Белгілі журналист Лұқпан Ахмедияров тергеушіні қалай тығырыққа тіреді?..
Тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедияров пен тергеушінің арасында өрбіген мына диалог еліміздегі құқық қорғау органдарының жұмыс стилін ашып көрсеткендей.
Әңгімеден тергеушінің заңды өз ыңғайына қарай икемдеуге тырысқан әрекеті мен журналистің оған нақты заң баптарымен жауап бергенін көруге болады деп жазады Шындықтан қаша алмайсың.
Сонымен...
– Лұқпан Сайлауұлы, мына жерге қол қойыңыз. Бұл – алдын ала тергеу деректерін жарияламау туралы қолхат.
– Мен оған қол қоймаймын.
– Неге?
– Себебі бұл менің құқығыма айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Ал заң бойынша сіздің нұсқауларыңыз менің құқығыма едәуір зиян келтірсе, оны орындаудан бас тартуға құқылымын.
– Ондай заң қайда жазылған?
– Қылмыстық-процестік кодексте бар. Жаңа сіздің алдыңызда оқып отырдым ғой.
– Қай бабында екен, көрсетіңізші?
– Тергеуші сіз емес пе, менен гөрі ҚПК-ны жақсы білесіз ғой. Қателеспесем, куәгердің құқығы жазылған тарауда болған сияқты.
– Сіз куәгер емессіз! Сіз – күдіктіге жақын адамсыз.
– Неге олай дейсіз? Мен тап-таза куәгермін ғой. Маған осы мәртебені берген өзіңіз едіңіз.
– Сіз – қорғалуға құқығы бар куәгерсіз. Бұл екеуі екі бөлек нәрсе.
– Білемін, айырмашылығын түсінемін.
– Қайдан білесіз?
– Айттым ғой, ҚПК-да жазылғанды оқыдым.
– Жақсы. Тергеуді бастайық.
– Қорқамын, біз тергеуді бастай алмаймыз. Маған қорғаушы қажет.
– Өз адвокатыңыз бар ма?
– Бар.
– Онда неге адвокатсыз келдіңіз? Әлде әдейі менің уақытымды алып отырсыз ба?
– Мен бе?! Сіздің нұсқауыңызбен бір сағат бұрын көшеден мәжбүрлеп алып келді емес пе? Қызметкерлеріңіз телефонымды тартып алды. Мен адвокатты қай кезде шақыруым керек еді?
– Сізді ешкім мәжбүрлеген жоқ. Бар болғаны келуіңізді қамтамасыз етті.
– Маған күш қолданып, мәжбүрлеп жеткізу үшін сізде негіз болуы керек. Мысалы, мен бірнеше рет шақыру қағазына келмей қойсам немесе оны алудан жалтарсам ғана сондай қадамға бара аласыз. Ал бүгінгі ісіңіз заңға мүлде қайшы.
– Сіз мені қорлап тұрсыз!
– Немен?
– Ісімді заңсыз деп тұрсыз.
– Жақсы. Қылмыстық кодексте «Билік өкілін қорлау» деген бап бар. Сіз мені сол баппен жауапқа тартыңыз, сосын ісіңіздің заңды немесе заңсыз екенін бірге анықтаймыз.
– Қажет болса, тартамын. Уайымдамаңыз.
– Мен уайымдамаймын.
– Неге уайымдамайсыз? Қылмыстық іс екенін түсінесіз бе?
– Әрине, жақсы түсінемін. Әзірге мен қорғануға құқығы бар куәгермін. Міне, осы мәртебемдегі құқықтарымды оқып отырмын.
– ҚПК-ны қайтарыңыз! Мен сізге кітапхана емеспін. Келесіде өз ҚПК-ңызбен келіңіз. Сізге бірдеңе оқуға беру міндетім емес.
Бір сағат өткенде маған құқық қорғаушылар тапқан адвокат Мейіржан Досқараев келді. Сағат кешкі сегізге таяған. Тергеуші жайдары кейіппен:
– Ал енді тергеуді бастайық.
– Өкінішті, тағы да бастай алмаймыз.
– Енді не болды?
– Мен бұл істің басталуына себеп болған арызбен таныстыруды сұрап, өтініш білдіремін.
– Ондай құқық бар екенін сізге кім айтты?
– Қылмыстық-процестік кодекс.
– Қай жерінде? Мә, көрсетші!
– Біз қазір «сенге» көштік пе?
– Жарайды. Көрсетіңіз!
– ҚПК-ны менен тартып алдыңыз ғой, өзіңізде тұр. Ашып қараңыз. Қателеспесем, қорғануға құқығы бар куәгердің құқықтары туралы баптың 12-тармағында болуы керек.
Тергеуші кодекстің бабын дауыстап оқи бастады. Қорғануға құқығы бар куәгердің өз құқығы мен мүддесіне қатысты іспен танысу құқығына жеткенде, тергеуші қатты ойланып қалды. Шамасы, ҚПК-дан мұндай «сатқындықты» күтпеген болса керек. Бірнеше секунд үнсіздіктен соң:
– Жарайды. Арызды оқуға беремін. Бірақ енді бұндай кітаптарды көп оқымаңыз. Ол зиян.
Бір сағаттан кейін кенеттен бөлмеге тергеушінің бастығы асығыс кіріп келді де:
– Тез арада тергеуді тоқтат та, оны босат! – деді.
Тергеуші аң-таң:
– Не үшін тоқтатамын?!
– Уақыт бітіп барады. Біз оны төрт сағаттан артық ұстай алмаймыз.
Тергеушінің дөңгелек жүзі сұраққа толы таңданыспен ұзара түсті. Тағы бір сәт болса, «Бастық, біз қашан заңға қарап едік?» деп айтатын секілді еді. Оның ойы тағы да қатты жұмыс істеп кетті. Аз-кем үнсіздіктен соң:
– Сағат 21:10. Тергеу тоқтатылды.

