Бүгін бірнеше ғалым университеттерде жалақы төмен екендігін жазды. Соның бірі 👇🏻
Талғат Жолдасұлы:
“Ресми деңгейде ғылымға бөлінетін қаржы бірнеше есе өскені айтылып жатыр, бірақ университет оқытушыларының жалақысына қарасаң, ол өсім айқын байқалмайды. Тіпті көп жағдайда қарапайым мектеп мұғалімдерінің айлығы университет оқытушыларының айлығынан жоғары деуге болады.
Оның үстіне университет оқытушыларының апталық/жылдық жүктемесі мектептен жоғары. Ал ғылыми дәрежесі бар сапалы мамандарды шақыру мәселесіне келгенде, қазіргі ұсынылып отырған айлықпен білікті кадр келмейтіні түсінікті.
Бұған қоса оқытушыда эдвайзерлік, кураторлық сияқты қосымша міндеттер бар, олар да өз алдына бөлек қағазбастылық. Кафедра меңгерушілерінің жұмысы тіпті қорқынышты, толықтай қағазбастылық, есеп пен ұйымдастырудан тұратын ауыр әкімшілік жүк. Соған қарамастан, универсиетте халықаралық журналдарға мақала жаз, жобаға/конкурсқа қатыс, университеттің рейтингін көтер, яғни “ғылым жаса” деген талап бар.
Қағазбастылық, бітпейтін есеп, жоғарыдан келетін тексерістер мен тапсырмалар ғылыми жұмыстың уақытын ғана емес, жалпы сабақ сапасына да әсер етіп жатады. Қазақстанда ЖОО-лардың нақты автономиясы өте шектеулі, өйткені университетке барлық мекеменің әлі келеді. Мұндай жағдай/жүйе табиғи түрде ғылыми нәтижеге емес, есеп беруге икемді кадрларды алға шығаратыны сөзсіз. Ал ғылыммен айналысатын немесе ғылыми потенциалы бар оқытушылар екінші орынға ығыстырылады.
Соған қарамастан мемлекет зерттеуші университеттер қалыптастыру, университеттерді дамыту, ғылымның сапасын арттыру, халықаралық стандарттарға сай жүйе қалыптастыру мақсатын қойып қояды. Бірақ мемлекеттің өзі үлгі ретінде қарайтын сол Батыс елдері тәжірибесінде оқытушының негізгі уақыты зерттеуге бағытталатынын, әкімшілік жүктеме барынша азайтылғанын ескермейді. Бұны «шамаңа қарамай» өзіңе жоғары планка қою деп атайды. Біздегі жағдайда оқытушының ғылыммен айналысуы былай тұрсын, кейде жай кітап оқуға уақыт табуының өзі қиын.
Ойымша, бұл мәселелердің түп-төркіні қаржыдан да бұрын, тексеруге, есепке, бақылауға негізделген бюрократиялық жүйеде жатыр. Университет ғылым жасайтын орыннан гөрі жоғарыға есеп тапсыратын мекемеге көбірек ұқсап кеткен жағдайда нәтиже де соған сәйкес болады. Сондықтан университеттерге шынайы академиялық автономия беру, артық тексеріс пен қағазбастылықты қысқарту, оқытушының уақытын есепке емес, зерттеуге бағыттайтын жүйе қалыптастыру керек. Жалпы ғылым сенім мен еркіндік болған жерде ғана дамитыны белгілі. Ғалымға еркіндік берілмесе, қадір-қасиеті қорғалмаса, құрметтелмесе елде ғылым дамымайды”.

