Жаңалықтар
123 subscribers
6.98K photos
2.22K videos
87 files
6.11K links
🌍Қарағанды облысынан ақпарат
🌎Қазақстан, Әлем жаңалықтары
Download Telegram
Forwarded from Qazaqstan.tv
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚗Әлемде электромобильдер сатылымы күшейіп келеді

Әлем электромобильдерге көшіп жатыр. Бұл үрдіс мұнай ғасырының аяқталуын жеделдетеді деген болжам бар.

Халықаралық энергия агенттігінің есебінше, «қара алтынды» тұтыну шарықтау шегіне 2030 жылы жетіп, әрі қарай төмендей бастайды. Себебі экологиялық таза энергия мен көлікке сұраныс үздіксіз артып келеді.

Агенттіктің болжамынша, осы онжылдықтың соңында дүниежүзінде сатылған көліктердің 50%-ға жуығы электромобильдер болмақ. Олар қазір Қытай нарығының төрттен біріне ие болып отыр. Бұл мемлекет мұндай нәтижеге улы түтін таратпайтын автомобиль өнеркәсібіне мол субсидия бөлу арқылы қол жеткізген.

Толығырақ
Forwarded from BAQ.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from BAQ.kz
⚡️«АрселорМиттал Қазақстанның» жаңа инвесторы анықталды
Жаңа инвестор – қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев.

@baq_kz
🚘Үкімет автокөліктерге қатысты ел наразылығын туғызуы мүмкін жағымсыз "сюрприз" әзірлеуде

Көнерген, ауаны бүлдіретін автомобильдерін пайдаланатындарға 1,5 миллион теңгеге дейін айыппұл салу ұсынылды. Толығырақ

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Қазақстан 2024 жылы бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді

Еліміздің  бүкіл аумағы 5-сағаттық белдеуде орналасады.  

ҚР Сауда жəне интеграция министрлігі "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер әзірледі.

Құжатқа сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 01 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырады.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
"Арселор Миттал Теміртауға" "Қармет" атауын қайтарған дұрыс – министр

Әзірге компанияның атауы қалай өзгеретіні белгісіз. Жаңа инвестордың шешімін күту керек. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметте өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Министр келіссөздер барысында ArcelorMittal $3,5 млрд сұрағанын, бұл халықаралық консультанттардың есебіне сәйкес келмейтінін атап өтті.

Ол сондай-ақ жасалған мәміленің үш негізгі элементін жариялады:

📌Мемлекет активтер құнын  $3,5 млрд-тан $286 млн-ға дейін төмендетті;

📌Мәмілені жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен бір де бір теңге жұмсалған жоқ;

📌Жаңа инвестор ArcelorMittal бас компаниясының алдында 4 жыл ішінде $250 млн сомасындағы қысқа мерзімді несиені және $450 млн ұзақ мерзімді несиені өтеу бойынша міндеттеме алады.

Бізге жазылыңыз ->
t.me/atamekenbusiness_qaz
Forwarded from BAQ.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from DALA INSIDE
💥 Кеншілердің көз жасы: Лакшми сатты, Лаврентьев алды

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының су жаңа қожайыны - Forbes тізіміне енген отандық миллиардер Андрей Лаврентьев. Бірқатар телеграм каналдар Андрей Лаврентьевтің артында билік тұр, Ақорда тағайындады дегендей фейк таратқан болатын. Біздің телеграм арнаға жеткен ақпарат бойынша, кәсіпкер мен билік арасында ондай «сыбайластық» немесе «келісімдер» болған емес. Мұның бәрі Лаврентьевтің бақталастарының шығарған қаңқуы.   

Лаврентьев жауапкершілікті мойнына алып, кәсіпорынды дамытатынын айтқан. Өйткені Миттал қалтаның қамын күйттеп, компанияны мүлде қараусыз қалдырған еді. Әуелде Лакшми Миттал компанияны 3,5 млрд долларға бағалаған. Келіссөздер барысында тараптар 286 миллион долларға тоқтады. Лаврентьев бұдан бөлек компанияның екі несиесін төлеп беруі керек. Оның 250 миллион доллары қысқа мерзімді несие, қалған 250 миллион ұзақ мерзімді. Жаңа қожайын 4 жыл ішінде комбинаттың 500 миллион доллар қарызын өтейді. 

DALA INSIDE-қа жеткен ақпарат бойынша, Андрей Лаврентьевтің ұлты неміс. 1979 жылы Алматыда туған. Лаврентьев Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкер тізімінде 26-шы орында тұр.

Жұбайы – Гауһар Ихсанова, ұлты қазақ. Қазақ болғанда да, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті түсті металлургия бөлімінің бұрынғы меңгерушісі Ахмет Әділовтың немересі. Кеншінің ұрпағы. Әділов – Қаныш Сәтбаевтың жан жолдасы болған. Соның арқасында Никольск қаласының атауы Сәтбаев болып өзгергенін біреу білсе, біреу білмес. Алматыдағы бір көшесін де Сәтбаев есімімен ататты.

