OFF SIDE | FOOTBALL
16K subscribers
2.48K photos
236 videos
46 links
Следим за футболом вместе! ⚽️📺

Лучшее информативно-развлекательное сообщество о футболе!

Ссылка для приглашение - https://t.me/+fItuFhbxcw8wNmRi
Download Telegram
🇬🇧 АПЛ-да трансфер кезеңі қашан ашылады?

Жазғы трансфер кезеңі — 2024 жылы 14 маусымда ашылып, 30 тамызда жабылады

Қысқы трансфер кезеңі — 2025 жылы 1 қаңтарда ашылып, 3 ақпанда жабылады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тибо Куртуа финалды бірінші минуттан бастауы бек мүмкін

📰 Испаниялық басылымдар бірінен соң бірі осы туралы хабарлап, қақпаға Андрей Лунин емес, Куртуа тұратынын жарыса жазып жатыр.

⚽️ «Боруссия Д» мен «Реал» арасындағы Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда өтеді.

Қақпа қорғауды кімге тапсырған жөн?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Ливерпуль» қос футболшымен қоштасты

🔚 Жоэль Матип пен Тиаго Алькантара осы жазда келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты командадан кетеді.

🇨🇲 32 жастағы Матип «Ливерпульде» 2016 жылдан бері ойнап келеді. Клуб сапында 201 матчқа қатысып, 11 гол мен 6 ассист авторы атанды.

🇪🇸 Ал 33 жастағы Тиаго мерсисайдтық клубқа 2020 жылы қосылып, содан бері 98 матч өткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇪🇸 Хави Ла Лигада 100 матч өткізді

🇪🇸 «Барселона» 44 жастағы маманның мерейтойлы ойынында «Альмерияны» 2:0 есебімен ұтты.

📊 Каталониялық клуб Хавидің жетекшілік етуімен 69 матчта жеңіске жетіп, 16 рет тең түсті, 15 рет ұтылды.

Ла Лигадағы алғашқы 100 матчында ең көп жеңіске жеткен бапкерлер:

1️⃣ Пеп Гвардиола — 79 матч
2️⃣ Луис Энрике — 75
3️⃣ Хави — 69

❗️ Сонымен қатар Хави «Барселонамен» бірге Ла Лигада 100 матч өткізген тоғызыншы бапкер атанды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏆 Давид Алаба Еуропа чемпионатына барады

🦵 «Реал» қорғаушысы желтоқсан айында тізе байламын үзіп алғандықтан, әлі күнге дейін алаңға шықпады. Жарақатына байланысты Еуропа біріншілігінде ойнай алмайды.

🇦🇹 Бірақ Австрия құрамасының бас бапкері Ральф Рангник Алабаны команда қосынына шақыруды жоспарлап отыр. Давид ұлттық құраманың капитаны болғандықтан, жігіттерге ақыл-кеңесін беріп, қолдау көрсетеді деген үміті бар.

🆚 Австрия құрамасы D тобында Франция, Польша және Нидерландпен күш сынасады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇪🇸 "Реал" Мбаппені ЕУРО-ға дейін таныстырады

🏟 Marca ақпараты бойынша, "Реал Мадрид" Килиан Мбаппені ЕУРО-2024 турниріне дейін "Сантьяго Бернабеу" стадионында таныстырмақ. Қазір 3-9 маусым аралығындағы күндерді қарастырып жатыр

📃 Негізі Мбаппенің ПСЖ-мен келісімшарты 30 маусымда аяқталады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Гвардиола "Ман Ситиден" қашан кетеді?

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Дэвид Орнштейн мәліметінше, Хосеп Гвардиола 2024/25 жылғы маусымнан кейін "Манчестер Ситиден" кетеді. Оның "қалалықтармен" келісімшарты 2025 жылы аяқталады, әзірше жаңа мәміле туралы келісім жоқ.

Гвардиола "Ситиді" 2016 жылдан бері жаттықтырады, былтыр требл жасады, ал биыл қатарынан төртінші рет АПЛ жеңімпазы атануы ықтимал.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 38-тур алдында АПЛ кестесі.

🏆 Көп нәрсе шешіліп қойды, тек чемпион анықталмай тұр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏅 Микель Артета Испания елінің алдындағы ерен еңбегі үшін Изабелла Католик атындағы орденнің иесі болды
🇮🇹Фабрицио Романо:

🇪🇸Хави жақында ғана келісімшарт мерзімін ұзартқанымен оның "Барселонада" болашағы жоқ секілді көрінеді

Хави клубтың қаржылық қиындықтарын ашық жариялағаны аздай, Рокемен болып жатқан жағдай да Лапортаға Хавиді қызметінен босату жайлы ой салды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥 Коул Палмер маусымның үздігі атанды

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Челси» ойыншысы маусым қорытындысы бойынша АПЛ-ның ең үздік жас ойыншысы деп танылды.

📊Ол ақсүйектер жейдесінде 33 матч өткізіп, 22 гол мен 10 нәтижелі пасты өз атына тіркеді.

📈 Дауыс беру көрсеткіші бойынша Дестини Удоджи, Эрлинг Холанд, Фил Фоден, Александр Исак, Букайо Сака, Вильям Салиба және Кобби Майну секілді таланттарды басып озды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🐯 Роналду Про-лиганың рекордын жаңартты

🇸🇦 «Әл-Наср» шабуылшысы Сауд Арабиясы чемпионатының осы маусымында «гол+пас» жүйесі бойынша 44 ұпай (33+11) жинады. Криштиану Про-лиганың бір маусымында осы нәтижені тіркеген тарихтағы алғашқы футболшы атанды.

Бұған дейінгі рекорд 43 ұпай (34+9) жинаған «Әл-Иттихад» шабуылшысы Абдерразак Амдаллаға тиесілі еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇮🇹 РЕСМИ: «Ювентус» Массимилиано Аллегриді қызметінен босатты

56 жастағы маман туриндік ұжымды 2021 жылы тізгіндеп, содан бері тек бір трофей ұтты.

🏆 «Ювентус» Италия кубогының финалында «Аталантаны» жеңді. Одан бөлек, осы маусымды Чемпиондар лигасының аймағында аяқтауға мүмкіндік алды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Фил Фоден АПЛ осы маусымының ең үздік ойыншысы атанды

🔥Фил Эрлинг Холанд, Александер Исак, Мартин Эдегор, Деклан Райс, Коул Палмер сынды мықтыларды басып озды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Бүгін Англия чемпионы анықталады

🏆 АПЛ чемпионы соңғы турға дейін анықталмағандықтан, Лига өкілдері титул мен медальдарды «Манчестер Ситидің» де, «Арсеналдың» стадионына апарады.

🆚 Көш басындағы «Манчестер Сити» өз алаңында «Вест Хэмді», ал екінші орындағы «Арсенал» «Эвертонды» қабылдайды.

Екі матч та 20:00-де басталады.
Негізгі құрамдар - Соңғы тур - 20:00 🔥

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Арсенал – Эвертон 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
Setanta Qazaqstan - Әлімжан Асқар

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ман Сити – Вест Хэм 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
Setanta Sports 1 - Ержан Көшкінбаев

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ливерпуль – Вулверхэмптон 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Челси – Борнмут 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿

setantasports.com