ой таспа
435 subscribers
108 photos
6 videos
1 file
6 links
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻
— махаббатпен, UN🤍
Download Telegram
25.

Маған өлшеніп берген ғұмырға қиянат жасамауға, сол өмірде берілетін әр рөлді (мұсылман, қоғамның бөлшегі, тұлға, қыз, қарындас-сіңлі-әпке, әріптес, дос-құрбы, бұйырса аяулы жар мен ана) абыроймен атқаруға, маған келетін әр нығметтің өз уақытында қадірін білуге, әр сынақ пен сабақтың артындағы даналығын көре білуге жазсын… Тырмысуға, талпынуға, білуге, құлшынуға, сезінуге, ғашық болуға, қателесуге, қателіктерімді мойындауға, тәубе етуге, өзім болуға, қамқор болуға, маған біреудің қамқорлық танытуына, үміттенуге, өзіме және өзгеге қатысты сау қарым-қатынас құруға, бақытты болуға, бақыт құшуға мұрсат…

Жаным, ширек ғасырлы жүрегім, сені таңда оятатын, жандыратын, қанаттандыратын, сезімге ерік бергізетін, қиялыңды ұшыратын, жүрегіңді соқтыратын, жылататын, жұбататын, дамыл тапқыздырмайтын «БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ» деген АҚ ҮМІТТІ ЖАРЫҒЫҢ сөнбесін!

#UN_notes
🔥65👍1
Кедейлік үш ағайынды болады:
Үлкені - кежірлік,
Ортаншысы - еріншектік,
Кенжесі - ұйқы.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы
👍82
Жай ғана күнделікті майда-шүйденің аясындағы әңгіменің ғана емес, терең толғаныстарыма ой қосушы, тыпырлаған жүрегіме шабыт сыйлаушы болсаң деймін…

#UN_notes
16
Жасөспірім кезімде көпшілік назарының ортасында, жалт-жұлт еткен дүниенің арасындағы ересек өмірді елестететін едім. Ал қазір….

Құдай өзі әдемі жолдарымен, көркем тәрбиесімен мені жетелеп нағыз байлыққа әкеле жатқан сияқты. Айналдырған қас қағым сәтте құндылықтарым да өзгерді, өзім де біраз баяулап қалған сияқтымын.

Қазір мен үшін нағыз байлық — жақындарымның амандығы, олардың саған жаны ашып, қамқорлық танытуы, сапалы өмір мен сапалы өткен уақыт, саналы шешімдер, сенімді адамдар, еңбекпен ілесіп келетін мүмкіндіктер мен оларды дұрыс қолдана білу, қоғамның құнарлы алқабына бір дән болсын еге алу, елмен емес, өзгемен емес, өзіңнің ішіңдегі нәпсіңмен күресіп, кішкентай жеңістеріңе іштей қуану, ғұмырыңда болып жатқан құбылыстарыңды жария етпеу, қызғыштай қорғаштау, өмірді оны жаратқан Иесіне аманат етіп, тәуекел ете алу. Осының арасында ешкіммен алыспай, дәлелдемей, еншіңе түскен өз рөліңді, өз орныңды білу де үлкен жеңіс, қажырлы еңбек...

#UN_notes
17👍1
Жан ұқпаған тағдыр дейтін бір ұғым,
Тәуірім бар, менің де бар сынығым.
Тұстарымда құритұғын оңалам,
Оңар жерден аңқауланып құрыдым….

Құбылма күй жүрегіме жайғасқан,
Бірде дауыл, бірде үнсіз айлы аспан.
Көретұғын жарығым көп сияқты,
Мені алда күтіп тұрған қай дастан?

Көпті ойлап, көзімнен бір шық құлар,
Өмір өзі жүріп-ақ қырсық қылар.
Арқалаған сезімің арқаңдағы,
Түнде кенет жаныңды тұншықтырар.

Кімге керек менің бұл шатпақтарым?
Дәуір көшсе, шашылып жатпақ барың.
Жанға айтпас менің бар шерлерімді,
Атарында жасырар аппақ таңым…
Ұ.Н.

#UN_poetry
11👏2
Каспиймен сырласқанда…
19
Forwarded from Сад изящных слов
Мне нравится смотреть сериалы в одиночестве и читать в одиночестве. Мне нравится ездить на автобусе в одиночестве и возвращаться домой в тишине. Нравится гулять в одиночку и просто быть наедине с собой. Но внезапно теперь мне больше по душе смотреть сериалы с тобой, читать где-нибудь, где есть ты, пусть ты в этот момент и не читаешь. Нравится ездить с тобой, куда бы то ни было и возвращаться отныне в наш общий дом. Нравится гулять с тобой, обсуждать мировую политику, пусть я практически и не смыслю в ней, нравится пить чай, пока ты пьешь кофе, и рассказывать тебе самые случайные, несвязные факты.. Мне все еще очень нравится одиночество, просто можно теперь где-нибудь рядом будешь ты?
6
Қалайсыздар?

