ҚР Парламенті Мәжілісі
5.87K subscribers
5.59K photos
2K videos
1 file
3.21K links
Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасынан басты жаңалықтар, депутаттардың қызметі, түрлі жобалар және Парламент өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат ала аласыздар.
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мәжілісте Қоғамдық палата отырысы өтті.

Отырыста прекурсорларды заңсыз дайындағаны, өңдегені, сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны және жөнелткені үшін қылмыстық жауапкершілікті, яғни олардың заңсыз айналымы үшін, сондай-ақ олармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін жауаптылықты көздейтін түзетулер енгізу ұсынылды.

Сонымен қатар прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттарды дайындауға немесе өңдеуге арналған құралдар мен жабдықтардың заңсыз айналымы да қылмыстық жазаға тартылуы керектігі айтылды.

Бұған дейін Мәжіліс есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.

Толығырақ бейнероликте▶️

t.me/mazhilis_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Как будет развиваться инфраструктура электромобилей в Казахстане?

22 мая Мажилис принял во втором чтении депутатские поправки по вопросам транспорта и развития инфраструктуры для электромобилей с сопутствующим им проектом.

Теперь электромобили будут обеспечены специально отведёнными местами для стоянки и парковки. А их владельцы не будут платить за парковочные места. Кроме того, компетенцией по принятию решения о размещении электрозарядных станций наделят акиматы.

Какие ещё поправки вносятся в законодательство, узнаете из нашей инфографики.

t.me/mazhilis_kz
Қазақстанда электромобильдер инфрақұрылымы қалай дамиды?

22 мамырда Мәжіліс көлік және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту туралы заң мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Енді электрлік көліктер арнайы орынтұрақ және тұрақпен қамтамасыз етіледі, ал олардың иелері автотұрақ ақысын төлеуден босатылады. Бұдан бөлек әкімдіктерге электрқуаттау станцияларын орналастыру бойынша шешім қабылдау құзыреті беріледі.

Заңға енгізілген өзге де түзетулер туралы ақпараттық кестеден біле аласыздар.

t.me/mazhilis_kz
​​Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Алдағы жалпы отырыста Мәжіліс Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасындағы бірқатар келісімді ратификациялайтын болады. Олар:

- Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы;
- Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту туралы;
- Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту туралы келісімдер.

Жалпы отырыстың күн тәртібі жобасына Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісім де бар.

Сонымен қатар депутаттар Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне (Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісім) өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын талқылайды.

Депутаттар екінші оқылымда мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  заң жобасын қарайды.

Сондай-ақ Мәжіліс комитеті «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алатын болады.

Толығырақ parlam.kz.



Бюро Мажилиса под председательством Спикера Палаты Ерлана Кошанова определило проект повестки предстоящего пленарного заседания.

Депутатам предлагается рассмотреть проекты законов о ратификации ряда соглашений между правительствами Казахстана и Китая:

- Соглашение о международных автомобильных перевозках;
- Соглашение по развитию Транскаспийскогомеждународного транспортного маршрута;
- Соглашение по развитию Транскаспийскогомеждународного транспортного маршрута, в том числе для контейнерных поездов сообщением Китай – Европа.

Также в повестку пленарного заседания включен законопроект о ратификации Соглашения о международных комбинированных грузовых перевозках между правительствами государств – членов Организации тюркских государств.

Кроме того, Мажилис планирует рассмотреть протокол с поправками в Марракешское соглашение об учреждении Всемирной торговой организации(Соглашение по рыболовным субсидиям).

Во втором чтении депутатам предлагается обсудить законодательные нововведения по вопросам государственной статистики и управления данными.

В работу планируется принять новый законопроект о ратификации Соглашения о взаимном признании банковских гарантий при осуществлении государственных (муниципальных) закупок.

Подробности на сайте parlam.kz.

t.me/mazhilis_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM