QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
38.2K subscribers
4.74K photos
1.67K videos
18 files
4.04K links
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы

Официальный Telegram-канал Министерства просвещения РК
Download Telegram
Forwarded from AIMAGAMBETOV
Елорда маңында орналасқан «Лесозавод» ауданындағы №49 мектепке бардым. Мұнда 1 300-ден астам бала оқиды.

Мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстармен танысып, оқу кабинеттерін араладым, кітапханада оқушылармен және кітапханашымен әңгімелестім. Сондай-ақ әріптестеріммен жұмыс мәселелерін талқыладық.

Астанадағы білім басқармасының мектептерде оқушылар сарайының филиалдары мен басқа да қосымша білім беру ұйымдарын ашу бойынша оң тәжірибесін атап өткім келеді. Мысалы, бұл мектепте авиамодельдеу, бокс, волейбол және т.б. үйірмелер жұмыс істейді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында жаңа мектептер салу жоспарланып отырған бірнеше орынға бардық. Бұл Керей және Жәнібек хандар көшесіндегі (әрқайсысы 2 000 оқушы орны), Төле би көшесіндегі (2 000 оқушы орны) және Байтұрсынов 7 көшесіндегі (600 оқушы орны) мектептер.

Қазір қалада оқушы орнының тапшылығы 26 мыңнан асады. Бұл мәселені шешу үшін 2024-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде екіауысымда 85 мыңға жуық оқушы орнын қамтамасыз ететін 24 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған. Басым көпшілігі 2024 салынып бітеді.

Ұлттық жобаны іске асыруға жетекшілік ететін Астана әкімдігінің өкілдері жер учаскелерін бөлу, ЖСҚ дайындау, инженерлік инфрақұрылым және т.б. мәселелерді шешіп жатқанын атап кеткім келеді.

Болашақта елордада білім беру объектілерін салу үшін 102 жер учаскесін бөлу жөніндегі шешім де уақытылы қабылданды.

Президенттің жаңа ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі тапсырмасы аясында алдағы уақытта үшауысымды оқыту мәселесі ғана емес, оқушы орындарының тапшылығы да толық шешіледі.
Forwarded from AIMAGAMBETOV
Посетил школу №49 в столичном пригородном районе «Лесозавод». Там обучаются более 1300 детей.

Ознакомился с работой по обеспечению безопасности в школе, осмотрел учебные кабинеты, в библиотеке побеседовал со школьниками и библиотекарем. Обсудили рабочие вопросы и с другими коллегами - педагогами.

Отмечу практику столичного управления образования по открытию филиалов Дворца школьников и других организаций допобразования в школах. К примеру, в данной школе работают кружки по авиамоделированию, боксу, волейболу и др.

В рамках подготовки Нацпроекта «Комфортная школа» посетил несколько локаций, где планируется строительство новых школ. Это школы по ул. Керей и Жанибек Хандар (по 2000 ученических мест), по ул. Толеби (2000 ученических мест), по ул. Байтурсынова 7 (600 ученических мест).

Сейчас дефицит ученических мест в городе превышает 26 тысяч. И для решения этой проблемы в рамках Нацпроекта на 2024-2025 годы запланировано завершение строительства 24 школ в две смены почти на 85 тысяч ученических мест.

Отмечу, что представители акимата города, курирующие реализацию Нацпроекта, оперативно решают вопросы по выделению земельных участков, подготовки ПСД, инженерной инфраструктуры и др.

Своевременным является и решение по выделению 102 земельных участков в столице для строительства объектов образования в дальнейшем.

Благодаря поручению Президента по реализации нового Нацпроекта, вопрос не только с трехсменным обучением, но и с дефицитом ученических мест в ближайшие годы будет полностью решен.
Асхат Аймағамбетов Астанада мектеп құрылысына арналған орындарды аралап, қала маңындағы «Лесозавод» ауданындағы №49 мектепке барды.

🔗https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0tWpFaEaTfF3qYYVaygekcrAeVttNkKDrfPeXQQe84JCDwng1A723ddvXW28QYjBPl&id=1120704037

________

Асхат Аймагамбетов осмотрел места строительства школ в Астане и посетил школу №49 в пригородном районе «Лесозавод».

🔗https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0WhBNFWxJnUGUzxZxruJ8ADVMHzVLUeiXKBMbgyDGwJ8mtffFb3VCa6X2EwqWZbRFl&id=1120704037
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Асхат Аймағамбетов елорда маңында орналасқан «Лесозавод» ауданындағы №49 мектепке барды.

