Он жетінші нөмір
684 subscribers
92 photos
3 videos
Көркем талдау

Жарнама: @grafz0r
Download Telegram
Роналду мен Месси бір-біріне қарсы барлығы отыз алты матч өткізген. Криштиану командалары 11 рет жеңіске жетсе, 9 кездесу тең аяқталған, ал Мессидің командалары 16 рет басым түскен. Соңғы рет олар бес жыл бұрын кездескен, ол кезде «Ювентус» «Барселонаны» 3:0 есебімен тас-талқан етіп жеңіп, Роналду дубль авторы атанған.

Бұл 36 кездесуде Мессидің еншісінде 22 гол бар, ал Криштианудың үлесінде – 21 гол. Ассист бойынша есеп Леоның пайдасына – 12:1
🕊2🐳2
Мәссаған! Бар болғаны төрт клуб қана «Реалдан» өзара кездесулерде көбірек жеңіске жеткен екен. Мұнда «Реалмен» кем дегенде төрт рет кездескен командалар ғана есепке алынған:

• «Арсенал» – «Реал»: жеңістер бойынша 3:0
• «Милан» – «Реал»: 7:6
• «Челси» – «Реал»: 4:3
• ЦСКА – «Реал»: 2:1

«Спартак» пен «Лионмен» есеп тең – 3:3, ПСЖ-мен 5:5, «Бавариямен» 12:12. Ал «Барселонамен» «Реалдың» аздаған басымдығы бар – 107:104.


***

Әрбір ірі клубтың өз «криптониті» бар. «Бавария» үшін ол – «Милан» (1:6), «Барселона» үшін – «Бавария» (3:11), ал «Ювентус» үшін бұл тіпті «Бенфика» (1:7).
🐳4🕊2
Докудың қорғаушылардан өтіп кететін таңғажайып қабілеті бар. Тіпті олар екеулеп қорғансада. Секундтардың маңызды сәттерінде ол қарсыласқа көрінбейтін болып кетеді. Экраннан оның қалай өтіп жатқанын көру мүмкін емес, көзге көрінбес, ұстасаң сезілмес, камуи, Тоби секілді жоғалып кетеді. Бүгін ол «Ливерпульді» түгелдей жұлып өтті.
🕊4🐳1
Маусым бойынша жазып жүрген жазбаларымды қарап отырып, мынадай қызықты байқадым: «МЮ» матчтарды жақсы бастайды, бірақ 60-минуттан кейін бәсеңдейді. Әсіресе есепте алда тұрса – соған қанағаттанып, тағы бір гол соғуға тырыспайды, керісінше қорғанысқа шегінеді. Екінші таймдағы футболшылар алмасуы ойынды жақсартудан гөрі жиі нашарлатады».

Ал сандар бұл ойды нақты дәлелдеп тұр. Биылғы маусымда «МЮ» бірінші таймдарда 22 ұпай жинаған, голдар айырмасы – 11:4. Ал екінші таймдарда бар болғаны 6 ұпай және голдар айырмасы – 8:14. Абсурд, әдейі ойлап тапқандай. Бірінші таймда «Юнайтед» – АПЛ көшбасшылары деңгейіндегі команда, ал екінші таймда – ұшып қету аймағындағы ұжым секілді.
🕊1🐳1
Маусымның басындағы ең нәтижелі ойыншылар (тек клубтық деңгей, барлық турнирлер бойынша):

🏴 Кейн – 26 (23 гол + 3 пас)
🇳🇴 Холанд – 20 (19 + 1)
🇫🇷 Мбаппе – 20 (18 + 2)
🇨🇴 Луис Диас – 16 (11 + 5)
🏴 Рэшфорд – 15 (6 + 9)
🇫🇷 Олисе – 14 (7 + 7)
🇦🇷 Хулиан Альварес – 13 (9 + 4)
🏴 Гринвуд – 13 (9 + 4)
🇪🇸 Ямаль – 12 (6 + 6)

Бес басты чемпионаттан тыс лигаларда:

🇨🇭 Шакири – 19 (10 гол + 9 пас)
🇦🇲 Сперцян – 18 (7 + 11)
🇷🇺 Батраков – 17 (13 + 4)
🇬🇷 Павлидис – 17 (14 + 3)
🇬🇷 Цолис – 17 (8 + 9)
🇷🇺 Глушенков – 16 (9 + 7)
🇲🇦 Эль-Каруани – 16 (3 + 13)
🇨🇮 Бедья – 16 (13 + 3)
🕊2🐳2
Өзіңізді алдауға жол бермеңіз. Қанша мақтаса да — фильмді, кітапты, әншіні, команданы, не ойыншыны — өзіңіз сезінбейінше сенбеңіз. Өнерде объективтілік деген ұғым жоқ, жалпы «объективтілік» – ойдан шығарылған нәрсе. Бәрі жеке, бәрі адамға байланысты. Әсіресе өнер мен футболда.

