Мута'аллим/ متعلم
428 subscribers
60 photos
6 videos
11 files
20 links
Дәріс өтетін канал емес, біздің кітаптардан, дәрістерден алған пайдалы мағлұматтарды жазатын күнделігіміз.
Админ: студент
Download Telegram
Бисмилляхир-рохмәнир-рохиим.

Әльхамду-лилляхи роббиль-‘алямиин. Уа-с-саляту уа-с-саляму ‘аля расулина Мухаммад уа ‘аля әлихи уа сахбихи әджмәин!

📚 "Мароқиль-фалях шарх Нуруль идох" Хасан ибн Ъаммар ибн Ъали аш-Шурунбуляли Әль-Ханафи (964-1069жж) кітабын оқуды бастаймыз. Аллаһ осы кітапты оқуда бізге тауфиқ берсін, алынған ілімге сай амал етуімізді бұйыртсын, әрі бұл ілім екі дүниемізге пайдалы болсын. Аллаһтың разылығы үшін, Аллаһтың қалауымен, мейірімімен оқуда, түсінуде әрі оны дұрыс жеткізуде бір Аллаһқа дұға ете отырып кітапты толық оқып шығуға ниет еттік.
Автор: Абуль-Ихляс Хасан ибн Ъаммар ибн Ъали аш-Шурунбуляли әль-Уафаи (964-1069 жж.) Хиджра жыл санауы бойынша 994 жылы (біздің жыл санаумен 1586жылы) Шубраблуль Мануфия облысында дүниеге келеді. Алты жасында Каирға әкесімен қоныс аударады, осы жерде Қуръан үйреніп ілім алып бастайды.
Әбуль-Ихляс ірі имам және Ханафи мәзһабының мухақиқы. Бұл кісінің еңбектері Ханафи мәзһабының фиқһ саласындағы негізгі кітаптардың қатарына кіреді.

Шейх Мухаммад Изаз Али «Нуруль-Идах» кітабына жазған комментариінде Мухаммад Аминнің имам аш-Шурунбуляльтуралы айтқан пікірін келтіреді: «Ол фиқһ саласындағы ең көрнекі ғалымдардың бірі әрі өз уақытындағы беделді ғалымдардың бірі. Фиқһты жетік меңгерген, мәтіндерді түсінуде әрі оларды жеткізуде кең ауқымды кітаптар жазған» (📚Нуруль-Идах биль-Избах, 7-ші бет).

Имам аш-Шурунбуляльдің ұстаздары :

Қыра'атпен Қуръан оқуда: Шамсуддин Мухаммад ибн Абдуррахман аль-Хамауи (1018ж.д.ө) — фиқһ, тафсир, хадис және қыра'ат маманы болған ғалым, және имам аш-Шурунбуляли Абдуррахман әль-Масайри ден де Қуръан оқудан дәріс алған.
Фиқһтан:
1)имам Абдуллаһ ибн Мухаммад ан-Нахрауи (1026 ж.д.ө), өз заманының фиқһ саласындағы маманы,
2) Шамсуддин Мухаммад ибн Мансур (1030ж.д.ө). 3)шейхуль-Ислам Али ибн Мухаммада ибн Ғаним әль-Макдиси (1004ж.д.ө).
Имам аш-Шурунбуляль осы 3 ғалымнанда иджаза алған.

Имам аш-Шурунбуляль ілімді «Аль-Азхар» университетінен алған, сол кезде сабақ берген шейх Амад аль-Аджами аш-Шафии, шейх Ахмад аль-Хамауи, шейх Шахин аль-Арманауи т.б ұстаздардан дәрістер алған. «Аль-Акса» мешітінде имам Юсуф ибн Абдурразақ ибн Уаф әль-Маликидіңде (1051ж.д.ө) тәрбиесінде болған.

Имам аш-Шурунбуляль көптеген кітаптар жазды, олардың ішінде трактаттарда, кішігірім мәтіндерде бар.

Танымал кітаптары: "Нуруль-Идах", "Марақи аль-Саадат", "Имдад аль-Фатах Шарх Нуруль-Идах", "Марақиль-Фалях Шарх Нуруль-Идах", "Муфидат аль-Хусна" т.б.
«Нуруль-идох» - мәтіннен құралған кітап, бұл кітапты автор
«Нуруль-Идох уа Наджатуль-Аруах» деп атайды (1032 жылы). Бұл кітапқа тахарат (дәрет), солят (намаз) және ораза баптары ғана кіреді.
Одан соң, осы кітапқа түсіндірулер жазып, оны: «Имдадуль-Фаттах шарх нуруль-идох» деп атаған (1046жыл). Бұл кітапқа зекет бабы мен қажылық бабы қосылды. Бұл екі бапқа шарх жазылмады.

