Ongar_online
5.15K subscribers
3.2K photos
3.01K videos
716 links
Қош келдіңіздер! Бұл тәуелсіз журналист Оңғар Қабденнің телеграм арнасы!
Мұнда:

🤡 Саясат
😪 Дау-дамай
😜 Елдегі елең еткізер оқиғалар және спорт тақырыбы да қамтылады.

Жарнама бойынша: +7 701 203 9786
Download Telegram
"Украина бейбітшілікті қаласа соғысып жатқан 4 облысынан әскерін шығарсын". Песков.
Forwarded from Әшкере
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Кеше Көк Ұлдар Ресейдегі ең ірі оқ-дәрі қоймасының бірі, Владимир облысындағы 51-ші арсеналды мамалатты. «Искандер», «Точка-У», «Кинжал» «Панцирь-С1», С-300, С-400 «Град», «Смерч», «Ураган» зымырандарының 100 мың тоннадан астам қорының күлі көкке ұшты.

Ресейдің "Аманаты" яғни, «Единая Россия» партиясы апат болған Владимир облысындағы зардап шеккен ресейліктерге көмек ретінде дәретхана қағазын жіберді 😂

Әскери қоймадағы оқ-дәрілердің жарылуы екінші күн қатарынан тоқтамай жатыр. Жергілікті жұртшылықтың хабарлауынша, жарылған зымыран сынықтары тұрғын үйлерге де тиіп жатыр дейді.

Жергілікті тұрғындар тез эвакуацияланып, оларға жылдам қамқорлық көрсетілген🤣Гуманитарлық көмек жинап, жіберілген көмекпен фотоотчетқа түскен.

Мынадай фотоотчетқа түспеу үшін қанша ми керек? 🤦
Атыраудың әкімі картопты жарып жатыр. Қала әкімі Шәкір Кейкин. Суреттегі көше аты аңызға айналған ұшқыш батыр Хиуаз Доспанова апамыздың атындағы көше.

Сол көшенің тұрғындары биылғы Жеңістің 80 жылдығына орай әкімдіктен көмек бола ма деп видео түсірген ғой. Апамыздың атын алған көшеге әкімдік тым құрыса асфальт төсеп беретін шығар деп.

Қала әкімі тұрғындардың ұсынысы өте дұрыс екенін, батыр апамыздың аты бұндай көшеге лайық емес депті де, ономастикалық комиссияға Хиуаз Доспанова атын басқа асфальті бар дұрыс көшеге ауыстыруды ұсыныпты😂
Қарағанды Ұлттық кітап күніне орай «Жаппай кітап оқитын ұлт» атты жаңа жоба бастапты. Жоба аясында байқаулар, квиздер, турнирлер ұйымдастырылады. Бәрекелді!
Forwarded from PARANOIA.KZ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ФСБ: Ресейдің Нижегород облысында Орталық Азиядан келген (қай ел екені айтылмады) екі адам теракт жасамақ болды. Олар дронның көмегімен мұнай және химия өндірісі ошақтарына шабуыл жасамақ болған. Оларға украин кураторлары нұсқаулық берді деген ақпарат бар. Ұстау операциясы барысында қарулы қарсылық көрсетіп, екеуінің көзі жойылды.
Қоғам үшін Мұрат Әбділдә қауіпті қылмыскер екен. Түнде тексергенде үйінде болмаған деп, қалған екі жыл шартты жазасын қайтадан түрмеде өтейтін болды. Адам өлтіргендерді қамасаңдаршы!
Қазақстан журналистикасының майталманы Серғазы Мұхтарбеков 65 жасында дүниеден өтті.

«Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, «Қазақстан» газетінің бұрынғы бас редакторы Серғазы Мұхтарбеков өмірден озды, оның рухын Алла Тағала қабыл етсін!», - деп хабарлады бейсенбі күні Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи.

Серғазы Мұхтарбеков 1961 жылы 5 мамырда дүниеге келген, оның жетекшілігімен «Қазақстан» газеті еліміздің ақпарат кеңістігінде елеулі орын алып, қазіргі қоғамдық-саяси оқиғаларды жария етті.

Мұхтарбеков еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан тәжірибелі де беделді журналист ретінде есте қалады.

Серғазы Мұхтарбеков кәсіби қызметінің арқасында әріптестері мен оқырмандарының құрметіне ие болды. Оның қызметі Қазақстанда объективті және тәуелсіз журналистиканың қалыптасуына ықпал етті, ал ол жоғары деңгейге жеткізген «Қазақстан» газеті әлі күнге дейін республикалық басылымдардың бірі болып табылады.
Белгілі журналист Лұқпан Ахмедияров тергеушіні қалай тығырыққа тіреді?..

Тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедияров пен тергеушінің арасында өрбіген мына диалог еліміздегі құқық қорғау органдарының жұмыс стилін ашып көрсеткендей.

