ҚР Парламенті Мәжілісі
5.6K subscribers
5.02K photos
1.72K videos
1 file
2.67K links
Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасынан басты жаңалықтар, депутаттардың қызметі, түрлі жобалар және Парламент өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат ала аласыздар.
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы бойынша Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал Құспанның баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы бойынша Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Нұрсұлтан Байтілесовтің қосымша баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
Қылмыстық кодекстен қоғамға қауіп төндірмейтін экономикалық құқық бұзушылықтар туралы баптар алынып тасталады

Мәжіліс экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасы мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Түзетулерді депутаттар Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауы мен экономиканы ырықтандыру шаралары туралы Жарлығын орындау мақсатымен әзірледі.

Қылмыстық кодекстің екі бабы толығымен қылмыссыздандырылады. Ауыр қоғамдық қауіп төндірмейтін экономикалық сипаттағы қылмыстар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылады:

1. Қылмыстық кодекстің 219-бабы – кредитті заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану.
Құқық бұзушылықтың элементтері біртекті әрі ұрлық, оның ішінде алаяқтық түрінде болғандықтан, Қылмыстық кодекстің 189 және 190-баптары бойынша қарастырылады. Бұл ретте осыған ұқсас әрекет үшін жауапкершілік ӘҚБтК 233-бабында қарастырылған.

2. Қылмыстық кодекстің 241-бабы – бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзу.
ӘҚБтК-нің 239-бабының алтыншы бөлігіне ауыстырыла ма? Ол бойынша бүгінде тек заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Түзетулерде жеке тұлғаларға арналған нормалар да енгізіледі.



Из Уголовного кодекса исключат статьи за экономические правонарушения, не представляющие общественной опасности

Мажилис одобрил в первом чтении законопроект по вопросам дальнейшей декриминализации экономических правонарушений и противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных незаконным путём, и финансированию терроризма, а также сопутствующие ему поправки в Кодекс об административных правонарушениях. Поправки разработаны депутатами во исполнение послания Главы государства народу Казахстана от 1 сентября 2023 года «Экономический курс справедливого Казахстана», а также Указа Президента РК о мерах по либерализации экономики.

Полной декриминализации подвергаются две статьи Уголовного кодекса. В КоАП переводят экономические преступления, составы которых не представляют серьёзной общественной опасности:

1. Статья 219 УК – незаконное получение кредита или нецелевое использование бюджетного кредита.
Составы правонарушения однородны и сопряжены с хищением, в том числе в форме мошенничества. Поэтому они могут квалифицироваться по ст. 189 и 190 УК. При этом ответственность за аналогичное деяние предусмотрена в ст. 233 КоАП.

2. Статья 241 УК – нарушение законодательства о бухгалтерском учёте и финансовой отчётности.
Переносится в часть шестую статьи 239 КоАП? Которая на сегодня предусматривает привлечение к административной ответственности лишь юридических лиц. Поправками вводится норма и для физического лица.

t.me/mazhilis_kz
Экономикалық контрабанда және салық төлеуден жалтару ішінара қылмыссыздандырылады

Түзетулер аясында ішінара қылмыссыздандыру Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кедендік құқық бұзушылықтарға да қатысты болады. Сонымен қатар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті ажырату үшін 1-бапта ұсынылған ӘҚБтК-нің 233, 545, 549 және 550-баптарында «егер бұл іс-әрекеттер ірі залал келтірмесе» деген сөздер «егер бұл әрекеттерде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса» деген сөздермен ауыстырылсын.

1. Қылмыстық кодекстің 234-бабы – экономикалық контрабанда.
Жауапкершіліктің басталу шегі 10 000 АЕК-тен 20 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.

2. Қылмыстық кодекстің 236-бабы – кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару.
Қылмыстық жауапкершіліктің шекті мөлшері – 5 мыңнан 10 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылады.



Экономическая контрабанда и уклонение от уплаты налогов будут частично декриминализированы

В рамках поправок частичная декриминализация коснулась таможенных правонарушений по двум статьям УК. При этом в целях разграничения уголовной и административной ответственности предлагается в ст. 233, 545, 549 и 550 КоАП слова «если эти деяния не причинили крупный ущерб» заменить словами «если эти действия не содержат признаков уголовно наказуемого деяния».

