QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
40.9K subscribers
6.78K photos
2.04K videos
18 files
4.62K links
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы

Официальный Telegram-канал Министерства просвещения РК
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎒 Балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету - мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Осы бағытта атқарылып жатқан шаралар туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.

🏫 🏫 🏫

🎒 Обеспечение благополучия и безопасности детей – одно из приоритетных направлений государственной политики. О проводимых в этом направлении мерах рассказал вице-министр просвещения Едил Оспан на брифинге в Службе центральных коммуникаций.
​​💰 Балалар үйі тәрбиеленушілерінің есеп шоттарына «Мейірім» қайырымдылық акциясы аясында 840 миллион теңгеге жуық қаражат аударылды

✍🏻 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде «Мейірім» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылуда. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан балалар үйінің түлектерін әлеуметтік қолдауға бағытталған бұл бастаманың ауқымы кеңейіп жатқанын айтты.

🔹 2024 жылдың сәуір айынан бастап акция аясында 1317 өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалып, 2000-нан астам балалар үйі тәрбиеленушісінің тұрғын үй депозиттік шоттарына 840 миллион теңгеге жуық қаражат аударылды.

✔️ Бұл бастаманың негізгі мақсаты – жетім балалар мен балалар үйінің түлектеріне жан-жақты қолдау көрсету, отбасылық тәрбиенің балама түрлерін дамыту, әлеуметтік көмектің тиімді тетіктерін кеңейту, бизнес өкілдерін балаларды қолдауға тарту, сондай-ақ олардың кәсіби даярлығына, жұмысқа орналасуына және баспанамен қамтамасыз етілуіне жәрдемдесу.
​​💰 Счета воспитанников детских домов были пополнены почти на 840 миллионов тенге в рамках благотворительной акции «Мейірім»

✍🏻 В рамках исполнения поручения Главы государства во всех регионах страны реализуется благотворительная акция «Мейірім». Сегодня на площадке СЦК вице-министр просвещения РК Едил Оспан рассказал о масштабировании акции, направленной на социальную поддержку выпускников детских домов.

🔹 С начала апреля 2024 года в рамках акции было заключено 1317 соглашений о взаимном сотрудничестве, а депозитные жилищные счета более 2 тысяч воспитанников детских домов были пополнены на сумму почти 840 млн тенге.

✔️ Основная цель акции – комплексная поддержка детей-сирот и выпускников детских домов, развитие альтернативных форм семейного воспитания, расширение механизмов социальной помощи, привлечение бизнеса к поддержке детей, а также содействие их профессиональной подготовке, трудоустройству и обеспечению жильем.
👩🏻‍🏫 Қазақстанда педагогтерді аттестаттау процесі автоматтандырылуда

🔹 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасын кезең-кезеңімен енгізу басталды. Бұл платформа аттестаттау процесін автоматтандыруға және оны ашық әрі әділ етуге мүмкіндік береді.

📊 Қазіргі уақытта платформада «педагог-модератор» және «педагог-эксперт» біліктілік санаттарын алу немесе растау үшін үміткер педагогтерді аттестаттаудың бірінші кезеңі өтуде.

📌 2025 жылы платформа арқылы 150 мыңнан астам қазақстандық педагог аттестаттаудан өтеді деп күтілуде.
👩🏻‍🏫 В Казахстане автоматизируется процесс аттестации педагогов

🔹 С 1 января 2025 года началось поэтапное внедрение Национальной платформы непрерывного профессионального развития педагога «Ұстаз», которая позволяет автоматизировать процесс аттестации и сделать его более прозрачным.

📊 На данный момент на платформе проходит первый этап аттестации педагогов, претендующих на присвоение или подтверждение квалификационных категорий «педагог-модератор» и «педагог-эксперт».

📌 В 2025 году аттестацию через платформу пройдут около 150 тысяч казахстанских педагогов.