Әңгімеден тергеушінің заңды өз ыңғайына қарай икемдеуге тырысқан әрекеті мен журналистің оған нақты заң баптарымен жауап бергенін көруге болады деп жазады Шындықтан қаша алмайсың.

Сонымен...

– Лұқпан Сайлауұлы, мына жерге қол қойыңыз. Бұл – алдын ала тергеу деректерін жарияламау туралы қолхат.

– Мен оған қол қоймаймын.

– Неге?

– Себебі бұл менің құқығыма айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Ал заң бойынша сіздің нұсқауларыңыз менің құқығыма едәуір зиян келтірсе, оны орындаудан бас тартуға құқылымын.

– Ондай заң қайда жазылған?

– Қылмыстық-процестік кодексте бар. Жаңа сіздің алдыңызда оқып отырдым ғой.

– Қай бабында екен, көрсетіңізші?

– Тергеуші сіз емес пе, менен гөрі ҚПК-ны жақсы білесіз ғой. Қателеспесем, куәгердің құқығы жазылған тарауда болған сияқты.

– Сіз куәгер емессіз! Сіз – күдіктіге жақын адамсыз.

– Неге олай дейсіз? Мен тап-таза куәгермін ғой. Маған осы мәртебені берген өзіңіз едіңіз.

– Сіз – қорғалуға құқығы бар куәгерсіз. Бұл екеуі екі бөлек нәрсе.

– Білемін, айырмашылығын түсінемін.

– Қайдан білесіз?

– Айттым ғой, ҚПК-да жазылғанды оқыдым.

– Жақсы. Тергеуді бастайық.

– Қорқамын, біз тергеуді бастай алмаймыз. Маған қорғаушы қажет.

– Өз адвокатыңыз бар ма?

– Бар.

– Онда неге адвокатсыз келдіңіз? Әлде әдейі менің уақытымды алып отырсыз ба?

– Мен бе?! Сіздің нұсқауыңызбен бір сағат бұрын көшеден мәжбүрлеп алып келді емес пе? Қызметкерлеріңіз телефонымды тартып алды. Мен адвокатты қай кезде шақыруым керек еді?

– Сізді ешкім мәжбүрлеген жоқ. Бар болғаны келуіңізді қамтамасыз етті.

– Маған күш қолданып, мәжбүрлеп жеткізу үшін сізде негіз болуы керек. Мысалы, мен бірнеше рет шақыру қағазына келмей қойсам немесе оны алудан жалтарсам ғана сондай қадамға бара аласыз. Ал бүгінгі ісіңіз заңға мүлде қайшы.

– Сіз мені қорлап тұрсыз!

– Немен?

– Ісімді заңсыз деп тұрсыз.

– Жақсы. Қылмыстық кодексте «Билік өкілін қорлау» деген бап бар. Сіз мені сол баппен жауапқа тартыңыз, сосын ісіңіздің заңды немесе заңсыз екенін бірге анықтаймыз.

– Қажет болса, тартамын. Уайымдамаңыз.

– Мен уайымдамаймын.

– Неге уайымдамайсыз? Қылмыстық іс екенін түсінесіз бе?

– Әрине, жақсы түсінемін. Әзірге мен қорғануға құқығы бар куәгермін. Міне, осы мәртебемдегі құқықтарымды оқып отырмын.

– ҚПК-ны қайтарыңыз! Мен сізге кітапхана емеспін. Келесіде өз ҚПК-ңызбен келіңіз. Сізге бірдеңе оқуға беру міндетім емес.

Бір сағат өткенде маған құқық қорғаушылар тапқан адвокат Мейіржан Досқараев келді. Сағат кешкі сегізге таяған. Тергеуші жайдары кейіппен:

– Ал енді тергеуді бастайық.

– Өкінішті, тағы да бастай алмаймыз.

– Енді не болды?

– Мен бұл істің басталуына себеп болған арызбен таныстыруды сұрап, өтініш білдіремін.

– Ондай құқық бар екенін сізге кім айтты?

– Қылмыстық-процестік кодекс.

– Қай жерінде? Мә, көрсетші!

– Біз қазір «сенге» көштік пе?

– Жарайды. Көрсетіңіз!

– ҚПК-ны менен тартып алдыңыз ғой, өзіңізде тұр. Ашып қараңыз. Қателеспесем, қорғануға құқығы бар куәгердің құқықтары туралы баптың 12-тармағында болуы керек.

Тергеуші кодекстің бабын дауыстап оқи бастады. Қорғануға құқығы бар куәгердің өз құқығы мен мүддесіне қатысты іспен танысу құқығына жеткенде, тергеуші қатты ойланып қалды. Шамасы, ҚПК-дан мұндай «сатқындықты» күтпеген болса керек. Бірнеше секунд үнсіздіктен соң:

– Жарайды. Арызды оқуға беремін. Бірақ енді бұндай кітаптарды көп оқымаңыз. Ол зиян.

Бір сағаттан кейін кенеттен бөлмеге тергеушінің бастығы асығыс кіріп келді де:

– Тез арада тергеуді тоқтат та, оны босат! – деді.