👍7😨1
⚡️ Ғылым күнінде — ғылым саласының ащы шындығы
“Қазақстан ғылымы жаңа сатыға өтті. Бұл сатының ерекшелігі – қазір ғылыми нәтиже емес, "ғылыми есеп" бірінші орынға шықты. Сондықтан да, барлық ЖОО мен ҒЗИ өздерінің құжаттық номенклатурасына ғылыми жоспарлары мен ғылыми есептерін енгізіп, ғылыми өнімді (нәтижені немесе жаңалықты) көрсетпеуге тырысатын болды.
Гуманитарлық ғылымдағы жиендік деңгейі аса жылдам қарқынмен өсіп барады. Антиплагиаттан өту үшін, бастауыш пен баяндауыштың орнын ауыстыру жеткілікті. Адам адал ғылыми еңбек арқылы емес, ұрлық жасау арқылы оңай жолмен "есеп" беріп күнелтуге үйреніп барады. Күріштің арқасында су ішетін күрмек қаптады. Өзінің біліксіздігінен білмей жүрген ғылыми жетістік жайлы оқыған кезде, оны "ғылыми жаңалық" деп қабылдайтын PhD қаптап барады. Мұның арты жақсылыққа апармайды. Ғылымның дәл осындай деңгейге түсуіне біліксіз ғылыми менеджерлер мен коррупциялық жүйе себеп болды.
Ендігі кезде, осы шыңыраудан шығу міндеті тұр. Мақсат пен міндет қаншама айқын болса да, өмірінде іргелі ғылыми еңбек жазып көрмеген делдал жол бастаушының шыңыраудан шығар жолды көруі екіталай...
Мен, ҒАЛЫМдарды ғылым күнімен құттықтаймын!”
Сәбит Шілдебай

👍8
📣 100 томдық “Бабалар сөзі” жинағын шығару идеясының бастауында Мұхтар Мағауин тұр.
1970-80 жылдары Мағауиннің түрткі болуымен 17 том қолжазбалар жинағы шыққан.
Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында «Қолжазба мұра және сандық дәуір: ғылыми жүйелеу, сақтау мәселелері» атты дөңгелек үстел өтіп жатыр.

❤5
⚡️⚡️⚡️Қазақ қолжазбаларының Ұлттық реестрі жасалады
Бұған дейін сирек қорлардағы көне қолжазбалар оқырман немесе зерттеушілердің қолына беріліп келді. Бұлай істеуге болмайды, негізі. Көптеген қолжазбалар бүлінді, жыртылды, т.с.с.
Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжановтың айтуынша, осы институттағы қолжазбалардың 90 пайызы цифрланды. Енді зерттеушілерге электронды нұсқасы ғана беріледі.
Бүгінгі дөңгелек үстелде Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, ҚР Ұлттық кітапханасы және “Ғылым ордасы” мекемесі ортақ меморандумға қол қойды.
Мақсат – қолжазбаларды жүйелеу, республикалық реестр түзу, каталог жасау, ғылыми айналымға қосу, т.б.
Ал әзірге көне қолжазбалардың жағдайы мүшкіл. Зерттеуші өте аз. Маман жетіспейді.

👍4❤🔥1
📚 Ұлттық кітапханада Төте жазу курсының 2 легі сынақ тапсыруда
23 қатысушы 4 топқа бөлініп,
1920 жылдары шыққан “Денсаулық жолы”, “Қызыл Қазақстан”, “Жаңа мектеп” және “Әйел теңдігі” журналдарының бір-бір нөмірін төте жазудан қазіргі қаріпке түсірді.

👍7
1921-1930 жылдары “Қызыл Қазақстан” журналын басқарған, редактор болған, редакция алқасына кірген азаматтардың барлығы 1937-1938 жылдары репрессия кезінде опат болған.
💔4
Тарихшы Рахметолла Закарья қазіргі уақытта АҚШ-тағы Гарвард университетінде зерттеумен айналысып жүр. “Болашақ” бағдарламасы бойынша Visiting Scholar ретінде.
Рахметолла Закарьяның жастарға, студенттерге кеңесі:
1. Өз салаңа деген шынайы қызығушылық болуы керек. Онсыз бәсекеге және жұмыстың салмағына төтеп бере алмайсың.
2. Белсенді бол: олимпиадаларға, ерікті ретінде жобаларға қатысу, зерттеу жұмыстарына ынталы болу керек.
3. Қарым-қатынас құра білу.
Қазақстандық ғылым туралы пікірі:
Архивтер цифрландырылып жатыр, электронды базалар жасалуда. Бірақ қаражат жетіспейді, жас зерттеушілерге мотивация аз. Ғылымға көзқарас, әдіс-тәсілдер ескі.
Сұхбат мында (орысша)

