Мирас Ерланұлы
3.78K subscribers
24 photos
13 videos
1 file
27 links
Пайдалы бол!
Download Telegram
Ұлы сапарға шығып барамыз. Дініміз, еліміз үшін дұғада боламыз. Алла сапарымызды жеңіл қылсын.
Су жаңа рилс. Қаза намаздарға қатысты.
10 айда құранды толық жаттаған неміс жігіті.

Мысырда оқып жүргенімізде исламды қабылдаған бір неміс жігіт болатын. Құранды оқуға, жаттауға ықыласы ерекше еді. Күнделікті таң намазын жамағатпен оқып, сағат 9,10-дарға шейін 3,4 сағат мешіттен шықпай құран жаттайтын. Сөйтіп жүріп он айда құранды толық жаттап шықты. Қарап тұрсаң, бойынан тұрақтылық пен ынтаны байқайсың. Әрине, тұрақтылық пен ынта екеуіне апарара тұрған дүние - құранға деген сүйіспеншілік, ықылас. Сондықтан құранға ықыласың болмағаның себепті құраннан алыстап жүруің де мүмкін.
Алла елшісі ﷺ былай деген:
«Аллаға құлшылық жасалатын зулхиджжа айының алғашқы он күнінен артық күн жоқ. Бір күндік оразасы бір жылдық оразаға, әрбір түніндегі намаз қадір түніндегі оқылған намазға тең».

(Тирмизи)
Хасан Басри (Алла ол кісіні мейіріміне алсын):

«Адамдардың жаратушыға наразы екенін көргенімде, өздері секілді жаралғанға разы болмайтынын түсіндім»,-деген екен.

📚Хилятул-әулия
Аз ғана білім көп құлшылық жасаудан хайырлы.
(Хадис шәриф)

Яғни, біліммен атқаралытын құлшылық білімсіз жүзеге асатын құлшылықтан абзал.
Алла елшісі ﷺ былай деген:
«Ең жаман кісі - адамдар оның тілінен қорқып, құрмет көрсеткен адам».
(Әдәб әд-дуня уә әд-дин)

Тілі ащы кісінің сөзі маған тиіп кетпесін деп, жұрт құрмет көрсеткен кісі - ең жаман адам. Сондықтан тілді артық сөздерден сақтау керек екен.
Қасиетті Мекке қаласындағы басқосудан естелік.

#Hajj_2024
Кейбір сақалдылардың іс-әрекеттері үшін сақалды жеккөруге болмайды. Сақал қою - Пайғамбарымыздың ﷺ жолы. Сақал қоюшылардың дінсізі де, пасығы да болады. Кісінің діні сақалымен ғана өлшенбейді. Дұрыс түсініңіздер.
Құрбан айт құтты болсын! Алла екі дүние бақытын берсін. Аман-есен жүре беріңіздер.
Бір әйел кісі тақуалық, нәпсіні жеңу туралы уағыз айтып, курс өткізіп жатыр екен. Енді видеоға түсіп, нәпсісін тәрбиелеген екен)
Шариғатта әйел кісілерге жамағат намазына бару - мәкруһ. Желіні айтпай-ақ қояйық.
Арасында осылай “негатив” айтып тұруға мұқтажбыз.
Бұрындары ашық киінетіндер “ұнамаса, қарама!” деуші еді) Қазір бұл сөзді орамал таққан ұстаз смақ блогерлерден естиміз.
Қазір Пайғамбарымыз ﷺ болса, осы іске разы болады деп ойлай ма екен?! Әсіресе ұстаздық қылып, тәрбие беріп жүрген кісілер осыған қатты қарау керек. Ұстаздың ісін басқалар “шариғат” деп сенеді.
Forwarded from Мирас Ерланұлы (Мирас Ерланұлы)
Жаз мезгілінде намаз оқитын киімге мән беріңіз. Намаз оқитын киім өте жұқа (прозрачный) болмауы керек. Өте жұқа киім әуретті жауып тұру үкімін алмайды.
Басқаға қылған жамандық өзіңе қайтқандай, жақсылық жасау да өзіңе жақсылық болып қайтатынын ұмытпа.
Сұрақ: Әрдайым дәретті болудың сауабы қандай?
Жауап: Әбу Бурайдадан: «Бір күні Алла елшісі таң намазынан кейін Біләлді шақырып: «Ей, Біләл! Жәннатқа кіргенім сайын сенің жүрісіңнің сыбдырын (даусын) алдымнан (алдыңғы тарапымнан) естимін»-дейді. Біләл: « Уа, Алланың елшісі! Әр азан шақырғанымнан кейін екі ракағат намазды тастамаймын. Және әр дәретім бұзылған сайын дәрет алып, екі ракағат (шүкір) намазын оқимын»-деп жауап береді. Сонда Алланың елшісі: «Міне, жәннатқа осы екеуімен (әрдайым дәрет алып, екі ракағат шүкір намазын оқу арқылы) кірдің», - деп айтты»,-деп келтірген (Тирмизи). Әр дәрет алғаннан кейін екі ракағат шүкір намазын оқу - жәннатқа жетелейтін бірден-бір амал. Шүкір және басқа да нәпіл намаздары мәкруһ уақыттарда оқылмайды.

«Сұрақ-жауап» кітабынан
Осыдан біраз уақыт бұрын ойыма осындай электронды бір кітапша жазу келген болатын. Соған қазір кірісіп кеттім. Өте пайдалы болады деген үміттемін. Себебі кітапшаны барынша жеңіл, қарапайым тілде жазып жатырмын. Кітапшада жиі қойылатын сұрақтардың жауабы қамтылған. Тек қана сұраққа жауап беру емес. Барынша жауаппен бірге кішігірім насихат, ақыл-кеңестерді де қосып жатырмын. «Сұрақ-жауап» кітапшасы көпшілікке пайдасы тиеді деген сенімдемін.