Ертеңге, 11 сәуірге, сағат 10-ға ауыстырылады, – деді.
Осы сөздерден соң тергеуші бейнекамераны өшіріп, компьютердегі бағдарламаны жауып тастады. Жылдам жинала бастаған ол мені және адвокатты шығарып салатынын айтты. Дәлізге шыққанымызда тергеушінің бастығы бізді тоқтатты:
– Оған хаттамаға қол қойғыздың ба?
– Не үшін?
– Не үшін деген не?! Қайтыңдар да дұрыс толтырыңдар!
Бұл сәтті қалт жібермей мен қосыла кеттім:
– Осылай боларын білдім ғой.
Тергеуші маған таңырқай қарады:
– Нені білдіңіз?
– Тергеуді дұрыс аяқтамағаныңызды. Маған қол қойдыртуыңыз керек еді.
– Білсеңіз, неге айтпадыңыз?
– Тағы да қорлады демесін деп алаңдадым.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шамаларыңыз келсе балаларыңызды тіл курстарына, математика, шахмат, домбыра үйірмелеріне беріңіздер! Балаға салған ақша болашаққа салынған инвестиция!
Мемлекеттің балаларға арналған тегін қамтамасыз ететін көп-көрім АРТ Спорт деген бағдарламасы бар еді. Көріңде өкіргір жемқорлар оны да құртты.
Мына балаға респект! Елінің абыройын шетелде аспандатты! Білім берген ұстаздарына, Ата-Анасына Алғыс!

Алтын мен жарылғыш заттар тәркіленді: Қазақстанның төрт облысында заңсыз алтын іздеушілер жұмыс істеген
Алтын іздеушілер еліміздің төрт облысында заңсыз алтын өндіруді жолға қойған.
Құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру мен өңдеумен Түркістан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жетісу және Абай облыстарының компаниялары айналысқан. Олардың тек геологиялық барлауға рұқсаты болған.
"Тінту кезінде 6,7 мың тоннадан астам алтыны бар кен, 300 тонна сұйық кен (целлюлоза), 120 тонна селитра, жарылғыш заттар мен детонаторлар тәркіленді. Сонымен қатар, 45 арнайы техника табылып, тәркіленді", - делінген ІІМ хабарламасында.
Полицейлер бағалы металдардың заңсыз айналымына қатысты бес қылмыстық іс қозғады. Олар бойынша 62 адам ұсталды, олардың арасында компаниялардың директорлары мен құрылтайшылары да бар.
Бұған дейін Астанада қара кеншілердің бір миллиард теңгеге жуық мүлкі тәркіленген болатын.