👍5❤1
«Парсы тіліндегі дереккөздерде қазақ хандарының ішінде есімі көбірек кездесетін хан – Қасым хан.
Бұл деректер сол кезеңде билікке келген Сефевилер әулеті мен Шайбанилер әулеті туралы жазылған шығармаларда бар.
Мысалы, «Тарих-и Сефевие» атты шығарма, авторы – Мир Мулаим-бек Исмаил Хусайни Мараши Табризи. Бұл қолжазба Тегерандағы Қажы Хусейн Малек атындағы кітапханада сақтаулы. Қолжазба 372 беттен тұрады.
📝 Қолжазбаның соңғы бөлімінде Сефевилер әулетінің Орталық Азия хандарымен қарым-қатынасы мен дипломатиялық байланысы әңгіме болады. Осы шығарманың бірнеше жерінде Қасым ханның есімі кездеседі.
Автор Қасым ханды «Дешті Қыпшақтың ханы», кейде «патшасы» деп жазады.
«Күн нұрындай жарқын жүзді, хан ибн хан Шыңғысханның тәжі мен тағының мұрагері, Дешті Қыпшақ ханы Қасым ханға арыз хат» деп басталатын әризе хатты Мұхаммед Шайбани хан жазыпты.
Қасым хан 1446-1518 жылдары өмір сүрген. Таққа 1511 жылы отырған. Демек, Қасым хан ресми түрде таққа отырмай тұрып, есімі кең тараған.
Әризе – парсы тілінің түсіндірме сөздіктері бойынша, өзінен жоғары тұрған тұлғаға жазылған хат».
Ирантанушы, филология ғылымдарының кандидаты Ғалия Қамбарбекованың “Ортағасырлық Иран: археография және дереккөздер (ХІІІ–ХVІІІ ғғ.)” атты монографиясынан.

❤5👍3👏1
🐳 Германияда қызықты әрі мұңлы бір оқиға болып жатыр. Адасып қалған жас киттің тағдырына бүкіл неміс алаңдаулы.
Наурыз айының ортасына таман Балтық теңізінің Германия тұсындағы Пель порты жағалауына бүкір кит (North Atlantic Bottlenose Whale) жүзіп келеді де қайраңға тұрып қалады. Бұл киттер негізінен Атлант мұхитының терең суларын, Солтүстік теңізді, Арктиканың маңын мекендейді. Олар – тереңдікті жақсы көретін жануар.
Ал Балтық теңізі олар үшін тым таяз. Кит адасып, бағытынан жаңылысқан. Ғалымдар мұны «навигациялық қателік» деп атайды: кит терең су іздеп жүріп, байқаусызда құмды қайраңға тап болған.
Сонымен бүкір китті құтқаруға неміс жұрты жұдырықтай жұмылды. Оған «Тимми» деп ат берді. Жаны ашыған немістер оның жотасына су шашты.
Әйтсе де Тиммиді сүйреп тереңге алып кету өте қиын.
1-ден, алып жануардың салмағы бірнеше тонна. Егер оны арқанмен сүйресе терісін зақымдап, ішкі мүшелерін езіп жіберуі мүмкін.
Киттің жағдайы жақсы емес, ол аштықтан әлсіреген әрі ауру. Аузына балық аулайтын тор кептеліп қалған. Дені сау кит таяз суға ешқашан жоламайды дейді мамандар.
Сонымен қатар, Балтық теңізінің тұздылығы төмен болғандықтан, киттің терісінде ауру пайда болған.
Тиммидің жағдайын білуге тіпті штаттың қоршаған ортаны қорғау министрі Тилль Бакхаус келді.
Министр бұл жағдайды «трагедия» деп атап, баспасөз мәслихатын өткізді.
Тікұшақпен көтеруге де болмайды екен, бүкір кит одан бетер азапталады.
Сонымен, немістер: «Біз табиғаттың заңына қарсы тұра алмаймыз. Енді қолдан келері – Тиммидің өмірден тыныш кетуіне мүмкіндік беру» деп отыр.
Министрдің бұйрығымен китті ешкім мазаламауы үшін айналасына 500 метрлік қоршау жасалды.
Қазіргі уақытта Тимми өз тағдырына бойұсынып, қайраңда жатыр. Егер кит қатты қиналса, оған эвтаназия жасалуы мүмкін.
📍 Иә, адамзат табиғаттың алдында бәрібір дәрменсіз. Планетаны билеп-төстеп, білгенін істесе де әр нәрсенің шегі бар.

«Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық» деді министр.
Тікұшақпен көтеруге де болмайды екен, бүкір кит одан бетер азапталады.
Сонымен, немістер: «Біз табиғаттың заңына қарсы тұра алмаймыз. Енді қолдан келері – Тиммидің өмірден тыныш кетуіне мүмкіндік беру» деп отыр.
Министрдің бұйрығымен китті ешкім мазаламауы үшін айналасына 500 метрлік қоршау жасалды.
Қазіргі уақытта Тимми өз тағдырына бойұсынып, қайраңда жатыр. Егер кит қатты қиналса, оған эвтаназия жасалуы мүмкін.
📍 Иә, адамзат табиғаттың алдында бәрібір дәрменсіз. Планетаны билеп-төстеп, білгенін істесе де әр нәрсенің шегі бар.
❤3👍1
🐳 Бүгін, жұмада бүкір китті құтқару операциясы қайтадан басталды. Оны Солтүстік теңізге жеткізбекші.
Кит сәл қозғалып еді, жиналған 30 шақты адамның қуанғаннан көзіне жас келді, деп жазады NDR тілшісі.
Жоспар бойынша ертең китті арнайы жастыққа салып көтеріп, платформаға жатқызады. Сосын Солтүстік теңізге немесе Атлантикаға апарады.
Құрал-жабдық Пель портында тұр. Барлық қаражатты Вальтер Гунц деген кәсіпкер көтерген. Билік “өздерің біліңдерші” деп, жауапкершілікті осы кісілерге жүктепті.

👍4
⚡️ “Жасанды интеллект технологиясының даму қарқыны мен оны инженерлік қолдану айырмашылығы артып барады. ЖИ модельдер күн сайын қуатты бола түсуде, ал әлемдік қоғам игеріп үлгермей жатыр.
АҚШ пен Қытай ЖИ дамыту, зерттеу, іске қосу бойынша алшақтықты жоғалтып, теңесті.
✔️Осы орайда біз қайтеміз?
ЖИ дегеніміз осы күні әдемі сөз, құр пропагандаға айналып барады. Ал шындығында ол жай қызыл сөз, жылтыр науқан емес, тұтас бір индустриялар мен адамдар ондаған жылдар бойы үйреніп-білген қабілеттерді түбегейлі өзгертетін жаңаша ойлау парадигмасы.
✔️Мұны анау ауыл-аймақтағы қазақ жастарына қалай жеткіземіз?
Қайда барсақ жұмыссыздық өршіп тұрғанда, ЖИ арқылы жаңа кәсіптің көзін табуға болатынын қалай жеткіземіз?
Жеке өз басым жалпыұлттық ЖИ сауаттандыру процесі жүру керек деп есептеймін”.
Тимур Бектұр,
ІТ сарапшы

“Қыз Жібек” фильмінің мәңгілік классикаға айналуының сыры – республиканың өнер саласындағы бүкіл интеллектуалдық күші жұмылдырылуында. Фильмді түсіруге режиссер Сұлтан Қожықовпен қатар, редактор болған Асқар Сүлейменов ұшан-теңіз еңбек сіңірген.
Жазушы, сыншы, әлемдік деңгейдегі энциклопедиялық білім иесі Асқар Сүлейменов “Қазақфильм” киностудиясында жұмыс істеген кезінде “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” дастаны негізінде “Баян ел” атты киносценарийді де жазып ұсыныпты. Бірақ сценарийді ешкім керек етпеген.
📍 “Парасат падишасы” естеліктер кітабынан.
“Кісінің қадірін біле бермейтініміз қандай өкінішті. Асқар Сүлейменов “Қыз Жібек” фильмінің редакторы ретінде оның жандана, сұлулана түсуіне қыруар еңбек сіңірді. Неткен білімдар, ойға жомарт, аналитик жан! Музыкаға, тарихқа, тіпті актерлік, режиссерлік мәселелерге белсене атсалысуы және біліп араласуы жан толқытатын. Ғабит Мүсірепов, Сұлтан Қожықов, Нұрғиса Тілендиевпен ой таластырғанда оларды өз дегеніне көндіре білетін”.
Виктор Пұсырманов, кинорежиссер.

❤8