NQZ - TERMINALS ASTANA AIRPORT MANAGEMENT
734 subscribers
1.2K photos
203 videos
309 links
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы
🛩️
Международный аэропорт Нурсултан Назарбаев
__

🔹Сайт: https://www.nn-airport.kz/

🔹Facebook: https://m.facebook.com/astanainternationalairport

🔹Instagram: @nqz_airport
Download Telegram
NQZ - TERMINALS ASTANA AIRPORT MANAGEMENT pinned «​​Құрметті жолаушылар! Астана әуежайы - Орталық Азиядағы ең ірі авиациялық тораптың бірі. Біз жолаушыларымыздың сапарын жайлы әрі қауіпсіз қылу үшін жұмыстанамыз. Елорда әуежайы 2016 жылдың 25 қаңтарынан бастап «тыныш әуежай» режимінде жұмыс істейді. «Тыныш…»
Құрметті қазақстандықтар!

Егемен еліміздің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні құтты болсын! Мемлекетіміздің көркеюі үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз жемісті, қызметтеріңіз табысты болсын.
Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

🇰🇿

Уважаемые казахстанцы!

Примите наши искренние и теплые пожелания с праздником – Днем Независимости Республики Казахстан!
Мы желаем каждой семье крепкого здоровья, благополучия и стабильности. Пусть в ваших домах всегда царят мир, согласие и взаимопонимание!

🇰🇿

Dear compatriots!

Congratulations on one of the main holidays of our country - Independence Day of the Republic of Kazakhstan!
On this significant day, we would like to wish you and your family happiness, health, comfort, prosperity and all the best!
May there always be a peaceful sky above us!

#NQZ
Рейсті кейінге қалдыратын ТОП 3 себеп

11-15 желтоқсан аралығында Астана халықаралық әуежайынан ішкі және халықаралық бағыттарда 341 рейс орындау жоспарланған. Осы аптада елордада қолайсыз ауа райы орнап, термометр бағаны – 30 (желдің әсерімен -44) көрсетті. Салдарынан жоспарланған рейстің 152-сі түрлі себептермен кешіктірілді.

Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі статистикалық ақпаратты қолдана отырып, рейстерді кейінге қалдырған ТОП 3 себебін анықтады.

1 себеп: Ұшақтың Астана халықаралық әуежайына кеш келуі. Осындай себеппен 5 күн ішінде 96 рейс кешіккен. Яғни әуе компанияларының ұшақтары Астанадан белгілеген бағытқа ұшпас бұрын, онан алдыңғы рейстен кеш келеді де, ұшақты қайта жарақтау, тазалау, жанар-жағармай құюға біраз уақыт жұмсап, белгіленген уақытта ұшуға үлгермей жатады.

2 себеп: Ұшақты қардан не мұздан тазарту, мұзға қарсы сұйықтықпен өңдеуге ұзақ уақыт қажет болғандықтан 17 рейстің уақыты өзгерген. Астана халықаралық әуежайында мұзға қарсы сұйықтықтың 2 түрі қолданылады. Біріншісі – Type-I Clariant Octaflo LYOD, 70/30%, - 43` С дейін қолданылады. Екіншісі – Type-IV Clariant Max Flight Avia, 100%, -28`С дейінгі ауа температурасында қолданылады. Астана халықаралық әуежайында өткен 5 күн ішінде бірінші типтегі сұйықтықтың 10 мыңға жуық литрі, екінші типтегі сұйықтықтың 900 литрі ұшақты қар мен мұздан тазалау үшін қолданылған.

3 себеп: Қолайсыз ауа-райы. 11-15 желтоқсан аралығында ауа райы қолайсыз болып, елорда әуежайындағы 12 рейс кешіктірілген.

Рейстердің кейінге қалдырылуына не кешігуіне себеп болатын жағдайлар сан түрлі. Мәселен 5 күн ішінде 10 рейс ұшақтағы түрлі ақауға байланысты кешіккен. Көп жағдайда ұшақтардың қозғалтқыштары дер кезінде іске қосылмай қалған.