Жасыл алаң көзге жылылық сыйлап, жайлылық сыйлайды. Қою көк аспан. Прожекторлардың жылы жарығы. Міне, нағыз сиқыр осы. Экран арқылы болса да, біз ойынды ноталарды естіген музыканттардай сезе аламыз. Матчтың иісін, рухын түйсініп, интуициямен соның ішінде жүргендей боламыз – тыңдарман симфонияға сіңіп кеткендей.

Себебі футбол – жай ғана 11 ойыншының басқа 11 ойыншыға қарсы тұруы емес. Бұл – әртүрлі тағдыр мен мінезге ие жиырма екі адамның кездесуі. Ақыр соңында – бұл жиырма екі жанның тоғысуы.

Және әр ойыншы, иә, әрқайсысы матч кезінде бір сәт болса да футболдан тыс нәрсені ойлайды. Әйелі мен баласын, ата-анасын, балалық шағын, кешкі асты, көлігін немесе бір фильмдегі дәйексөзді есіне алады. Әрқайсысы өзіне тән біртүрлі, өзіне тән жалқау. Әрқайсысы ішінен сезеді: жалқау талант болу – еңбекқор бейбақ болудан әлдеқайда жағымды. Бірақ бәрібір еңбектенеді, бәрібір жалқауланады.

Осы жиырма екі жан жеңіске ұмтылған би іспетті бірігіп, өзара байланысып кетеді. Олар бір-бірімен көзге көрінбейтін рухани жіптер арқылы жалғанады. Тек жаттықтырушының нұсқауларымен ғана емес, тактикалық жоспарлармен ғана емес. Өйткені: «Ақиқат жеке адамның басында туындамайды және туындауы мүмкін емес. Ол адамдардың бірлесіп, диалог арқылы іздеген процесінде туады».

Сондықтан футболшы – біліммен толтыруға тиіс ыдыс емес. Ол – тұтанатын шам, жанатын факел. Ол алаңға ерлік жасау үшін шығады. Ал біз матчты көру үшін ғана емес — оны тыңдау, сезіну және соның ішінде еріп кету үшін қосамыз.
🐳4🕊3
Месси футбол тарихында алғашқы болып 400 нәтижелі пас берген ойыншы атанды.

🇦🇷 Месси – ресми матчтарда: 400 ассист
🇭🇺🇪🇦 Пушкаш – 354
🇳🇱 Кройф – 353
🇧🇷 Пеле – 319
🇧🇪 Де Брюйне – 316
🇦🇷 Ди Мария – 313
🇷🇸 Тадич – 311
🇵🇹 Роналду – 304
🇳🇱 Ленстра – 290
🇧🇷 Неймар – 286
🇵🇹 Фигу – 283
🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿 Гиггз – 280
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Бекхэм – 279

Қазіргі таңда бұл көрсеткішті қайталай алатын ойыншы көрінбейді. Де Брюйне 400 ассистке жетпейді, ол сонша ұзақ ойнамайды. Қарқыны жақсы жалғыз ойыншы – Ямаль: ол әр 199 минут сайын нәтижелі пас береді. Бірақ 400 ассистке жету үшін ол осы деңгейде тағы он бес маусымдай ойнауы керек. Қазір оның қоржынында небәрі 52 ассист бар.
🕊2🐳2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Рене Игита, жігіттер. Фестивальді қақпашы. Әсіресе қақпашылар арасындағы ең көп алдап өту (обводка) жасаған тарихи лидер деуге болады.

Біз FIFА-да қақпашымен не істейтінбіз? Жарты команданы алдап өтіп, қарсылас алаңына дейін барып ойнайтынбыз ғой — ол мұның бәрін бізден бұрын, өмірде жасап жүрді.

