🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
43.6K subscribers
11.8K photos
2.92K videos
18 files
6.11K links
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы

Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат

Сайт: www.gov.kz/edu

TikTok: @oqu_agartu_ministrligi

Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қазақстанда колледждердің оқу-өндірістік қызметін дамыту мүмкіндіктері кеңейтілді

📄Тиісті өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында Кәсіпкерлік кодекске енгізілді.

🏭Бұған дейін колледждер оқу-өндірістік процесс шеңберінде өндірілген өнімді өткізе алғанымен, мемлекеттік колледждер қызмет түрлерін кеңейту немесе өзгерту кезінде бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімін алуға міндетті болатын. Енді бұл әкімшілік кедергілер жойылды.

👨‍🎓Жаңа мүмкіндіктер колледждерге оқу-өндірістік шеберханалардың әлеуетін тиімді пайдалануға, нақты тапсырыстарды орындауға және өндірістік бағыттарын дамытуға жол ашады. Студенттер оқу барысында нан өнімдерін, тоқыма бұйымдарын, жиһаз және басқа да өнімдерді дайындауға қатысып, болашақ мамандығын нақты өндірістік ортада меңгере алады.

🪙Мұндай қызметтен түсетін кірістер колледждердің жабдықтарын жаңартуға, оқу-өндірістік шеберханаларды жаңғыртуға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталады.

📊Қазіргі таңда еліміздегі 37 колледждің базасында 66 шағын кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық департаменттерімен бірлесіп, 51 колледж үшін 38 бағыт бойынша қосымша қызмет түрлерін іске қосу мәселесі қарастырылуда.

✅ Қабылданған өзгерістер студенттердің практикалық даярлығының сапасын арттырып, нақты өндірістік тәжірибесі бар және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға қолайлы жағдай жасайды.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👏4👍1🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️В Казахстане расширены возможности для развития учебно-производственной деятельности колледжей

📄Соответствующие изменения внесены в Предпринимательский кодекс в рамках Закона «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования социального законодательства».

🏭Ранее колледжи могли реализовывать продукцию, произведенную в рамках учебно-производственного процесса. Однако государственным колледжам при расширении или изменении видов деятельности требовалось получать согласование уполномоченного органа в сфере защиты конкуренции. Теперь эти административные барьеры устранены.

👨‍🎓 Новые возможности позволят колледжам эффективнее использовать потенциал учебно-производственных мастерских, выполнять реальные заказы и развивать собственные производственные направления. Студенты смогут непосредственно в процессе обучения участвовать в производстве хлебобулочных и текстильных изделий, мебели и другой продукции, получая практический опыт по будущей профессии.

🪙Доходы от такой деятельности направляются на обновление оборудования, модернизацию учебно-производственных мастерских и укрепление материально-технической базы колледжей.

📊Сегодня на базе 37 колледжей страны работают 66 малых предприятий. Кроме того, совместно с территориальными департаментами Агентства по защите и развитию конкуренции рассматривается возможность запуска дополнительных видов деятельности по 38 направлениям для 51 колледжа.

✅Принятые изменения создают условия для повышения качества практической подготовки студентов и подготовки востребованных специалистов с реальным производственным опытом.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍6🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Мектеп пәндерінің мазмұны жасанды интеллект бағытында жаңартылуда

🤖Технологиялардың қарқынды дамуы, еңбек нарығы талаптарының өзгеруі және жасанды интеллектінің өмірдің барлық саласына кеңінен енуіне байланысты білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

📌Бұл жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Республикалық педагогтердің тамыз конференциясында берген тапсырмасына сәйкес қолға алынып, сол жылдың қыркүйегінен бастап кезең-кезеңімен іске асырылып келеді.

📄Кейін бұл бағыттағы жұмыстың құқықтық негізі нығайтылды. 2025 жылғы қарашада «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ал 2026 жылғы мамырда орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Президент Жарлығы қабылданды.

📚Осы құжаттарды іске асыру аясында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылды. 1-4-сыныптардағы «Цифрлық сауаттылық» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект», ал 5-11-сыныптардағы «Информатика» пәнінің атауы «Информатика және жасанды интеллект» болып өзгертілді.

💡Бұл тек пән атауларының өзгеруі емес. Жасанды интеллект цифрлық технологиялар мен информатиканың ажырамас бөлігіне айналды. Осыған байланысты пәндердің мазмұнына жасанды интеллект бойынша жаңа бөлімдер мен барлығы 43 оқу мақсаты енгізілді.

⌨️Бүгінде оқушылар жасанды интеллект құралдарын күнделікті өмірде қолданып жүр. Ендігі міндет - оларды бұл технологияны жай ғана пайдалануға емес, саналы, тиімді және жауапты қолдануға үйрету.

🔺1-4-сынып оқушылары «Медиасауаттылық және ЖИ» бөлімі аясындағы 17 оқу мақсаты бойынша жасанды интеллектімен күнделікті өмірден алынған қарапайым мысалдар арқылы танысады. Олар цифрлық қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау және цифрлық ортадағы жауапты мінез-құлық негіздерін меңгереді.

