Qazaqstan Olympic team
3.27K subscribers
6.98K photos
626 videos
11 files
4.75K links
Канал Национального Олимпийского комитета Казахстана
Download Telegram
Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Хорватияның Осиек қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысушылар тізімін жариялады.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының намысын төрт гимнаст қорғайды.

Құрама сапына Милад Карими, Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдырысов және Ілияс Әзізов енді.

Айта кетейік, Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңі 9-12 сәуір аралығында өтеді.

Ал бұған дейін Мысырдың Каир қаласында өткен кезеңде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды. Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс жүлдеге ие болса, Нариман Курбанов үшінші орынға тұрақтады. Ал Асан Салимов қол тіреп секіруден екінші орын алды.



Международная федерация гимнастики (FIG) представила список участников предстоящего этапа Кубка мира в Осиеке (Хорватия).


Согласно официальной информации, сборную Казахстана на международном турнире представят четыре гимнаста.

В состав вошли Милад Карими, Нариман Курбанов, Зейнолла Идрисов, Ильяс Азизов.

Добавим ,что ЭКМ в Хорватии пройдет с 9 по 12 апреля.

На предыдущем этапе в Каире (Египет) Казахстан отметился тремя медалями. В упражнениях на коне Зейнолла Идрисов завоевал "серебро", а Нариман Курбанов финишировал третьим. Асан Салимов показал второй результат в опорном прыжке.
❤‍🔥3
Күрес түрлерінен Бішкектегі (Қырғызстан) Азия чемпионаты жалғасуда.

Бүгін, 8 сәуірде әйелдер күресінен бәсекелер басталды. Екі отандасымыз жартылай финалға өтті.

Марал Тәңірбергенова 50 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Тайпей өкілі И Хуэй Линнен 9:2 есебімен басым түсті. Енді бұрымды балуанымыз 1/2 финалда жапониялық Юи Сусакимен белдеседі.

76 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Гүлмарал Еркебаева үндістандық Каджал Каджалмен 5:3 есебімен жеңді. Енді ол жартылай финалда моңғолиялық Даваанасан Энх-Амартпен күш сынасады.

Сондай-ақ Шұғыла Өмірбек 55 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында үндістандық Хансика Ламбаға жол берді. Одан бөлек 59 келіге дейінгі салмақта Виктория Хусаинова Үндістан өкілі Неха Нехаға есе жіберді. Ал 68 келіге дейінгі салмақта Елена Шалыгина жапониялық Мива Морикавадан жеңіліп қалды.

Айта кетейік, жартылай финалдық бәсекелер бүгін, 8 сәуірде өтеді.



В Бишкеке (Кыргызстан) продолжается чемпионат Азии по видам борьбы.


Сегодня, 8 апреля, стартовали соревнования среди женщин. Две представительницы Казахстана пробились в полуфинал.

Марал Танирбергенова в четвертьфинале весовой категории до 50 кг уверенно победила представительницу Тайбэя И Хуэй Линь со счетом 9:2. В полуфинале она встретится с японкой Юи Сусаки.

В весовой категории до 76 кг Гульмарал Еркебаева в четвертьфинале одержала победу над представительницей Индии Каджал Каджал - 5:3. В 1/2 ее соперницей станет Даваанасан Энх-Амарт (Монголия).

Шугыла Омирбек (до 55 кг) в четвертьфинале уступила представительнице Индии Хансике Ламбе. Виктория Хусаинова (до 59 кг) проиграла индийской спортсменке Нехе Нехе. А в категории до 68 кг Елена Шалыгина потерпела поражение от японки Мивы Морикавы.

Отметим, что полуфинальные схватки состоятся сегодня, 8 апреля.
❤‍🔥3
Бішкектегі (Қырғызстан) Азия чемпионаты аясында әйелдер күресінен алғашқы жартылай финалдық белдесулер өтті.

Бүгін, 8 сәуірде бұл кезеңге дейін Қазақстан құрамасының екі өкілі жетті.

50 келіге дейінгі салмақта Марал Тәңірбергенова Олимпиада чемпионы Юи Сусаки (Жапония) қарсы белдесуде мерзімінен бұрын жеңіліп қалды.

76 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Гүлмарал Еркебаева моңғолиялық Даваанасан Энх-Амарға жол берді.

Осылайша, екі спортшы да қола жүлде үшін күреседі. Белдесулер 9 сәуірде өтеді. Дәл осы күні жұбаныш белдесуінде Елена Шалыгина (68 келіге дейін) сынға түседі.