Аулада «мен тұрайын қақпаға» деп алып, сонда тұра алмайтын үлкендеу ағамыз сияқты.
43 голдың авторы әрі тарихтағы ең әдемі сейвтің иесі.
🕊2🐳1
XXI ғасырда тек төрт ойыншы барлық минуттарда — бірінші минуттан 90-шы минутқа дейін — гол соққан: Роналду, Суарес, Левандовски және Ибрагимович.

Месси бұл тізімге енуі үшін оған бірінші минутта гол соғу керек. Қалған барлық минуттарда Лео гол соққан, бірақ дәл бірінші минутта — ешқашан. Бұл, мүмкін, ойынның басында оның физикалық емес, интеллектуалдық жұмысқа көбірек мән беретіндігімен байланысты шығар. Ол алаңды сканерлейді, жүреді, қарсыластардың орналасуын байқайды. Тек содан кейін ғана толықтай ойынға қосылады.
🕊3🐳3
Еуропаның соңғы 9 маусымдағы соққы–гол арасалмағы бойынша үздік ойыншылары:

🇳🇱 Бас Дост – соққылардың 36%-ы голға айналады
🇳🇴 Холанд – 26%
🇳🇿 Крис Вуд – 25%
🇨🇩 Висса – 25%
🇺🇦 Довбик – 23%
🇳🇴 Сёрлот – 22%
🇫🇷 Бен-Йеддер – 22%
🏴 Джейдон Санчо – 22%
🇺🇾 Кавани – 21%
🇫🇷 Матета – 21%
🇪🇸 Борха Майораль – 21%
🇪🇸 Борха Иглесиас – 21%
🏴 Варди – 20%
🇸🇪 Исак – 20%
🇨🇿 Шик – 20%
🇫🇷 Мбаппе – 20%

Бұл – ең жоғары реализациясы бар шабуылшылар немесе соққы техникасы мықтылар емес.
Бұл – өзін босқа шаршатпайтын, тек сенімді соққы жасайтын, ыңғайлы позицияларды күтетін, авантюраға бармайтын футболшылар.

Бас Дост шын мәнінде ерекше нүкте қояр шабуылшы. Ол допты өте жақын қашықтықтан тепкен (орта есеппен 10,8 метрден) – бұлай ешкімде болмаған. Мысалы, Вуд, Холанд және Сёрлоттың орташа соққы қашықтығы – 12,5 метр.
🕊1🐳1
50 000 теңге ұтыс ойыны!

@nomir17 және @boljamkz аккаунттарына жазылыңыз да, осы посттың астындағы «АЛҒА!» батырмасын бас!

Нәтижелерді 20 желтоқсан күні бот арқылы жариялаймыз — ол 5 жеңімпазды таңдайды.

1-орын – 20 000 ₸
2-орын – 15 000 ₸
3-орын – 8 000 ₸
4-орын – 5 000 ₸
5-орын – 2 000 ₸
🐳12🕊4
Біз Холандтың ойға қонымсыз нәтижелілігіне баяғыда үйреніп қалғанбыз, бірақ биыл ол өз-өзінен де асып түсті. Барлық турнирлердегі 20 матч – 32 гол. Әр 53 минут сайын гол соғады. Бұл қандай керемет қарқын? Мессидің ең үздік жеке маусымында ол әр 72 минут сайын гол соққан.

Жылдам форвардтар көп болды, бірақ Холандтай дәл және сауатты ашылатын ешкім болмаған шығар. Оның кеңістікті сезінуі, таймингтері, інстинкттері – бәрі «99» деңгейіне қойылғандай. Сол себепті ол допқа тимесе де, ойынға үнемі әсер етіп тұрады. Оның жүгірулері, жалпы барлық қозғалысы қорғаныс ойыншыларын қысымға салады.

Кейбіреулер Холанд тек күш пен жылдамдықтың өнімі дейді. Онда неге жүздеген жылдам әрі күшті шабуылшы бар да, дәл сонша голды тек Холанд соғады? Өйткені олардың бойында ондай ептілік пен тепе-теңдік жоқ. Жылдамдықта допты мінсіз тоқтата алмайды. Қарсылас итеріп, құлатуға тырысқанда дәл соққы жасай алмайды. Ал Холандтың денесі сол кедергілерді сіңіріп алады да, олар жоқ сияқты әрекет етеді. Тіпті физиканың заңдарын өзіне бейімдегендей.

