Olzhas Hanafin
14.3K subscribers
315 photos
224 videos
72 files
254 links
📚Дін, ілім, пайдалы мағлұмат
Download Telegram
Хиросима нагасаки. 950 км2. Қаланың үстіне 13 мың тонна бомба тасталған. 1945 жыл.

Ғазза. 360 км2. Қаланың үстіне 79 мың тонна бомба тасталған. 2024 жыл.

Бүгінгісі кешегіден нендей жаман.
Ердің ақылы көз тыюдан басталса, қыздың ақылы өзіне назар аудартпаудан басталады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
“Мен өмірде көрген адамдардың көбісі халықтың берген бағасынан төмен, не сол деңгейде болатын. Тек кейбірі ғана халық арасында тараған мақтаудан да деңгейі жоғары болып шығатын. Соның бірі Шейх Абдулхамид Кишк(Алла рахым етсін) еді. Ол кісінің қандай адам болғанын сезіну үшін тірідей көру керек.”

©️ Шейх Абдулфаттах Абу Ғудданың шәкірті болған (رحمه الله) Ұстазым Шейх Абдулжаббар әл-Зәйди حفظه الله.
Қиыншылықпен бірге жеңілдік келетіні жәй ғана мүмкін нәрсе емес, ол ақиқат. Себебі Алла Тағаланың өзі берген уәдесі.
وَإِذَا مَرِضْتُ فَهُوَ يَشْفِينِ

«Ауырғанымда маған шипа беретін де – бір Өзі».

(«Шұғара» сүресі 26:80)
Шамаң келген барлық жақсылықты жаса. Себебі жәннатқа кіруіңе қай жақсылық себеп боларын білмейсің.

Шамаң келген барлық жамандықты таста. Себебі сені тозаққа түсіретін қай жамандық екенін білмейсің.

©️ Абу Хасан әл-Зәйят رحمه الله
Абу Хурайрадан жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: “Маған Абу Бакрдың малы пайдасын бергендей ешбір адамның малы ол деңгейде пайда бермеді”, – деді.

Сонда Абу Бакр жылап жіберіп: “Жаным да, малым да сіздікі уа, Алланың елшісі!”, – деді.

📚 Мусаннаф ибн Аби Шайба
Forwarded from Beisenali Olzhas (Olzhas Beisenali)
Ұстаз Әнәс Ғиззат Аға шейх Фахруддин Қабауаның дәрісіне 6 жыл тоқтамай барған. 6 жылдың ішінде 3-ақ дәрісті қалдырған. Оның өзінде үлкен үзір себепті дәріске бармауға мәжбүр болды.

Бұған қоса Әнәс ұстаз шейх Фахруддин Қабауаның дәрісіне басқа қаладан келетін, екеуі бір қалада тұрмағандықтан.

Міне, білімге деген “һимма” қандай болу керек.
Olzhas Hanafin
Ұстаз Әнәс Ғиззат Аға шейх Фахруддин Қабауаның дәрісіне 6 жыл тоқтамай барған. 6 жылдың ішінде 3-ақ дәрісті қалдырған. Оның өзінде үлкен үзір себепті дәріске бармауға мәжбүр болды. Бұған қоса Әнәс ұстаз шейх Фахруддин Қабауаның дәрісіне басқа қаладан келетін…
Бұл нәрсені караматқа жатқызса да болады.

“Жақсылық пен ізгілікте тұрақты болу(истиқама) караматтың дәл өзі болып саналады”, – дейді ғалымдарымыз.

Шейх Абдурраззақ әл-Халяби (رحمه الله) 26 томдық “Хашият ибн Абидин” кітабын 64 жыл үзбей берген.

Ұстазым да Шейх Хассан حفظه الله медреседе 6 жыл оқыған кезінде бар жоғы 2-3 рет қана өте үлкен себеппен сабақтан қалған. Және 6 жыл ішінде сабаққа бір рет те кешігіп келмеген.

Ендеше адамның шариғат жолындағы тұрақтылығына қарау керек, аспанда ұшып, суды теріс ағызып жібергеніне емес. Егер ондай адам шариғатқа сай өмір сүрсе онда оны карамат, яғни әдеттен тыс орын алатын, физикалық заңға бағынбайтын Құдайдың бергені деп қабылдаймыз. Ал шариғатқа сай өмір сүрмесе онда онысы шайтаннан екені анық.
Емі жоқ ауру – ақымақтық.

©️ Ибн әл-Жаузи رحمه الله
Olzhas Hanafin
Емі жоқ ауру – ақымақтық. ©️ Ибн әл-Жаузи رحمه الله
Ол егер табиғатынан болса онда емі жоқ десе болады.

Алайда егер оқымағаннан, көпті көрмегеннен болса онда оның емі бар, яғни оқу, білу, тәжірибе жинау арқылы сол бір ақымақтығын кетіре алады дейді ибн әл-Жаузи رحمه الله.
Алла Тағаланың хақысына, ақыретке қатысты бәріміз ақымақпыз негізі.

