Ongar_online
5.15K subscribers
3.21K photos
3.01K videos
720 links
Қош келдіңіздер! Бұл тәуелсіз журналист Оңғар Қабденнің телеграм арнасы!
Мұнда:

🤡 Саясат
😪 Дау-дамай
😜 Елдегі елең еткізер оқиғалар және спорт тақырыбы да қамтылады.

Жарнама бойынша: +7 701 203 9786
Download Telegram
Рим Папасы Франциск (1936-2025) 88 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Reuters Ватиканға сілтеме жасап.

2013 жылғы 13 наурызда сайланды. Жаңа әлемнен тарихтағы тұңғыш Рим Папасы (Аргентина).
Пепке арналған «шампунь»

Фан-аккаунт Хусанов пен Гвардиола туралы әңгімемен интернетті шулатқан.

Ғаламторда Гвардиола мен өзбек футболшысы Әбдіқадыр Хусанов арасындағы жанжал туралы шын-өтірігі белгісіз қауесет тарады. X (Twitter) сайтындағы Real Talk Манчестер Сити фан-аккаунтының жазбасы бес миллионнан астам қаралым жинаған.

«Инсайдерлік» ақпаратқа сәйкес, Пеп Хусановты: «Сен чемпионсың» (You’re a champ) деп мақтаған, ал Әбдіқадыр да солай жауап бергісі келіп, сөздерді араластырып: «Сен шампуньсың» (You’re a shampoo) депті. Гвардиолла болса жанкүйерлердің пікірінше, мұны оның тақыр басын мазақтау деп қабылдап, содан кейін ойыншыны қосалқы құрам орындығына «қатырып тастаған».

Өзбек жанкүйерлеріне бұл жаңалық қатты тиген: олар фейк авторын жазалауды талап етіп, тіпті Илон Маскты аккаунтты бұғаттауға шақыруда!
Министр Қазақстанда әрбір екінші неке ажырасумен аяқталып жатқанын айтты

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев елімізде отбасылық-неке қатынастарының дағдарысқа ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, 2024 жылы елімізде 124 774 неке тіркелсе, соның 61 080-і ажырасумен аяқталған. Бұл — әрбір екінші отбасының ойрандалып жатқанын көрсетеді.

«Бұрын халқымызға тән болған отбасы құндылықтары өкінішке қарай, бүгінгі күні әлсіреп барады. Ажырасудың артында ең алдымен балалар зардап шегеді. Бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінуі қажет. Сондықтан бұл санаттағы істер министрліктің ерекше бақылауында», - деді министр.
23 сәуір - Ұлттық кітап күніне орай қазақ зиялы қауымының арасында жаңа челлендж басталды. Қосылғандардың ішінде Мереке Құлкенов, Ерлан Жүніс, Алмас Ахметбекұлы сияқты есімдер бар. Челлендж мақсаты - азаматтарды кітап оқуға шақыру, баулу. Бұл бастаманы барлығымыз бір елдің баласындай қолдайық, ағайын!
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовты атып кеткен. Берденов жараланып, ауруханаға түсіпті. Оқ атушы ұсталған дейді Козачков.
Денсаулық сақтау министрлігі Руслан Берденовке ота жасалып жатқанын хабарлады

Шымкент әкімі орынбасарының жағдайы туралы кейінірек қосымша мәлімет беріледі.
Астанада ҰҚК қызметкерінің өлі денесі табылды

Ведомствоның мәліметінше, 21 сәуірде Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылған.

"Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Марқұмның ҰҚК сыртқы барлау қызметінде қызмет атқарғаны туралы ақпарат бар. Ол өзін-өзі өлтірді немесе биіктен құлады деген болжам бар.
Руслан Берденовтің ісі бойынша.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасарының өміріне қастандықты «Тұрғын үй Шымкент» ТОО басшысы Ернар Жиенбай жасаған.

Бұл әкім аппаратының еншілес мекемесі және тұрғын емес үй-жайларды салумен айналысады.

Тергеу мәліметінше, күдікті Берденовті 10 күн бұрын өздері кездескен кездесуден кейін ұнатпаған. Бұл шарада Жиенбай бастықтарға дөрекі сөйлеп, нәтижесінде әкімнің орынбасары сөгіс жариялап, жиналыстан шығарып жіберген.

Сол жерде Берденов «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС жұмысын тексеру және серіктестік директорын қызметінен босату туралы бұйрық берген.

Жиенбай кек алуды ұйғарып, әкім орынбасарын қорқыту үшін әрекетке бармағаны анық. Атқыш өзімен бірге 10 патрон алып барған, яғни ол кісі өлтіруді жоспарлаған болуы мүмкін. Алайда үш рет оқ атқаннан кейін оны Берденов жүргізушісі залалсыздандырып, қылмыскерді көлігімен қаққан.

Берденов пен Жиенбайдың әйелі арасындағы қандай да бір байланыс туралы белсенді түрде насихатталған нұсқаны осы қақтығысқа қатысушылар жоққа шығарады.
Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары мен бас бухгалтері 758 млн теңге бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

Шаушенова 9 жылға, Достаева 6 жылға бас бостандығынан айырылып, 10 жыл бойы қаржылық қызметке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сонымен қатар, сотталғандардың бірі заңсыз алынған қаражатты заңдастырғаны үшін де жауапқа тартылды.
Атырауда университет жатақханасының бір бөлігі опырылып түсті

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, оқиға 22 сәуір күні сағат 06:00 шамасында болды.

