ҚР Парламенті Мәжілісі
5.83K subscribers
5.54K photos
1.97K videos
1 file
3.15K links
Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасынан басты жаңалықтар, депутаттардың қызметі, түрлі жобалар және Парламент өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат ала аласыздар.
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бойынша Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Анас Баққожаевтың қосымша баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
Қазақстанның түркі мемлекеттерімен жүк тасымалы артады

Мәжіліс түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялады. Бұл келісім 2022 жылы 11 қарашада Самарқанд қаласында жасалған. Ол Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан арасындағы көлік-транзит әлеуетін және сауда-экономикалық қатынасты одан әрі дамытуға бағытталған.

Келісімге сәйкес түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында теміржол, су және автомобиль көлігімен жасалатын жүк тасымалы көлемі ұлғайтылады. Тараптар өзара ынтымақтасып, жүк тасымалдауды ілгерілетуде қолдау көрсетеді. Осы мақсатта мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тиісті мәселелерді талқылап, шешуге жауапты Бірлескен комитет құрылады.

Келісім ратификацияланғаннан кейін тараптар транзиттік тасымалдарға қатысты цифрлық технологияларды енгізу және жүктерді «жіксіз» мультимодальды тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдай алады. Электронды тауар-көлік жүкқұжаттары мен жол парақтарына көшу мақсатымен автомобиль тасымалдарында көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі әзірленді. Ол Қазақстан халықаралық жүктерді тасымалдау шарты туралы конвенцияға қосылғаннан кейін электронды халықаралық eCMR-ге көшу құралы болады.



Казахстан сможет отправлять больше грузов в тюркские страны

Мажилис ратифицировал Соглашение о международных комбинированных грузовых перевозках между правительствами стран Организации тюркских государств (ОТГ), совершённое в Самарканде 11 ноября 2022 года. Оно направлено на дальнейшее развитие транзитно-транспортного потенциала и торгово-экономических отношений между Казахстаном, Азербайджаном, Кыргызстаном, Турцией и Узбекистаном.

В рамках Соглашения будут увеличены объёмы грузоперевозок, выполняемых железнодорожным, водным и автомобильным транспортом между членами-государствами ОТГ. Стороны также будут сотрудничать и оказывать взаимную помощь в продвижении комбинированных грузоперевозок. Для этого создаётся Совместный комитет из представителей заинтересованных государственных органов и организаций, который будет отвечать за обсуждение и решение соответствующих вопросов.

После ратификации соглашения стороны смогут принимать меры по внедрению цифровых технологий в отношении транзитных перевозок и обеспечения «бесшовной» мультимодальной транспортировки грузов. В целях перехода на электронные товарно-транспортные накладные и путевые листы в автомобильных перевозках разработана Единая система управления транспортными документами. Она послужит для Казахстана инструментом для перехода на электронные международные еCMR после присоединения к Конвенции о договоре международной перевозки грузов.

t.me/mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша Көлік министрі Марат Қарабаевтың баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша Экономикалық реформа және өңірлік даму
комитетінің мүшесі Мұқаш Ескендіровтің қосымша баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
Қазақстан тасымалдаушылары жүкті Қытай порттарына дейін жеткізе алады

Мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялады. Келісім 2023 жылы 17 мамырда Сиань қаласында жасалған.

Құжат аясында екі ел арасында автомобиль көлігімен жасалатын жүк тасымалдау көлемін ұлғайтады. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы жүктерді тасымалдау мен олардың аумақтары арқылы үшінші елдерге транзитті реттеуге жол ашады.

Келісім Қазақстан көліктеріне Қытай аумағына, оның ішінде елдің оңтүстік-шығысындағы теңіз порттарына дейін баруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде екі елдің шекаралас аймақтарында тауарларды қайта тиеу шығындары мен уақытын қысқартып, импорттық тауарлардың құнына және қазақстандық экспорттаушылардың шығындарына оң әсерін тигізеді. Мұндай шарттар Қазақстандағы қытайлық тасымалдаушыларға да қатысты болады.