Бұл тізімге рейске белгіленген ұшақтың ауысуы, экипаж мүшелерінің толық болмауы, жолаушыларды отырғызу кезінде қайта түгендеу, тізімді нақтылау сияқты өзге де себептерді қосуға болады.

Астана – Ұлан Батордан кейінгі әлемдегі ең суық астана болып есептеледі. Сондықтан қолайсыз ауа-райында рейстердің кешігуі орын алады. Алайда барлық жолаушы ҚР «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңының 86-бабында тасымалдаушының рейс болмаған немесе кідірген кездегi жолаушы алдындағы жауапкершілігі негізінде өзіне тиесілі қызметтерді толығымен алуға құқылы.

Қолайсыз ауа-райы кезінде авиация саласының қиыншылығы мен жауапкершілігіне түсіністікпен қарап, әуежай қызметкерлерінің қызметіне қолдау білдірген әр жолаушыға алғысымызды білдіреміз.

Сондай-ақ Астана халықаралық әуежайы 2016 жылдың 25 қаңтарынан бері «тыныш әуежай» режимінде жұмыс істейді. Яғни рейске тіркеу, отырғызу басталғаны я аяқталғаны, рейстердің кешігуі туралы ақпараттар тек қана ақпараттық таблода жазбаша түрде ұсынылады. Сондықтан жолаушылардан рейсі туралы ақпаратты таблодан мұқият қарауын сұраймыз. Өзге жағдайда Астана халықаралық әуежайының тәулік бойы қызмет ететін байланыс орталығына хабарласуға болады +7 7172 702-999.

Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
​​ТОП 3 Причины Задержки Рейса

С 11 по 15 декабря запланировано 341 внутренний и международный рейс из Международного аэропорта Астана. На этой неделе в столице установилась непогода, столбик термометра показывал -30 (-44 из-за ветра). В результате 152 регулярных рейса были задержаны по разным причинам.

Используя статистическую информацию, пресс-служба Международного аэропорта Астана определила ТОП-3 причины задержки рейсов.

1 причина: Позднее прибытие самолета в международный аэропорт Астаны. По этой причине за 5 дней было задержано 96 рейсов. То есть перед вылетом из Астаны по назначенному маршруту самолеты авиакомпаний прилетают позже предыдущего рейса, тратят некоторое время на переоборудование, уборку и заправку самолета и не успевают вылететь в назначенное время.

2 причина: 17 рейсов перенесены из-за длительного времени необходимого для очистки самолета от снега или льда и обработки его противообледенительной жидкостью. В Международном аэропорту Астана используется 2 вида противообледенительной жидкости. Первый — Type-I Clariant Octaflo LYOD, 70/30%, используется до -43С. Второй — Type-IV Clariant Max Flight Avia, 100%, используемый при температуре воздуха до -28С. Для очистки самолета от снега и льда за 5 дней в Международном аэропорту Астаны было использовано около 10 тысяч литров жидкости первого типа и 900 литров жидкости второго типа.

3 причина: Плохая погода. Из-за ухудшения погодных условий с 11 по 15 декабря, в столичном аэропорту были задержаны 12 рейсов.

Есть много причин, по которым рейсы могут быть отложены или задержаны. Например, за 5 дней 10 рейсов были задержаны из-за различных неполадок в самолетах. В большинстве случаев двигатели самолетов не запускались вовремя.

К этому списку можно добавить и другие причины, такие как смена самолета, запланированного к рейсу, отсутствие полного состава экипажа, перепроверка списка пассажиров при посадке.

Астана считается самой холодной столицей мира после Улан-Батора. Именно поэтому в плохую погоду рейсы задерживаются. Однако все пассажиры имеют право в полном объеме на получение услуг, исходя из ответственности перевозчика перед пассажиром в случае задержки или отсутствия рейса в соответствии со статьей 86 Закона Республики Казахстан «Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации».