1. Статья 234 УК – экономическая контрабанда.
Повышается порог наступления уголовной ответственности до особо крупного размера – с 10 000 до 20 000 МРП.

2. Статья 236 УК – уклонение от уплаты таможенных пошлин, таможенных сборов, налогов, специальных, антидемпинговых, компенсационных пошлин.
Повышается порог наступления уголовной ответственности до особо крупного размера – с 5 000 до 10 000 МРП.

t.me/mazhilis_kz
Салық қылмыстары бойынша кейбір істерді тіркеуге жол берілмейді

Кәсіпкерлерді салық қылмыстары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту нормаларының шегін айқындайтын әділ механизм енгізу мақсатымен заң жобасында тіркеуге жол берілмейтін істерге қатысты өзгерістер ұсынылды:
- тиісті акт не қорытындыларында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін жеткілікті деректері бар қорытынды қоса берілмеген;
- актілерге қатысты жоғары тұрған органға не сотқа шағым жасалған кезде;
- жұмыстар нақты орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей не декларация ұсынылмай мәмілелер бойынша есепке жазу жүргізілген жағдайларды қоспағанда, есепке жазылған салық сомалары толық ерікті түрде өтелген кезде істерді тіркеуге жол берілмейді.



Регистрации не будут подлежать некоторые дела в сфере налоговых преступлений

В целях внедрения справедливого механизма привлечения предпринимателей к уголовной ответственности по налоговым преступлениям законопроектом предлагается предлагаются поправки, согласно которым регистрация дел будет недопустима:
– без соответствующего акта либо заключения, в выводах которого содержатся достаточные данные, указывающие на наличие признаков уголовного правонарушения;
– при обжаловании актов в вышестоящем органе либо в суде;
– при полном добровольном погашении начисленных сумм налогов (за исключением случаев, когда начисления произведены по сделкам без фактического выполнения работ, оказания услуг, отгрузки товаров, либо непредставления декларации).

t.me/mazhilis_kz
🇰🇿🇮🇷 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрагим Раисидің қайтыс болуына байланысты Тегеранда көңіл айту және құрмет көрсетуге арналған іс-шараға қатысады.

🇰🇿🇮🇷По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева Спикер Мажилиса Ерлан Кошанов примет участие в похоронах Президента Ирана Ибрахима Раиси.


t.me/mazhilis_kz
ҚР Парламенті Мәжілісі pinned «🇰🇿🇮🇷 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрагим Раисидің қайтыс болуына байланысты Тегеранда көңіл айту және құрмет көрсетуге арналған іс-шараға қатысады. 🇰🇿🇮🇷По поручению Главы государства…»
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту туралы заң жобасы бойынша Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Айдарбек Қожаназаровтың баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту туралы заң жобасы бойынша Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Аманжол Әлтайдың қосымша баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
Спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымы көбейтіледі

Мәжіліс жалпы отырыста спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады.

Мақсат – қостанайлық жылқы тұқымының тектік қорын сақтау, оның асыл тұқымды қасиеттерін жақсарту және мал басын ұлғайту үшін селекциялық, асылдандыру жұмысын жүргізу.

Осы мақсатта «асыл тұқымды жануар» және «тұқым стандарты» ұғымдарына өзгерістер енгізіледі. Жылқылардың жұмысқа қабілеттілігі, ептілігі, төзімділігі секілді пайдалы қасиеттері тұқым стандартына жат қызылады.

Бұдан басқа түзетулерде асыл тұқымды орталықтардың шетелдік селекцияның спорттық бағыттағы асыл тұқымды айғырларын сатып алуы, асыл тұқымды аналық мал басымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу, оларды ұстау бойынша шығындарды өтеу көзделген.



В Казахстане займутся воспроизводством казахской породы спортивных лошадей

Мажилис принял поправки по вопросам сохранения и воспроизводства казахской породы лошадей спортивного направления

Цель законопроекта – сохранение генофонда костанайской породы лошадей, а также проведение селекционной и племенной работы для улучшения её племенных качеств и увеличения поголовья животных.