يَٰٓأَيُّهَا ٱلْإِنسَٰنُ مَا غَرَّكَ بِرَبِّكَ ٱلْكَرِيمِ

Уа, адам баласы! Сені Кәрим (асқан жомарт, шексіз шарапат иесі) Раббың жайлы азғырып, алдаған не еді?!
(«Инфитар» сүресі 82:6)

Осы аятқа қатысты Шейх Махмуд Дахла حفظه الله айтады:

“Алла Тағала құдды бір өзі жауабын беріп тұрғандай. Себебі өзінің Кәрим сипатын айту арқылы сөгіп жатыр. Яғни Алла Тағала әр адамды күнәсі үшін бірден жазалайтын болғанда ешкім күнә жасамас еді. Сондықтан бізді алдап тұрған нәрсе ол Алла Тағаланың мейірімі, рахымы”.
“Дұшпаны жоқтың, ұстанымы жоқ”

©️ Ясир Хузейми
Шынайы дос сенің көңіліңді түсірген нәрсе оның да көңілін түсіреді. Сені қуатқан нәрсе оны да қуантады.

©️ Ибн Хазм
Араларыңызда Евро-2024 ставка қойып жүргендер жоқ шығар деп үміттенемін.

1 теңге тіксең де харам болады!
Forwarded from Orientalist's Notes
Шамдық ұстазым - шейх Холид Харса (حفظه الله), күндердің-күні бір тойға барған екен. Алайда ол тойда ішімдік бар, түрлі әншілер жүрген көрінеді.

Шейх өзінің әдемі сүннет киімін киіп, әтірленіп, тап-таза боп барады.

Тойға бара салып ортаға шығып, әншіден микрофонды сұраған. Айналадағылар күледі дейді, микрофонды қайтесіз деп…

2-3 минут қана бере тұрсаң, айтар тілегім бар дейді. Содан микрофонды қолына алады да, былай деп айтады:

— Ассаляму’алейкум уа рахматуллаһ! Мен сіздерді Алла разылығы үшін жақсы көремін және Қиямет күнгі азабынан қорқамын. Ұлық Алладан менің және сіздердің хәлдеріңізді туралыққа салсын деп өтінемін, менің және сіздердің күнәларыңызды кешірсін деп тілеймін. Ей, Алланың пенделері, шынында Алла, сендерді Өзіне шақыруда. Ей, Алланың пенделері, тәубе етіңдер. Ей, Алланың пенделері, шынында мешіт сендерді күтуде. Ассаляму’алейкум уа рахматуллаһ!

Сөйтеді де шейх шығып кетеді. Артынан 4-5 адамның бірге шыққанын да аңғарады. Тап сол адамдар артынан еріп мешітке келген және сол адамдар мешіттің тұрақты жамағатына айналған екен.

#ғалымдар_өсиеті
Әрқашан Раббыңа сен. Рабыңның әрбір ісі хикмет екенін ұмытпа. Иа, кейде Алла Тағала кейбір шамалы қаттылау сынақпен сынауы мүмкін, алайда Раббыңды ол үшін ешқашан сөгуші болма!

Біліп қой! Бұл сынақ сен үшін дауа. Кейін сол сынақтың жемісін көре бастайсың. Бұл нәрседен біз ғибрат алуымыз керек.

Адам баласы әлсіз жаратылған. Сынақтың басында неге олай болды деп сабырсыздық танытуы мүмкін. Бірақ сенің Аллаға деген сенімің күшті болса, ол секілді сөзді ешқашан айтпайсың.

Алланың жіберген әрбір сынағы тек сіздің жақсылығыңыз үшін ғана.

Тек біз одан ғибрат аламыз ба, жоқ па мәселе осыда.

©️ Шейх Рамадан әл-Бути رحمه الله.

P/S: Курсивпен жазылған сөздер өзімдікі.
Forwarded from Arsen Izbanov
ИСЛАМСКАЯ ПСИХОЛОГИЯ, ГЛУБИНЫ СОЗНАНИЯ, ПСИХОСОМАТИКА

https://youtu.be/g8f6t5-iz8U?si=_rStyHmufmIYg7f0
Алланың қалауымен көптен күткен «Ризық кілттері және мұсылманның дүниемен қарым-қатынасы» кітабымыз жарық көрді.

Бұл еңбекте мұсылманның дүниемен қарым-қатынасы, ризық кілттері, исламдағы байлық пен кедейлік және басқа да тақырыптар жан-жақты қамтылған. Бұл еңбекті оқу арқылы тәуекел, ниет, шүкір, тәубе секілді көптеген жүрек ілімдерін де тереңірек түсінуге болады. Аталмыш кітап дініміздің нәзік мәселелерін оқып-білуге ықыласты барша оқырманға арналған.

Бағасы – 4500 тг.

Реквизит:
Каспи: 4400 4302 8616 8023
Халық: 4405 6398 6463 6939

Чекті осы сілтемеге жіберіңіз:

https://wa.me/message/ZNVV5E7ZSGX4C1