Арнамды уақытша жауып қойдым, осы құраммен, осы тойғанымызбен шабыттың көзін ашып, кішкене тыпыршиын деп тұрмын бұйырса (әрине сіздерден қолдау болса…☺️)
18👍3🥰2
Көз бен жүректің байланып қалуы әп-сәттік шаруа. Қолға түскен дүниенің жоқ болуы да оп-оңай. Жылдап жинаған абыройың мен мансабың да үп етсең, желдей ұшары жасырын емес. Ақыл көнерсе, жинаған білімің шашылады, жүрекке дақ түссе, толасыған иманың ортаяды. Сүйгенің алыстайды, жауың жақындайды. Іздегенің табылса, мәңгілік деп танығаның жоғалады. Жақсы дегенің жаманға, жаман дегенің жақсыға түрленеді. Ал ешқашаның әрқашанға айналып үлгергенін де байқамай қаласың. Бұл өзгерістің, түрлену дейтін құбылмалы табиғаттың бәрі адам баласының болмысына жақын дүние. Осы бір құбылмалы жалғандық біреуге өкініш, біреуге бармақ тістетер уайым, біреуге уақытша алданыш сыйлайды. Солай түптің түбінде болмашыға әуре болып, тыраштанамыз, тыпыршимыз. Несіне?
#UN_notes
16
Жаныңа кенет қаяу түскен жап-жарық, жып-жылы, жұп-жұмсақ, нұрлы болмыс, қасыңда бола алмасам да, көңіліңе мәңгі ұялаған қараңғылықты сейілте алмасам да, соны тілеген бір дұғамдасың💛
#UN_notes
8
«сенің еріншектігің – саған сенген адамдарға құрметсіздігің»

осыны оқып алып, біраз ойландым…

айтатын сылтауларымыз, жігерсіздігіміз, еріншектігіміз бен ойдағы істі кейінге қалдыра беруіміз, тәуекелге бармауымыз бізді сүйетін, бізге сенетін, біз үшін дұға ететін адамдарға деген қиянатымыз. және ең алдымен – Құдайдың шартсыз махаббатына жасалған қиянат.
#UN_notes
18
ешкім саған оңай болады деп уәде бермеді, олай дейтін ішіңдегі оңайға үйір нәпсің. ешкім қиын болады деп те айтпады, олай дейтін ішіңдегі сылтау тапқыш қорқыныштарың.

асылында барлығы дерлік әділ, сенімің мен ниетіңе қарай, әрекетің мен тәуекеліңе қарай болып жатыр, солай емес пе?

#UN_notes
21
қайғың болса, бөліп берші, азайтайын,
қуанышың болса, бөлісе ғой, көбейтейін,
шатасып жатқан ойларың болса, көрсет, ұйқастырайын…
жақсы ма?

#UN_notes
11
Из неотложного у меня – только жизнь.
И себе бы я прописала:
проживать каждый миг по мере его наступления – а значит, прямо сейчас!

А если в сердце неотважного –
сомнения, будут ли сожаления?
#UN_notes
9
Жалғанды жалпағынан тең кезердей,
Түрлі оймен жүрмін-ау мен де сендей.
Жұдырықтай жүрекке сыйып кетер.
Арманым көп… бәрі де еңгезердей…

#UN_poetry
10
«прочитай не стих,
прочитай меня»
4
to myself.

жел қайда соқса, сол жаққа қарай домалап кете беретін қаңбақ сияқты болма. құнарлы жерге тамырын жайған мәуелі бәйтерекке айналуға тырыс. сонда жан-жағыңа көлеңке болып, айналаңа көркіңді шашарсың.

кез-келген құты неғұрлым бос болса, сыңғырлатқанда дауысы да соғұрлым қатты шығар. «айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады» болма. сөзіңнен ісің көп болсын. ойларың бос сөзбен емес, тәуекелмен, әдемі әрекеттермен, байыпты қалпыңмен жалғасын тапсын. жан дүниеңді бос қылма, жақсыға, құндыға, қайырлыға толтыр.

жасықтанба, жасқанба. ешкімнен кем емессің, бірақ біреуден асып тұрмын-ау деп те керілме. орныңды біл, құныңды көрсет, шекараңды білдір.

кейде көпшіліктің жүрген жолы, ойлаған ойы қате болып шығуы мүмкін. басың болсын. әр нәрсенің түбін, себеп-салдарын түйсініп, астарын көре біл. өзіңде бар ерекшелігің мен даралығыңды да көміп тастама. бастысы – ішкі сыбырды тыңдай біл, жансарайыңа үңіле біл.

#UN_notes
😍64💯2🤔1
💯6
«Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау,
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді,
Өз сорын өзі жеңбесе?»
9
Жүрекке тəн ізгілікке ұмсыну,
Жалындаған аңсар сезім – от-алау.
"Жалғызбын..." деп жабығады бір сұлу,
Жалғыздық та сұлу болады екен-ау!

Жамалы бар,
Таң секілді жаңа атқан
Жанарында жалт-жұлт етіп таза бақ.
Сұлулықпен сүйіншілеп,
Жаратқан
Жалғыздықпен кетіпті оны жазалап.

Білем,
Сезем,
Қылық емес еш құптар,
Жазықсыз жан
Жазмышқа кіріптар.
Сұлулықта өкініш бар, өксік бар,
Жалғыздықта қорқыныш бар, күдік бар.

Қ.Сарин
13
уақыты келеді деп ойлаймыз ғой, ал уақыт өте береді екен…
#UN_notes
🕊5