Хотим выразить благодарность каждому пассажиру, поддержавших сотрудников аэропорта, понимая трудности и ответственность авиационной отрасли в период непогоды.

Также Международный аэропорт Астана с 25 января 2016 года работает в режиме «тихого аэропорта». То есть информация о регистрации на рейс, начавшейся или закончившейся посадке, задержке рейса представлена в письменном виде только на информационном табло. Поэтому мы просим пассажиров внимательно проверять информацию о своем рейсе на табло. Также вы можете обратиться в круглосуточный колл-центр Международного аэропорта Астана +7 7172 702-999.

Пресс-служба Международного аэропорта Астана
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Көлік министрі М.Қарабаев елорда әуежайын дамыту жоспары туралы
​​Рекорд: Астана әуежайы өзінің 7,5 миллионыншы жолаушысын қарсы алды

Астана, 25 желтоқсан 2023 - Бүгін Астана халықаралық әуежайы 7 жарым миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл Астана әуежайы үшін рекордтық көрсеткіш. Елорда әуежайының 7 жарым миллионыншы жолаушысы KC853 рейсімен Алматы-Астана бағытымен ұшып келген Сейітқазиевтер отбасы болды.

«Біз Алматыдағы туыстарымызға барып, қонақ болып, үйімізге келе жатырмыз. Бірақ рейстен бізді әуежайдың басшылығының өзі күтіп алып, ерекше қонақ боламыз деп мүлде ойлаған жоқпыз. Қазірдің өзінде таңданысымызды жасыра алмай тұрмын. Мұның бәрі ұлым Мансұрдың несібесі шығар деп ойлаймын. Осылай жылы қарсы алғандарыңыз үшін мың рахмет!», - деді Сейітқазиевтер отбасының отағасы Бауыржан.

«Астана халықаралық әуежайы жылдан жылға әлемдік авиациялық қоғамдастықта өзінің танымалдығы мен маңыздылығын дәлелдеп келе жатыр. 2023 жылы Астана халықаралық әуежайынан Әзірбайжан әуекомпаниялары, RedSea, AirCairo, MaviGok әуекомпаниялары тұрақты рейстер орындай бастады. Бүгін әуежайымыздың тарихында жаңа рекорд орнады. Былтыр 6 миллион жолаушы қабылдасақ, биыл көрсеткіш 25 пайызға артып, елорда әуежайы 7 жарым миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетіп жатыр», - деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының» Басқарама Төрағасы Ерғазы Жолдасов.

Қарашада Астана халықаралық әуежайы Terminals Holding компаниясымен бірлескен жұмысты бастады. Инвестор елорда әуежайындағы ұшу қону жолағын күрделі жөндеуден өткізуді және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруды жоспарлап отыр. Нәтижесінде жолаушылар ағынын 2 есе көбейтіп, 14 миллионға жеткізу көзделуде.

Астана әуежайынан тәуліген орта есеппен 200-ден аса рейс орындалады. 11 айдың көрсеткіші бойынша жыл басынан 30 мың рейс орындалған.
 
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
 
#NQZ
Рекорд: аэропорт Астаны встретил 7,5-миллионного пассажира
 
Астана, 25 декабря 2023 г. – Сегодня Международный аэропорт Астаны обслужил 7,5-миллионного пассажира. Это рекорд для аэропорта Астаны. 7,5-миллионным пассажиром столичного аэропорта стала семья Сейтказиевых, вылетевшая рейсом КС853 из Алматы в Астану.

«Мы были в гостях у родственников в Алматы и возвращаемся домой. Но мы не думали, что окажемся особыми гостями и нас лично встретит руководство аэропорта. Я даже сейчас не могу скрыть нашего удивления. Я думаю, что все это наследие моего сына Мансура. Спасибо большое за такой теплый прием!», - сказал глава семьи Сейтказиевых Бауыржан.