Оның нәтижелілігі жоғары, себебі Холанд соққы жасауға барынша шоғырланады. Бүкіл ғаламды сол сәтке тартып алғандай. Тек соққы сәті ғана бар, одан басқа ештеңе жоқ. Барлық күш: когнитивті, физикалық, эмоционалды – соған бағытталған. Сондықтан ол күрделі позициялардан да көп гол соғады.

Тағы бір суперқасиеті – өз әлсіз тұстарын үздіксіз жетілдіруі. Өйткені ол кей аспектілерде шектеулі ойыншы. Соңғы жылдары прессингін айтарлықтай жақсартты. Комбинациялық ойында серіктестерімен әлдеқайда шебер әрекет етеді. Оң аяғын күшейтті, бұрын ол мүлдем әлсіз болатын. Баспен ойнауын жақсартты.

Бұл өте маңызды: Холанд өз шектеулерін мойындайды. Адам тек өз кемшілігін қабылдағанда ғана оны түзете алады. Холанд дамып келеді, сол себепті қазір осындай ғаламат гол соғу қарқынын ұстап тұр. Сонымен бірге кемшілігін түсіну оған өзіндегі ең мықты қасиеттерді күшін шашыратпай дамытып, одан да әрі шоғырлануға көмектеседі.
🕊4🐳1
«Челси» Араухо аластатылғанға дейін-ақ «Барсаны» қыспаққа алды. Педрисіз оларда мүлде бақылау болған жоқ. Жіңішке, нәзік каталондықтарды қорқытып, жаншып тастады. Жалғыз мықты да батыл ойыншысы – ақымақ. Оның ақымақтығы оны алаңнан қуды. Оған қоса, Кунде де жалқау.

Кукурелья Ямалды «жеп қойды», әлемдегі ең үздік сол жақ қорғаушы деңгейінде ойнады. Энцо мен Кайседо алаңның жартысын жұтып жіберді. Эстевао — керемет. Ол мен Ямал бір жаста, және бұл — шын мәнінде үлкен бәсекелес.

Бұған дейін «Барселона» 11 ай бойы, қатарынан 54 матчта гол соғып келген
🕊4🐳2
Слоттың ісі жүрмей қалғанын бәрі байқап отыр
Ойыншылармен байланыс үзілген, олардың көпшілігі сенімсіз ойнайды. Командалық рух жоғалған.

Соңғы он жылда алғаш рет «Ливерпуль» нақты бір объективті себепсіз-ақ дағдарысқа түсті. Клопп кезінде мұндай болмаған еді. Қазір Брендан Роджерс кезіндегі үмітсіз көңіл-күй қайта оралғандай.

Слоттың басты мәселелерінің бірі – ол радикалды шешімдер қабылдаудан бас тартады. Ойыншылардың беделіне қатты мән береді және олармен қарым-қатынасын жоғалтудан қорқатындай көрінеді. Тактика мен құрамда түбегейлі өзгерістер қажет екенін бәрі көріп отыр, бірақ Слот өзін жеңіп, мысалы, Салахты негізгі құрамнан алып тастай да алмайды.

Ал мұндай кезеңде ешқандай авторитет болмауы керек. Бұны Клопп ерекше сезінетін – ол академия ойыншысын маңызды матчқа шығарып, құрамға: «ауыстырылмайтын ешкім жоқ» екенін көрсететін. Мотивациясы төмен ойыншыларды оятатын. Әлсіреген командаға сенімділік беріп, тек соның негізінде матчты алып шығатын. Ал Слот бұны жасай алмай отыр.

Соңғы 12 ойында – 9 ұпай. Соңғы матчтарда голдар есебі – 1:10. Нәтижелер өте мүшкіл, бірақ ойын соншалықты нашар емес. Жағдайды түзетуге болады. Слот әлі де тамаша бапкер және ақыл тұрғысынан ол жұмысын жалғастыруы тиіс. Бірақ эмоциялық фон қазір бәрінен қуаттырақ: сол себепті «Ливерпуль» жеңіліп жүр. Және Слот бұл жағдайды өзгерте алады деген сезім жоқ.
🕊1🐳1
«Арсенал» төртінші маусым қатарынан тұрақты түрде жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеді, дағдарыстық кезеңдер барынша аз. Бұл – өте маңызды нәтиже. 2022/23 маусымынан бастап команда орта есеппен бір ойында 2,15 ұпай жинауда – бұл элиталық дерлік, чемпиондық көрсеткіш.

