Olzhas Hanafin
13.6K subscribers
316 photos
224 videos
73 files
256 links
📚Дін, ілім, пайдалы мағлұмат
Download Telegram
🌙Алла саған жақсылық жасағандай
сен де жақсылық жаса!

Кеше қарасам бөлме жылы, от жанып тұр. Мен болсам жұмсақ диванда демалып, осы жазып жатқан тақырыпта ой жүгіртіп отырмын. Жанымда шам мен ұялы телефон. Балалар жазып, аналары матаны тоқып отыр... Тамағымызды ішіп жеп болдық. Радио жәй дауыспен сыбырлап, ойнап тұр. Айнала тып-тыныш, менің еш шағымым және артық сұрайтын нәрсем жоқ.

Сонда жүрегімнің түбінен «әлхәмдулилля» деп айттым. Ойланып отырсам Аллаға мадақ айту құр тілмен айтылатын сөз емес екен, мейлі оны тіл мың мәрте қайталап айтса да. Құдайға мадақ Алланың берген нығметіне айтылады. Байдың мадағы кедейге қол ұшын беруі. Қуаттының мадағы әлсізге көмектесуі. Дені саудың мадағы науқасқа жәрдемдесуі. Қазының мадағы әділ шешім қабылдауы. Ал енді егер мен және менің балаларым тоқтытта әрі жылы жерде болып, көршім мен оның балалары аштық пен суықта болса Алланың маған берген нығметіне мадақ айтқан болып саналамын ба? Көршім менен көмек сұрамаса да менің оған көмектесуім онсыз да міндет емес пе?

Әйелім: «не жайлы ойлап жатырсыз?» - деп сұрады.
Жоғарыда жазған сөздерімді айттым.
Әйелім: «дұрыс. Бірақ құлдарды толық қамтамасыз ете алатын олардың Жаратушысы ғана. Егер де сіз көршіңізді кедейліктен құтқарғыңыз келсе, ол мұқтаждықтан айырылмас бұрын, сіз өзіңіз кедей боласыз» - деп тіл қатты.
Мен: «Егер мен бай болсам да оларды бай қыла алмасам, онда қалайша мендей әлсіз, күнәсін Алла жасырған әрі қарны бос болған құсты тамақтандырғандай Алладан ризық көріп отқан кедей оларды байытпақ?

Жоқ, мен кедейлерді бай қылғым келмейді. Бұл жерде мәселе салыстырмалы болмақ. Мен мыңдаған жазушыларға қарағанда кедеймін. Бірақ қалталы азаматтың жұмысын жасап, күнін көріп жүрген адамнан баймын. Ал ол болса бір күндік тамағын зорға тауып отқан жалғыс басты жесір әйелге қарағанда бай. Мыңдаған ақша табатын адам миллион табатын адамнан бай екені айтпаса да анық. Сондықтан бұл дүниеде жүз пайыз бай немесе кедей адам жоқ. Тіпті үлкен не кішкентай да жоқ. Осыған күмәні барға мынадай ауыр сұрақ қоймақпын. Мен одан торғай жайлы сұраймын: «Ол кішкентай ма әлде үлкен ба? Егер кішкентай десе, онда мен мақсат еткенім құмырсқамен салыстырғандағы өлшем. Ал егер үлкен десе, мен сұрамағым пілге қарағанда қандай?!

Демек торғай құмырсқаға қарағанда өте үлкен. Ал пілмен салыстырғанда тым кішкентай. Онда мен малы мен отбасын жоғалтқан жесір әйелге қарағанда өте байқуаттымын. Пәленшелерге қарағанда кедей болған күннің өзінде де. Жалғасы бар...
https://t.me/Olzhas_Khanafin
Forwarded from Olzhas Hanafin (Olzhas Hanafin)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тәубенің дәмін сезген адамға әсер етпеуі мүмкін емес😞
Сіз жаңа жыл тойлайсыз ба?
Anonymous Poll
4%
Йә
80%
Жоқ
15%
Тек құттықтаймын
Естеріңізде ме Абай атамызға тиісіп сөйлеген тендерші бар еді ғой, соның ойын білу үшін парақшасын қарағанмын кезінде. Сонда мынадай сөз айтқан еді: “Ақылды болсаң неге бай емессің”, - деп. Сонда ақша жоқ болса ақымақ дегісі келді ме? Оған жаңа ғана Абдуль Фаттах Абу Ғудданың “софахат мин собриль улама” атты кітабынан имам Шафийдің кедейлік жайлы айтқан керемет сөзін таптым: “Ғалымдардың кедейлігі өз таңдауларымен, ал надандардың кедейлігі амалсыздан”, - депті. Субхаана Алла. Керемет айтылған йә? Сөзді түсіндірудің қажеті жоқ шығар, әйтпесе сөздің тәтті дәмі кетіп қалады.