В Бишкеке (Кыргызстан) в рамках чемпионата Азии состоялись первые полуфиналы в соревнованиях по женской борьбе.


Сегодня, 8 апреля, до этой стадии дошли две представительницы сборной Казахстана.

В весе до 50 килограммов Марал Танирбергенова досрочно уступила олимпийской чемпионке Юи Сусаки (Япония).

Гульмарал Еркебаева, выступающая в категории до 76 килограммов, в своем полуфинале потерпела поражение от Даваанасан Энх-Амарт (Монголия).

Таким образом, обе спортсменки будут бороться за третье место. Схватки пройдут 9 апреля.

Также в этот день состоится утешительный раунд. От Казахстана в нем примет участие Елена Шалыгина (до 68 кг).
3
🥇 Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды!

Ол 72 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде ирандық Мұхаммад Джавад Резаимен күш сынасты.

Аманбек ақтық сында мерзімінен бұрын жеңіске жетті (туше).

Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Ербол Камалиев қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіліп қалған еді.

Сондай-ақ бүгін, 8 сәуірде, қола жүлде үшін Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) пен Ислам Евлоев (97 келіге дейін) күреседі.



🥇 Алматбек Аманбек завоевал золотую медаль чемпионата Азии по греко-римской борьбе!

"Классик" дошел до финала в весовой категории до 72 килограммов, где ему противостоял Мохаммад Джавад Резаи (Иран).

Решающая схватка завершилась досрочной победой Аманбека (туше).

Добавим, что ранее в противостоянии за "бронзу" потерпел поражение Ербол Камалиев (до 60 кг).

Также сегодня, 8 апреля, за "бронзу" поборются Ибрагим Магомадов (до 82 кг) и Ислам Евлоев (до 97 кг).
9🔥1👏1
🥉 Қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. 

Отандасымыз 82 келіге дейінгі салмақта қытайлық Руи Люмен қола медальді сарапқа салды.

Алғашқы үшминуттықта Қытай балуаны 1:0 есебімен басым түсті. Дегенмен белдесудің екінші бөлігінде Ибрагим Магомадов басымдық танытып, 5:3 есебімен жеңіске жетті. 



🥉 Казахстанец Ибрагим Магомадов завоевал бронзовую медаль чемпионата Азии по греко-римской борьбе, который проходит в Бишкеке (Кыргызстан).

В схватке за третье место в весовой категории до 82 килограммов наш соотечественник встретился с китайским борцом Лю Жуй.

В первом периоде представитель Китая повёл со счётом 1:0. Однако во второй части схватки Ибрагим Магомадов перехватил инициативу и одержал победу - 5:3.
4🔥1
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Евлоев Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді.

Отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде Евлоев Оңтүстік Корея өкілі Минхо Лиді мерзімінен бұрын жеңді. Кездесудің алғашқы сәттерінде-ақ Ислам нәтижелі әдістер сериясын сәтті орындап, басымдыққа ие болды.

Осылайша, қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.



🥉 Представитель команды Казахстана по греко-римской борьбе Ислам Евлоев вошёл в число призеров чемпионата Азии в Бишкеке (Кыргызстан).

Спортсмен поднялся на третью ступень пьедестала в весовой категории до 97 килограммов.

Евлоев в схватке за "бронзу" досрочно победил Минхо Ли (Южная Корея) - в самом начале встречи Ислам провел серию результативных приемов.

Таким образом, казахстанец стал бронзовым призером.
7🔥2
Бүгін, 8 сәуірде күрес түрлерінен Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен финалдық бәсекелер аяқталды. Қазақстан құрамасы төрт медаль медаль жеңіп алды.

Толығырақ
Olympic.kz шолуында.



Сегодня, 8 апреля, в Бишкеке (Кыргызстан) на чемпионате Азии завершились финалы соревнований по греко-римской борьбе. По итогам турнира в активе сборной Казахстана четыре медали.

Подробнее -
в обзоре Olympic.kz.
❤‍🔥2
Ташкент қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді.

Аталған халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы жекелей сында да, топтық жаттығуларда да өнер көрсетеді. Төменде команда құрамы ұсынылған:

Жекелей сайыс: Диана Сәрсембаева, Дария Күшербаева.

Топтық жаттығулар: Аида Хәкіммжанова, Жасмин Жүнісбаева, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова, Кристина Чепульская.