Үндістан Пәкістан үшін аса маңызды Инд өзенін жауып тастады! Орта Азияда алдағы бес жылда су үшін соғыс болады деп болжанып еді. Бес айға да жетпеді.
"Ресейдің Украинаны толық жаулаудан бас тартып, осы жерден соғысты тоқтатуға келіскеніне рақмет айтыңдар". Трамп
#Жындыханажаңалықтары
#Жындыханажаңалықтары
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қытайдың спутниктік ұшыру орталығында керемет дрон шоуы өтті
Қойылым ғарышты игеру тарихына арналды.
Қойылым ғарышты игеру тарихына арналды.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресейдің ірі қару-жарақ қоймасының бірі 51-ші арсеналдағы (Владимир облысы) барлық арсеналдың 50% жарылған.
Қоймада 270 мың тонна снаряд,зымыран мен қару-жарақ болған.
Қоймада 270 мың тонна снаряд,зымыран мен қару-жарақ болған.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін, Қазақстан Футболы Күні. Мынау кешегі өткен Бірінші Лиганың "Екібастұз" бен "Ақтөбе-2" арасындағы матч.
Футбол күні құтты болсын!
Футбол күні құтты болсын!
Пәкістан әскерлері бақылау сызығының бойындағы үнді бекеттеріне оқ жаудырды
Үндістан жауап шараларын қолдануда. Үндістанның әскери-әуе күштерінің жойғыштары әуеге ұшып, AWACS ұшақтары барлау жұмыстарын жүргізді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

"Вор в законе" Серік Голова қайтыс болды
Қылмыстық ортада Серік Голова деген лақап атпен танымал Серік Жаманаев ауруханада қайтыс болды. Ол ұзақ уақыт бойы қатерлі ісік ауруынан зардап шекті.
Жаманаев 1965 жылы 21 қаңтарда Алматы облысының Фабричный (қазіргі Қарғалы) ауылында дүниеге келген. Ол 1982 жылы ұрлық жасағаны үшін алғашқы үкімін алған. Ол үш жыл жазасын өтеп, бостандыққа шыққан соң бірден қарулы шабуыл жасады. Сол үшін ол 1986 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Дәл сол кезде Жаманаев кез келген жағдайдан тез сараптап, жол таба алатын қабілеті үшін Голова деген лақап атқа ие болды.
Оған 1996 жылы 26 мамырда Сочиде ТМД елдерінің 40 криминал басшыларының басқосуында "тәж" кигізді. Голова жазасын өтеп жүрген кезінде елдегі барлық түрмелер мен колонияларды бақылап отырған. Жалпы, Жаманаевтың тоғыз соттылығы бар

Жергілікті тұрғындар Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі әскери киім киген адамдарды пайдаланып, жақсы брусчаткаларды жаңасына ауыстыруды күтпеген жерден шешкенін айтады. Аудан әкімі Сәдуақасов Сақтаған тендер өтіп, мердігерлер жұмысқа кірісіп кеткенін алға тартады.
Мына тендерді қай генерал немесе полковник ұтып алды екен?)
Мына тендерді қай генерал немесе полковник ұтып алды екен?)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Балашихада (Мәскеу) Ресей Қарулы күштері Бас штабының Бас операциялық басқармасы бастығының орынбасары, генерал Ярослав Москаликті көлігімен жарып жіберді.
Трамп Қырымды Ресейдікі екенін біз мойындасақ жетеді деп отыр. Сары шайтан не істерін білмей қатты ашулы. Соғысты бір күнде тоқтатамын дегенім жай прикол еді дейді)