https://t.me/Olzhas_Khanafin
Ерсін ұстаздың блогер қыздарға айтқан сөзіне жауап ретінде мына хадисті келтіріп бастапты бір блогер қыз: “Кімде-кім бір жаман істі көрсе оны қолмен не сөзбен қайтарсын, болмаса жүрекпен жек көрсін” Йә, йә, дәл осы хадисті қолданған. Яғни айтқысы келгені Ерсін ұстаздың айтқан сөзі жаман сөз болды да, ол сөзге жауап қайтару міндет болды, себебі Пайғамбар жамандықты қайтаруды бұйырған🤦🏻‍♂️
Ол кісі хадис пен аяттарды келтіріпті, сонда ол кісі хадис пен аяттардан үкім шығаратын дәрежеге жетті ме? Ислам діні ілімдерін 6 жыл болды оқып жүргеніме, бірақ хадис пен аят нақты қандай мағынада қолданылатыны жайлы ғалымдардың сөзінен білмейінше, оны оңды-сол қолданудан қорқамын. Алла хидаят берсін. Жо, мен қатты таңғалғаным, тек өз позициясын келтіріп жазбаған, жоғарыдағы хадистің мағынасына Ерсін ұстаздың айтқан сөзін кіргізген. Ұстаздың сөзі жаман болып, оның сөзі хақ дегісі келді ғой жалпы. Ең болмағанда бұл пікірмен келіспеймін десе ғой, ана хадисті келтіргенін айтам да астағфирулла. Сіздерге ескерту ретінде жазып жатырмын. Еш уақытта хадис пен аяттарды оңды-сол қолданушы болмаңыздар, ол өте қауіпті іс!
Forwarded from Beisenali Olzhas
"Қорыққанға қос көрінеді" демекші, соңғы ұшақ апаттарын естіп, білгеннен кейін бұл жолы үйге оралу оңайға соқпады. Әр ұшаққа мінген сайын (осы жолы төрт түрлі ұшаққа міндік) дұғамызды оқып, аспанға көтеріліп, жерге қонғанға дейін зікірімізді ауыздан тастамадық. Иә, өлімнен қатты қорқатын болғанбыз ғой. Әлсізбіз. Бірақ, өлім қайда болсаң да, жетіп алады. Аллаһ Тағала Құранда айтқандай: "Қай жерде болсаңдар да, тіпті мықты қорғандарда (не көктегі жұлдыздарда) өлім сендерге жетеді" [ән-Нисә, 78]. Осы аят есіме түскенде ойланамын: "Егер де ажалым жазылып қойған болса, неге мен алаңдаймын. Қайда болсам да ажалым кешігіп келмейді, сондықтан, керісінше оны күтіп алуға дайын болу керек". Бірақ, мен дайынмын ба? Осы сұрақты сіз де өзіңізге қойыңызшы. Өлім әп сәтте келіп қалса, сіз өзіңізбен бірге не алып кетесіз? Не қалдырасыз? Шын ойлап қарасаңыз, амалым дейтін аса бір қатты амалымыз жоқ. Жүгіміз толған күнә, дүние. Күнәларды жою үшін қылынып жатқан истиғфар, шынайы тәубе қайда? Ілім десек, оны алғанымызбен, соған сәйкес қылынбаған амалсыз ілім, ілім бе? Ол да жоқ. Оған қоса, қалдыратын аса қатты іліміңіз де жоқ. Бір кітап жазбадыңыз, артынан сізге дұға қылатын шәкіртіңіз де жоқ. Тағы осы сияқты өзіңізге сәйкес сұрақтарыңызды қойыңызшы. Сол сұрақтарға жауап бергеннен кейін енді айтыңыз, дайынсыз ба Алланың алдына баруға? Әлде әлі де дайындалу керек пе? Иә, амал жасап біз көп алып кете алмаймыз, бірақ, ол жақсы амалсыз жүктен гөрі, аз болса да бар жүкпен барған жақсы. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Ләззатты қаштыратын өлімді жиі еске алыңдар" деп бекер айтпаған. Сондықтан, дүние нығметтеріне беріліп кетсеңіз, не күнә жасаудан тыйылмасаңыз, онда өлімді еске алыңыз, ол ертең келіп қалса, "мен не істеймін" деген сұрақты қойыңыз. Ойланыңыз.