Әлем кубогының кезеңі 10 сәуірде басталады.



Ташкент (Узбекистан) примет очередной этап Кубка мира по художественной гимнастике.


Сборная Казахстана на мировом турнире будет представлена в индивидуальных соревнованиях, а также в групповых упражнениях. Ниже представлен состав команды.

Индивидуальные соревнования: Диана Сарсембаева, Дария Кушербаева.

Групповые упражнения: Аида Хакимжанова, Жасмин Джунусбаева, Мадина Мырзабай, Айзере Кенес, Айзере Нурмагамбетова, Кристина Чепульская.

ЭКМ стартует 10 апреля.
6
Бішкек (Қырғызстан) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әйелдер күресі бойынша жарыстар жалғасуда.

62 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Тыныс Дүбек жартылай финалға шықты.

Отандасымыз ширек финалда Тайбэй өкілі Хсин Пайды 9:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, жартылай финалдық белдесулер бүгін, 9 сәуір күні өтеді.



В Бишкеке (Кыргызстан) продолжаются соревнования по женской борьбе в рамках чемпионата Азии.


В весовой категории до 62 килограммов в 1/2 финала вышла казахстанка Тыныс Дубек.

Наша спортсменка в четвертьфинале одержала победу над Хсин Пай (Тайбэй). Схватка завершилась со счетом 9:2.

Добавим, что полуфиналы пройдут сегодня, 9 апреля.
🤩2
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер басталды.

Қазақстан құрамасынан алғаш болып рингке Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) шықты.

Финалда оның қарсыласы үндістандық Арундхати Чаудхари болды.

Бірінші раундта қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші үшминуттықтан кейін Чаудхари есепте алға шықты. Жекпе-жектің тағдыры үшінші раундта шешілді.

Нәтижесінде қарсыласы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бақыт Сейдіш Азия чемпионатын күміс медальмен аяқтады.

Айта кетейік, бүгін, 9 сәуірде тек әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтеді. Қазақстан құрамасы тағы екі алтын медальға таласа алады. 80 келіге дейінгі салмақта Надежда Рябец, ал 80 келіден жоғары салмақта Дина Исламбекова сынға түседі.



На чемпионата Азии по боксу в Улан-Баторе (Монголия) стартовали финалы соревнований среди женщин.


Первой на ринг от сборной Казахстана вышла Бахыт Сейдиш (до 70 килограммов).

Ее соперницей по финалу стала спортсменка из Индии Арундхати Чаудхари.

Первый раунд выиграла казахстанка (3:2). После второй трехминутки вперёд вышла Чаудхари - все решалось в третьем раунде.

В итоге победу одержала соперница (4:1). Бахыт Сейдиш завершила ЧА с серебряной медалью.

Добавим, что сегодня, 9 апреля, состоятся только женские финалы. Впереди у Казахстана ещё два боя за "золото". В весе до 80 кг будет биться Надежда Рябец, а в категории свыше 80 кг - Дина Исламбекова.
🔥2
🥇 Қазақстан құрамасының боксшысы Надежда Рябец Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды!

Құрлықтық біріншілікте Рябец 80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Финалда ол Өзбекстан спортшысы Рухшона Парпиевамен кездесті.

Надежда бірінші раундта 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Екінші раундта да ол қарсыласынан белсендірек, дәл соққыларымен басым түсті. Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Надежда Рябец Қазақстан құрамасына 2026 жылғы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медальді сыйлады.



🥇 Представительница команды Казахстана по боксу Надежда Рябец стала победительницей чемпионата Азии в Улан-Баторе (Монголия)!


На континентальном первенстве Рябец представляла нашу страну в весовой категории до 80 килограммов. Ее соперницей стала Рухшона Парпиева из Узбекистана.

Рябец уверенно забрала первый раунд со счётом 5:0. Во втором она развила свое преимущество, работая вариативнее, активнее и точнее своей соперницы. В итоге казахстанка выиграла единогласным решением судей. Таким образом, Надежда Рябец принесла стране первую золотую медаль ЧА-2026.
8😍3🔥2
🥇 Қазақстандық боксшы Дина Исламбекова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды!

80 келіден жоғары салмақтың финалында Исламбекова үндістандық Алфия Патханға қарсы шаршы алаңға шықты.