«Международный аэропорт Астана из года в год доказывает свою популярность и значимость в мировом авиационном сообществе. В 2023 году авиакомпании Азербайджанские авиалинии, RedSea, AirCairo, MaviGok начали выполнять регулярные рейсы из международного аэропорта Астаны.

Сегодня в истории нашего аэропорта установлен новый рекорд. Если в прошлом году мы приняли 6 миллионов пассажиров, то в этом году показатель увеличился на 25 процентов, тем самым столичный аэропорт обслуживает 7,5 миллиона пассажиров", - поделился председатель правления «Международного аэропорта Нурсултан Назарбаев» Ергазы Жолдасов.

В ноябре Международный аэропорт Астана начал совместную работу с холдингом «Терминалы». Инвестор планирует отремонтировать взлетно-посадочную полосу в столичном аэропорту и улучшить качество обслуживания пассажиров. В результате планируется удвоить количество пассажиров до 14 миллионов. В среднем из аэропорта Астаны ежедневно выполняется более 200 рейсов.
По показателю за 11 месяцев с начала года выполнено 30 тысяч рейсов.
 
Пресс-служба Международного аэропорта Нурсултан Назарбаев

#NQZ
26.12.2023 года в 10:50 часов по времени города Астана в терминале внутренних вылетов сработал датчик автоматизированной пожарной сигнализации в транзитной гостинице в помещении комнаты отдыха. Причина сработки - некорректная работа пожарного датчика. Согласно алгоритму работы СПАСОП до выяснения причин сработки пожарной сигнализации, систему оповещения нельзя отключать.
После выяснения отсутствия угрозы был произведен сброс системы оповещения, активированный датчик произвели замену, в данный момент система работает в штатном режиме.
Подтверждаем отсутствие задымленности и возгарания, СПАСОП приступил к проверке всех пожарных датчиков во избежание подобных случаев. Приносим извинения за доставленные неудобства.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Turkish Airlines әуекомпаниясы жаңа жыл қарсаңында әуежай қызметкерлеріне Түркияға билеттер сыйлады. Әуекомпания өкілдері жолаушыларға тамаша қызмет көрсетудегі адалдықтары мен күш-жігерлері үшін қызметкерлерге алғыс білдірді.

Turkish Airlines жолаушыларға қызмет көрсету саласында үнемі жоғары деңгейге жетуге және стандарттарды арттыруға ұмтылады. Әрі Turkish Airlines Астана әуежайының басты және маңызды серіктестерінің бірі.

Әуетасымалдаушы биыл Астана-Стамбул бағыты бойынша-479, Астана-Анталья бағытына - 162, Астана-Бодрум бағытына-12, Астана-Анкара бойынша-102 рейс орындады. Әлемдік аренадағы көшбасшы әуекомпаниялардың бірі болып табылатын Turkish Airlines тек осы жылдың өзінде екі ел арасында 113 мәрте жүк рейсін орындады.

#NQZ
​​Қазанама

Қазақстанның авиация саласы бүгін қара жамылды. ҚР Құрметті авиаторы, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ жобалық топ менеджері Сыртланов Галей Валейұлы мезгілсіз өмірден өтті.

Сыртланов Галей Валейұлы қызмет жолын 1990 жылы Балқаш әуежайынан бастады. 1997-1999 жылдар аралығында Балқаш қаласының әуежайында басшының міндетін атқарушы, басшының орынбасары қызметтерін атқарды.

1999-2013 жылдары аралығында Азаматтық авиация комитетінде өндіріс пен техникалық нормаларды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметінен бастап, авиациялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарды.

2019-2021 жылдар аралығында Қостанай қаласының халықаралық әуежайына жетекшілік етті.

Сыртланов Галей Валейұлы 2021 жылдан бері «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-да орнитология бөлімінің жетекші маманы, жобалық топтың менеджері болып қызмет етті.

Галей Валейұлы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы авиацияның және авиациялық қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан маман.

Әріптесіміздің мезгілсіз өмірден озуына байланысты Астана халықаралық әуежайының ұжымы атынан отбасына, жақындарына, туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.