Для этого вносятся изменения в понятия «племенное животное» и «стандарт породы», в соответствии с которыми к стандарту породы будут относится такие полезные качества лошадей, как работоспособность, резвость, выносливость.

Кроме того, поправки предусматривают приобретение племенными центрами племенных жеребцов производителей спортивного направления зарубежной селекции, ведение селекционно-племенной работы с племенным маточным поголовьем, а также возмещение затрат по их содержанию.

t.me/mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау бойынша Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау бойынша Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Еркін Әбілдің қосымша баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
Қазақстан тауарларының түркі мемлекеттерінің шекарасынан өтуі жеңілдейді

Мәжіліс Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа тараптар 2022 жылдың 11 қарашасында Самарқандта қол қойды.

Келісім аясында «оңайлатылған кеден дәлізі» және «сауда операторлары» жаңа ұғымдары енгізіледі. Басты мақсат – оңайлатылған кеден дәлізі бойынша тараптар арасында өтетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру.

Ақпарат алмасу сауда операторлары тасымалдайтын жүктер бойынша оңайлатылған кеден дәлізі арқылы және ерікті негізде жүзеге асырылатын болады. Оңайлатылған кеден дәлізі аясында сауда операторларына бірқатар жеңілдік беріледі. Олардың ішінде кедендік ресімдеудің басым тәртібі, өткізу пункттерінде кедендік жете тексеруді қолданбау және ресімдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін жекелеген қозғалыс жолақтарын қоса алғанда, мүмкін болатын оңайлатылған кедендік формальдылықтар бар.

Тараптардың кеден органдары Келісім күшіне енгеннен кейін ұзақтығы 6 ай болатын пилоттық жобаны ұйымдастырады және жүзеге асырады.



Казахстанским товарам будет проще проходить границы тюркских государств

Мажилис ратифицировал Соглашение между правительствами государств-членов Организации тюркских государств о создании упрощённого таможенного коридора (УТК). Документ был подписан сторонами в Самарканде 11 ноября 2022 года и заключается на неопределённый срок.

В рамках Соглашения вводятся новые понятия: «упрощённый таможенный коридор» и «торговые операторы». Основная цель – повышение эффективности таможенного контроля товаров и транспортных средств, перемещающихся между сторонами по упрощённому таможенному коридору.

Обмен информацией будет производиться по грузам, осуществляемым торговыми операторами, пользующимися УТК, и на добровольной основе. Торговым операторам в рамках УТК будет предоставлен ряд льгот. В их числе приоритетный порядок таможенного оформления и неприменение досмотра в пунктах пропуска, а также упрощённые таможенные формальности, включая отдельные полосы движения, позволяющие сократить время оформления.

После вступления Соглашения в силу таможенные органы сторон организуют и будут осуществлять пилотный проект продолжительностью 6 месяцев.

t.me/mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы бойынша Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Марат Башимовтың баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
Адам саудасына байланысты қылмыстар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Заң Заң Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Адам құқықтарын қорғау саласындағы одан әрі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатымен әзірленді.

Негізгі заңға жаңа ұғымдар енгізіліп, кейбір анықтама халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Сондай-ақ адам саудасы құрбандарының құқықтары, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық негіздері де қарастырылған.

Ілеспе түзетулерде Қылмыстық кодекске жаңа санат – адам саудасымен байланысты қылмыстар енгізіледі. «Адамды қанау» түсінігі мәжбүрлеу әдістерін кеңейту тұрғысынан халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі.

Сонымен қатар жаңа заңда адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысушылардың татуласу мүмкіндігі алынып тасталады.

Қылмыстық-процестік кодексі жәбірленушінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу құқығымен толықтырылады. «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңда адам саудасына қатысты жекелеген қылмыстар қамтылған.

Серіктестік аясында алғаш рет заң деңгейінде Ішкі істер министрлігі мен Еңбек министрлігінің уәкілетті органдары белгіленіп отыр. Басқа мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалардың (туризм субъектілері, жұмыспен қамту агенттіктері) функциялары біріктіріледі.