Жекпе-жектің алғашқы раундынан-ақ Дина басымдықты өз қолына алды. Бастапқы үш минутта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Одан кейін де отандасымыз рингтегі үстемдігін жалғастырды. Үшінші раундта ол тағы да қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде Исламбекова айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.



🥇 Казахстанка Дина Исламбекова одержала победу на чемпионате Азии по боксу в Улан-Баторе (Монголия)!


В финале весовой категории свыше 80 килограммов Исламбекова билась против Алфии Патхан (Индия).

Исламбекова захватила преимущество с первого раунда. По ходу стартовой трехминутки Патхан побывала в нокдауне.

Далее казахстанка продолжила доминировать в ринге. В третьем раунде она вновь отправила соперницу в нокдаун. В итоге Дина добилась убедительной победы, завоевав "золото".
13🔥3
Қазақстандық балуан Тыныс Дүбек Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды.

62 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін өткен белдесуде отандасымыз Солтүстік Корея өкілі Хён Гён Мунмен күш сынасты.

Жартылай финалдағы белдесу 11:0 есебімен қарсыласының мерзімінен бұрын жеңіске жетуімен аяқталды.

Осылайша, Тыныс Дүбек 10 сәуірде құрлық біріншілігінің қола жүлдесі үшін күреседі.



Казахстанка Тыныс Дубек уступила в полуфинале чемпионата Азии по женской борьбе в Бишкеке (Кыргызстан).


В схватке за выход в финал в весовой категории до 62 килограммов казахстанка боролась с Хён Гён Мун (Северная Корея).

Полуфинал завершился досрочной победой соперницы со счетом 11:0.

Таким образом, Дубек завтра, 10 апреля, поборется за третье место континентального первенства.
❤‍🔥5
🥉 Қазақстандық балуан Гүлмарал Еркебаева әйелдер күресінен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді.

Отандасымыз 76 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде Еркебаева Оңтүстік Корея өкілі Эн Жду Хванды 5:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, 9 сәуірде Марал Тәңірбергенова (50 келіге дейін) мен Елена Шалыгина (68 келіге дейін) қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды.



🥉 Казахстанка Гульмарал Еркебаева вошла в число призеров чемпионата Азии по женской борьбе в Бишкеке (Кыргызстан).

Спортсменка завоевала бронзовую медаль в весовой категории до 76 килограммов.

В схватке за третье место Еркебаева оказалась сильнее Эн Жду Хван (Южная Корея). Противостояние завершилось победой Гульмарал со счётом 5:1.

Добавим, что также 9 апреля, за "бронзу" боролись Марал Танирбергенова (до 50 кг) и Елена Шалыгина (до 68 кг). Однако спортсменки остановились в шаге от награды.
4🔥2
Мерген Валерий Рахымжан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді.

Қазіргі таңда Испанияның Гранада қаласында нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр.

10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату сайысында қазақстандық Валерий Рахымжан финалға жолдама алды.

Нәтижесінде отандасымыз сегізінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды қытайлық Бу Шуайхан иеленді.

Екінші орын ресейлік Антон Аристарховқа бұйырса, үздік үштікті түркиялық Бугра Селимзаде түйіндеді.



Стрелок Валерий Рахимжан вошёл в десятку лучших на этапе Кубка мира.

Гранада (Испания) в эти дни принимает этап Кубка мира по пулевой стрельбе.

В стрельбе из пневматического пистолета (10 метров) в финал турнира пробился казахстанец Валерий Рахимжан.

Наш спортсмен в итоге занял восьмое место. Первым финишировал китаец Бу Шуайхан.

Второе место занял Антон Аристархов (Россия). Замкнул тройку лучших Бугра Селимзаде (Турция).
4
9 сәуірде бокстан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы шешуші жекпе-жектер аяқталып, құрлықтағы үздіктер анықталды. Қазақстан әйелдер құрамасы аталған беделді турнирде бес медаль жеңіп алды, оның екеуі алтын.

Осылайша әйелдер арасында бокстан 2026 жылғы сары құрлық біріншілігі өз мәресіне жетті. Бұрымды боксшыларымыз бұл жарыста жалпы саны бес медаль жеңіп алды. Оның екеуі алтын, біреуі күміс және екі қола медаль. Осы нәтиженің арқасында Қазақстан жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады.

🥇Надежда Рябец (80 келіге дейін)
🥇Дина Исламбекова (80 келіден жоғары)
🥈Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін)
🥉Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін)
🥉Валентина Хальзова (75 келіге дейін)

Бірінші орында Үндістан (4 алтын, 2 күміс, 4 қола), ал үздік үштікті Қытай түйіндеді (2 алтын, 3 қола).