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

Асхат Аймагамбетов посетил школу №49 в столичном пригородном районе «Лесозавод».
🔴 LIVE
Аппарат кеңесі (08.11.2022 ж.)
Күн тәртібі:

1️⃣ Педагогтерді қызметіне тән емес жұмыстарға тартуды және есептілікті азайту бойынша шараларды іске асыру туралы

Баяндамашы: ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Дауенов Ернұр Нұрланұлы

2️⃣ ПМПК-дағы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау жүйесі туралы

Баяндамашы: «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Кудеринова Әйгерім Мерекеқызы
Қосымша баяндамашы: Қостанай облысы Білім басқармасының басшысы Байменова Зәуре Әнуарбекқызы

▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️

🔴 LIVE
Аппаратное совещание (08.11.2022 г.)
Повестка дня:

1️⃣ О реализации мер по снижению отчетности и привлечению к несвойственным функциям педагогов

Докладчик: Председатель Комитета по обеспечению качества в сфере образования Министерства просвещения РК Дауенов Ернур Нурланович

2️⃣ Система оценки особых образовательных потребностей в ПМПК

Докладчик: Директор РГУ «Национальный научно-практический центр развития специального и инклюзивного образования» Кудеринова Айгерим Мерекеевна
Содокладчик: Руководитель УО Костанайской области Байменова Зауре Ануарбековна

🔗 https://fb.watch/gFDyadeCeI/
«Әр педагогтің құқығын қорғау мақсатында арыз-шағымдарды қабылдайтын қосымша «Педагогті қорғау» телеграм чаты өз жұмысын бастайды. Чатқа келген ақпарат, комитеттің және аумақтық департаменттердің тікелей бақылауында болады. Осы мәселе бойынша өңірлердегі жағдайға объективті бағалау мақсатында мұғалімдер арасында арнайы анонимді электронды сауалнама жүргізіледі. Сауалнама сілтемесі телеграм чатта жарияланады»,- Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.
​Для защиты прав педагогов мы запустили Telegram-чат «Педагогті қорғау». Там учителя могут сообщить о фактах нарушения их прав. Информация, поступающая в этот чат, будет взята на контроль Комитета и территориальных департаментов. Для объективной оценки ситуации по каждому вопросу будет проводиться специальный анонимный опрос учителей в электронном формате. Ссылка на него публикуется в Telegram-чате.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Асхат Аймағамбетов мұғалімдерден артық құжат талап ететін басшылардың жауапкершілігі туралы.
Мұғалімдер құқықтары бұзылған жағдайда Оқу-ағарту министрлігінің Telegram-чатына хабарлай алады

Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті «Педагогті қорғау» (https://t.me/KOKSO_MP) Telegram чатын іске қосты. Қазірдің өзінде чатқа 2 мыңнан астам адам қосылды.

Бұл чатта мұғалімдер өз құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады. Мысалы, міндеттен тыс функцияларға тарту, шамадан тыс есеп беру және т.б. туралы. Телеграмдағы чатқа келген барлық ақпарат тексеріліп, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және аумақтық департаменттердің мамандары өтініштерге жедел түрде жауап беріп, мұғалімдермен байланысады.

«Мұғалімдер шамадан тыс есеп беруден босатылды. Қазіргі күні педагогтер күніне тек екі құжат қана, яғни сынып журналын мен қысқа мерзімді (сабақ) жоспарын толтыруы керек. Құжаттардың нақты тізімі бар және оны барлығы сақтауы қажет. Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден басқа құжаттарды толтыруды талап етуге құқығы жоқ. Егер мұғалімдердің құқықтарын бұзу анықталса, онда комитет тиісті шараларды қабылдайды. Сонымен қатар өңірлерде аумақтық департаменттер жанынан педагогикалық әдеп және мұғалімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер жұмыс істейтінін еске саламыз», - деді Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.
О нарушениях прав педагогов могут сообщить учителя в Telegram-чат Министерства просвещения

Комитет по обеспечению качества в сфере образования Министерства просвещения запустил Telegram-чат «Защита педагогов» https://t.me/KOKSO_MP. Уже на сегодня в чат вступили более 2 тысяч педагогов.