Криминализируются преступления, связанные с торговлей людьми

Мажилис принял во втором чтении закон «О противодействии торговле людьми в Республике Казахстан» с сопутствующими ему поправками. Они разработаны в реализацию Указа Главы государства «О дальнейших мерах в области прав человека» от 13 апреля 2022 года.

Основным законом вводятся новые понятия, некоторые определения приводятся в соответствие с международными стандартами. Также прописываются права жертв торговли людьми, защита прав несовершеннолетних лиц и основы международного сотрудничества в данной сфере.

Сопутствующими поправками вводится новая категория преступлений в Уголовный кодекс – преступления, связанные с торговлей людьми. Понятие «эксплуатации человека» приводится в соответствие с международными конвенциями в части расширения способов принуждения.

Кроме того, новым законом исключается возможность примирения сторон по преступлениям, связанным с торговлей людьми.

Уголовно-процессуальный кодекс дополняется правом потерпевшего на получение специальных социальных услуг. В Закон «О Фонде компенсации потерпевшим» включаются отдельные преступления, связанные с торговлей людьми.

В рамках партнёрства впервые на уровне закона определяются уполномоченные органы в лице МВД и Минтруда. Закрепляются функции других госорганов, НПО, негосударственных коммерческих юридических лиц (субъектов туристской деятельности, агентств занятости).

t.me/mazhilis_kz
Интернет арқылы сексуалдық қызметтерді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Заңға жезөкшелік түсінігі, яғни, сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді көрсету, оның ішінде жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер арқылы басқа адамның жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен телекоммуникация және Интернет желісі арқылы көрсету енгізілген.

«Жезөкшелік» анықтамасының ұсынылып отырған редакциясы жезөкшеліктің мұндай түрлерін, оның ішінде кәмелетке толмағандарды оған заңсыз тартумен айналысатындарды және болашақта ұйымдастырушыларды ҚР ҚК 134, 308, 309-баптары және ҚР ҚК мен 450 ӘҚБтК бойынша жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.



Вводится уголовная ответственность за организацию сексуальных услуг через Интернет

Законом вводится понятие проституции – возмездного оказания услуги сексуального характера, в том числе посредством использования сетей телекоммуникаций, Интернета в целях удовлетворения половой потребности другого лица путем полового сношения или иных действий сексуального характера.

Предлагаемая редакция определения «проституция» позволит охватить такие виды проституции, в том числе с незаконным вовлечением в неё несовершеннолетних лиц, и в дальнейшем привлекать организаторов к ответственности по статьям 134, 308 и 309 УК и 450 КоАП РК.

t.me/mazhilis_kz
Жаңа туған нәрестені тастап кеткені туралы хабарламағаны үшін медициналық ұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері әкімшілік жазаға тартылады

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске де өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар балаларды қабылдау фактілері туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органдарына және прокуратураға хабарлауға міндетті.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламаған медициналық ұйымдар мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына жауапкершілік қарастырылады. Бұл ретте баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай істерді қарау құзыреті айқындалады.



Административное наказание за несообщение об оставлении новорождённого ждёт работников медорганизаций и детдомов

Изменения и дополнения также вносятся в Кодекс «О браке (супружестве) и семье». Организации для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, будут обязаны сообщать в органы по опеке или попечительству и прокуратуры о фактах поступления детей.

Поправками в Кодекс об административных правонарушениях вводится ответственность за несообщение о факте оставления новорождённого должностными лицами медицинских организаций и организаций для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей. Вместе с тем определяются компетенции уполномоченного органа в области защиты прав ребёнка по рассмотрению таких дел.

t.me/mazhilis_kz
Жаңа заң бойынша вандализм үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту көзделген

«Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң аясында депутаттар екінші оқылымда вандализм үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша нормалар әзірледі.

Мемлекет басшысы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайының үшінші отырысында вандализмнің теріс салдарын алға тарта келіп, онымен күресу қажеттігі туралы айтқан болатын.