Толығырақ



В Улан-Баторе (Монголия) завершился чемпионат Азии по боксу среди женщин. Женская сборная Казахстана на престижном континентальном турнире завоевала пять медалей, две из которых являются золотыми.


По итогам прошедшего ЧА дважды казахстанки поднялись на первую ступень пьедестала. Также в активе нашей команды одна серебряная и две бронзовые медали. Этот результат позволил Казахстану занять второе место в общекомандном зачёте.

🥇Надежда Рябец (до 80 кг)
🥇Дина Исламбекова (свыше 80 кг)
🥈Бахыт Сейдиш (до 70 кг)
🥉Айгерим Саттыбаева (до 48 кг)
🥉Валентина Хальзова (до 75 кг)


Первое осталось за Индией (4 "золота", 2 "серебра", 4 "бронзы"), а тройку сильнейших замкнул Китай (2 "золота", 3 "бронзы").

Подробнее
5🔥2👍1
🥇 Боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды!

Бүгін, 10 сәуірден бокстан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында финалдық жекпе-жектер басталды.

Ұлттық құрама сапынан алғаш болып Оразбек Асылқұлов шықты. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында үндістандық Сачин Сачинмен кездесті.

Бірінші раундта үндістандық боксшы басымдық танытып, 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші үшминуттықта Оразбек Асылқұлов жүйелі жұмыс істеп, 3:2 есебімен жеңді.

Ал шешуші раундта Оразбек Асылқұлов шабуылда белсенді болып, нәтижелі соққылар жасай білді. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті отандасымызға берді.

Осылайша Оразбек Асылқұлов ұлттық құрама қоржынына алтын медальді салды.



🥇 Боксер Оразбек Асылкулов завоевал золотую медаль чемпионата Азии-2026!

Казахстанец Оразбек Асылкулов стал победителем чемпионата Азии по боксу в Улан-Баторе (Монголия).

Наш боксер дошел до финала в весовой категории до 60 килограммов, где его соперником стал Сачин из Индии.

В первом раунде индийский боксер был активнее т завершил его в свою пользу со счетом 5:0. Во второй трехминутке Асылкулов действовал более точнее и сумел выиграть раунд со счетом 3:2.

В решающей трехминутке казахстанец по мнению судей также был сильнее и выиграл бой раздельным решением.

Таким образом, Оразбек Асылкулов принес мужской команде Казахстана первую золотую медаль ЧА-2026.
6🔥2👏2👍1
Дакар қаласында (Сенегал) 2026 жылғы жазғы жасөспірімдер Олимпиадасын ұйымдастыру мәселелеріне байланысты Ұлттық Олимпиадалық комитеттеріне арналған халықаралық семинар өтті.

Аталған ресми жиында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Спорт департаментінің директоры Бектұр Қиятбай қатысты. Жалпы семинарға 200-ден астам ҰОК өкілдері жиналды.

Кездесу барысында алдағы ойындардың ұйымдастыру мәселелері мен өткізу форматының ерекшеліктеріне басымдық берілді.

Жасөспірімдер Олимпиадасы ересектер додасынан мәдени және білім беру бағдарламаларының ауқымдылығымен ерекшеленеді. Бұл бастамалар ойындардың негізгі тұжырымдамасының ажырамас бөлігіне айналып, жас спортшылардың жан-жақты дамуына бағытталған.

Семинар аясында қатысушылар жарыс өтетін инфрақұрылыммен танысты. Олардың қатарында спорт нысандары мен спортшылар орналастырылатын Олимпиадалық қалашық та бар.

Бектұр Қиятбайдың айтуынша, мұндай іс-шаралар ұйымдастыру жұмыстарының барлық қыр-сырын алдын ала түсінуге мүмкіндік береді.

"Осындай семинарлар ұйымдастырушылар тарапынан қойылатын талаптар мен барлық үдерісті алдын ала зерделеуге жол ашады. Бұл ұлттық құраманың қатысуын жоспарлау және федерациялармен үйлестіру жұмыстарын тиімді жүргізу үшін аса маңызды. Ойындардың форматы мен шақырту бөлу тәртібі толық айқындалды. Бұл жұмысты жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар спорт нысандары туралы жан-жақты ақпарат алып, логистиканы оңтайландыруға жағдай жасалды", – деді ол.


