительно будет установлено 5500 систем видеонаблюдения.

Министр просвещения Гани Бейсембаев и аким Актюбинской области Ералы Тугжанов встретились с одарёнными детьми региона

Министерство просвещения и акимат города Шымкент подписали региональную Дорожную карту по развитию системы образования на 2023-2029 годы.

Во время рабочей поездки в Шымкент министр просвещения Гани Бейсембаев встретился с профессорско-преподавательским составом и студентами Южно-Казахстанского государственного педагогического университета. Это один из крупнейших вузов страны по подготовке педагогов, где получают знания 7000 будущих учителей по 39 специальностям.

Министр просвещения проинспектировал ряд организаций образования города Шымкент, где лично апробировал работу «тревожных кнопок» и оперативное реагирование при возникновении чрезвычайных ситуаций.

Завершился ХІІІ Международный конкурс по математике и механике. По итогам трехдневной «битвы интеллектов» определились 86 победителей.

Актуальные вопросы развития среднего образования обсудили на совещании с участием 7000 руководителей организаций образования. По поручению министра просвещения проведут комплексный анализ работы директоров школ во всех регионах страны.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥ҚР Оқу-ағарту министрлігінің апталық жұмысына шолу
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥Еженедельный обзор работы Министерства просвещения РК
​​🏆95 ПЕДАГОГ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

🧑🏻‍🏫ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсына Қазақстанның әр өңірінен 250 педагог қатысқан болатын.

🧠Бес бағыт бойынша өткен конкурсқа директор, директор орынбасарлары, педагогтер, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен әдіскер, музыка қызметкерлері, білім беру педагогтері, сынып жетекшілері, психолог, логопедтер, дарынды балалармен жұмыс жасайтын өңірлік орталықтардың әдіскерлері қатысты. Олар өз тәжірибесінде пайдаланатын ұшқыр идеяларды ұсынды.

🎙️«Фестивальдің бағыты коммуникативтік және басқа да құзыреттілік түрлерін дамыту, ұтқыр білім беру ортасында тиімді жұмыс істеу үшін басшылар мен педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, оқыту әдістемесі мен технологияларын жетілдіру, тәжірибе алмасу, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, заманауи мектептің кадрлық әлеуетін қолдау»– дейді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаджембек Тұрсынов.

👏Қазылар алқасының шешімімен 95 педагог жеңімпаз атанды. Жүлдегерлер мен ерекше жетістіктері үшін тағы 56 педагог марапатталды.
​​🏆95 ПЕДАГОГОВ СТАЛИ ПОБЕДИТЕЛЯМИ РЕСПУБЛИКАНСКОГО ФЕСТИВАЛЯ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ИДЕЙ

🧑🏻‍🏫Ежегодный традиционный республиканский конкурс «Фестиваль педагогических идей» организован при поддержке Министерства образования РК. В нем приняли участие 250 педагогов из разных регионов Казахстана.

🧠Свои идеи представили директора, педагоги, воспитатели и методисты дошкольных организаций, музыкальные работники, педагоги дополнительного образования, классные руководители, психологи, логопеды, дефектологи, методисты региональных центров по работе с одаренными детьми, учебно-методических центров по пяти направлениям. Они обменялись инновационными идеями и продемонстрировали результаты своего интеллектуального труда широкой общественности.

🎙️«Организация фестиваля направлена на развитие коммуникаций и иных видов компетенций, раскрытие творческих возможностей и способностей руководителей и педагогов для эффективной работы в мобильной образовательной среде, на совершенствование методик и технологий преподавания, обмен опытом, повышение статуса педагога, поддержку кадрового потенциала современной школы» – говорит директор республиканского научно-практического центра «Дарын» Гаджембек Турсунов.

👏По решению жюри 95 педагогов стали победителями и призерами Фестиваля, 56 участников награждены грамотами в различных номинациях.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎙️Педагогтерді аттестаттау ережесіне енгізілген өзгерістер туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің басқарма бас сарапшысы Гүлмира Алиева
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎙️Главный эксперт Комитета среднего образования Министерства просвещения РК Гульмира Алиева рассказала об изменениях, внесенных в правила аттестации учителей
🔷ОҚУШЫЛАР ЖЕТІСТІГІ АЙДАРЫН ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ.

🧠9 сынып оқушысы Жансар Садриев білім беру ұйымдары мен көпқабатты тұрғын үйдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін «Қауіпсіз үй» жобасын ойлап тапты.