Olzhas Hanafin
7.88K subscribers
313 photos
224 videos
70 files
253 links
📚Дін, ілім, пайдалы мағлұмат
Download Telegram
Құдайдың алдындағы күнәлары ешкімді дұға етуден тоспасын(яғни мендей күнахардың дұғасын Алла Тағала қайдан қабыл етсін). Себебі Алла Тағала жаратылыстың ең жаманы Іблістің дұғасын қабыл етпеді ме?!

©️ Суфиян ибн Ғуяйна
Мүміннің бір миссиясы жұбын тауып үйлену. Егер үйлену мүлде дұрыс емес болса, Алла бойдақтарды жәннатта үйлендірмес еді.

Үйленуден қашырып жүрген әрбір психолог өзі көтере алмайтын шоқпарды беліне байлап жүргенін түсінбеуде.

“Қазіргі кезде жар болуға лайық жақсы ер жоқ” деп айту – бүкіл салиқалы ерлердің ақысына кіру.

“Қазіргі кезде жар болуға лайық жақсы қыз жоқ” деп айту – бұл да бүкіл салиқалы әйелдердің ақысына кіру.

Қияметте сұрағы ауыр.
Forwarded from Zukhridin Al-Hanafi
Ақыретке сенбей өмір сүру қандай қиын деймін да. Жақыны дүниеден өтсе онымен кездесу үміті мүлдем жоқ қой ол адамда. Имансыз өмір сүру өте қиын негізі.
Толық өміріңді Рамазандағыдай өткізсең, ақыретің айт болады.

©️F9ixn инста парақша
Құранды үйде толық жаттап шыққан қаридың әкесі: “Алла Тағала бұл баланы Құран үшін жаратты”, – деп айтқан екен.

Баласы: “әкемнің осы сөзін өмірі ұмытпаймын”, – дейді.

Алла баршамызға Құранды жүрегіміздің көктемі етсін🤲
Forwarded from Мирас Ерланұлы (Meras Yerlanuly)
Көзбояушылықтан (риядан) құтылу оңай. Көпшіліктің көзінше қылған амалды, жалғыз қалғанда да істесең болғаны.

#ықыласты_арттыру
Ең алғашқы жойылатын ілім – хушуғ(Алладан қорқып, оған берілу халі).

©️ Хузайфа ибн Яман رضي الله عنه
Хадисте періштелердің ілім ізденушіге қанат жаюын ғалымдар келесідей мағынада қабылдаған:

1. Тіке мағынада. Яғни періштелер кәдімгідей ілім ізденушінің аяғының астына қанаттарын жаяды.

2. Астарлы мағынада. Яғни олардың ілім ізденушіге деген ерекше құрметі. Бірақ бұл көзқараспен келіспеуге болады. Себебі періштелердің шынайы қанаттары бар. Олардың қанат жаюы ақылға қонымсыз нәрсе емес.

3. Періштелердің ілім және жалпы Алла Тағала еске алынатын мәжілістерді қанаттарымен аспанға дейін қоршап алулары. Және осы көзқарас ең жақын көзқарас. Анығын Алла жақсырақ білуші.

©️ Ибн Ражаб әл-Ханбали.
Түсінгенім, ғылыми мәжілістер жаныма рахат сыйлап, өмір сүруге деген ынтамды ашады екен.
Сенің ең бақытты кезің – дәл қазіргі сәттерің.

©️Шейх Халид әл-Харса

#қадірін_біл
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Денсаулығыңды сауатсыз дәрігерге тапсыра алмайсың, бірақ дініңді, ақыретіңді қалайша өз маманы емеске тапсырасың?!

Дініңді кімнен алып жүргеніңе мән бер!

©️
Нұрбақыт Айдосұлы
Юнус ибн Ғубайд көп намаз оқып, әрі көп ораза да ұстамаушы еді. Алайда Уаллаһи! Ол Алланың хаққысын орындауға келген кезде, оған әрқашан дайын болатын.

©️ Сәләм ибн Мутиғ немесе басқасы.

📚 Мунжидуль Хатыб
Имам Ахмадтан “таңды қалай аттырдың?” деп сұрадым. Сонда Имам Ахмад: “Раббысы одан парыздарды орындауын, Пайғамбары сүннетті, екі періште ниетті дұрыстауды, нәпсісі бос қалауларды, Ібліс азғындықты талап етіп тұрғанда және өлім періштесі оның ажалын, ал отбасысы одан нәпақа күтіп отырғанда таңымды қалай аттырдым деп ойлайсың?”, – деп жауап қатты.

©️ Марузиден риуаят етілді.

📚 Мунжидуль Хатыб
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
‏قال الفضيل بن عياض -رحمه الله- :

" مَن رَأى مِن أخٍ لَهُ مُنْكَرًا، فَضَحِكَ
فِي وجْهِهِ؛ فَقَدْ خانَهُ " !

📚المجالسة وجواهر العلم ٥/١١٥

“Кім бауырының шариғатқа қайшы амалын көріп тұрып, жүзіне күліп қараса оған қиянат қылғаны”, – дейді Фудайл ибн Ғияд

📚 әл-Мужаласа уә жауаһируль ғилм
Ибн Аббастан жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ айтты:

“Кім қажылық парызын орындауды қаласа, онда ол адам асықсын”.

📚 Мусанниф ибн Аби Шайба

Ханафи мазһабында қажылыққа баруға шамасы жеткен адам бірден сол жылы қажылықты орындауы міндет.

P/S: умра емес, қажылық айтылып жатыр. Умраның үкімі сүннет.
Түнде 10 сағат ұйықтап, күндіз 10 сағат әлеуметтік желілерде уақыт өткізіп: “Неге менің-ақ осы жолым болмайды?” деген сөзді айтуға хақың жоқ.