Айта кетейік, 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысу дәстүрлі іріктеу жүйесі арқылы емес, Халықаралық Олимпиадалық комитеті бөлетін арнайы шақыртулар негізінде жүзеге асады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 11 спорт түрі бойынша жолдама алды. Сенегалда ел намысын 18 спортшы қорғайды.

Еске салсақ, 2026 жылғы жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы 31 қазан мен 13 қараша аралығында Дакарда өтеді. Бұл дода тарихында алғаш рет Африка құрлығында ұйымдастырылмақ.
❤‍🔥2
В Дакаре (Сенегал) состоялся международный семинар для Национальных Олимпийских комитетов по вопросам организации летних юношеских Олимпийских игр 2026 года.

Национальный Олимпийский комитет Казахстана на официальном мероприятии представил директор Департамента спорта Бектур Киятбай. Всего участниками семинара стали делегаты более 200 НОК.

Основное внимание было сосредоточено на организационных аспектах предстоящих Игр, а также особенностях их формата.

Юношеские Олимпийские игры традиционно отличаются от взрослых расширенной программой культурных и образовательных мероприятий. Эти инициативы являются неотъемлемой частью концепции ЮОИ и направлены на всестороннее развитие молодых спортсменов.

В рамках семинара участники ознакомились с инфраструктурой соревнований, включая задействованные спортивные объекты и Олимпийскую деревню, где будут размещены атлеты.

Как отметил представитель НОК Казахстана Бектур Киятбай, подобные мероприятия позволяют заранее выстроить организационный процесс.

"Такие семинары позволяют заранее понять все организационные вопросы и требования со стороны организаторов. Это важно с точки зрения планирования участия команды и координации с Национальными федерациями. Есть четкое понимание по формату Игр и распределению приглашений, что дает возможность выстроить работу более системно. К тому же, мы получили исчерпывающую информацию относительно спортивных объектов, которая поможет оптимизировать логистику",- озвучил Киятбай.


Отметим, что участие в ЮОИ-2026 будет осуществляться не через классическую систему квалификационного отбора. Распределение мест происходит на основе приглашений от Международного Олимпийского комитета.

На сегодняшний день сборная Казахстана получила право выступить в Сенегале в 11 видах спорта. В список участников Олимпиады вошли 18 наших атлетов.

Добавим, что летние юношеские Олимпийские игры-2026 пройдут с 31 октября по 13 ноября в Дакаре. Впервые в истории Игры примет африканский континент.
3
Боксшы Төрехан Сабырхан финалда жеңіліп, Азия чемпионатында күміс медальға ие болды 🥈

Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының финалында жеңіліп қалды.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ақтық айқаста ол иорданиялық Зеяд Ишаишқа жол берді.

Төрехан алғашқы раундта 4:1 есебімен басым түсті. Екінші раундта қарсыласы есепті теңестіріп, шешуші үшінші раундқа боксшылар тең жағдайда шықты.

Соңғы раундта Ишаиш басым болып, Сабырхан жарысты екінші орынмен аяқтады.



Торехан Сабырхан уступил в финале и стал серебряным призером чемпионата Азии 🥈

Представитель команды Казахстана по боксу Торехан Сабырхан потерпел поражение в финале чемпионата Азии в Улан-Баторе (Монголия).


Казахстанец поднялся на вторую ступень пьедестала в весовой категории до 70 килограммов, уступив Зеяду Ишаишу (Иордания).

Торехан забрал первый раунд со счётом 4:1. Во втором Зеяд смог отыграть отставание и на заключительную трехминутку боксеры ушли с равенством по очкам.

Решающий раунд выиграл Ишаиш - Сабырхан завершил турнир на втором месте.
💔5👍3🤯2❤‍🔥1🌚1
🥇 Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен қолғап түйістірді.

Бірінші үшминуттықта Сабыржан 4:1 есебімен басым түсті. Екінші және үшінші раундта да басымдығын сақтап қалған қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.



🥇 Казахстанский боксер Сабыржан Аккалыков стал победителем чемпионата Азии, проходящего в Улан-Баторе (Монголия).


В финале весовой категории до 75 килограммов он встретился с представителем Узбекистана Жавохиром Абдурахимовым.

В первом раунде Сабыржан завладел преимуществом. Во втором и третьем казахстанец продолжил доминировать и одержал победу единогласным решением судей - 5:0.
7🔥3👍2😍1