🔺5-9-сынып оқушылары «Компьютерлік ойлау және бағдарламалау», «Денсаулық, қауіпсіздік және ЖИ» бөлімдері аясындағы 14 оқу мақсаты бойынша жасанды интеллект құралдарын оқу процесінде тиімді қолдануды, сауатты сұраныстар құрастыруды, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан бағалауды, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен академиялық адалдық қағидаттарын сақтауды үйренеді.

🔺10-11-сыныптарда «Деректерді басқару және жасанды интеллект» бөлімі аясындағы 12 оқу мақсаты бойынша жасанды интеллектінің жұмыс істеу қағидаттарын түсінуге және оны практикада қолдануға басымдық беріледі. Оқу мазмұнына машиналық оқыту, нейрондық желілер, деректерді талдау және қолданбалы криптография негіздері енгізілген.

✅Жаңартылған оқу бағдарламалары өткен оқу жылында апробациядан сәтті өтіп, оң сараптамалық қорытынды алды. Қазіргі уақытта олар белгіленген тәртіппен бекітілу сатысында.

👩‍🏫 Сонымен қатар педагогтер үшін білім беру процесінде жасанды интеллектіні тиімді және қауіпсіз қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленуде.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👍3👏3🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Содержание школьных предметов обновляется с учетом развития искусственного интеллекта

🤖Стремительное развитие технологий, изменение требований рынка труда и широкое проникновение искусственного интеллекта во все сферы жизни требуют обновления содержания образования.

📌Системная работа в этом направлении начата во исполнение поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева, данного на Республиканской августовской конференции педагогов в 2025 году. С сентября того же года работа ведется поэтапно.

📄В дальнейшем была укреплена правовая основа этой работы. В ноябре 2025 года принят Закон Республики Казахстан «Об искусственном интеллекте», а в мае 2026 года - Указ Президента по внедрению искусственного интеллекта в систему среднего образования.

📚В рамках реализации этих документов обновлены государственный общеобязательный стандарт образования, типовые учебные планы и типовые учебные программы. Предмет «Цифровая грамотность» в 1-4 классах переименован в «Цифровую грамотность и искусственный интеллект», а «Информатика» в 5-11 классах - в «Информатику и искусственный интеллект».

💡Речь идет не только об изменении названий предметов. Искусственный интеллект стал неотъемлемой частью цифровых технологий и информатики. В связи с этим в содержание предметов включены новые разделы по искусственному интеллекту и 43 цели обучения.

⌨️Сегодня школьники уже используют инструменты искусственного интеллекта в повседневной жизни. Теперь задача заключается в том, чтобы научить их не просто пользоваться этой технологией, а применять ее осознанно, эффективно и ответственно.

🔺В 1-4 классах в рамках раздела «Медиаграмотность и ИИ» предусмотрено 17 целей обучения. Школьники познакомятся с искусственным интеллектом на простых примерах из повседневной жизни, освоят основы цифровой безопасности, защиты персональных данных и ответственного поведения в цифровой среде.

🔺В 5-9 классах в рамках разделов «Компьютерное мышление и программирование», «Здоровье, безопасность и ИИ» предусмотрено 14 целей обучения. Учащиеся научатся эффективно использовать инструменты искусственного интеллекта в учебном процессе, грамотно формулировать запросы, критически оценивать полученные результаты, а также соблюдать принципы кибербезопасности и академической честности.

🔺В 10-11 классах в рамках раздела «Управление данными и искусственный интеллект» предусмотрено 12 целей обучения. Основной акцент сделан на понимании принципов работы искусственного интеллекта и его практическом применении. В содержание обучения включены основы машинного обучения, нейронных сетей, анализа данных и прикладной криптографии.

✅Обновленные учебные программы по данным предметам успешно прошли апробацию в прошлом учебном году и получили положительное экспертное заключение. В настоящее время они находятся на стадии утверждения в установленном порядке.

👩‍🏫 Кроме того, для педагогов разрабатываются методические рекомендации по эффективному и безопасному применению искусственного интеллекта в образовательном процессе.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤5🔥1👏1
⚡️Қазақстандық колледж студенттері халықаралық деңгейде кәсіби шыңдалуда

🇰🇿🇹🇷 Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің студенттері Түркияның Анталия жағалауындағы бес жұлдызды қонақүйлерде өндірістік тәжірибеден өтіп, халықаралық стандарттарға сай кәсіби дағдыларын жетілдіруде. Соңғы бес жылда мұндай мүмкіндікке 86 студент ие болса, биыл тағы 21 студент шетелде тәжірибеден өтіп жатыр.

🏨Студенттер аспаз көмекшісі, бармен-бариста және қонақжайлылық саласындағы басқа да бағыттар бойынша практикалық даярлықтан өтіп, әлемдік деңгейдегі қонақүйлердің жұмыс үдерістерімен және қызмет көрсету стандарттарымен танысуда. Тәжірибелі мамандармен бірге жұмыс істеу арқылы олар оқу барысында алған білімдерін нақты өндірістік ортада қолданып, кәсіби құзыреттерін дамытуда.

