QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
38.8K subscribers
5.15K photos
1.75K videos
18 files
4.19K links
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы

Официальный Telegram-канал Министерства просвещения РК
Download Telegram
​​Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары: 2.0 жаңартылған оқу бағдарламасы әзірленді

📁 Жаңа оқу жылынан бастап педагогикалық қолдау орталықтарында ата-аналарға арналған жаңартылған оқу бағдарламасы іске қосылды. Бұл бастама «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

♻️ Негізгі басымдық – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын күшейту, позитивті ата-ана мәдениетін дамыту болып табылады.

🗣 «Педагогикалық қолдау орталықтарының жаңартылған оқу бағдарламасы ата-аналар арасында сауалнама жүргізу негізінде әзірленді, бұл олардың нақты қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге мүмкіндік берді. Сауалнамада ата-аналар балаларды тәрбиелеу мен дамытуда теориялық білім мен практикалық дағдылардың маңыздылығын атап өтті. Бағдарламаны әзірлеуге еліміздің үздік педагогтері, республикалық «Педагогтар мен ата-аналар: балалар мүддесі үшін серіктестік» байқауының жүлдегерлері қатысты», – деп атап өтті «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының басқарма басшысы Мариам Таипова.

📌 Айта кетейік, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша орталықтарда 5,3 млн қазақстандық ата-ананың қатысуымен 219 мыңнан астам сабақ өтті.
​​Центры педагогической поддержки родителей: разработана обновленная программа занятий 2.0

📁 Обновленная программа занятия для родителей в Центрах педагогической поддержки заработает уже с нового учебного года. Инициатива реализуется в рамках программы «Біртұтас тәрбие».

♻️ Главный приоритет – усиление работы по взаимодействию семьи и школы в обучении и воспитании детей, развитию культуры позитивного родительства.

🗣 «Обновленная программа занятий центров педагогической поддержки создана на основе анкетирования родителей, что позволило учесть их реальные потребности и интересы. В ходе опроса родители отметили важность как теоретических знаний, так и практических навыков в воспитании и развитии детей. К разработке программы были привлечены лучшие педагоги страны, призеры республиканского конкурса «Педагоги и родители: содружество в интересах детей», - – отметила руководитель управления Национального научно-практического института благополучия детей «Өркен» Мариам Таипова.

📌 Напомним, по итогам прошлого учебного года в центрах прошло более 219 тыс. занятий с участием 5,3 млн казахстанских родителей.
​​2025-2026 оқу жылында қолданысқа енгізілетін жаңа оқулықтардың жобасы талқылауға шығарылды

📚 2025-2026 оқу жылы қолданысқа енгізілетін 4-сыныптарға арналған оқулықтар қоғамдық талқылауға шығарылды. Ол үшін Білім мазмұнын сараптау орталығының https://bmso.kz сайтындағы «Оқу әдебиеттерін қоғамдық талқылау» бөліміне өту керек, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

🔷 Талқылауға мұғалімдер, ата-аналар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен мектеп оқулықтарының сапасына бей-жай қарамайтын барлық азаматтар қатыса алады. Сайтта келесі пәндер бойынша оқулықтардың мазмұнымен танысуға болады: «Орыс тілі» (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін); «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», Шет тілдері (ағылшын, неміс, француз), сондай-ақ «Цифрлық сауаттылық» бойынша электронды оқулық нұсқалары.

📁 Барлық келіп түскен сын-ескертпелер, мен оқулықтардың сапасы мен мазмұнын жақсартуға қатысты ұсыныстар сараптама барысында ескеріледі. Талқылау биылғы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

📊 Атап өту керек, қолданыстағы заңнама бойынша бүгінде оқулықтар сараптаманың бес кезеңінен өтеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, оқулықтарды пилоттық мектептерде сынақтан өткізу, қоғамдық-педагогикалық талқылау, пәндік сарапталық комиссияның қарауы. Қазіргі уақытта аталған оқулықтар қоғамдық талқылаумен қатар, еліміздің бірнеше өңірлерінде 31 пилоттық мектепте сынақтан өтуде.

