Бір кітапты ұстазбен соңына дейін оқып шығу ол үлкен жетістік. Кітапты аяқтау үшін оған сабырлық, қайрат қажет. Ұстаздың мінезін көтере білу керек. Осылай білім қонады. Бірақ өкінішке орай ұстаздың алдына отырмай, ақида мен фиқһ т.б. шариғи пәндерден ұстаз болғысы келеді.
Құраннан дәріс беретін ұстаздардың алдында Құран тапсыру үшін сағаттап күткен кісілерді білемін. 2,3 сағат күтіп, 1,2 бет қана Құран тапсыратын. Кейде күтіп отырғанда ұстазы үзір сұрап, сабақ болмай қалатын жағдайлар да кезіккен. Бірақ сол кісілер қазір он қырағат иесі. Кубраның да, суғраның да иджазасын алған.
Қанша шетел асып кетсең де, ешкім сенің басыңды ашып, білім құйып бермейді. Білім еңбекпен келеді.
Имам Әбу Ханифа (Алла ол кісіні рақымына алсын): «Он жыл Хаммад ұстазымның (Алла ол кісіні рақымына алсын) қасынан шықпадым. Бірде “ұстаздан бөлек өз алдыма дәріс беріп, шәкірт тәрбиелейін” деген ой келді. Бір күні түс ауғаннан кейін ұстазыма бардым. Бірақ ұстазымды көргенде бұл ойымды айтудан айнып қалдым. Кейін сол күні түнде ұстазымның жақын туыстары қайтыс болғаны жайлы хабар келіп, ұстазым жолға шығатын болып шешті. Мені өзінің орнына дәріс беруге тағайындап кетті. Ұстазымның кеткені сол еді түрлі сұрақтар түсіп, кейбір қиын сұрақтардың жауабын жазып алдым. Ұстазым екі ай болмады. Екі айда алпысқа жуық күрделі сұрақтарды жазып, сақтап қойған екенмін. Ұстазым келгенде жауаптарымды ұстазыма ұсындым. Алпыс жауаптың қырығына келісіп, жиырмасын қатеге шығарды. Міне, сол күннен бастап ұстазымның қасынан еш ажырамаймын деп шештім. Ұстазым дүние салғанша қасынан ажырамадым. Дүние салғаннан кейін ұстазым үшін әрбір намаздан кейін дұға жасауды тастамай жүрмін», - деген екен.
📚Имам Әбу Ханифа жайлы оқиғалар
📚Имам Әбу Ханифа жайлы оқиғалар
Маңызды болғың келсе, (маңызды істерге) көңіл қой.
Жағдайыңды ақыл таразысына салып, пайдасыз шаруаларыңды ысырып таста. Жарқын болашағыңа пайдасын тигізетін істермен айналыс. Сонда ғана маңызды боласың.
Жағдайыңды ақыл таразысына салып, пайдасыз шаруаларыңды ысырып таста. Жарқын болашағыңа пайдасын тигізетін істермен айналыс. Сонда ғана маңызды боласың.
Адамдардың ақылы көтермейтін сөз айтуың (білім беруің) себепті кейбір адамдардың арасында тек бүлік қана пайда болады.
Мүслім
Мүслім
Адамның нәпсісі көп нәрсеге құмар болып келеді... Билікті құмартып, билікке келдім. Билікке жеткенімде, халифалыққа (бүкіл мұсылмандарға басшылық етуді) құмартты. Халифалыққа жеткенімде, Жәннатты құмартты.
© Омар ибн Абдулазиз
Адамның нәпсісі еш нәрсеге тоймайтын болып тұр ғой. Бәрін көру керек. Біреуіне жетсе, екіншісін қалап тұрады.
© Омар ибн Абдулазиз
Адамның нәпсісі еш нәрсеге тоймайтын болып тұр ғой. Бәрін көру керек. Біреуіне жетсе, екіншісін қалап тұрады.
Жақсы көретін адамыңмен бірге ай толып, аспан ашық болған түні теңіздің жағалауына барып отыр.
📚354
📚354
Алла елшісі ﷺ : «Алла Тағала садақа беру және туыстық қарым-қатынасты үзбеу себепті пенденің ғұмырын ұзақ етіп, жаман өлімнен және ұнамсыз нәрселерден сақтайды», - деген (Фәйдул-қадир).
Кейбір ғалымдар: «Ғұмырдың ұзаруы дегенді адамдармен жақсы қарым-қатынаста болған себепті көңілдерінде ұзақ уақытқа қалып, ұмытпайды. Хадисте жасы ұзарады дегенді тікелей мағынада алмаймыз. Себебі тағдыр өзгермейді», - деп түсіндірген.
Расымен, қанша уағыз айтып, білімдерін садақа етіп, адамдардың арасында көркем қатынас қалдырған ұстаздарымыз тірі секілді. Арттарынан кітаптары қалды. Таспаға жазылған көптеген уағыздары жамағатқа әлі де пайдасын тигізуде.

Ішін (артығымен ішіп-жеуден) ұстай алған, дінін (тақуалығын) ұстай алады. Аштығын иелік ете алған, көркем мінезді иелік етеді. Расында, күнә жасау – аш адамнан алыс, тоқ адамға жақын келеді.
Ибраһим ибн Адһәм
Ибраһим ибн Адһәм
Аз мөлшерде ішіп-жеу – дауаның басы, артығыменен ішіп-жеу – дерттің басы.
Харис ибн Килдә
Харис ибн Килдә
Өмірін құранмен өткізетін үш олжалы адам:
Әрдайым құран оқушы кісі;
Құран үйреніп жүрген шәкірт;
Құран үйретуші ұстаз.
Шейх Мағсарауи
Әрдайым құран оқушы кісі;
Құран үйреніп жүрген шәкірт;
Құран үйретуші ұстаз.
Шейх Мағсарауи
Егер уақытың мен жұмысыңның берекелі болуын қаласаң, құранмен өткізетін бір уақытың болсын.
Шейх Ахмад Мағсарауи
Шейх Ахмад Мағсарауи
Алла елшісі ﷺ : «Ер адам өзінің әйеліне (су құйып) ішкізгені үшін сауапқа бөленеді», – деген.
Ахмад
Ахмад
Міне, осылайша саған да өзіміздің әмірімізден рухты (Құранды) уахи еттік.
Шура сүресі, 52-аят.
Құран – дене, жүрек, рухты тірілтетін болғандық «рух» деп аталған.
Шейх Мағсарауи
Шура сүресі, 52-аят.
Құран – дене, жүрек, рухты тірілтетін болғандық «рух» деп аталған.
Шейх Мағсарауи
Айналамыздың бәрі елес па?
Рилсті көріп, бөлісе жүріңіздер.
Рилсті көріп, бөлісе жүріңіздер.