Áitarym bar
1.35K subscribers
39 photos
9 videos
4 files
34 links
Айтар сөзім іште өлмесін, кеудеге көмілмесін. Сол үшін жазамын, айтамын

Жарнама, пікір, ұсыныс, сұрақтар тікелей ↪️ @dinara_boranbay
Download Telegram
4 жыл уақыт айтарлықтай үлкен өзгерістерге ұшыратты. Кәдімгідей есейіп кеткендеймін. Бала болғым келеді. Бірақ бола алмаймын. Студенттік жылдарым көп дүниенің өзгеруіне себеп болды. Кезінде ақылыма бағынбай, шала сезіміме жүгінген кездерімді ойласам, оның бәрі ессіз жастығымның әсері екенін мойындаймын. Бала болдық та көз қызыққанның бәрін байқап, көріп білуге ұмтылдық. Ал қазір сана толысып, кішкене тежеу қойған сәтте оның бәрі алаңсыз, уайымсыз кезеңдердің көрінісі екенін ойша саралайсың. Уақыт өтіп, алға қадымдаған сайын аяғыңды аңдап басуға тырысасың.

Білмеймін, алда не күтерін… Ал менің күтерім – Жақсы әрі өкінішсіз ғұмыр, уақыт, сәттер, орта. Өзгеріске түскен өзімнің санама шектеулер қойсам да, қиял еркіндігімді тұсауламаспын. Менің дәл бүгінгі жеткен әр дүнием – шексіз қиялымның жемісі.

Динара @md_aitarymbar
Жазу – жанымның тыныштығы. Стресс, депрессия, ашу, реніш сынды күйімнің бәрін осылай шығарамын. Мұндай адамдармен болатын қалыпты құбылыстарға өзімді қимаймын. Жүйкем мен жүрегімді сақтағым келеді. Ешкіммен тайталаспаймын, айқай шығару былай тұрсын. Даулы сәттерде үнсіз қаламын. Нерв клеткаларымның саулығы жолында көп дүниеден бойымды аулақ ұстаймын. Есесіне, миым да, жүрегім де, өзім де аманмын. Токсик адамдардан қашамын. Себебі оның бойындағы осы қасиетін жұқтырып алмас үшін. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» дейді ғой. Адамнан тек жақсы қасиет сіңіріп алуға тырысам. Сіздер де сөйтіңіздер! Жаман нәрсе тез жұғады!

Болды осымен мен ішкі күйлерімді жазып шығарып тастадым. Енді еркін ұйықтаймын. Қайырлы түн!

@md_aitarymbar
М: Тереңге батырып жіберетін не қайғы сенде?

Д: Қайғы емес, сананы соққылаған сан мың ой ғой ол…

#өзіміздіңдиалог
М: Енді жетпегені сол еді…

Д: Сол деп тұрғаның сен ғой. Жеткізбейсің, жете алмаймын… Ішкі ойға ғана сыйған сөзі еді…

#өзіміздіңдиалог
1 күннен соң сапар. Түсіме кіріп, өзіне шақырып алған Астана. Өзіміздің жаңа жылды ел астанасынан қарсы алмақпын…) 😍🤭
Сен күзеткен ұйқым қазір қараусыз…

Динара @md_aitarymbar
Сапарлату қандай ғажап! Адам тану деңгейің қалыптасатын бірден бір деңгей осы.

Динара Боранбай @md_aitarymbar
Алматыдағы у-шуға етім үйреніп кеткені сонша, Астананың жанға жайлы тыныштығына сүйсініп тамақтанып отырмын🥰
Жанымның тыныштығын сенен таптым, Астана❤️‍🩹
«Жанарыңда сенің жатыр екен менің тағдырым…»
Астанадан кетіп бара жатқан адамға ұқсап тұрған жоқ сияқтымын…
Д: Екі жыл бұрын Астанадан кеткенде қимастық болып, ішім алай-түлей күй кешкен еді. Ал қазір ондай сезім жоқ.

М: Қайтып келетін шығарсың онда…

Д: Мүмкін)

#өзіміздіңдиалог
Көктемнің жасыл желегін жамылып үлгермеген Астана, мен қайта оралам…🫶🏻 Ал әзірге кездескенше! Мен келгенде ыстық құшағың дайын болсын тек!
Forwarded from бeсін
Кей адамдардың — қалайсыз дегені — сағындым дегені ғой. Анда-санда қалымызды сұрап, іздеп тұратын жақсылар бар. Сағынып келген адамға асығыс жауап қатып, елемегендей сыңай танытсаң — өзіңнен көр. Мені ешкім сағынбайды деп ренжіме сонсоң.

Біздер көп нәрсенің, көп сөздің байыбына бармаймыз ғой. Кейін, кейін барып қалайсыздың сағындым ғой екенін түсініп, аяулы бір мұңға бөленіп, “жезкиікті” тыңдап отырасың ымыртта.

Әй, бір гем дүние-ай

Өкпелеткің келмейді ғой ешкімді…
Жат болсаң да жаныма жақын, үніммен үндес, сезіміммен серік сияқтысың…

Динара @md_aitarymbar
Жүрегімнің әр дүрсілі сені іздейтіндей көрінеді кейде…

Динара @md_aitarymbar
Тәңір елімізге тыныштық сыйласын!
Ұйқымның келмеу себебін білмеймін. Білгім де келмес. Бұрын ұйықтамауымның өз себебін білетінмін. Ал қазір ол себептің де болмашы дүниеге айналғанын ойлап отырмын.

Түс жиі көретінмін. Ұйқысыз да таң атырған кездер алыстан қол бұлғайды. Түс көрсем үнемі күліп оянатынмын. Қазір ол түстер сағым дүние. Әдетте, адам күндіз не ойласа, түсінде соны көретіні рас-ақ. Мен тек сені ойлайтынмын. Өмірде бар, бірақ маған тиесілі емес сені. Жат адамдарша ғұмыр кешу – азап. Азаптың түбіне бойлай берсең, түбі өзіңді жоғалтып тынарың мәлім. Ал мен оны таңдамағанмын. Ол мені таңдамаған. Екеуі кереғар.

Кейде шатасқан ойларым санамды шырмауықтай орап, тырп еткізбейді. Ондайда шарасыз күйде қаламын. Шарасыз болу – түк істей алмау. Ал ондайдан жылап алу құтқарады. Бірақ ол менің қолымнан келсе де, келмейді. Білмеймін. Жаным тыныш, бірақ жүрек әлдебір сағыныштан үздіксіз соғады…Жүрегімнің үнін тыңдап көре аламысың, не дейді?…

ал қазір сені көру үшін көзімді жұмдым…

Динара Боранбай @md_aitarymbar
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Кітапты аяқтаған соң, енді оны алғаш рет оқи алмайтының есіңе түскенде💔

@md_aitarymbar
Бұл Алматы неге көп төкті жасын?… Әлде әр аймақта болып жатқан төтенше жағдайларға, халықтың жан ұшырған жағдайына, суға кеткен мал-мүліктің тағдырына, бәріне деген үнсіз күңіренісі ме екен? Екі күн аспан түнеріп, суы құрғамады. Жауып жатыр, жауып жатыр.

@md_aitarymbar