Қылмыстық кодекстің 203-бабы «Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, әкету немесе бүлдіру» алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, бірнеше рет жасаған адамдар тобы арнайы нормаларымен толықтырылатын болады.

«Вандализм» 294-бап бойынша бұзушылық аясында 100 АЕК-тен (бұрын 50 АЕК) 200 АЕК-ке (бұрын 160 АЕК-ке) дейінгі айыппұл түріндегі жаза немесе сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына не жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу (бұрын 40 тәулік) жазасы қолданылады.

Бұл баптың 2-бөлігі «әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық уәжі бойынша, адамдар тобымен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, пайдакүнемдiк ниетпен бiрнеше рет жасалған» деген нормамен толықтырылды. Мұндай әрекеттер 500-ден 200 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе түзеу жұмыстары, 300 сағаттан 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жазаланбақ.



До 600 часов общественных работ за вандализм грозит по новому закону

В рамках нового Закона «О противодействии торговле людьми в Республике Казахстан» ко второму чтению депутаты разработали нормы по ужесточению ответственности за вандализм.

О негативных последствиях вандализма и необходимости борьбы с ним Глава государства высказался на третьем заседании Национального курултая «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс».

Статья 203 Уголовного кодекса «Умышленное уничтожение, вывоз или повреждение предметов, имеющих особую ценность» дополняется такими квалифирующими нормами как совершенное группой лиц, группой лиц по предварительному сговору, совершенное неоднократно.

Нарушение по статье 294 «Вандализм» грозит наказанием в виде штрафа от 100 МРП (ранее 50 МРП) до 200 МРП (ранее 160 МРП) либо исправительными работами в том же размере, либо привлечением к общественным работам на срок до ста шестидесяти часов, либо арестом на срок до 50 суток (ранее 40 суток).

Данная статья дополнена частью 2 «совершенное по мотивам социальной, национальной, расовой или религиозной вражды, группой лиц, группой лиц по предварительному сговору, из корыстных побуждений, совершенное неоднократно». Такие деяния наказываются штрафом в размере от 500 до 200 000 МРП либо исправительными работами, привлечением к общественным работам на срок от 300 до 600 часов, либо ограничением свободы на срок до 3 лет, либо лишением свободы на тот же срок.

t.me/mazhilis_kz
Белгіленбеген жерлерге коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 АЕК айыппұл салынады

Енді 434-бабтың жекелеген бөліктерінде «Ұсақ бұзақылық» ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, көпшілік пайдаланатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүліктерді қорлағаны үшін 50 АЕК (бұрын 20 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 20 тәулікке (бұрын 15 тәулікке) дейін әкімшілік қамауға алу қаупі бар. Бұл бұзушылықтарды бір жыл ішінде қайталау 20 (15 тәуліктен бұрын) 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделген.

434-2 «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бабы бойынша бұзушылықтар үшін жаза екі есеге ұлғайтылды. Саябақтарды, скверлерді ластағаны, оның ішінде белгіленбеген жерлерге коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 АЕК (бұрын 5 АЕК) айыппұл көлемінде, ал бұзушылықты бір жыл ішінде қайталағаны үшін 20 АЕК (бұрын 10 АЕК) көлемінде айыппұл салынады.



За выброс коммунальных отходов в неустановленных местах грозит штраф 10 МРП

Теперь по статье 434 «Мелкое хулиганство» за осквернение зданий, иных сооружений, жилых помещений, мест общего пользования, имущества на транспорте и в иных общественных местах грозит штраф в размере 50 МРП (ранее 20 МРП) либо административный арест на срок от 5 до 20 суток (ранее было 15 суток). Повтор этих нарушений в течение года влечет административный арест на срок от 20 (ранее 15 суток) до 30 суток.

За нарушения по статье 434-2 «Загрязнение мест общего пользования» наказания увеличены вдвое. За загрязнение парков, скверов, в том числе выброс коммунальных отходов в неустановленных местах штраф составит 10 МРП (ранее 5 МРП). За повтор нарушения в течение года 20 МРП (ранее 10 МРП).

t.me/mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту туралы заң жобасы бойынша Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Арман Қалықовтың баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz