OFF SIDE | FOOTBALL
16.4K subscribers
2.41K photos
219 videos
44 links
Следим за футболом вместе! ⚽️📺

Лучшее информативно-развлекательное сообщество о футболе!

Ссылка для приглашение - https://t.me/+fItuFhbxcw8wNmRi
Download Telegram
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Манчестер Сити» келесі маусымға арналған ойын формасын ұсынды

🤔 Қандай баға бересіздер?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Арсенал» келесі маусымға арналған ойын формасын ұсынды

🤔 Қандай баға бересіздер?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇫🇷 «Брест» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасына жолдама алды

🇫🇷 33 турдан кейін 58 ұпай жинаған Эрик Руаның командасы маусымды кем дегенде төртінші орынмен аяқтайды. Үшінші орындағы «Лилльдің» қоржынында да 58 ұпай бар.

🇪🇺 «Брест» үшінші орын алса, Чемпиондар лигасына тікелей шығады, ал төртінші орын алса іріктеу кезеңінде ойнайды.

🇫🇷 «Брест» еурокубокке шыққан Францияның 36-шы клубы ретінде тіркелді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Вулверхемптон» VAR жүйесін алып тастауды ұсынды. Бұл ұсыныс клубтар арасындағы жыл сайын өтетін жиында талқыланады

Олардың сөзінше VAR жүйесі:

➡️ Фанаттардың футболға деген негативті эмоциясын шақырады
➡️ Голды кенеттен тойлау секілді футболды ерекше ететін факторды құртады
➡️ Ұзақ тексерістер кейін стадиондағы фанаттардың көңіл күйін бұзады
➡️ Фанаттардың алдында Премьер Лиганы жаман қылып көрсетеді, АПЛ әнұраны кезінде протест жасап айқайлатады
➡️ VAR бола тұра төрешілер қателесіп, олардың абыройына нұқсан келтіреді
➡️ Көп тексерістер матчтарды ұзаққа созып, лиганың жылдам темпін бұзады
➡️ VAR-дың жасаған қателіктері көп талқыланып, матч 2-ші планда қалып қояды, сәйкесінше ойынның шырқын бұзады
➡️ «Лига Коррупцияланған» деген кертартпа сөздер Премьер Лига абыройына нұқсан келтіреді

🔥 – Қасқырларды қолдаймын
🥰 – VAR туралы жеке ойымды пікірге жазам
👎🏻 – VAR жүйесі бізге керек, Вулвз қумашы!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇬🇧 АПЛ-да трансфер кезеңі қашан ашылады?

Жазғы трансфер кезеңі — 2024 жылы 14 маусымда ашылып, 30 тамызда жабылады

Қысқы трансфер кезеңі — 2025 жылы 1 қаңтарда ашылып, 3 ақпанда жабылады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тибо Куртуа финалды бірінші минуттан бастауы бек мүмкін

📰 Испаниялық басылымдар бірінен соң бірі осы туралы хабарлап, қақпаға Андрей Лунин емес, Куртуа тұратынын жарыса жазып жатыр.

⚽️ «Боруссия Д» мен «Реал» арасындағы Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда өтеді.

Қақпа қорғауды кімге тапсырған жөн?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Ливерпуль» қос футболшымен қоштасты

🔚 Жоэль Матип пен Тиаго Алькантара осы жазда келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты командадан кетеді.

🇨🇲 32 жастағы Матип «Ливерпульде» 2016 жылдан бері ойнап келеді. Клуб сапында 201 матчқа қатысып, 11 гол мен 6 ассист авторы атанды.

🇪🇸 Ал 33 жастағы Тиаго мерсисайдтық клубқа 2020 жылы қосылып, содан бері 98 матч өткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇪🇸 Хави Ла Лигада 100 матч өткізді

🇪🇸 «Барселона» 44 жастағы маманның мерейтойлы ойынында «Альмерияны» 2:0 есебімен ұтты.

📊 Каталониялық клуб Хавидің жетекшілік етуімен 69 матчта жеңіске жетіп, 16 рет тең түсті, 15 рет ұтылды.

Ла Лигадағы алғашқы 100 матчында ең көп жеңіске жеткен бапкерлер:

1️⃣ Пеп Гвардиола — 79 матч
2️⃣ Луис Энрике — 75
3️⃣ Хави — 69

❗️ Сонымен қатар Хави «Барселонамен» бірге Ла Лигада 100 матч өткізген тоғызыншы бапкер атанды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏆 Давид Алаба Еуропа чемпионатына барады

🦵 «Реал» қорғаушысы желтоқсан айында тізе байламын үзіп алғандықтан, әлі күнге дейін алаңға шықпады. Жарақатына байланысты Еуропа біріншілігінде ойнай алмайды.

🇦🇹 Бірақ Австрия құрамасының бас бапкері Ральф Рангник Алабаны команда қосынына шақыруды жоспарлап отыр. Давид ұлттық құраманың капитаны болғандықтан, жігіттерге ақыл-кеңесін беріп, қолдау көрсетеді деген үміті бар.

🆚 Австрия құрамасы D тобында Франция, Польша және Нидерландпен күш сынасады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇪🇸 "Реал" Мбаппені ЕУРО-ға дейін таныстырады

🏟 Marca ақпараты бойынша, "Реал Мадрид" Килиан Мбаппені ЕУРО-2024 турниріне дейін "Сантьяго Бернабеу" стадионында таныстырмақ. Қазір 3-9 маусым аралығындағы күндерді қарастырып жатыр

📃 Негізі Мбаппенің ПСЖ-мен келісімшарты 30 маусымда аяқталады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Гвардиола "Ман Ситиден" қашан кетеді?

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Дэвид Орнштейн мәліметінше, Хосеп Гвардиола 2024/25 жылғы маусымнан кейін "Манчестер Ситиден" кетеді. Оның "қалалықтармен" келісімшарты 2025 жылы аяқталады, әзірше жаңа мәміле туралы келісім жоқ.

Гвардиола "Ситиді" 2016 жылдан бері жаттықтырады, былтыр требл жасады, ал биыл қатарынан төртінші рет АПЛ жеңімпазы атануы ықтимал.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 38-тур алдында АПЛ кестесі.

🏆 Көп нәрсе шешіліп қойды, тек чемпион анықталмай тұр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏅 Микель Артета Испания елінің алдындағы ерен еңбегі үшін Изабелла Католик атындағы орденнің иесі болды
🇮🇹Фабрицио Романо:

🇪🇸Хави жақында ғана келісімшарт мерзімін ұзартқанымен оның "Барселонада" болашағы жоқ секілді көрінеді

Хави клубтың қаржылық қиындықтарын ашық жариялағаны аздай, Рокемен болып жатқан жағдай да Лапортаға Хавиді қызметінен босату жайлы ой салды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥 Коул Палмер маусымның үздігі атанды

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Челси» ойыншысы маусым қорытындысы бойынша АПЛ-ның ең үздік жас ойыншысы деп танылды.

📊Ол ақсүйектер жейдесінде 33 матч өткізіп, 22 гол мен 10 нәтижелі пасты өз атына тіркеді.

📈 Дауыс беру көрсеткіші бойынша Дестини Удоджи, Эрлинг Холанд, Фил Фоден, Александр Исак, Букайо Сака, Вильям Салиба және Кобби Майну секілді таланттарды басып озды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM