NMU_STUDENTS
771 subscribers
30 photos
3 videos
10 files
12 links
Нұр-Мүбарак университетінің студенттеріне арналған ақпараттық канал.
---
Информационный канал для студентов Университета Нур-Мубарак.
--
Information channel for students of Nur-Mubarak University.
Download Telegram
Құрметті студенттер!
Қасиетті Қадір кеші мүбәрак болсын! Алла Тағала ұстаған оразаларыңызды, жасаған құлшылық-ғибадаттарыңызды қабыл еткей!

Алла Тағала Құранда: «Біз шынында, Құранды Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні (қасиет және сауап жағынан) мың айдан да қайырлы. Сол түнде періштілер және Жәбірейіл Алланың әмірімен (жер бетіне Алла тағдыр еткен) барлық істерді атқару үшін түседі. Сол бір түн, ағарып таң атқанға дейін амандық-тыныштық түні болады» («Қадір» сүресі, 1-5-аяттар) деп баяндайды.
Құрметті студенттер!
Ораза айт мерекесіне байланысты 10 сәуір күні демалыс беріледі.
11 сәуір күні сабақ болады және сол күннен бастап 50 минуттық сабақ кестесі бойынша сабақ оқытылады.
🔘 Құрметті студенттер!!

♦️ Ораза айт мерекесіндегі игі істер - исламның қайырымдылық пен мейірімділіктің, өзара көмек пен жанашырлықтың, ғылым мен өркениеттің діні екенін айшықтай түседі. 🌙
🤲 Қасиетті мейрам күндері отбасыңызға амандық пен бақ-береке, Өзіңізге қайырлы білім тілейміз!

🖌️ Академиялық мәселелер департаменті.
🟠 2023-2024 оқу жылының жазғы семестрі:
♦️ 30 кредитке дейін академиялық қарызы бар студенттер өтініш бере алады.
▫️ Өтініш беру уақыты: 27.05-04.06.2024 ж.
▫️Жазғы семестр оқу уақыты: 10.06-20.07.2024 ж.

🔴 Ескерту:
Білім алушы келесі жағдайда келесі курсқа көшірілмейді:
🔸 1 немесе одан да көп пәннен құлап, соны жазғы семестрде оқымаған студенттер;
🔸 30 кредит қарызы бар студенттер (жазғы семестрге қала алмайды);
🔸 Студенттер мен магистранттар келесі оқу жылына академиялық қарызбен өте алмайды.