Келісім аясында автокөлікпен тасымалдауға электронды рұқсат бланкілерін беру де жоспарланған. Қазір Қытай тарапымен шамамен 120 мың бірлік рұқсат қағазы айырбасталып жатыр. Қағаздан электронды форматқа көшіру қағаз бланкілерін өндіруге қосымша қаржылық шығын мен оларды тарату және бақылау процесіндегі адам күші факторын жояды.

Айта кетерлігі, 2023 жылы бұл бағыттағы қазақстандық тауарлар экспортының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 661 пайызға – 44,4 мың тоннадан 338 мың тоннаға дейін өсті.



Казахстанские перевозчики смогут довозить груз до китайских портов

Мажилис ратифицировал Соглашение между правительствами Казахстана и Китая о международных автомобильных перевозках, совершённое в Сиане 17 мая 2023 года.

Данное Соглашение позволит увеличить объёмы перевозок грузов, выполняемых автотранспортом между двумя странами, а также регулировать перевозку грузов между Казахстаном и Китаем и транзит через их территории в (из) третьи страны.
Соглашение также позволит казахстанским автотранспортным средствам проезжать вглубь территории Китая, в том числе в морские порты на юго-востоке страны. Это, в свою очередь, сократит расходы и время на перегруз товаров в приграничных районах РК и КНР и положительно скажется на стоимости ввозимых товаров и затратах казахстанских экспортёров. Аналогичные условия будут действовать для китайских перевозчиков на территории Казахстана.

В рамках соглашения также планируется выдача электронных бланков разрешений на осуществление перевозок автомобильным транспортом. В настоящее время с китайской стороной производится обмен в количестве порядка 120 тыс. ед. разрешений на бумажном носителе, при распределении которых присутствует человеческий фактор. Перевод бланков разрешений с бумажного на электронный формат позволит исключить дополнительные финансовые расходы по изготовлению бумажных бланков, а также человеческий фактор в процессе их распределения и контроля.

К слову, в 2023 году объём экспорта казахстанских товаров по данному направлению вырос на 661% – с 44,4 тыс. тонн до 338 тыс. тонн товаров по сравнению с предыдущим годом.

t.me/mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша Көлік министрі Марат Қарабаевтың баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мұқаш Ескендіровтің қосымша баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалдау уақыты екі есе қысқарады

Мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялады. Бұл келісім Бейжіңде 2023 жылы 17 қазанда жасалған.

Құжаттың мақсаты – Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша мультимодальды тасымалдауды дамыту. Ол үшін Қазақстан мен Қытай аумақтары арқылы жүктерді тасымалдауға қолайлы жағдай туғызатын автомобиль, теңіз және теміржол көлігінің артықшылықтарын пайдалану ұсынылады.

Қазіргі уақытта Қытайдан Еуропаға транзиттік жүктердің мерзімі 19-23 күнді құрайды. Оның 6 күні Қазақстан аумағы арқылы өтеді, жүк ағыны 6 млн тонна. Келісім аясында 2027 жылға қарай жүк ағынын 10 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдаудың жалпы жылдамдығы 12-13 күнді құрайды.

Сондай-ақ келісім «өтпелі» транзитті декларациялау процесін автоматтандыру арқылы әкімшілік кедергілерді азайтуды көздейді. Осы мақсатта цифрлық көлік дәлізі бағдарламасы іске қосылды (TХКБ бағыты бойынша логистикалық және экспедиторлық қызметтерді сату терезесі).



Сроки прохождения грузов по Транскаспийскому международному транспортному маршруту сократятся в два раза

Мажилис ратифицировал Соглашение между правительствами Казахстана и Китая по развитию Транскаспийского международного транспортного маршрута. Соглашение было совершено в Пекине 17 октября 2023 года.

Целью документа является развитие мультимодальных перевозок по Транскаспийскому международному транспортному маршруту. Для этого предлагается использовать преимущества автомобильного, морского и железнодорожного видов транспорта, что позволит создать благоприятные условия для перевозки грузов по территориям Казахстана и Китая.

В настоящее время сроки прохождения транзитных грузов из Китая в Европу составляют 19-23 дня, из них по территории Казахстана – 6 дней, грузопоток – 6 млн тонн. В рамках соглашения планируется увеличить грузопоток к 2027 году до 10 млн тонн, общая скорость прохождения грузов из Китая в Европу составит 12-13 дней.