Бірақ биылғы маусым ерекше көзге түседі. Команда матчтарда бір сәтке де бақылауды жібермейді. Ойын толықтай олардың диктовкасымен өтеді. Маусымның алғашқы төрт айындағы қорғаныс деңгейі – клуб тарихындағы ең үздіктердің бірі. Холанд соққан гол – қарсыластар олардың қорғанысын бұза алған жалғыз жағдай болды.

Артетаның стилінде әрдайым бір мәселе бар еді – терең қорғанатын командаларға қарсы ойындағы қиналыс. Барлығы тым роботталған, эмоция аз, шығармашылық жетіспейді. Эзе бұл мәселені өзгертті. Оның ойынындағы ең басты артықшылық – тығыз қорғаныс шебін бұзу шеберлігі. Оның алаңда болуы, әсіресе орталықтағы дұрыс позициясы, «Арсеналдың» маусымдағы табысы үшін шешуші фактор болмақ.
Дегенмен, Эзесіз де мұндай қорғаныс болса, Англияда чемпиондықты қолдан жіберу қиын.
🕊3🐳1
«Бавария» маусымды өте мықты бастады. «ПСЖ»-мен ойынға дейін әлемдегі ең үздік команда болды. Бірақ бір айқын кемшілігі бар – құрамның тереңдігі жеткіліксіз. Сондықтан Парижден кейін құлдырау басталды.

«Арсеналмен» алғашқы тайм лайықты өтті, ал екінші таймда бәрі күйреді. Бұл жерде «Арсеналдың» да еңбегі зор. Әсіресе басшылықтың – олар екінші құрамды негізгімен бірдей мықты қылып қалыптастыра алды. Бұл құлдыраулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Компаниға сәл сын айтуға болады – екінші таймда прессинг жоғалған кезде тым жоғары қорғаныс сызығын қасарысып ұстауы ақталмады. Фликте де дәл осындай проблема бар. Екеуі де түзетулер енгізе алады, команданы тыныштандыра алады, бірақ ерекше күндері ғана, сирек.

Киммихтың пасы керемет болды. Райс – матчтың үздік ойыншысы. «Баварияны» екінші сынып оқушысы әліппені оқығандай оқып шықты.
🕊4🐳3
Маресканың «Челсиы» кез келген қарсыласын жеңе алатын команда. Оның әлеуеті – әлемдегі үздіктер деңгейі. Бірақ «еденге тиіп қалатын» сәттері де жиі болады – АПЛ-дың ортаңқол клубы деңгейіне түсіп кетеді.

Күшті, бірақ әлі де толық пісіп-жетілмеген команда. Мысалы, матч ортасында болатын жиі қызыл карточкалар командаға кедергі келтіреді. Құрамы жас; көшбасшылар тобының көпшілігі – 25 жасқа дейінгі футболшылар. Сол себепті эмоциялық тұрақсыздық та байқалады.

Осындай хаотикалық жағдайда Маресканың осындай қуатты команда құрып шығаруы – қалыптан тыс құбылыс. Чемпиондық үшін әлі ерте, өйткені АПЛ-да ұзақ қашықтықтағы тұрақтылық шешеді. Бірақ Чемпиондар Лигасында олар алысқа баруы әбден мүмкін.
🕊6🐳2
Футбол тарихындағы ең титулды ойыншылар:

🇦🇷 Месси – ресми турнирлерде 45 трофей
🇧🇷 Дани Алвес – 42
🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Кенни Далглиш – 39
🇦🇹 Алаба – 39
🇪🇸 Иньеста – 38
🇧🇷 Маркиньос – 38
🇪🇸 Бускетс – 37
🇫🇷 Бензема – 37
🇧🇷 Максвелл – 37
🇪🇸 Пике – 37
🇵🇹 Роналду – 36
🇦🇷 Ди Мария – 36
🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿 Гиггз – 35
🕊5🐳2
Рафиньяның ойынға деген құштарлығына баға жетпейді. Ол әрдайым ойында, әрқашан қозғалыста, бір минутқа да ойыннан жоғалып кетпейді. Ол – «Барсаның» прессингі. Яғни оның жүрегі. «Барселонаға деген махаббатымды білдіру тәсілім – клубтағы әр сәтті соңғы күнімдей жұмыс істеу», – дейді өзі.

