NMU_STUDENTS
772 subscribers
30 photos
3 videos
10 files
12 links
Нұр-Мүбарак университетінің студенттеріне арналған ақпараттық канал.
---
Информационный канал для студентов Университета Нур-Мубарак.
--
Information channel for students of Nur-Mubarak University.
Download Telegram
🔆 Барлық білім алушыларымызды Қысқы сессиясын сәтті аяқтауымен құттықтаймыз!
❗️Екінші оқу семестрі 2024 жылы 22 қаңтарда басталады!!!
🟢 Қысқы демалыстарыңыздың көңілді, нәтижелі болуына тілектеспіз!
Эльвира приглашает вас на запланированную конференцию: Zoom.

Тема: Қызылша жұқпасын алдын алу шаралары, екпенің маңыздылығы
Время: 29 февр. 2024 11:00 AM Алматы

Войти Zoom Конференция
https://us04web.zoom.us/j/72525972928?pwd=dvDUSdSQbogAShr3MmXBJnhIb4jPms.1

Идентификатор конференции: 725 2597 2928
Код доступа: 9Exd2v
Қатысуларыңызды сұраймыз.
🌙Күллі ислам әлемі асыға күтетін Рамазан айы келді!

🌹Исі мұсылман бұл айда бес парызының бірі - ораза ұстап, тіпті мүмкіндігі барлар зекетін беріп, ауыз аштырып, тігінен-тік тұрып тарауих намазын оқып, Құран хатымын жасап, пітір садақасын берумен жүректерін нұрға шомылдырып, мүмкіндігі рухани мәре-сәре болады. Себебі бұл Он сегіз мың ғаламның Жаратушысы - Алла Тағаланың пенделеріне мұстақим тура жолға бастаушы қасиетті Құран Кәрімнің алғашқы мүбәрәк аяттары түсе бастаған, сексен үш жыл төрт айға тең келетін Қадір түні бар, сондай-ақ тілек-баталар қабыл болатын қасиетті Рамазан айы.

Рамазан - мейірім мен игілік, береке, кешірім, қайырымдылық еселенетін ай. Хадисте: «Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істелген күнәлары кешіріледі»,- деген.

🔰«Расулулла (с.ғ.с.): «Қиямет күні Алла Тағала жолына екі нәрсені жұмсаған адамды жәннаттың бір есігінен: «Ей, Алланыңқұлы! Бұл – жақсылық», – деп шақырылады. Намаз оқығанды «намаз» есігінен, Алла Тағала жолында соғысқанды «жиһад» есігінен, ораза ұстағандарды «Раййан» есігінен, ал садақа бергендерді «садақа» есігінен шақырады», – деп айтқан уақытта Әбу Бәкір (р.а.): «Бұл есіктерден шақырылғандарға не қам, не қайғы? Алайда осы есіктің барлығынан бірдей шақырылатын пенде бола ма?», – деп сұрады. Расулулла (с.ғ.с.): «Иә, болады. Мен Алла Тағаладан Сізді солардың бірі болуыңызды тілеймін», – деп жауап берді».

Ендеше, бүкіл нығметтер есігі айқара ашылатын, әрбір сәті берекеге толы қасиетті РАМАЗАН, ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!
Құрметті студенттер!
Қасиетті Қадір кеші мүбәрак болсын! Алла Тағала ұстаған оразаларыңызды, жасаған құлшылық-ғибадаттарыңызды қабыл еткей!

Алла Тағала Құранда: «Біз шынында, Құранды Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні (қасиет және сауап жағынан) мың айдан да қайырлы. Сол түнде періштілер және Жәбірейіл Алланың әмірімен (жер бетіне Алла тағдыр еткен) барлық істерді атқару үшін түседі. Сол бір түн, ағарып таң атқанға дейін амандық-тыныштық түні болады» («Қадір» сүресі, 1-5-аяттар) деп баяндайды.
Құрметті студенттер!
Ораза айт мерекесіне байланысты 10 сәуір күні демалыс беріледі.
11 сәуір күні сабақ болады және сол күннен бастап 50 минуттық сабақ кестесі бойынша сабақ оқытылады.
🔘 Құрметті студенттер!!

♦️ Ораза айт мерекесіндегі игі істер - исламның қайырымдылық пен мейірімділіктің, өзара көмек пен жанашырлықтың, ғылым мен өркениеттің діні екенін айшықтай түседі. 🌙
🤲 Қасиетті мейрам күндері отбасыңызға амандық пен бақ-береке, Өзіңізге қайырлы білім тілейміз!

🖌️ Академиялық мәселелер департаменті.
🟠 2023-2024 оқу жылының жазғы семестрі:
♦️ 30 кредитке дейін академиялық қарызы бар студенттер өтініш бере алады.
▫️ Өтініш беру уақыты: 27.05-04.06.2024 ж.
▫️Жазғы семестр оқу уақыты: 10.06-20.07.2024 ж.

🔴 Ескерту:
Білім алушы келесі жағдайда келесі курсқа көшірілмейді:
🔸 1 немесе одан да көп пәннен құлап, соны жазғы семестрде оқымаған студенттер;
🔸 30 кредит қарызы бар студенттер (жазғы семестрге қала алмайды);
🔸 Студенттер мен магистранттар келесі оқу жылына академиялық қарызбен өте алмайды.