Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
7.5K subscribers
2.65K photos
621 videos
17 files
2.76K links
🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Басқа парақшаларымыз: https://muftyatkz.taplink.kz/
Download Telegram
🇰🇿☪️ Бүгін Абай облысы, Бородулиха ауданында «Абай» атындағы жаңа мешіт жамағат игілігіне пайдалануға берілді. Құлшылық ордасының салтанатты ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты. 

🔍#muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-11-02/47323-abaj-oblyisyinda-zhaa-mesht-el-iglne-berld/
5
📿 Әлсіз иманның себебі

Мүміннің бұл дүниедегі басты мақсаттарының бірі – кәміл иманға қол жеткізу.

Иман – сенім, ақиқатты ұғыну, Алла Тағаланы танып-білу. Бұл Алладан қорқу, Оған деген сүйіспеншілік, Оған берілгендік және Оған деген мұқтаждық.

Ұстаз Елбек Тасболатұлы

🔘 https://www.instagram.com/reel/DQqk65ziAQG/?igsh=MWU3MXpnNmdzOHQyOA==
12👍1
🇰🇿☪️Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы қажылық маусымында азаматтарымызды қажылық сапарына тасымалдау үшін әділ бәсекелестікке қол жеткізу мақсатында қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында конкурс жариялаған болатын.

🔍#muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-11-05/47335-azhyilyi-2026-ue-tasyimalyi-natyilandyi/
4
🇰🇿☪️ 2026 ЖЫЛДЫҢ ДІНИ КҮНДЕР КЕСТЕСІ БЕКІТІЛДІ

🕌Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

🔍#muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-11-06/47337-2026-zhyildyi-dni-knder-kestes-bektld/
11
🇰🇿☪️ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы қажылық маусымына дайындық жұмыстарын бастады. ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Кенжетай Дүйсенбай бастаған миссия мүшелері Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми іссапармен барды.

🔍#muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/world/2025-11-06/47339-mdb-azhyilyi-2026-mausyimyina-dajyindyi-zhmyistaryi-bastaldyi/
6
☪️ «Ол сондай Алла, сендерді әу баста әлсіз жаратты. Сосын әлсіздіктен кейін күш берді, сосын қайта күш-қуатыңды кемітіп, қартайтты. Ол қалағанын жаратады. Сондай-ақ Ол бәрін білуші, құдірет күштің иесі»

📖 («Рум» сүресі, 54-аят)

🤲 Жұма мүбәрак болсын!
30❤‍🔥1