365
36 subscribers
17 photos
1 video
2 files
1 link
Әр күн жаңа мүмкіндік
Download Telegram
Forwarded from Филантроп (Қасымхан Алтынбек)
МОСКОМСПОРТ

-Мен оларды мүмкін емес нәрсеге дайындап жатырмын, әр күн сайын мықты қылып жатырмын, орташа деңгейдегі нәтиже үшін мен уақытымды құртпаймын. Мен тек чемпиондар тәрбиелеймін, барлығы тәртіппен болады. Құжаттарыңызды алыңыз...

Осындай диалогты 13 жасымда естігем, арамыздағылардың анасы баласының УФП тапсырмағанын қалап, тренермен келіспек болған. Бәрі қарапайым: жасай алмайсыңба, қиынба, берілесіңбе - есіктің қайда екенін білесің.

Аяушылық жоқ жерде - жыламсырау аяқталып, нәтиже басталады.
Мен әкесіз өстім, менде есесіне тренер болды, былай айтайын: шынайы өмірге келгенде тренер басқаларға қарағанда көп нәрсе бере алады.

6:30 тұру, 00:00 ұйқтау, аптасына 6 күн - үнемі бос емес: зал-мектеп-зал-үй әр күн сайын осылай. Сыныптастарым өздерінің алғашқы темекілерін тартып үйренгенде, мен өкшемді бинттеуді үйрендім, ауруды сезбеу үшін. Басқа қала, туған жеріңнен 12 есе үлкен, достарың, туыстарың жоқ, кнопка телефон, үйде тек анам, оның өзінде кеш келеді, күніге тамақты өзім жасаймын.

Егер, "неліктен? , не үшін?" деген сұрақ туып жатырса, бірден жауап бере аламын: өйткені мен жасай аламын.

Менде мақсат болды (туа пайда болған травма): Мен өз әкемнен озғым келді. Мен өз лимитімді біліп, барлық ашуымды шығарғым келді. Мен РФ дағы КМС программасы бойынша алтын алып, басқа қаладан келген қарсыластарыма мүмкіндік бергім келмеді.

Еңбек, шыдам, тәртіп - осы үшеуіне үлкен алғысымды айтамын, сол жылы мүмкін еместі мүмкін қылғаны үшін.

Сондықтан, ардақтыларым: мақсатыңды анықтап, жетуге тырыс. Өзіңнің әлсіздігіңді жасырып, болмашыға сылтау іздеудің қажеті жоқ. Өзіңдікін ал да, әлемге нәтижеңмен бөліс.

P.S: мен тек аудардым.
👍5
Мақсаттарыңыз қандай болса да, оған тұрақтылықпен ден
қою арқылы жету керек.
Қандай жағдай болса да мақсатқа қарай талпынуды тоқтатпауға алдын ала шешім
қабылдаңыз. Талай мәрте мақсатыңызды қайта қарап
шығуға, жаңадан жоспар құруға тура келуі мүмкін. Мүмкін сізге 10-шы ретте дұрыс шығу үшін бір нәрсені 9 рет байқап көру керек болар. Негізгісі — қандай жағдай болса да әрекетті тоқтатпаймын деп, өзіңізге алдын ала шешім қабылдаңыз, сөзберіңіз.


Сіз Energezer батарейкаларының жарнамасындағы қояндар сияқты қозғалуыңызды жалғастырасыз. Сіз алға қарай жылжи бересіз, жылжи бересіз. Егер сіздің жоспарыңыз толығымен іске аспай қалса, өзіңізге қайтадан сұрақ қоясыз,
басынан аяғына дейін қайта ойластырып,жоспарларыңыз-ды қайта жазып, бәрін қайтадан бастайсыз.

Әр күні өзіңіздің негізгі мақсатыңызға септігі тиетін бірдеңе жасайсыз. Әрдайым өзіңізді дұрыс бағытқа келтіріп отырып, өзіңізге:
«Мен жеңілмеймін. Мен мұны істей аламын. Мен ойыма
келгеннің бәрін іске асыра аламын» дегенді айтасыз.
Есіңізде болсын, ұлы мақсаттарға қатысты болмай қалды деген түсінік жоқ. Тек қана қарсы жауап беру бар. Қарсы нәтиже — ол да нәтиже. Кез келген табысты адам мақсатқа жету жолында қайта-қайта қателеседі. Ол өмірден сабақ алады, егер үнемі әрекетте болмаса ол оған жолықпас еді.
Ештеңе істемейтін адам ғана өмірде қателеспейді.
Жеткен нәтижелеріңіз кейде бастапқыда ойлағаныңыздан
әлдеқайда басқаша болып шығуы мүмкін. Ерте ме, кеш пе, адамдар тұрақты ештеңе жоқ екенін, жағдай кез келген
уақытта өзгеруі мүмкін екенін түсінеді. Ал, енді оның қалай
өзгеретіні сізге байланысты.
«Өткен күн – ұмытылған тарих. Болашақ – əлі ашылмаған келер шақ. Бүгінгі күн – осы шақ, ол – үлкен сыйлық» деп қытай даналары айтқандай, қанша тырыссақ та өткен күнді қайта əкеле алмаймыз. Болашақ əлі белгісіз. Бізге берілген үлкен мүмкіндік – бүгінгі күн, осы шақ. Сондықтан болашағыңыздың қуаныш пен бақытқа толы болғанын қаласаңыз, бүгіннен бастап өткеннен сабақ ала отырып, іске кірісіңіз. Оқыңыз, ізденіңіз, дамыңыз! Өз бақытыңыз – өз қолыңызда.

“Өрлеу”

Пс: Əркім өз тағдырын өзі жасайды!
Аристотель
5👍1
Есіңізде болсын, сіздің қандай адам болуыңызға геннің 15% ғана əсері бар. Ал қалған 85%-ы сіз жүретін орта, сіз оқитын газет-журнал, сіз үлгі тұтып ұқсауға тырысатын тұлғалар екені дəлелденген. Сіз көп уақыт қандай адамдармен араласасыз, солардың көзқарасын, əдеттерін, ұстанымын, энергиясын өзіңізге жұқтырасыз. «Досыңды көрсет, сенің кім екеніңді айтамын» деген сөз бекер айтылмаса керек.

“Өрлеу”
👍121
1/40
👍4🔥1
«Кім көп еңбек етсе - бақыт соған басын иеді»
Ленорда Давинчи
10👍1
“Жақсы болсын, жаман болсын, кез келген əдет өз нəтижесін береді! Табыс шыңына көтерілгісі келген адам міндетті түрде əдеттердің күші мен билігін бағалай білуі керек. Ол өзінің құрдымға кетіретін əдеттерін анықтай біліп, тез арада кейінірек əдетке айналып, табысқа жетуге көмегін тигізетін əрекеттерді жасауы міндетті.”

Д. Пол Гетти

“Біз бірінші бойымызда əдеттерді қалыптастырамыз, сосын əдеттер бізді қалыптастырады.”