Тергеуші аң-таң:

– Не үшін тоқтатамын?!

– Уақыт бітіп барады. Біз оны төрт сағаттан артық ұстай алмаймыз.

Тергеушінің дөңгелек жүзі сұраққа толы таңданыспен ұзара түсті. Тағы бір сәт болса, «Бастық, біз қашан заңға қарап едік?» деп айтатын секілді еді. Оның ойы тағы да қатты жұмыс істеп кетті. Аз-кем үнсіздіктен соң:

– Сағат 21:10. Тергеу тоқтатылды.
Ертеңге, 11 сәуірге, сағат 10-ға ауыстырылады, – деді.

Осы сөздерден соң тергеуші бейнекамераны өшіріп, компьютердегі бағдарламаны жауып тастады. Жылдам жинала бастаған ол мені және адвокатты шығарып салатынын айтты. Дәлізге шыққанымызда тергеушінің бастығы бізді тоқтатты:

– Оған хаттамаға қол қойғыздың ба?

– Не үшін?

– Не үшін деген не?! Қайтыңдар да дұрыс толтырыңдар!

Бұл сәтті қалт жібермей мен қосыла кеттім:

– Осылай боларын білдім ғой.

Тергеуші маған таңырқай қарады:

– Нені білдіңіз?

– Тергеуді дұрыс аяқтамағаныңызды. Маған қол қойдыртуыңыз керек еді.

– Білсеңіз, неге айтпадыңыз?

– Тағы да қорлады демесін деп алаңдадым.
Журналист Лұқпан Ахмедияров
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шамаларыңыз келсе балаларыңызды тіл курстарына, математика, шахмат, домбыра үйірмелеріне беріңіздер! Балаға салған ақша болашаққа салынған инвестиция!

Мемлекеттің балаларға арналған тегін қамтамасыз ететін көп-көрім АРТ Спорт деген бағдарламасы бар еді. Көріңде өкіргір жемқорлар оны да құртты.

Мына балаға респект! Елінің абыройын шетелде аспандатты! Білім берген ұстаздарына, Ата-Анасына Алғыс!
Трамп: “Қытаймен тарифтік келісім жасау үшін кеңесіп жатырмыз”.

Қытай СІМ-і өкілі Го Цзякунь: “Трамп қыртпасын. Қытай мен АҚШ тарифтік мәселелер бойынша келісімге келмек түгелі, келіссөз бен кеңес те өткізген емес”.
Украина Қарулы Күштері Сенегалдан келген жалдамалы сарбазды тұтқынға алды

Тұтқын Ресейде оқығанын, Еуропаға көшуге көмектесемін деген сөзге сеніп, ақшаға алданып, майданға кеткенін айтты.

Енді сенегалдық үйіне қайтқысы келетінін, Ресейді «өте нашар жер» дейді.
"Владимир, ТОҚТА! Ресейдің Киевке жасаған соққыларына көңілім толмайды. Бұл өте қажетсіз және өте мезгілсіз. Владимир, тоқта! Апта сайын 5 мың сарбаз, 5 мың сарбаз өліп жатыр. Келіңіздер, бейбіт келісім жасасайық", - деді Трамп.

Енді Владимир міндетті түрде тоқтайды.
Алтын мен жарылғыш заттар тәркіленді: Қазақстанның төрт облысында заңсыз алтын іздеушілер жұмыс істеген

Алтын іздеушілер еліміздің төрт облысында заңсыз алтын өндіруді жолға қойған.

Құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру мен өңдеумен Түркістан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жетісу және Абай облыстарының компаниялары айналысқан. Олардың тек геологиялық барлауға рұқсаты болған.

"Тінту кезінде 6,7 мың тоннадан астам алтыны бар кен, 300 тонна сұйық кен (целлюлоза), 120 тонна селитра, жарылғыш заттар мен детонаторлар тәркіленді. Сонымен қатар, 45 арнайы техника табылып, тәркіленді", - делінген ІІМ хабарламасында.

Полицейлер бағалы металдардың заңсыз айналымына қатысты бес қылмыстық іс қозғады. Олар бойынша 62 адам ұсталды, олардың арасында компаниялардың директорлары мен құрылтайшылары да бар.

Бұған дейін Астанада қара кеншілердің бір миллиард теңгеге жуық мүлкі тәркіленген болатын.
Үндістан Пәкістан үшін аса маңызды Инд өзенін жауып тастады! Орта Азияда алдағы бес жылда су үшін соғыс болады деп болжанып еді. Бес айға да жетпеді.
"Қырымды қайтару қиын. Оны Ресейге берген Барак Обама болатын". Трамп
"Ресейдің Украинаны толық жаулаудан бас тартып, осы жерден соғысты тоқтатуға келіскеніне рақмет айтыңдар". Трамп
#Жындыханажаңалықтары
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қытайдың спутниктік ұшыру орталығында керемет дрон шоуы өтті

Қойылым ғарышты игеру тарихына арналды.