В этом чате педагоги могут сообщить о нарушении их прав. К примеру, о привлечении их к несвойственным функциям, об излишней отчетности и т.д. Вся информация, поступившая в Telegram-чат будет проверяться, специалисты Комитета по обеспечению качества в сфере образования и территориальные департаменты будут оперативно реагировать на обращения и давать обратную связь педагогам.

«Педагоги освобождены от излишней отчетности и на сегодня они ежедневно должны заполнять только два документа - классный журнал и краткосрочный (поурочный) план. Есть конкретный перечень документов, и все должны соблюдать его. Администрация школ не вправе требовать от педагогов заполнения других документов. Если будут выявлены нарушения прав педагогов, Комитет примет соответствующие меры. Вместе с тем, напоминаем, что в регионах при территориальных департаментах работают Советы по вопросам педагогической этики и защите прав педагогов», - отметил председатель Комитета по обеспечению качества в сфере образования Министерства просвещения Ернур Дауенов.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Асхат Аймагамбетов об ответственности руководителей, которые требуют излишнюю отчетность у педагогов.
Буллингпен күрес, мектеп асханаларындағы тамақ сапасын жақсарту, психологтардың жұмысы, инклюзивті білім беру, ПМПК ашу, мектеп формасы, дене шынықтырудан босату ережелері - Асхат Аймағамбетов Бала құқықтары жөніндегі уәкілдермен кездесті

🔗https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0jkt126asVU2Zk5SkS88bSHY87xPVQsYuKr1pdoawWCcWXihAu2f8bqeAPwwWdBCdl&id=1120704037

▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️

Правила для борьбы с буллингом, улучшения питания в школьных столовых, работы психологов, инклюзивное образование, открытие ПМПК, школьная форма, освобождение от физкультуры - Асхат Аймагамбетов встретился с уполномоченными по правам ребенка

🔗https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02w9i6uDaydCepciQvYLkmndEKyJ7JyRnWuenVnBXwhXLnTgrk6TCHfKVijGenU6CFl&id=1120704037
«Үздік педагог-2022» атағына 123 мұғалім үміткер

Олар байқауға қатысушы 5,5 мың педагогтің арасынан іріктеліп алынды. Конкурс қорытындысы бойынша барлығы 64 жеңімпаз анықталады. Олардың барлығы 3 млн теңгеден (1 000 АЕК) сыйақы алады.

Биыл министрлік цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Дәлірек айтқанда, байқаудың барлық кезеңі, яғни қатысушыларды тіркеуден бастап, республикалық кезеңнің қорытындысын шығаруға дейін толығымен цифрландырылды. Соның арқасында түскен өтініштер саны рекордтық көрсеткішке (5,5 мыңнан астам) жетті.

Қазір байқаудың ақтық сынына балабақшалар мен мектептердің 103 мұғалімі, колледждердің 20 мұғалімі қатысып жатыр. Олар аудандық, қалалық және облыстық турлардың қорытындысы бойынша ұсынылған.
123 учителя претендуют на звание «Лучший педагог-2022»

 Они были отобраны из 5,5 тысяч участников конкурса. Всего по итогам будут определены 64 победителя. Все они получат премии по 3 млн тенге (1000 МРП).
 
В этом году Министерством была проведена объемная работа в части цифровизации: все этапы конкурса – от регистрации участников до подведения итогов республиканского этапа – полностью оцифрованы. Благодаря этому поступило рекордное количество заявок (больше 5,5 тысяч).
 
Теперь на финишной прямой в конкурсе участвуют 103 педагога детских садов и школ, 20 педагогов колледжей. Они представлены по итогам районных, городских и областных туров.
«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022» АТАҒЫНА 123 МҰҒАЛІМ ҮМІТКЕР

▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️

123 УЧИТЕЛЯ ПРЕТЕНДУЮТ НА ЗВАНИЕ «ЛУЧШИЙ ПЕДАГОГ-2022»
Педагогтерге арналған жадынама

▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️

Памятка для педагогов
Асхат Аймағамбетов мектептердегі өзін-өзі басқару ұйымдарының 40 көшбасшысымен кездесті

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid07Gprfg7u5hHsFiTerDG2KGH7dBqLarjt8vzCCbzZYhnJEk6C6fZen5fV85LhfweTl&id=1120704037


Асхат Аймагамбетов встретился с 40 лидерами организаций школьного самоуправления

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0246Fzpi5Ws3ENBfpa8XaGi31aNJc1dvJuFJCsysjUb9UqYCwSCJZnJ9X2XdjartPil&id=1120704037