Орамалым- Асыл тәжім!👑
7 subscribers
33 photos
1 video
4 files
8 links
🧕 #1 Хиджабқа ниет еткен аруларға арналған жоба
Сізде үлкен мүмкіндік♥️
Instagram: @zhureqtyn_nury 📍
Download Telegram
Арабша.
Транскрипция
Қазақшасы
Allah-Tagalanyn-esimderi-men-sipattary-1-1.pdf
2 MB
❤️ "Аллаһ Тағаланың есімдері мен сипаттары" атты кітап. Осы жерден жаттасаңыздар болады. Бірақ, қазір мағынасы қысқаша айтылынған, Алланың 99 көркем есімдерінің алғашқы есімдерін жіберемін
Ассаляму алейкум, қыздар! Жұма мүбарак болсын! Күндеріңізге сәттілік❤️
Бүгінгі тапсырма көп емес, жеңіл, бірақ маңызды.
3 күннің тапсырмасы:
🌷1. Кеше бастағанымыздай бүгін Аллахтың кезекті 5 көркем есімдерін мағынасымен жаттаймыз. Бұл есімдерді айтып жүрудің қасиеті мен көмегі зор. Шын жүрекпен жаттайық. Астына 5 есімді қалдырып кетемін.
🌷2. Зікір. Алла Тағаланың адам баласына нәсіп еткен шексіз нығметтері үшін Алланы дәріптеуге 1 минут уақытыңызды жұмсаңыз. Бір минуттың ішінде 100 мәрте «СубханАллахи уа бихамдихи» деп зікір айтуға болады. Алла Елшісі (ﷺ) кімде-кім күніне 100 рет осы зікірді айтатын болса, оның күнәсі теңіздің көбігіндей көп болса да кешірілетіндігін айтқан болатын.
🌷3. Төменге ютубтан Марфуға Шапиянның “Орамал парыз ба” деген видеосын қалдырамыз. Соны бірінші көріп шығыңыздар. Кейін ТЕСТ тапсырмасын орындайсыздар (вариант таңдау арқылы)
🌷4. Болашақтан хат. Қызық тапсырма болсын. Сіз өзіңізді орамалға толық келдім деп елестетіңіз. Сол сезімді бастан кешіріп жатқандай болып қазіргі өз-өзіңізге БОЛАШАҚТАН хат жазыңыз. Өз-өзіңізге мотивация беріңіз. Мысалы:

“Құрметті, Мен. Дәл қазір сен орамалға келе алмай, ата-анам рұқсат бермей қиналып жүрген боларсың. Бірақ уайымдама. Сен тура .... күннен кейін бұл мақсатыңа да жетесің. Білесің бе, орамалға келгелі өзімді ерекше сезініп жүрмін. Раббымыздың парыз еткен орамалын тағып жүру қандай бақыт десеңші. Өзімді бөтен көзден қорғап, абыройымды сақтап жүрмін. Маған басқалардың сөзі маңызды емес. Себебі, мен Раббымның парызын орындап жүрмін. Сен берілме. Себебі сені болашақта осындай кемерет сезім күтіп тұр. Сондықтан, басқалардың сөзіне еріп бас тартып жүрме, нәпсіге еріп кетпе.... “ Тағы сол сияқты өз ойыңызды қосып жазыңыз. ҰЗАҚ етіп жазу міндетті ЕМЕС. Тек шын сезініп жазсаңыз жеткілікті😊

С Ә Т Т І Л І К 🌸
Бүгін жаттайтын есімдер
Отчёт күндегіше қысқа түрде:
1. Есімдерді жаттадым (жазсаңыз түсіріп жіберсеңіз болады)
2. Зікір айттым (фото-отчёт)
3. Видеоны көрдім (біраздан соң тесттің сұрақтарын жібереміз)
4. Хат жаздым (фото-отчёт)
Бейнероликтегі мына аят жолдары қай сүреде кездеседі? “Мүмін әйелдерге де айт: харамға көз салмасын...”
Anonymous Quiz
18%
Нахл сүресі, 32 аят
77%
Нұр сүресі, 31 аят
5%
Нәмл сүресі, 3 аят
Еріксіз көрінетін жерлер деп Ұстаз қай жерлерді атады?
Anonymous Quiz
26%
Жүзі мен алақаны
54%
Жүзі, алақаны, табаны
19%
Жүзі, алақаны тобығы
Ұстазға аялдамадағы мас адамның не дегенін айтыңыз😅 (оқиғасынан)
Anonymous Quiz
31%
“Қарындас, орамал неге тағасыз?”
16%
“Қарындас, орамалыңыз әдемі екен?”
53%
“Қарындас, Жұма намаз қашан?”
Хиджаб сөзі Құранда қандай мағынада келген?
Anonymous Quiz
50%
Бөгет
44%
Киім
6%
Кітап
Қыздар, бұл тесттегі сұрақтар мен жіберген видеодан алынған. Жауаптардың аса бір маңызы жоқ. Тек өз-өздеріңізді тексеру үшін. 😊
Ассаляму алейкум, қыздар!
Бүгін ерекше күн! Ережеп айына да аман-есен жеттік Альхамдулиллях! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!😍🤲🏼
4 күннің тапсырмасы:
🌷1. Бүгін Ережеп айының алғашқы күні болғандықтан дұға жасайық. Дәрет алып, мына дұғаны оқыңыз:

«Аллахумма бәрик ләнә фи Раджабан уә Шаъбанә уә баллиғнә Ромадан»

Аудармасы: «Иә, Алла, бізді Ережеп және Шағбан айларында есіркеп, Рамазанға жетуімізге жәрдемдес».

🌷2. Аллахтың кезекті 5 көркем есімдерін мағынасымен жаттаймыз. Астына қалдырып кетеміз. Алдыңғы есімдерді қайталап шығыңыздар.

🌷3. Ережеп айында кешірім сұрап барынша тәубе-истиғфар жасаған абзал. Сол үшін, Аллахтың “ӘЛ-ҒАФУР” - кешіруші, күнәларды кешіруші есімін 100 рет айтып шығыңыздар. Шын жүрекпен. Фото-отчётын жібересіздер.

🌷4. Кітаптан берілген үзіндіні оқып шығыңыз. Керек жерлері болса жазып алсаңыз өз еркіңізде. Бастысы түсініп оқу.

Тапсырмадан бөлек бүгінгі керемет күніңізді пайдалы істермен өткізуге кеңес береміз.

Қысқа түрде отчёт:
1. Дәрет алып, дұға оқыдым
2. Аллахтың 5 көркем есімін жаттадым
3. 100 рет Әл-Ғафур есімін айттым (фото)
4. Кітаптан үзіндіні оқыдым, түсіндім
5 есім