Рафиньяның ерекшелігі – әр әрекетінде ұжымдық ниет бар. Бұл шабуылшы үшін өте сирек кездесетін қасиет. Ол серіктестеріне ерекше мұқият, әр қозғалысымен оларды жігерлендіріп, ойын өрнегіне өріп отырады.

Бірақ бәрібір ең үздік – Педри. Ол «Атлетиконың» бүкіл жоспарын быт-шыт қылды. Әрдайым ең дұрыс шешімді біліп, сезіп тұрады. Кеше тіпті серіктестеріне қайда пас беру керегін өзі көрсетіп жүрді. Әсері – ғаламат. Ол алаңнан кеткен сәтте «Барса» бірден ортаңқол командаға айналып кетті.
🕊7
Вирусты факт: Холанд 28 айда бірінші рет АПЛ-дің сырт алаңдағы матчында офсайдқа түсті. Ол офсайдтарды жек көреді және бала кезінен-ақ оған түсіп қалмау үшін жұмыс істеп келеді. Соның арқасында да нәтижесі тамаша.

Белгілі шабуылшылардың қаншалықты жиі офсайдқа түсетінін есептеп көрдім (соңғы 9 маусым, тек ішкі лигаларда):

🇵🇹 Роналду – әр 68 минут сайын офсайд
🇫🇷 Мбаппе – 83
🇧🇪 Лукаку – 117
🇵🇱 Левандовски – 118
🏴 Кейн – 135
🇪🇬 Салах – 153
🇸🇪 Исак – 153
🇧🇷 Винисиус – 156
🇦🇷 Лаутаро – 164
🇸🇪 Дьёкереш – 208
🇧🇷 Мартинелли – 277
🇦🇷 Месси – 278
🇳🇴 Холанд – 316
🇦🇷 Хулиан Альварес – 336

Мессидің мұндай орында болуы таңқаларлық емес – ол қарсылас қорғанысының сызығында сирек доп алады, өйткені ол тереңірек ойнайтын футболшы. Ал Хулиан Альварес, Холанд және Мартинелли – нағыз ерекше ойыншылар

Әсіресе Холанд. Оның ойынының басым бөлігі қорғаушылардың сыртына шығатын ашылуларға, офсайд сызығы бойындағы қозғалысқа негізделген. Мұндай сұрмергендердің орташа көрсеткіші – матчына бір офсайд. Сондықтан Мбаппе, Лукаку немесе Левандовски «әлсіз» емес, жай ғана қарапайым шабуылшылар.

Ал Холандта – үш жарым матчта бір офсайд. Бұл жерде оның керемет тайминг сезімі, әр ашылудың дәлдігі және тіпті бейтаныс құбылысқа жақын интуициясы бар.
🐳5🕊2
Салахтың эгоизмі – оның табиғатының маңызды бөлігі, ол оны ұлылыққа жеткізді және осы жылдар бойы «Ливерпульге» орасан зор пайда әкелді. Ал үш матч бойы қосалқы құрамда отырудан туған ішкі эго-ауырсыну – сол қасиеттің кері жағы.

Салахтың тұлғалық типі Роналдумен бірдей: өз-өзіне шексіз сенім, жанкешті еңбекқорлық, ойынның әр сәтін футболға арнау. Мұның бәрі өзіне шоғырлануды, алдымен өзінің ойынын ойлауды тудырады. Сондай-ақ орташа талантпен-ақ қалай ұлы ойыншы болуға болатынын көрсететін ерекше тарихты қалыптастырады.

Олар үшін футболдан, дәлірек айтқанда, футболдағы өз ойынынан маңызды ештеңе жоқ. Сол себепті алаңға шықпай қалғанда, олар өмір сүріп келе жатқан ең басты мән-мағынасы құлайды. Осындай әуестік пен өзіне деген мызғымас сенім болмаса, олар бүгінгі деңгейіне жетпес еді.

Салах «Африканың үздік ойыншысы» марапатының рәсіміне бармады, «Алтын доп» церемониясын да елемеді. Себебі онда оны ең үздік деп танымайтынын білді. Салах үшін өзі үздік емес әлемдер – мәнсіз әлемдер.

Мұндай адамдар команда үшін трофейлер әкеледі, серіктестерін жаңа деңгейге шығарады – егер өздері бабында болып, команда да сәттілік жолында болса. Ал пайдасы азайып, алаңға шығармай қойғанда, олар атмосфераны улай бастайды.
🐳6🕊5