#ескерту
Olzhas Hanafin
https://youtu.be/8EwtP0A4Bw0
Бәріміз білу керек болған мәселе: “Исламдағы достық”
📖 Құран жаттау әдісі 4

1️⃣ Тек бір Құранмен жаттаңыз. Сізге үлкендігі, түсі секілді жағынан ұнайтын Құран баспасын алыңыз. Аятпен басталып, аятпен аяқталатын баспа абзал. Хафиздер сондай баспамен жаттауды кеңес етеді.

2️⃣ Құранның бір бетін жаттамас бұрын мына нәрсеге көңіл бөліңіз:

Рухани дайындық. Ниетті Алла разылығы үшін туралау және Алланың сауабын үміт ету. Ұмытпаңыздар❗️ Бір-ақ әріпке он сауап жазылады. Ал Құранның бір қатарында шамамен 40 әріп бар. Бір бетте 15 қатар. Сонда шамамен 40*𝟭𝟱=𝟲𝟬𝟬 әріп. 𝟲𝟬𝟬*10=6000 сауап. Субхаана Алла.

Дәретпен жаттау. Бұл Алланың кітабына деген құрмет. Ал дәретсіз Құранды ұстау ол мүлдем харам болмақ.

Жаныңызға жайлы жерде жаттау. Ең жақсы орын - мешіт. Бірақ қарапайым үйдегі бөлме де болады.

Жаттайтын жеріңіз нақышталған, безендірілген, сіздің көзіңізді тартатын мекен болмағаны абзал. Теңіздің жағасы, әдемі ағаштармен қоршалған саябақ секілді орындар. Ол орындарда жаттаудан гөрі кітап оқыған жақсырақ. Жаттау барысында сізді ешнәрсе алаңдатпау керек.

Хушуғпен, ерекше ықыласпен, жан тыныштығымен құбылаға қарап жаттау.

3️⃣ Дене шынықтыруды бастар алдын дене қыздыру жаттығуын жасағандай, Құран жаттар алдын да сол секілді амал жасау керек. Алдын жаттаған сүрені жатқа оқысаңыз немесе жалпы Құранға қарап, бірнеше бет оқысаңыз болады. Шәкірт жаңа бетті тапсырар алдын ұстаздар ескі бетті тапсыруын талап етеді. Ол жердегі мақсат алдын ала дайындық. Миды, ақылды жаңа бетті тапсыруға дайындау.

4️⃣ Міні, осы соңғы амалды 10-15 минут орындағаннан кейін жаңа бетті жаттауға деген ықыласыңыз ерекше ашылып, оны жаттау сізге оңайға түседі.

5️⃣ Және қосарым, кеше ойыма келді осы пікір. Бір дәптер немесе блокнот бастаңыз. Ол жерге бір бетті немесе қандай көлемді жаттап жүрсіз, соны қанша уақытта жаттағаныңызды күнделікті жазып жүріңіз. Минут, секундына дейін. Ол арқылы сіз зейініздің қалай ашылып жатқанын байқасыз. Екі апта бұрын бір бетке 1 сағат 30 минут кеткен болса міні бүгін 1 сағат қана кетті дегендей. Нәтижені көру ерекше мотивация береді иншаа Алла.

“Бисмилля” деп, осы амалды орындап көріңіздер. #құран
Forwarded from Ұстаз Жанболат Сапашов
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Ұстаз Жанболат Сапашов
МҰСЫЛМАНДАР НАЗАРЫНА!

Бауыржан Алиұлы ұстазымыздан видео рецензия.

Естеріңізде болса өткен 2019 жылы мәуліт кешінде ханафи мазһабының атақты ғұламасының Мұхамед Әл-Биркауидің еңбегі қазақ тіліне аударылып "ӘЗ ПАЙҒАМБАР ХАҚ ЖОЛЫ" атпен жарық көрген болатын.