🌍Өндірістік тәжірибе ақылы негізде ұйымдастырылған. Студенттерге ай сайын кемінде 400 мың теңге көлемінде еңбекақы төленеді. Сонымен қатар бағдарлама шет тілдерін тәжірибе жүзінде жетілдіруге, жаңа мәдени ортамен танысуға және халықаралық кәсіби байланыстар қалыптастыруға мүмкіндік береді.

📚Мұндай тәжірибе техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты дамыту бағытымен үндеседі. 2025 жылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен педагогтерінің академиялық ұтқырлығын реттейтін нормалар заңнамалық деңгейде бекітілді.

📈Бұл бағыттағы жұмыс бүгінде жүйелі түрде жалғасуда. 2026 жылдың басынан бері 189 студент пен 132 педагог шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтті.

🤝Академиялық ұтқырлық қазақстандық колледждердің халықаралық байланыстарын кеңейтіп, студенттер мен педагогтерге озық тәжірибені меңгеруге және кәсіби құзыреттерін халықаралық ортада дамытуға мүмкіндік береді.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍5🔥2👏1
⚡️Студенты казахстанских колледжей совершенствуют профессиональные навыки на международном уровне

🇰🇿🇹🇷 Студенты Алматинского государственного бизнес-колледжа проходят производственную практику в пятизвездочных отелях на побережье Антальи в Турции, совершенствуя профессиональные навыки в соответствии с международными стандартами. За последние пять лет такую возможность получили 86 студентов, в этом году практику за рубежом проходят еще 21 студент.

🏨Студенты проходят практическую подготовку по направлениям помощника повара, бармена-бариста и другим специальностям сферы гостеприимства, знакомятся с рабочими процессами и стандартами обслуживания в отелях мирового уровня. Перенимая опыт квалифицированных специалистов, они применяют полученные во время обучения знания в реальной профессиональной среде и развивают свои компетенции.

🌍Производственная практика организована на оплачиваемой основе. Студентам выплачивается не менее 400 тысяч тенге в месяц. Кроме того, программа дает возможность совершенствовать иностранные языки на практике, знакомиться с новой культурной средой и формировать международные профессиональные связи.

📚Такая практика соответствует курсу на развитие международного сотрудничества и академической мобильности в системе технического и профессионального образования. В 2025 году на законодательном уровне были закреплены нормы, регулирующие академическую мобильность студентов и педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования.

📈Работа в данном направлении последовательно продолжается. С начала 2026 года стажировку в зарубежных организациях прошли 189 студентов и 132 педагога.

🤝Академическая мобильность способствует расширению международных связей казахстанских колледжей и предоставляет студентам и педагогам возможность перенимать передовой опыт и развивать профессиональные компетенции в международной среде.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤3👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қазақстандық оқушылар «Сириус» федералдық аумағында «Үлкен сын-тегеуріндер» халықаралық ғылыми-технологиялық бағдарламасына қатысты

🇰🇿 «Сириус» федералдық аумағында жүзеге асырылатын «Үлкен сын-тегеуріндер» халықаралық ғылыми-технологиялық бағдарламасына алғаш рет Қазақстаннан оқушылар қатысты.

🤝Қазақстандық оқушылардың бағдарламаға қатысуы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «Талант және табыс» білім беру қоры арасындағы ынтымақтастықтың дамуы нәтижесінде мүмкін болды.

👩‍🔬Бағдарламаға Қазақстан атынан:
• Маржан Бақытжан - Алматы қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №56 гимназияның оқушысы;
• Малика Арынова - Алматы қаласындағы №48 лицейдің оқушысы;
• Назима Худайбергенова - Алматы қаласындағы №131 лицейдің оқушысы;
• Ақжол Қадырхан - Алматы қаласындағы №131 лицейдің оқушысы;
• Полина Кравченко - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Опытное поле» жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы қатысты.

🔬Бағдарлама аясында оқушылар жетекші ғылыми ұйымдар мен индустриялық компаниялардың ғалымдары және мамандарымен бірге нақты ғылыми және инженерлік міндеттерді шешумен айналысты. Жалпы 11 ғылыми-технологиялық бағыт бойынша 76 жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында жасанды интеллект, жаңа материалдар, медицина, экология және басқа да перспективалы бағыттар бар.

💡Бағдарламаның ерекшелігі - қатысушылардың ғылыми ұйымдар мен технологиялық компаниялар ұсынған нақты міндеттерді орындауы. Мұндай формат оқушылардың зерттеушілік тәжірибе жинақтауына, жобалық жұмыс дағдыларын дамытуына және заманауи ғылыми әзірлемелермен танысуына мүмкіндік береді.

🌍 Осындай халықаралық бағдарламаларға қатысу оқушылардың зерттеушілік құзыреттерін дамытуға, тәжірибе алмасуға және ғылым мен технология саласындағы дарынды жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал етеді.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏4❤1👍1🔥1🙏1