Мирас Ерланұлы
3.94K subscribers
24 photos
13 videos
1 file
33 links
Пайдалы бол!
Download Telegram
Алла елшісі ﷺ:
«Аллам, сенен тағдырға разы болуымды сұраймын»,- деп дұға жасайтын.

📚Өзіңді бақытты қыл
Өтірік айтып өзімді көтергеннен шын айтып төмен болғаным мен үшін ұнамды.

© Омар (Алла разы болсын)
Алла кішіпейіл адамның дәрежесін көтереді (Муслим)
Отбасылық бақыттың мысалы екі бал арасының ұяшығы секілді. Ұяшыққа күш-жігерлерін жұмсаған сайын балдың тәттілігі арта береді.

📚Өзіңді бақытты қыл
Тақуалықтан кейін момын кісі үшін ең хайырлысы - салиқалы әйел.
(Ибн Мәжәһ)
Ізгі болыңдар, әйелдерің де ізгі (салиқалы) болады.
(Табарани)
Сүйіктісі болмаған адам - бөтен адам.

© Али (Алла разы болсын)

Адамдардың барлығын жаппай ұнатпау мүмкін емес. Жақсы көретін адамдары болуы керек. Олай болмаса, өзі бөтен болғаны.
Уақытты бекер өткізгендеріңді ұнатпаймын. Не дүниенің, не ақыреттің ісінде жоқ.

© Омар (Алла разы болсын)
Кісінің өзіңе қатысты болмаған нәрселерін айтуы - ол үшін айып (кемшілік) болуына жеткілікті.

© Харис әл-Мухасиби
Екі жүзділіктен қорқып жүрсең, жалғыз қалғанда дәрет алып, екі бас намаз оқы.

#ықыласты_арттыру
Көзбояушылықтан (риядан) құтылу оңай. Көпшіліктің көзінше қылған амалды, жалғыз қалғанда да істесең болғаны.

#ықыласты_арттыру
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ханафи мазхабының атынан жалған сөйлеуге жауап бердік.

Барынша репост!
Нағыз жеңіс - Алланың берген нығметін сақтап қалу.
Жүрек таза болмайынша иман кәміл болмайды. Тіл түзелмейінше жүрек таза болмайды.

(Муснад Ахмад)

Тіл түзелсе, қалғаны да түзеледі.
Су жаңа рилс)

Бөлісіп, қолдап жіберіңіздер.
Әссәләму ‘аләйкум! Сіздерді үлкен қажылыққа шақырамыз.

Бөлісе жүріңіздер.
Қажылық пен ұмраны атқарыңдар. Расында қажылық пен ұмра ұста көрігінің алтын, күміс, темірден артық нәрселерді кетіргеніндей күнәларды кешіреді. Қабыл болған қажылықтың сыйы тек жәннат.

(Тирмизи, Нәсәи, ибн Мәжәһ)
Арапа күні - Алланың құлдарды тозақ отынан ең көп азат қылатын күні . Алла сол күні мейірімін төгіп, құлшылықтағы пенделерімен періштелерге мақтанады.

(Муслим, Нәсәи)