«Марақиль-фалях шарх нуруль-идах» кітабын 1054жылы жазады. Бұл кітап «Имдадуль-Фаттах шарх нуруль-идох» кітабының қысқартылған нұсқасы.

"Мароқ-иль фалях" кітабына түсіндірме «Хашияту Тахтауи аля марақиль-фалях» деген кітап бар.
بسم الله الرحمن الرحيم

Канал частный болып ауысты, әрі жазылған ақпараттар көшірілмейді әрі пересылать етілмейді. Егер қате кететін болса, немесе пікір таластыратын жағдай туындаса менің жекеме жазуға болады. Жазылған ақпараттар ұстаздармен тексерілген.
Китаб ат-тахара.

Жеті түрлі сумен дәрет алуға болады:

1) жаңбыр суы;
2) теңіз суы;
3) өзен суы;
4) құдықтың суы;
5) қардың ертіндісінің суы (талая вода);
6) бұршақтың ертіндісінің суы;
7) бұлақтың суы.

Тазалау қасиетіне қарай су 5 ке бөлінеді:
Біріншісі: «тохир/мутоххир». Таза су, бұл сумен киімдегі, денедегі нәжісті жууға болады және дәрет (уду мен ғусль) алуға болады.

Екіншісі: «тохир/мутоххир макрух». Бұл сумен дәрет алуға болады, бірақ хукм – «макрух-танзих» болады, себебі таза су бар кезде онымен дәрет алу не желательно. Бұл суға мына жануарлардың ішкен сулары жатады: үй мысығы, жылан, үй құсы (тауық), жыртқыш құстар (бүркіт, ұлан т.б.) Егер басқа дәрет алатын су болмаса, «макрух» үкімі түсіп, бұл сумен дәрет жарамды болады. Бұл «макрух» үкімі осы жануарлар аз судан ішкен кезінде жүреді. (Ханафи мәзһабы бойынша көлемі 10х10 шынтақ, түбі сарқып алғанда көрінбейтін су - көп көлемді су болып есептеледі).

Ескертпе: Бұл жерде үкім судың мөлшеріне қарай жүреді. Мысалы, егер үлкен көлемдегі суға нәжіс түсіп кетсе, бірақ ол су қасиеттерін жоғалтпаса, демек ол дәретке жарамды таза болып есептеледі, ал егер нәджас түскеннен кейін ол судың қасиеттері өзгерсе ол лас болады. Егер кіші көлемді суға нәжіс түсетін болса, судың қасиеттері өзгермесе де ол лас су болып есептеледі және онымен дәрет алынбайды.

Үшіншісі: «тохир/ғойр мутоххир». Бұл нәжісті тазалаушы бірақ дәрет алуға жарамсыз сулар. Бұл «маун мустаамаль» (қолданылған су) – дәрет алғаннан кейінгі денеден ағып түскен судың бір жерге жиналуы. Су денеден(бір ағзадан, мысалы беттен) ағып түскен кезінде/ ажыраған кезінде қолданылған су болып есептелінеді.

Бір адам дәретті болып намаз оқып, келесі намазға дейін дәреті бұзылмасада сүннетті орындау үшін тағыда дәрет алатын болса, (дәрет алғаннан кейін ағзадан аққан су) бұл қолданылған су үкімінде болады. Бұл намаз оқығаннан кейін екінші намаз оқуға дәрет жаңарту кезінде сүннет болады, ал егер намаз оқымастан (бұзылмаған) дәрет үстіне дәрет алу ысырап (исраф) болады. Бұл су қалдық су болып есептелінбейді.

Дәрет алуға қолдануға болмайтын сулар:

1) Ағаштың немесе жеміс-жидектердің шырындары. Ханафи мәзһабы бойынша ең қуатты көзқарас, ағаштан немесе жемістен өздігінен аққан суды дәретке пайдалануға болмайды (әлсіз пікір бар, ол жерде қолдануға болады дейді, бірақ ол әлсіз пікір болғандығы үшін алынбайды). Сығылған шырынды (выжатый) ғалымдардың бір ауыздан келісімі бойынша дәрет алуға қолдануға болмайды.

2) Қайнатылғаннан кейін су қасиетін өзгертсе (например, көкеністер қосып, ол қайнап, сорпа болса) ол дәретке жарамсыз.

3) Су бір қатты нәрсемен араласса (мысалы, құм/топырақпен) және су өз қасиеттерін жоғалтса (мысалы, ағушы қасиетін), бұл суда дәретке жарамсыз болып қалады.

Ескертпе: Егер суға жеміс немесе ағаш жапырағы түсіп кетсе ол судың иісі, түсі өзгерсе де ол су жарамды ( қалампыр қосылған сумен мәйітті жууға рұқсат). Бұл құбырмен келетін суғада қатысты, құбырмен келетін судан тоттың дәмі шығатын болса, ол су жарамды болып есептеліне береді.

📚 Мароқ-иль фалях шарх Нур-уль идох