Брайн Трейси
6👍1
2/40
🔥61👏1
Сен өзіңнің кім екеніңді айтпа, сенің кім екеніңді іс-әрекетің айтсын!
🔥8
Жаңбырлы күнгі жүгіру
3/40
🔥6👏1
4/40
Ұлы адамдардың бірі ретінде өзім үлгі тұтатын «Хонда» корпорациясының құрушысы Соитиро Хонданың өмір жолына назар аударсаңыз деймін. Ол 1938 жылы Хонда поршенді дөңгелек құрастырып, оны «Тойота» корпорациясына сатуды армандап жүрген жай ғана кедей студент еді. Күндіз сабаққа барса, түнде өз ойлағанын құрастырумен болды. Ол бұл жобаға жинаған ақшасымен қоса жарының алтындарын сатып, біраз ақшасын істі жалғастыруға жұмсауды дұрыс деп табады. Көп жылдық толассыз еңбектің арқасында ол поршенді дөңгелекті құрастырды. Өкінішке орай, «Тойота» компаниясы Хонданың туындысын жарамсыз деп табады. Ол қайтадан оқуын жалғастырады. Ұстаздары, достары тарапынан «Ақымақ арманның иесі» атанып, күлкіге қалады. Кейбіреулер «Мұныңнан түк шықпайды! Сен шын мəнінде ақымақ екенсің!» деп өз пікірлерін дəлелдеп бағады. Сохиро Хондаға бұл оңай соқпайды. Осындай пікірлерден кейін ол өзін əлемдегі ең бақытсыз, бейшара адам деп те ойлайтын. Бірақ ол арманға деген талпынысын, ізденісін тоқтатпайды. Қайта алдағы екі жылда поршенді дөңгелекті өңдеп, құрастырып шығады. Өйткені Хонданың негізгі табыс формуласы болған еді.
Ол:
1. Нені нақты қалайтынын білді.
2. Əрекеттенді.
3. Ол əр қадамын тексерумен болды.
4. Ол өз қалауына жеткенше əрекет методикасын өзгертумен болды.
5. Ол өзіне ешқашан берілмеймін деп сөз берди Нəтижесінде екі жылдан кейін өңделген туындыны «Тойота» сатып алды. Поршенді шығаратын завод салу үшін Хондаға бетон керек болды, өкінішке қарай, ол уақытта Жапония Екінші дүниежүзілік соғысқа дайындалуда еді. Сондықтан бетонды алдырудың ешқандай мүмкіндігі болмады. Оның арманы, жоспары құлдырау алдында тұрды. Соған қарамастан, ол тағы да өз ойлағанынан бас тартпады. Ол завод салуға шешім қабылдады. Ойлағанын жүзеге асыруды ниет еткен Хонда достарын, əріптестерін жинап алып, орын алған қиындықтың шешімін табуға кірісіп кетті. Кез келген еңбектің марапатталатыны белгілі ғой. Аяғында Хонда өз командасымен бетон жасаудың жаңа жолын табады. Сонымен Хонда завод салып, поршенді дөңгелекті кең көлемде таратуға мүмкіндік алды. (Тоса тұрыңыз, оқиға мұнымен бiт кен жоқ!) Соғыс кезінде АҚШ тастаған жарылғыш заттардан заводтың көп бөлігі қирап қалды. Хонда өзінің жеңілгендігін мойындап,
берілудің орнына өз əріптестерін, жұмысшыларын жинап алып, оларға «Тезірек көшеге шығып, самолеттердің артынан аңдыңдар, дəл қазір бізге ішінде жанармайы бар канистрлер аспаннан жауып жатқан жоқ па? Бізге керегі - қай жерге тастайтынын біліп, тауып алу. Өйткені канистрлерде біздің жұмысымызды алға жылжытуға көмектесетін шикізат бар. Берілмеңдер, алға!» деп ұрандады. Жұмысшыларын шабыттандырды. Себебі канистрдегі мұндай өнім Жапонияда мүлдем жоқ еді. Мистер Хонда өмір ұсынған жағдайлардан мүмкіндік іздей білді. Өкінішке орай, Апофеозда болған жер сілкінісі оның заводын жермен-жексен етіп қиратып кетті. Амалсыздан «Хонда поршенді дөңгелек шығару» фабрикасын «Тойотаға» сатуға тура келді. «Алла бір есікті ашпай, бір есікті жаппайды» дегендей, біз де Хонда секілді кез келген қиындықтан өсуге, өрлеуге, өзгеруге мүмкіндік