Ғимарат 1972 жылы салынған. Ол апатты әрі тұруға қауіпті деп танылған.

2023 жылдан бері бұл жатақханада ешкім тұрмайды.

Қазіргі уақытта оның орнына заманауи жаңа жатақхана салу қолға алынбақ.
АҚШ бірнеше Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен күн батареялары импортына 3521%-ға дейінгі тарифтер енгізеді, Bloomberg
✈️«Семей-Астана-Семей» бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын тұрақты әуе рейстерінің саны артады. Биылғы 27 сәуірден «Семей-Астана-Семей» бағытында сыйымдылығы 48 орындық «Ан-24» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастайды. Рейсті «Южное небо» әуе компаниясы жүзеге асырады. Семейден Астанаға ұшу уақыты - кешкі сағат 18:15, Астанадан Семейге ұшу уақыты - кешкі сағат 21:15.

Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі халықаралық әуежайдың жұмысымен танысу барысында айтты.

Биылғы 1 мамырдан бастап «Алматы-Семей-Алматы» (аптасына үш рет), «Астана-Семей-Астана» (аптасына бір рет) бағыттарында қосымша рейс енгізіледі. Бұдан бөлек 1 маусымнан бастап «FlyArystan» әуе компаниясы «Шымкент – Семей – Шымкент» бағыты бойынша жаңа рейсті іске қоспақ.

Жолаушылар аптасына 2 рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын болады. Сондай-ақ, осы күннен «Скат» әуе компаниясы «Алматы-Үржар-Алматы», «Астана-Үржар-Астана» рейстерін әрқайсысын аптасына 6 реттен орындай бастайды.
Владимир облысындағы Ресей қорғаныс министрлігінің артиллериялық бас басқармасының 51-арсеналында күшті жарылыс болды.

100 мың тоннадан астам оқ-дәрілер, артиллериялық снарядтар, MLRS үшін зымырандар, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің құрамдас бөліктері, Точка-У типті тактикалық зымырандарының күлі көкке ұшты!
Ресей Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарын бақылаудан бас тартуға дайын, егер АҚШ Қырымды Ресей деп таныса және Украинаның НАТО-ға кіруіне тыйым салса.
Алматыдан кеше шыққан кітап керуені бүгін Абай облысына келіп жетті. Жол бойы Талдықорған, Үшарал, Аягөзден қазына артқан керуенді күтіп алып отырды.

Ертең Абай облысындағы барлық 233 мектепке 14 мың кітап таратылады. Бастама иесі Халықаралық Қазақ Тілі қоғамының вице-президенті, белгілі кәсіпкер, меценат, Tas group компаниялар тобының жетекшісі Дулат Тастекей. Сөйтіп еліміздегі барлық кәсіпкерлерге челлендж жолдады!

Қазақстандағы барлық Абай атындағы мектептердің қара шаңырағы, Абай атындағы дарынды балаларды тереңдете оқытатын мектеп интернатта тіл жанашыры Асылы Осман, ақын Бақыт Беделхан, актер Болат Әбілманов, айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы ақ батасын беріп, шығарып салды.
АҚШ бүгін жеті тармақтан тұратын «бейбітшілік жоспарын» таныстырады — The Telegraph

▪️Украинаның Қырымнан бас тартуы;
▪️Қазіргі майдан шебінде соғыс қимылдарын тоқтату;
▪️АҚШ-тың Ресей Федерациясына қарсы барлық санкцияларды алып тастауы;
▪️Запорожье АЭС-ін АҚШ бақылауына беру. АҚШ пен Ресей арасындағы энергетикалық ынтымақтастық;
▪️Украина мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздер. Қауіпсіздік кепілдігі жоқ;
▪️Украинаның НАТО-ға кіруден бас тартуы, бірақ ЕО-ға кіру мүмкіндігі;
▪️Пайдалы қазбалар бойынша келісімге қол қою.

Келлог Украинаның бұл жоспарға келісімін алады деп үміттенеді. Виткофф Ресейге барып, бұл жоспарды Путинге ұсынады.
Зеленский: "Украина Қырымды Ресейдікі деп танымайды!".
Зеленскийдің мәлемдемесінен кейін АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рубио Лондондағы кездесуге барудан бас тартты.
Ұлыбритания, Франция, Германия және Украина сыртқы істер министрлері Лондонда жоспарланған кездесуге қатыспайды. Келіссөз шенеуніктердің арасында өтетін болды деп хабарлайды Sky News.
Артық білім - кітапта!

Бүгін Халықаралық Кітап күні! Аягөз қаласының орталығына Алматыдан шыққан кітап керуеніміз келіп жетті. Орталық алаңда облыстың барлық 233 мектебіне 14 мың кітап таратылуда.

Осы игі шараның бастамашысы, идея авторы меценат Дулат Тастекей "Бұл 14 мың кітап жүк көлігіндегі қағаз макулатура емес. Бұл болашаққа салынған инвестиция" дейді.

Tas group компаниялар тобының жетекшісі Дулат Тұрсынұлы Қазақстандағы бүкіл кәсіпкерлерге челлендж жолдауда! Әр кәсіпкер шамасы келгенше ауыл мектептерінің кітапханасын көркем әдеби және кәсіптік кітаптармен қамтамасыз етуге үндеуде!

Байлығы шайлығынан аспайтын қазақтың байлары, қайдасыңдар?