Кітапқа келсек...

Оқырман қауымға ұсынылып отырған бұл кітап Осман мемлекетінде өмір сүрген ханафи мазһабының ғұламасы, имам әл-Биркауидің «әт-Тариқатул-Мұхаммадия уәс-Сиратул-Ахмадия» атты кітабының аудармасы. Қазақ оқырманына «Әз Пайғамбар хақ жолы» деген атпен жол тартты.

Еңбек Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті және ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің оң сараптамасын алған.

Шығарма Матуриди ақидасы мен Ханафи фиқһы негізінде жазылған.

Кітап 547 бетті құрайды.
Кітап негізгі үш бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім үш тараудан құралған. Құран мен сүннетке берік болу, шектен шықпай орта жолды ұстану, бидғаттан аулақ болу, тақуалық, көркем мінез-құлық т.б маңызды мәселелер қамтылған.

Кітапта мұсылман жанға аса қажетті рухани кемелдікке жетудің сан алуан тәсілдері мен жолдары жан-жақты баяндалған.

Айтпақшы кітапта дұрыс, Құран мен Сүннетке сай сопылық терең баяндалған.
Қысқасы әрбір үйдің төрінде, жеке кітапханасының сөресінде орын алуы тиіс кітап. Сатылымға шығып жатыр. Алуға асығыңыздар!
Forwarded from Kamilhazrat
Вопрос: Ассаламу алейкум. Каково положение по Шариату розыгрыша, который проводят исламские магазины, например розыгрыш путевки в умру при покупке альбома нашидов и т.п.?
 
Ответ: БисмиЛляхи-р-Рахмани-р-Рахим.
Ва алейкум ассалям ва рахматуллахи ва баракатух.
В шариатском стандарте № 55 «Конкурсы и призы» Организации бухгалтерского учета и аудита исламских финансовых учреждений (AAOIFI) сказано:
«Маркетинговый приз – это приз, целью учреждения которого является продвижение определенных товаров или услуг, либо привлечение инвесторов на определенные рынки или торговые площадки, что осуществляется посредством розыгрыша приза, расчета призовых баллов или предоставления подарков за приобретение товара или услуги.
Товар или услуга, приобретение которых является условием участия в розыгрыше, а также сам приз, являющийся объектом розыгрыша, должны быть разрешенными с точки зрения шариата».
Далее в том же стандарте говорится, что выдача призов, условием для участия в розыгрыше которых служит покупка товара или услуги, разрешается с соблюдением следующих условий:
• Цена на товар не должна повышаться по сравнению с обычной ценой на данный товар.
• Основным намерением покупателя должно быть приобретение товара или услуги, а не выигрыш приза.
• Возможность выигрыша приза должна быть равной для всех участников.
• Запрещено условие взимания комиссии или платежа прямо или косвенно для участия в розыгрыше приза.
При соблюдении данных условий указанный вами вид розыгрыша будет допустимым по Шариату.
А Аллах знает лучше. ⠀⠀
 
(Подготовлено при участии экспертов Российского центра исламской экономики и финансов, Казань).
 
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Барлық жағдайда Сені еске алушылардан қыла гөр
Ақида (1-дәріс) - ұстаз Еламан Бегалиев
Ұстаз Еламан Бегалиев
t.me/iman_zhastary - ұстаз Еламан Бегалиев

Ақида дәрістері:
📎 1-дәріс.

🎯 Қозғалған мәселелер:

🔹️ Әһлу әс-суннәһ (әшъариа, мәтуридия) жәннатқа кіретін топ;
🔹️ Мәуараннаһрға қай елдер жатады?;
🔹️ Кутуб Ситта деген не?;
🔹️ «Менің үмметім адасушылықта бірікпейді» хадисінің түсіндірмесі;
🔹️ Ақида ілімінде Әбу Мансур Әл-Мәтуридий әһлу әс-суннәһ имамы;
🔹️ Тәфсір және хадис іліміндегі ашъарий, мәтуридий ғалымдарға мысал;


🌐 t.me/iman_zhastary

#Ақидадәрісі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мединалық Құран баспасы компьютермен жазылады деп ойласаңыз, көріңіз. Өте әсерлі