іздей білуіміз керек. Соғыс біткенннен кейін Жапонияның экономикалық жағдайы мүшкіл еді. Жанармай карточкамен беріліп, кей сəтте табылмайтын да. Хонда базарға бару үшін автокөлігіне керекті жанармайды таба алмай біраз қиналды. Бірақ сары уайымға батып, шарасыз күйге түспей, «Қашан мен өз отбасымды баға аламын? Болған жағдайды өзгерту үшін өзімдегі барды қалай пайдалана аламын?» деп өзін шабыттандыратын, ойландыратын сұрақтар қоюмен болды. Нəтижесінде ол өзінде бар кішкентай моторды велосипедіне орналастырып, жұмысына сонымен қатынап жүрді. Осылай болашақ мопедтің үлгісі болған моторлы велосипед өмірге келді. Көп кешікпей Хондадан достары өздеріне де осындай моторлы велосипед жасап беруді өтіне бастады. Оның көп мопед жасағаны соншалық, керек моторды табу қиынға соқты. Сондықтан Хонда велосипедке арналған мотор шығаратын завод ашуды мақсат қылып қойды. Оның қалтасында ойын жүзеге асыруға көк тиын да болмаған еді. Жапония экономикасы соғыстан есеңгірегендіктен, банктерде несие беру мүмкіндігі де болмады.
👍3
«Шығатын жол жоқ» деп берілудің орнына Хонда «істің шешімін табу үшін» деп алға басты. Ойлана келе ол Жапониядағы велосипед сатумен айналысатын дүкендерге хат жазып, хатында өз идеясын дəлелдеп, сонымен қатар істі бастауға алғашқы капитал керек екенін айтты, əріптес болуға шақырды. Хатты алған он сегіз мың адамның ішінен үш мың адам Хонданың идеясын қолдап, істі бастау үшін Хондаға инвестиция құйды. Сөйтіп, ол тауардың бірінші партиясын құрастыруды бастап кетті. Бірақ осыдан кейін де Хондаға табыс табу оңай болған жоқ! Себебі мопедтер үлкен жəне қатты дауыс шығаратын еді. Сондықтан көп адам оны сатып алмады. Мойымастан Хонда өз туындысын өңдеп, өмірге халық сұранысын қанағаттандырған «Жаңа бастаушы» атты мопедті дүнеге əкеледі. Нəтижесінде мопедтің сатылымы жоғары болып, Хонда императорлық премияға ие болады. Көпшілік адам Хонданың жолы болғыш деп ойлайды. Негізінде жолдың болғыштығы да білім мен талпыныстың көрінісі емес пе? Бүгінгі күнде «Хонда» компаниясы - автокөлік шығаруда алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі. Бұл мистер Хонданың табандылығының нəтижесі еді. Ол қиындықтарды ешқашан арманына жету жолындағы кедергі деп бағаламады. Сəтсіздігінен сабақ алып, алға ұмтылды! Есіңізде болсын, сəттілік уақытша болған сəтсіздік пен қиындықтың астында жасырынып жүреді. Сондықтан қиындыққа мойымаңыздар. Өткен өміріңіз болашағыңызға кедергі келтіре алмайды.
👍13
Достарыңмен жүзбе-жүз араласу – халық ауыз əдебиеті;
Достарыңмен фейсбукте араласу – жазба əдебиеті.
Барлық адамдардың комменттерінде ақиқат болады. Бірақ мұның бəрі субъективтік ақиқат деген категорияға келіңкірейді. Ортадағы ойды айту қашан да қиын. Өйткені, нағыз ақиқат сонда жатыр.
Бірақ оны айтуға көп адамның батылы бармайды. Өйткені, ақиқатты айту – барлық уақытта да тиімсіз. Мəселенің бар мəнісі осында. Иə, тобырлық психологиядан ада пікір білдіру қашанда ауыр.

Оңашадағы онлайн ойлар
👍41
5/40
🔥1
6/40
👍2
7/40
👍2
Мақсатыңа қандай жылдамдықпен бара жатқаның маңызды емес, бастысы тоқтамау
8/40
🔥5🥰1
Адам өмірінде үзілістер болуы керек. Жай ғана, өмірді сезініп, сен әлемге, әлем саған қарайтындай тұнық әрі таза үзіліс ...
2