NMU_STUDENTS
772 subscribers
30 photos
3 videos
10 files
12 links
Нұр-Мүбарак университетінің студенттеріне арналған ақпараттық канал.
---
Информационный канал для студентов Университета Нур-Мубарак.
--
Information channel for students of Nur-Mubarak University.
Download Telegram
❗️15.05.2023ж. күннен бастап, ІІ оқу семестрінің сессиясы басталады. Сондықтан,
🔴 Кешіккен студент емтиханға кіргізілмейді;
🔷 Емтиханға қатыспаған және емтиханға қатысу парағына қол қоймаған студентке автоматты түрде «0» бағасы қойылады;
🟣 Оқу ақысынан қарызы бар студенттер емтиханға жіберілмейді.
🔴 Емтиханда көшірген студентке аудиторияда АКТ толтырылып, емтиханнан шығарылады.
Құрметті студенттер,
NMU Түркия еліндегі серіктес жоғары оқу орындарында оқуға академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылының күзгі семестріне 2 орынға конкурс жариялайды.

Үздік 2 студентке ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі белгілеген көлемде шығындарын өтейтін грантқа ие болады. Қабылдаушы университетте оқу тегін. Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын бакалавриаттың 1-2 курс студенттері үшін ғана.
Байқау іріктеу жөніндегі комиссиямен ағылшын тілінде интервью форматында өтеді.

Қойылатын талаптар:
• теология , дінтану немесе исламтану БББ бойынша 1-2 курс студенті болу;
• GPA 3.0 төмен емес;
• ағылшын және түрік тілін меңгеру деңгейі – Upper-intermediate (В2) және одан жоғары;
• Қазақстан Республикасының азаматы болу.

Қажетті құжаттар тізімі:
1. Өтініш (үміткердің қолымен және толтырылған күнімен);
2. 3*4 суреті бар сауалнама (үміткердің қолымен және толтырылған күнімен);
3. Мотивациялық хат (үміткердің қолымен және толтырылған күнімен);
4. Офис-тіркеушінің қолы қойылған ағылшын тіліндегі транскрипт
5. Төлқұжат көшірмесі (немесе жеке куәлік);
7. Бар болса: IELTS, TOEFL сертификаттарының және университеттегі белсенді қызметін растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
8.Студенттің көп балалы отбасынан шыққанын растайтын отбасы құрамы туралы құжат (бар болса);
9.Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге ғана)(бар болса);
10. Студенттің мүгедектігін растайтын құжат (бар болса);
Үміткерлерді тең баллмен іріктеу кезінде артықшылық беріледі:
1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар;
2) мүгедектер;
3) көп балалы отбасылардан шыққан студенттер.

Сауалнаманы және өтінішті көшіріп алу үшін ,төмендегі сілтемеге өтіңіз : https://drive.google.com/drive/folders/1bZqHsthMXq5tNlZjtD75JYp6kfxerBYh?usp=sharing

Құжаттарды тапсыру 2023 жылдың 31 мамырына дейін. Құжаттарды бір файлмен pdf форматында nmu.international@gmail.com электрондық поштасына жіберу керек.
Нәтижелер байқау өткізілгеннен кейін 1 аптаға дейінгі мерзімде жарияланады.
Барлық сұрақтар бойынша халықаралық кеңсеге хабарласуыңызды сұраймыз ((nmu.international@gmail.com).
Құрметті студенттер,
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылының күзгі семестріне Түркияда , Қырғызстанда оқу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз !

Қойылатын талаптар:
• 2 курс студенті болу;
• GPA 3.0 төмен емес;
• араб немесе түрік тілін меңгеру деңгейі – Upper-intermediate (В2) және одан жоғары; ( Қырғызстанға бару үшін тілдік талап қосылмайды)

Қажетті құжаттар тізімі:
1. Өтініш (үміткердің қолымен және толтырылған күнімен);
2. Мотивациялық хат (үміткердің қолымен және толтырылған күнімен);
3. Офис-тіркеушінің қолы қойылған ағылшын тіліндегі транскрипт
4. Төлқұжат көшірмесі (немесе жеке куәлік);
5.IELTS, TOEFL сертификаттарының және университеттегі белсенді қызметін растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері ұсынылады.(бар болса)
Құжаттарды тапсыру 2023 жылдың 11 тамызына дейін. Құжаттарды бір файлмен pdf форматында nmu.international@gmail.com электрондық поштасына жіберу керек.
Барлық сұрақтар бойынша халықаралық кеңсеге хабарласуыңызды сұраймыз (nmu.international@gmail.com).
Forwarded from 🔔 EDUCATION
Forwarded from 🔔 EDUCATION
🎓 ҚҰРМЕТТІ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІ

АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ұйымдастыруымен өткелі жатқан университетіміздің аға оқытушысы, араб филологиясы бойынша PhD докторант ШАЯХМЕТОВ Олжас ұстаздың “АРАБ ТІЛІН ТИІМДІ ТӘСІЛМЕН ҮЙРЕН” атты семинарына шақырамыз!

🗓️ Өтетін күні: 28.09.2023 жыл

🕰️ Семинар уақыты: 18:00

📍 Өтетін орны: Нұр-Мүбарак университеті, Әл-Фараби залы
1) 2023-2024 оқу жылының 1 оқу семестрі барлық курстар үшін 30.12.2023ж. күні аяқталады.
2) Барлық оқу деңгейлері мен курстар бойынша ІІ оқу семестрі 22.01.2024ж. күні басталады.
📢 Биылғы оқу жылында Білім алушыларды емтиханға жіберуде төмендегідей өзгерістер бар:
🟠 Бірінші аралық бақылау және екінші аралық бақылау бағаларының қосындысы кем дегенде 100 балды құрауы керек. Бірақ бір аралық бақылаудың минималды көрсеткіші 30 балл. (1 АБ 30 болса, 2 АБ 70 балл болуы керек, 1 АБ 40 балл болса, 2 АБ 60 балл; 1 АБ 50 балл болса, 2 АБ 50 балл болуы тиіс).
🟢 Егер екі Аралық бақылаудың біреуінің баллы 30-дан кем болса, емтихан тапсыруға рұқсат Platonus жүйесінде автоматты түрде жабылады.
🟣 Емтиханға кірудің ең төменгі көрсеткіштері:
-Орташа ағымдық баға – 50;
-Аралық бақылаулар қосындысы – 100;
-Рейтинг – 50.
🟡 Пәннің қорытынды бағасы шығу үшін білім алушы емтиханнан кемінде 50 балл алуы керек. Емтиханнан 25-49 балл (ҒХ) алған болса, емтиханды қайта 1 рет тапсыруға мүмкіндік беріледі.
🔴 Грантта оқитын білім алушылар шәкіртақысынан айырылмау үшін әрбір пәннің қорытынды бағасы кемінде 70 балл болу керек.
📢 В текущем учебном году изменилось оценивание рубежного контроля.
🟠 Суммарная оценка первого и второго рубежных контролей должна быть минимум 100 баллов. А абсолютный минимум на одном из РК 30 балл! К примеру 30-70, 40-60, 50-50.
🟢 При получении менее 30 балла на одном из РК система Platonus автоматический закроет допуск на экзамен.
🟣 Минимальные показатели для допуска на экзамен:
- Средний текущий – 50 балл;
- Минимальная суммарная рубежных контролей – 100 балл;
- Рейтинг – 50 балл.
🟡 Для выхода итоговой оценки дисциплины оценка экзамена должна быть не менее 50 баллов, при получении от 25 до 50 баллов будет дана возможность пересдать экзамена 1 раз.
🔴 Для обладателей ГРАНТА, чтобы далее получать стипендию минимальный балл итоговой оценки по всем дисциплинам должна привышать 70 баллов!
♦️ Құрметті студент!
📣 Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келесі көктемгі семестрге студенттер тіркеу басталғанын хабарлаймыз! 🎉🎉🎉
🔸 Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін сіз 2 немесе 3 курс студенті болуыңыз шарт.
🔹 GPA баллыңыз 3.0 немесе одан жоғары болуы тиісті және түрікше,арабша немесе ағылшынша B2 деңгейінен төмен емес.
🔹 Өтініш беру үшін төмендегі сауалнаманы 24.11.2023 дейін толтыруыңызды сұраймыз:
https://forms.gle/hxgVfUkyNCvazhLr9
🔷 Сұрақтарыңыз болса: nmu.international@gmail.com
🔆 Барлық білім алушыларымызды Қысқы сессиясын сәтті аяқтауымен құттықтаймыз!
❗️Екінші оқу семестрі 2024 жылы 22 қаңтарда басталады!!!
🟢 Қысқы демалыстарыңыздың көңілді, нәтижелі болуына тілектеспіз!
Эльвира приглашает вас на запланированную конференцию: Zoom.

Тема: Қызылша жұқпасын алдын алу шаралары, екпенің маңыздылығы
Время: 29 февр. 2024 11:00 AM Алматы

Войти Zoom Конференция
https://us04web.zoom.us/j/72525972928?pwd=dvDUSdSQbogAShr3MmXBJnhIb4jPms.1

Идентификатор конференции: 725 2597 2928
Код доступа: 9Exd2v
Қатысуларыңызды сұраймыз.
🌙Күллі ислам әлемі асыға күтетін Рамазан айы келді!

🌹Исі мұсылман бұл айда бес парызының бірі - ораза ұстап, тіпті мүмкіндігі барлар зекетін беріп, ауыз аштырып, тігінен-тік тұрып тарауих намазын оқып, Құран хатымын жасап, пітір садақасын берумен жүректерін нұрға шомылдырып, мүмкіндігі рухани мәре-сәре болады. Себебі бұл Он сегіз мың ғаламның Жаратушысы - Алла Тағаланың пенделеріне мұстақим тура жолға бастаушы қасиетті Құран Кәрімнің алғашқы мүбәрәк аяттары түсе бастаған, сексен үш жыл төрт айға тең келетін Қадір түні бар, сондай-ақ тілек-баталар қабыл болатын қасиетті Рамазан айы.

Рамазан - мейірім мен игілік, береке, кешірім, қайырымдылық еселенетін ай. Хадисте: «Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істелген күнәлары кешіріледі»,- деген.

🔰«Расулулла (с.ғ.с.): «Қиямет күні Алла Тағала жолына екі нәрсені жұмсаған адамды жәннаттың бір есігінен: «Ей, Алланыңқұлы! Бұл – жақсылық», – деп шақырылады. Намаз оқығанды «намаз» есігінен, Алла Тағала жолында соғысқанды «жиһад» есігінен, ораза ұстағандарды «Раййан» есігінен, ал садақа бергендерді «садақа» есігінен шақырады», – деп айтқан уақытта Әбу Бәкір (р.а.): «Бұл есіктерден шақырылғандарға не қам, не қайғы? Алайда осы есіктің барлығынан бірдей шақырылатын пенде бола ма?», – деп сұрады. Расулулла (с.ғ.с.): «Иә, болады. Мен Алла Тағаладан Сізді солардың бірі болуыңызды тілеймін», – деп жауап берді».

Ендеше, бүкіл нығметтер есігі айқара ашылатын, әрбір сәті берекеге толы қасиетті РАМАЗАН, ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!