🔍 Ғылыми-педагогикалық сараптамаға ғалымдар мен біліктілік санаты «зерттеуші педагогтен» төмен емес практик-мұғалімдер тартылады. Сарапшылар арнайы оқу курсынан өтіп, сарапшы сертификатын алған және республикалық сарапшылар базасына енген. Осындай жоғары талаптар сынақ және пәндік сарапталық комиссия қатысушыларына да қойылады.

📌 Пәндік сараптама комиссиясының шешімімен сараптаманың барлық кезеңдерінен өткен оқулықтар мектептерде пайдалану үшін және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бекітетін оқулықтар тізбесіне енгізу үшін ұсынылатын болады.
​​Проекты новых учебников на 2025-2026 учебный год вывели на обсуждение с казахстанцами

📚 Проекты школьных учебников для четвертых классов, внедряемых в 2025-2026  учебном году, вынесены на общественное обсуждение. Для этого необходимо пройти на сайт Центра экспертизы содержания образования https://bmso.kz в раздел «Общественное обсуждение учебных изданий», передает пресс-служба Минпросвещения РК.

🔷 В обсуждении могут принять участие учителя, родители, представители общественных организаций и все неравнодушные. На сайте доступны учебники по следующим предметам: «Русский язык» для школ с казахским языком обучения, «Трудовое обучение», «Изобразительное искусство», Иностранные языки (английский, немецкий, французский), а также электронный учебник по «Цифровой грамотности».

📁 Все полученные замечания и предложения по улучшению качества и содержания учебников будут учтены при экспертизе и доработке материалов. Обсуждение продлится до 30 сентября текущего года.

📊 Отметим, в соответствии с действующим законодательством, учебники проходят пять этапов экспертизы: научно-педагогическую экспертизу, апробацию в пилотных школах, общественно-педагогическое обсуждение, рассмотрение предметной экспертной комиссией. В настоящее время обсуждаемые учебники проходят апробацию в 31 пилотной школе в нескольких регионах нашей страны.

🔍 Для научно-педагогической экспертизы привлекаются ученые и практикующие педагоги с квалификацией не ниже «педагог-исследователь». Эксперты прошли специальное обучение, получили сертификат эксперта и внесены в республиканскую базу экспертов. Такие же требования предъявляются к участникам апробации и членам предметной экспертной комиссии.

📌 Решением предметной экспертной комиссии учебники, прошедшие все этапы экспертизы, будут рекомендованы для использования в школах и к включению в перечень учебников, утверждаемый министерством просвещения Республики Казахстан.
Қазақстанда Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатына тағы 15 жаңа мектеп ашылды

🏢 Елімізде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 19 мыңға жуық оқушы орнына арналған 15 жаңа мектеп ашылды.

✍🏻 Естеріңізге сала кетейік, қор Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылып, сыбайлас жемқорлардан кері қайтарылған қаражат есебінен толықтырылады.
Ол үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін шешуге және жалпы қосалқы құрылыс нысандарын салу мен мектептерді реконструкциялау арқылы оқушы орнының тапшылығын жоюға бағытталған.

🔷 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаментінің мәліметінше, мемлекет тарапынан балалардың білім алуына жайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінуде. Қор құрылған сәттен бастап еліміздің бірқатар өңірлерінде, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76,7 мың оқушы орнына арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Бүгінгі таңда 63,2 мың оқушыға арналған 52 мектеп қолданысқа берілді.

🔰 Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен тағы 20 жаңа мектеп салынатыны белгілі болды. Бұл мектептер 2025 жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен барлығы 92 мың орындық 82 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Бұл шаралар еліміздің білім беру жүйесін ұзақ мерзімді дамытуға және жаңғыртуға бағытталған.