Бүгінде Андрей мен Гауһар алты бала тәрбиелеп отыр. Әкесі – Сергей Петрович, техникалық гидротехникалық құрылыстың инженері, ғылым кандидаты, оның жобасы бойынша Бартоғай су қоймасына бөгет салынған. Анасы – Элла Антоновна – Мемлекеттік жоспарлау комитетінің экономисі, Германиядан көшіп келген отбасының қызы, Майер әулетінен Жамбылға белгілі педагогтер, ішінде қазақ тілі мен математика пәнінің мұғалімдері шыққан. 

https://t.me/dalainside
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🗣Қазақша сөйлеуге ұялатын, телефонын қазақшаға ауыстырса, күліп қарайтын, банкоматтың қазақшасы түсініксіз деп есептейтін, қызметтің қазақша болуын сұраудан қысылатын елде өстік. Бірақ соған қарамастан қазақшасын сұраудан талмаймыз.

Біз көппіз!

Қазақшасын таңдасақ қана тіл дамиды. Қолданыстағы тіл ғана бай болады. Қазақшасын қолданайық. Қазақшасынан ұялмайық.

Qazaqsha Jaz x "Тіл-Қазына"

💬https://t.me/TengeLifekz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мағзұм Мирзағалиев Тимур Құлыбаевтың орнына KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметіне келді

Құлыбаев бұл ұйымды 2005 жылы құрылғаннан бері басқарды.

Қауымдастық мұнай-газ өнеркәсібі, электр энергетикасы және атом өнеркәсібі компанияларын біріктіреді.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Forwarded from Tengri.kz
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының атауы "Қармет" деп өзгеруі мүмкін

"Жаңа инвестордың шешімін күту керек. Біздің пікірімізше, (кәсіпорынға) «Кармет» тарихи атауын қайтару дұрыс болады.
Өңірдегі (Қарағанды облысы) тұрғындар мен қызметкерлер бізді қолдайды деп ойлаймын"
, - деді Қанат Шарлапаев.

🚀Tengri.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Qazaqparat
❄️ Якутияда аяз 60 градусқа таяп қалды

Оймяконда 5 желтоқсан күні Якутиядағы ең төменгі температура 57 градусты көрсетті. Ал Амгада температура – 53, Ытык-Кюель, Чурапче, Хабардино, Жылы қайнар мен Батамайда термометр бағаны 52 градусты көрсетті.

📒Facebook 📹Instagram 🌐WhatsApp
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Qazaqparat
📊 1 қаңтардан бастап жалақының ең төменгі мөлшерi өзгереді

2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңның мәтіні баспасөз беттерінде жарияланды. Аталған заңның 9-бабында жалақының жаңа жүйесі туралы айтылған.

Жалақының ең төмен мөлшерi – 85 000 теңге;

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 28 215 теңге;

Зейнетақының ең төмен мөлшерi – 57 853 теңге;

Айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;

Базалық əлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 43 407 теңге болады.

📒Facebook 📹Instagram 🌐WhatsApp
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Qazaqparat
❄️🚗 Қыс мезгілінде көлікті қалай жүргізу керек: Тәжірибелі маманнан 6 кеңес

Президент іс басқармасы автошаруашылығының 50 жылға жуық тәжірибесі бар көлік жүргізушісі Қайрат Нұрмағамбетов қыс мезгілінде автокөлікті күту және қыздыру туралы бірнеше кеңес берді.

✔️ Аязды күндері алдымен көлікті іске қосу қажет.
✔️Қыс мезгіліне көлікті әзірлегенде сапалы аккумулятор қойған абзал.
✔️Көліктің терезесі жиі буланып, аяздан қырау қатып қалмау үшін жүріп келген көліктің есіктерін бірнеше минутқа ашып қойған жөн.
✔️Қысқы резеңкені ауыстыру арқылы шинаның қысымын реттеп алған дұрыс.
✔️Көліктің айналарын аяздың алында сүртіп қою керек.
✔️Автокөліктің тұрақ тежегіш жүйесі суығанша біршама күткен абзал.

📒Facebook 📹Instagram 🌐WhatsApp
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Qazaqparat
⚡️Назарбаев Университетінің басшылығы ауысты

Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Аслан Сәрінжіпов NU-дың атқарушы вице-президенті болса, Дархан Біләлов, Ерлан Шоланов, Әсел Уәлиева жаңа вице-президенттері болып тағайындалды.

📒Facebook 📹Instagram 🌐WhatsApp
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Qazaqparat
🗣Республикалық 3 қала мен 12 облыс жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырады

Бұл жайында ашық НҚА-да жарияланған Үкімет қаулысының жобасында айтылған.

«Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 01 наурызға қараған түні жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырсын», - делінген қаулы жобасында.

📒Facebook 📹Instagram 🌐WhatsApp
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Qazaqparat
⚡️«АрселорМиттал Теміртау» ресми түрде QARMET болып өзгерді

📒Facebook 📹Instagram 🌐WhatsApp
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM