365
36 subscribers
17 photos
1 video
2 files
1 link
Әр күн жаңа мүмкіндік
Download Telegram
2/40
🔥61👏1
Сен өзіңнің кім екеніңді айтпа, сенің кім екеніңді іс-әрекетің айтсын!
🔥8
Жаңбырлы күнгі жүгіру
3/40
🔥6👏1
4/40
Ұлы адамдардың бірі ретінде өзім үлгі тұтатын «Хонда» корпорациясының құрушысы Соитиро Хонданың өмір жолына назар аударсаңыз деймін. Ол 1938 жылы Хонда поршенді дөңгелек құрастырып, оны «Тойота» корпорациясына сатуды армандап жүрген жай ғана кедей студент еді. Күндіз сабаққа барса, түнде өз ойлағанын құрастырумен болды. Ол бұл жобаға жинаған ақшасымен қоса жарының алтындарын сатып, біраз ақшасын істі жалғастыруға жұмсауды дұрыс деп табады. Көп жылдық толассыз еңбектің арқасында ол поршенді дөңгелекті құрастырды. Өкінішке орай, «Тойота» компаниясы Хонданың туындысын жарамсыз деп табады. Ол қайтадан оқуын жалғастырады. Ұстаздары, достары тарапынан «Ақымақ арманның иесі» атанып, күлкіге қалады. Кейбіреулер «Мұныңнан түк шықпайды! Сен шын мəнінде ақымақ екенсің!» деп өз пікірлерін дəлелдеп бағады. Сохиро Хондаға бұл оңай соқпайды. Осындай пікірлерден кейін ол өзін əлемдегі ең бақытсыз, бейшара адам деп те ойлайтын. Бірақ ол арманға деген талпынысын, ізденісін тоқтатпайды. Қайта алдағы екі жылда поршенді дөңгелекті өңдеп, құрастырып шығады. Өйткені Хонданың негізгі табыс формуласы болған еді.
Ол:
1. Нені нақты қалайтынын білді.
2. Əрекеттенді.
3. Ол əр қадамын тексерумен болды.
4. Ол өз қалауына жеткенше əрекет методикасын өзгертумен болды.
5. Ол өзіне ешқашан берілмеймін деп сөз берди Нəтижесінде екі жылдан кейін өңделген туындыны «Тойота» сатып алды. Поршенді шығаратын завод салу үшін Хондаға бетон керек болды, өкінішке қарай, ол уақытта Жапония Екінші дүниежүзілік соғысқа дайындалуда еді. Сондықтан бетонды алдырудың ешқандай мүмкіндігі болмады. Оның арманы, жоспары құлдырау алдында тұрды. Соған қарамастан, ол тағы да өз ойлағанынан бас тартпады. Ол завод салуға шешім қабылдады. Ойлағанын жүзеге асыруды ниет еткен Хонда достарын, əріптестерін жинап алып, орын алған қиындықтың шешімін табуға кірісіп кетті. Кез келген еңбектің марапатталатыны белгілі ғой. Аяғында Хонда өз командасымен бетон жасаудың жаңа жолын табады. Сонымен Хонда завод салып, поршенді дөңгелекті кең көлемде таратуға мүмкіндік алды. (Тоса тұрыңыз, оқиға мұнымен бiт кен жоқ!) Соғыс кезінде АҚШ тастаған жарылғыш заттардан заводтың көп бөлігі қирап қалды. Хонда өзінің жеңілгендігін мойындап,
берілудің орнына өз əріптестерін, жұмысшыларын жинап алып, оларға «Тезірек көшеге шығып, самолеттердің артынан аңдыңдар, дəл қазір бізге ішінде жанармайы бар канистрлер аспаннан жауып жатқан жоқ па? Бізге керегі - қай жерге тастайтынын біліп, тауып алу. Өйткені канистрлерде біздің жұмысымызды алға жылжытуға көмектесетін шикізат бар. Берілмеңдер, алға!» деп ұрандады. Жұмысшыларын шабыттандырды. Себебі канистрдегі мұндай өнім Жапонияда мүлдем жоқ еді. Мистер Хонда өмір ұсынған жағдайлардан мүмкіндік іздей білді. Өкінішке орай, Апофеозда болған жер сілкінісі оның заводын жермен-жексен етіп қиратып кетті. Амалсыздан «Хонда поршенді дөңгелек шығару» фабрикасын «Тойотаға» сатуға тура келді. «Алла бір есікті ашпай, бір есікті жаппайды» дегендей, біз де Хонда секілді кез келген қиындықтан өсуге, өрлеуге, өзгеруге мүмкіндік іздей білуіміз керек. Соғыс біткенннен кейін Жапонияның экономикалық жағдайы мүшкіл еді. Жанармай карточкамен беріліп, кей сəтте табылмайтын да. Хонда базарға бару үшін автокөлігіне керекті жанармайды таба алмай біраз қиналды. Бірақ сары уайымға батып, шарасыз күйге түспей, «Қашан мен өз отбасымды баға аламын? Болған жағдайды өзгерту үшін өзімдегі барды қалай пайдалана аламын?» деп өзін шабыттандыратын, ойландыратын сұрақтар қоюмен болды. Нəтижесінде ол өзінде бар кішкентай моторды велосипедіне орналастырып, жұмысына сонымен қатынап жүрді. Осылай болашақ мопедтің үлгісі болған моторлы велосипед өмірге келді. Көп кешікпей Хондадан достары өздеріне де осындай моторлы велосипед жасап беруді өтіне бастады. Оның көп мопед жасағаны соншалық, керек моторды табу қиынға соқты. Сондықтан Хонда велосипедке арналған мотор шығаратын завод ашуды мақсат қылып қойды. Оның қалтасында ойын жүзеге асыруға көк тиын да болмаған еді. Жапония экономикасы соғыстан есеңгірегендіктен, банктерде несие беру мүмкіндігі де болмады.
👍3
«Шығатын жол жоқ» деп берілудің орнына Хонда «істің шешімін табу үшін» деп алға басты. Ойлана келе ол Жапониядағы велосипед сатумен айналысатын дүкендерге хат жазып, хатында өз идеясын дəлелдеп, сонымен қатар істі бастауға алғашқы капитал керек екенін айтты, əріптес болуға шақырды. Хатты алған он сегіз мың адамның ішінен үш мың адам Хонданың идеясын қолдап, істі бастау үшін Хондаға инвестиция құйды. Сөйтіп, ол тауардың бірінші партиясын құрастыруды бастап кетті. Бірақ осыдан кейін де Хондаға табыс табу оңай болған жоқ! Себебі мопедтер үлкен жəне қатты дауыс шығаратын еді. Сондықтан көп адам оны сатып алмады. Мойымастан Хонда өз туындысын өңдеп, өмірге халық сұранысын қанағаттандырған «Жаңа бастаушы» атты мопедті дүнеге əкеледі. Нəтижесінде мопедтің сатылымы жоғары болып, Хонда императорлық премияға ие болады. Көпшілік адам Хонданың жолы болғыш деп ойлайды. Негізінде жолдың болғыштығы да білім мен талпыныстың көрінісі емес пе? Бүгінгі күнде «Хонда» компаниясы - автокөлік шығаруда алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі. Бұл мистер Хонданың табандылығының нəтижесі еді. Ол қиындықтарды ешқашан арманына жету жолындағы кедергі деп бағаламады. Сəтсіздігінен сабақ алып, алға ұмтылды! Есіңізде болсын, сəттілік уақытша болған сəтсіздік пен қиындықтың астында жасырынып жүреді. Сондықтан қиындыққа мойымаңыздар. Өткен өміріңіз болашағыңызға кедергі келтіре алмайды.
👍13
Достарыңмен жүзбе-жүз араласу – халық ауыз əдебиеті;
Достарыңмен фейсбукте араласу – жазба əдебиеті.
Барлық адамдардың комменттерінде ақиқат болады. Бірақ мұның бəрі субъективтік ақиқат деген категорияға келіңкірейді. Ортадағы ойды айту қашан да қиын. Өйткені, нағыз ақиқат сонда жатыр.
Бірақ оны айтуға көп адамның батылы бармайды. Өйткені, ақиқатты айту – барлық уақытта да тиімсіз. Мəселенің бар мəнісі осында. Иə, тобырлық психологиядан ада пікір білдіру қашанда ауыр.

Оңашадағы онлайн ойлар
👍41
5/40
🔥1
6/40
👍2
7/40
👍2
Мақсатыңа қандай жылдамдықпен бара жатқаның маңызды емес, бастысы тоқтамау
8/40
🔥5🥰1
Адам өмірінде үзілістер болуы керек. Жай ғана, өмірді сезініп, сен әлемге, әлем саған қарайтындай тұнық әрі таза үзіліс ...
2
Жақында жақсы жаңалықтар болады бұйырсаа
9/40
🔥3
10/40
🔥1
«Өмірдің мәні не?

Ерте уақыттардың бірінде бір адам өмірдің мәні туралы ойлайды. Өзі тапқан жауаптардың ешбіреуіне қанағаттанбаған ол өзгелерден де сұрай бастайды. Бірақ олардың берген жауабын лайық көрмеді. «Өмірдің мәні» сөзсіз бар деген ол, жан-жақтан осы сауалдың шешімін табатын адамды іздестіре бастады. Ел-жерді кезіп жүргенде, біраз уақыт өтіп кеткен еді...Бар үміті желге ұшып келе жатқанда, бір ауылдың адамдарына кезігеді. Олар: –Бұл заңғар тауды көріп тұрмысың? Осы тауда бір дана қария өмір сүреді. Сен іздеген жауапты, бәлкім, сол біліп қалар, – деді. Ауыр сапардан діңкелеп, дана ақсақалдың үйіне жетеді. Есіктен кірген соң, өз сауалын қариядан сұрайды. Дана «саған оның жауабын айтармын, әуелі бір сынақтан өтуің керек» дейді. Адам қарияның ұсынысын қабыл алды. Қария кісі бұл адамға бір қасық ұсынып, ішіне зәйтүн майынан кішкене құйды. Қазір шығып, бақшаға саяхат жасаңыз. Тек абай болыңыз, қасықтан бір тамшы майды болсын тамызып алмаңыз. Әлгі адам екі көзін кішкене қасықтан алмастан, баққа саяхат жасап келеді. Данагөй қасыққа қарап:
–Жақсы, ал бақшамыз қалай екен? – деп сұрайды. Таңырқаған ол:
–Мен қасықтан өзгеге көз сала алмадым... – деді.»
«– Қазір бақты қайтадан аралап қайтыңыз, қасықты қолыңызға әлгіндей ұстап жүріңіз, – деді дана қария.
Адам қайтадан баққа кірсе, ол жердің сұлулығына тәнті болыпты. Бақшаны аралап, таң-тамаша болып келген одан «Бақша қалай екен?» деген сұрау қайтадан сұралды. Ол көрген сұлулығына қайран қалғанын айтып тауыса алмайды. Ақсақал күлімсіреп «бірақ қасықта май қалмапты» деді де:
–Байқасаңыз, өмір біздің көзқарасымызға тәуелді. Бір ғана нәрсені көрсеңіз, өмір өтер кетер, тереңіне бойлай да алмай қаласыз... Ал бар әсемдіктің ортасында өмір кешкеніңізді сезінген сайын, өмір мәнді бола түспек. АДАМ ӨМІРІНІҢ МӘНІ – ОНЫҢ ДҮНИЕГЕ ҚАЛАЙ ҚАРАУЫНДА ЖАТЫР...»

Өмірдің мәні не? (аудармалар жинағы)
📘 Өзіңмен күрес, жетістікке жет!

© SAMGA баспасы
11/40
🔥2👍1