Motivation ☄️
730 subscribers
1.26K photos
826 videos
12 files
62 links
Реклама/ұсыныс бойынша @Zhumagali_19
Download Telegram
Адамдар ұйқыда жатқан кезде білім алған адам – адамдар сөйлеуге білімі жетпейтін жерде сөйлей алатын болады
Иман - шам секілді. Кеудеңнің бөлмесін жап-жарық етеді. Білім - шырақ секілді. Санаңның ішіне жарығын шашады. Бірақ, білім мен иман тоғысса - күн секілді. Күллі қараңғылықты сейілтеді.
Əр қазаққа тілерім:

*Дүйсенбіде* тілейтінім - сəтті болсын қадамың,
Жұмыс күні басталатын ең ғажайып жаңа күн.

*Сейсенбіде* тілейтінім - көңіліңіз көктесін,
Сол бір күні бар жақсылық сіздің үйге беттесін.

*Сәрсенбіде* тілейтінім - ол онсыз да сəтті күн,
Қуаныңыз қуаныштан басылмасын аптығың!

*Бейсенбіде* тілейтінім - бақ-ырысың көбейсін,
Жұмысыңыз сəл азайып тынысыңыз кеңейсін!

*Жұма күні* тілейтінім - аздық етер сірə, бұл,
Мешітке бар жамағатпен құлшылық қыл, дұға қыл!

*Сенбі күні* тілейтінім - əрбір адам ойланар,
Шақырса жұрт ойланбастан көңіл көтер, тойға бар.

*Жексенбіде* тілейтінім - жар болсыншы Жаратқан,
Жақсылықпен өтсін деймін тек осылай əр күніміз!


Жаңа апта, жаңа күн сәтті болсын!
Орынды жерде ғана сөйлей білгенің арсыздық пен білімсіздіктен құтқарады
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қайырлы кеш достар 🤍
Қалай туып, қалай өлетінің маңызды емес, қалай өмір сүргенің маңызды!
‼️
Бір күні сіз өзіңізді бар жүрегімен жақсы көретін адамды кездестіресіз. Ол сіздің жылы киініп, уақытылы тамақтанып, жақсы ұйықтауыңызға алаңдайды. Ол сізді барлық ауыртпалықтарыңызбен қабылдайды. Сіз туралы басқалардың не ойлайтыны оны қызықтырмайды. Ол тіпті шаршап тұрса да сізге қамқорлық танытады. Сіз ол үшін жай ғана бүкіл әлем боласыз. Құдай сізге бір керемет жанды дайындап қойған болар. Ол міндетті түрде кездеседі. Тек күтіңіз!)😉
Басқалар ұйықтап жатқанда, сен білім ал.
Басқалар жұмысын ертеңге қалдырып отырғанда, сен бүгін шешіп таста.
Басқалар армандап отырғанда, сен жұмыс істе.
Басқалар ерініп отырғанда, сен оқы.
Басқалар сөйлеп отырғанда, сен мұқият тыңда.
Басқалар қабағын түйіп отырғанда, сен күлімде.
Басқалар жоспарларынан бас тартқан кезде, сен тоқтама
.
Менің бұл өмірде түсінгенім бір орында тұрып қалмай, ізденіс үстінде жүруін керек екен. « Мен бәрін білемін » деген адам бұл өмірде жоқ, бұл сөзді айтқан адам шың мәнінде "дым білмес" адам
Қатты айтсам кешіріндер. Бірақ, бұл шындық!
Қазір, техника дамыған заман. Күн санап заман талабы өзгеруде. Әрине, бұған адамдар әсер етеді. Қазір адамдар өзгерген. Басы бар, ақыл-есі дұрыс адам бос жатпайды. Ізденеді, дамиды. Түптің түбінде сол адамнан бірдене шығады
Қазір қол қусырып отыратын заман емес. Білім алатын, жаңалық ашатын заман.
Сізге айтарым бір керемет жаңалық ашпасаңызда айына 1 кітаптан оқып отырыңызшы. Сөз беремін ойлау қабілетіңіз(мышление) түбегейлі өзгереді. Бұрынғыдан басқаша ойлайтын боласыз. Үнемі жақсы, керемет идеяға толы ой ойлайтын боласыз. Сонда өздігінізбен жеке тұлға болып қалыптасасыз. Тексеріп көріңізші
"Адам өзіне риза болмай, өмірге де риза бола алмайды"

Марк Твен.
"Жетістіктің құпиясы ойдағы істі бастап кетуде"

Марк Твен.
Қайырлы кеш! Достар🤍

Ешкімге ренжімеуге, ешкімді кіналамауға, ешкімге ашуланбауға, ешкімге өкпелемеуге болады екен..
Бұл шындығында адамға  керемет "РАХАТ" сезім сыйлайды.
Ол үшін ол адам неге ондай қылық жасады, себебін білсең, реніш те, өкпе де, ашу да келмейді.
Адамның мінезі, қасиеті  оның әкесінің  ұрығы мен анасының ұрық жасушасы қосылған кезде (сперматозоид - яйцоклетка) 50%-60% шешіліліп қоятын көрінеді
Қалған 30%  мінезі мен қасиеті анасының құрсағында жан біткенен бастап 3-4 жасқа толғанға дейінгі жағдайларға байланысты..
Жүкті болып жүргенде анасы ашуланса, қайғырса, диета ұстап ашықса бәрі-бәрі баланың миына программа болып жазыла береді.
Сәби кезіндегі тәрбие де баланың миына жазылып қалады
Есейгенде 20% мінез құлық қалыптасады..
Енді теріс қылық көрсеткен адамға: "Неге сен осындай анадан, әкеден жаратылдық, сенің анаң сені көтеріп жүргенде неге сондай қылық істеді, ата-анаң сені сәби кезінде неге осылай тәрбиеледі" деп ренжу, өкпелеу орынсыз ғой?
Орынсыз!
Осыны түсініп, қабылдап алсаңыз сіз "ЕШКІМГЕ ЕШҚАШАН" ренжімейтін, өкпелемейтін, ашуланбайтын адамға айналасыз..
Егер дұрыс деп тапсаңыз, қабылдасаңыз реакция басып, өз ойыңызды астына жаза кетіңіз!)
Сізге алғыс🙏🤍

Дереккөз:
Nursila Facebook парақшасынан.