Елордадағы 68665 әскери бөлімінде былтырғы көктемде әскерге шақырылған 140 сарбаз Жауынгерлік тумен қоштасты.
Бөлім командирі полковник Абай Әлібеков сарбаздардың қызметіне алғысын білдіріп, алдағы азаматтық өмірлеріне сәттілік тіледі.
– Сендер әскери қызмет барысында тәртіпке бағынып, кәсіби білім мен дағдыларды игердіңдер. Соның нәтижесінде Отан қорғауға дайын, саналы азамат болып қалыптастыңдар. Бұл тәжірибе алдағы өмір жолдарыңда өздеріңе зор пайдасын тигізетініне сенімдімін. Баршаңа сәттілік тілеймін, – деді ол.
В войсковой части 68665 города Астаны 140 военнослужащих срочной службы простились с Боевым знаменем.
Командир части полковник Абай Алибеков подчеркнул, что служба стала важным этапом личностного становления молодых людей.
– За этот год вы доказали, что способны достойно выполнять поставленные задачи. Вы уходите из армии сильными, дисциплинированными и ответственными. Уверен, этот опыт станет надежной опорой в вашей дальнейшей жизни, – сказал он.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12❤2🔥1
Алматыда Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінде «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушыларды іріктеудің қалалық кезеңі өтті.
Шараны қорғаныс істері жөніндегі департаменті, білім басқармасы, Десанттық-шабуылдау әскерлері, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының қолдауымен дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
– Біз мықты дайындықты ғана емес, жастардың әскери қызмет пен заманауи технологияларға деген шынайы қызығушылығын көрдік. Құрама команданың ішіне іріктеуден өткен 10 жігіт және 5 қыз, яғни нағыз мықтылар кірді, – деп атап өтті Алматыдағы «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы филиалының төрағасы запастағы подполковник Марат Қанатов.
В Алматы на базе Военно-спортивного колледжа имени Бауыржана Момышулы состоялся городской этап отбора участников Международного военно-патриотического сбора молодежи «Айбын-2026».
Организаторами выступили департамент по делам обороны, управление образования, Десантно-штурмовые войска, учебно-методический центр физической культуры и спорта при поддержке детско-юношеского военно-патриотического движения «Жас сарбаз».
– Мы увидели не только высокий уровень подготовки, но и искренний интерес молодежи к службе и современным технологиям. В состав сборной команды вошли сильнейшие участники отбора: 10 юношей и 5 девушек, – отметил председатель алматинского филиала детско-юношеского военно-патриотического движения «Жас сарбаз» подполковник запаса Марат Канатов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16🔥4❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14❤1🔥1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17❤3❤🔥1🔥1
Қорғаныс министрлігі көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мерзімді әскери қызметтің негізгі аспектілерін түсіндіруді жөн көреді.
🔹 Шақыру процесі цифрландырылған
Шақыру процесі белсенді түрде цифрландырылып жатыр. Шақырту қағаздары SMS-хабарламалар мен eGov порталы арқылы ең кемі үш күн бұрын жіберіледі. Мұндай хабарлама ресми мәртебеге ие, яғни оны алған азамат жергілікті әскери басқару органына немесе шақыру пунктіне келуге міндетті.
Азаматтық денсаулық сақтау мамандары жүргізетін медициналық тексеру әскерге жарамдылық санатын анықтайды. Заңды негіздер болған жағдайда кейінге қалдыру немесе босату беріледі. Әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы тиісті негіздері жоқ ер азаматтар шақырылатынын айта кеткен жөн.
🔹 Әскер бізге не береді?
Мерзімді әскери қызмет тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеп, кез келген салада қажет командалық жұмыс дағдыларын қалыптастырады.
Дене дайындығы мен денсаулықты нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Тұрақты спорттық жаттығулар, күн тәртібі және теңгерімді тамақтану төзімділікті арттыруға ықпал етеді.
Қызмет барысында әскери қызметшілер заманауи технологияларды меңгеріп, байланыс, техника, логистика, медицина және басқа да салаларда қажетті тәжірибелік дағдыларға ие болып, еңбек нарығында қажетті мамандықтарға ие болады.
Сондай-ақ қызмет көшбасшылық қасиеттерді, басқарушылық дағдыларды және шешім қабылдау қабілетін дамытуға көмектеседі.
🔹 Қайда қызмет өтейді?
Әскерге шақырылушыларды бөлу денсаулық жағдайына, білім деңгейіне, психологиялық тұрақтылығына және Қарулы күштердің қажеттілігіне байланысты жүзеге асырылады.
Сарбаздар әскери қызметті Құрлық әскерлерінде, Әуе қорғанысы күштерінде, Әскери-теңіз күштерінде, Десанттық-шабуылдау әскерлерінде және басқа да әскери құралымдарда өтейді. Олардың қатарында ІІМ Ұлттық ұланы, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері де бар.
Десанттық-шабуылдау әскерлері, теңіз жаяу әскерлері, Мемлекеттік күзет қызметі және ҰҚК Шекара қызметі сияқты әскери құралымдарға қабылдауға жоғары талаптар қойылады. Үміткерлер тереңдетілген медициналық және психологиялық іріктеуден, сондай-ақ дене дайындығы тексерісінен өтеді.
🔹 Әскер сарбаздарға әлеуметтік кепілдіктер береді ме?
Әскери қызмет кәсіби өсуге мүмкіндік береді. Әскери қызметшілер сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп шығады. Ал қызметтен кейін білім гранттарын және жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдіктерді пайдалана алады, сондай-ақ оларға несие демалыстары беріледі.
Қосымша білім беру жеңілдіктері қарастырылған, оның ішінде ҰБТ тапсырмай-ақ грант алу мүмкіндігі және жатақханадан орын алуға басымдық беріледі. Қазіргі таңда 9 мыңнан астам азамат тиісті білім алу сертификаттарына ие болды.
🔹 Қызметке қалай дайындалу керек?
Дайындық дене және психологиялық тұрғыдан жүргізілуі тиіс. Төзімділікті дамыту, дене формасын сақтау және тәртіпке, ұжымда қызмет етуге дайын болу керек.
Көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Мыңдаған қазақстандық жастар үшін әскери қызмет – тұлғалық қалыптасудың және кәсіби бағыт-бағдар алудың маңызды кезеңі екенін есте сақтаған жөн.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤2🔥2