Соглашением также предусматривается снижение административных барьеров путём автоматизации процесса декларирования «сквозного» транзита. Для этого запущена программа цифрового транспортного коридора (окно продаж логистических и экспедиторских услуг на маршруте ТМТМ).

t.me/mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша Көлік министрі Марат Қарабаевтың баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мұқаш Ескендіровтің қосымша баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
2040 жылға қарай Транскаспий көлік бағыты арқылы 470 мың контейнер өте алады

Мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) Қытай-Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту туралы келісімді ратификациялады. Келісім 2023 жылғы 17 қазанда Бейжіңде жасалған.

Бұл келісім екі ел аумағы арқылы контейнерлік пойыздар үшін экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдауды арттыру бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған.

Келісімді жүзеге асыру нәтижесінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалдаудың жыл сайынғы көлемі, екі мемлекеттің аумағында жылжымалы құрамды қадағалау бойынша деректер алмасу бекітіледі. ҚХР Транскаспий халықаралық көлік бағытының мұнай құбыры мен порт инфрақұрылымы жобаларын қаржыландыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы жүктерді транзиттік тасымалдауды жүзеге асыруға жәрдемдесетін болады.

2023 жылы ТХКБ арқылы контейнерлік тасымалдар 39 пайызға төмендеген (20,5 мың TEU). 2022 жылы 33,6 мың TEU. Дегенмен 2024 жылдың 4 айының соңында контейнерлік тасымалдау 10,4 мың ТЭU құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,4 пайызға өскен (6,1 мың TEU).

Еуропалық қайта құру және даму банкінің бағалауы бойынша, инвестициялық жобаларды іске асыру және ТХКБ-де үздіксіз байланысты қамтамасыз ету шаралары арқылы ТХКБ бойынша контейнерлік тасымалдау көлемі 2040 жылға қарай 470 мың контейнерге дейін ұлғайтылады. Ал жалпы Орталық Азия елдерін есепке алғанда 800 мыңнан астам TEU.

Транскаспий халықаралық көлік бағытының Азиядан Еуропаға тікелей жүк жеткізу мүмкіндігі зор. Бүгінде бұл жол арқылы мұнай, мұнай өнімдері, металдар, астық, химиялық заттар, сода және басқа да тауарлар экспортталады. Импортта тұтыну тауарлары, азық-түлік, темір рудалары, қара металдар, химиялық заттар, түсті рудалар, мұнай өнімдері басым. Транзиттік бағытта да халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік, астық, құрылыс материалдары, қара металдар, химия және сода басым.



До 470 тыс. контейнеров сможет проходить через Транскаспийский транспортный маршрут к 2040 году

Мажилис также ратифицировал Соглашение между правительствами Казахстана и Китая по развитию Транскаспийского международного транспортного маршрута (ТМТМ), в том числе для контейнерных поездов сообщением «Китай – Европа», совершённое в Пекине 17 октября 2023 года.

Данное Соглашение направлено на дальнейшее развитие сотрудничества по наращиванию экспортно-импортных, транзитных перевозок для контейнерных поездов по территориям двух стран.

В результате реализации Соглашения ожидается утверждение потенциального ежегодного объёма перевозок грузов по Транскаспийскому международному транспортному маршруту, обмен данными по слежению за подвижным составом на территории обоих государств, содействие КНР в финансировании нефтепроводных, портовых инфраструктурных проектов ТМТМ, а также осуществления транзитных перевозок грузов между Казахстаном и Китаем.

В 2023 году отмечалось снижение на 39% по контейнерным перевозкам по ТМТМ – 20,5 тыс. ДФЭ против 33,6 тыс. ДФЭ в 2022 году. Однако по итогам 4 месяца 2024 года контейнерные перевозки составили 10,4 тыс. ДФЭ, увеличившись на 70,4% в сравнении с аналогичным периодом прошлого года (6,1 тыс. ДФЭ).

По оценкам ЕБРР, при осуществлении строительства инвестиционных проектов и мер по обеспечению бесперебойной связи на ТМТМ, объём контейнерных перевозок по ТМТМ к 2040 году будет увеличен до 470 тыс. контейнеров в ДФЭ. А в целом с учётом стран Центральной Азии – свыше 800 тыс. ДФЭ.

Транскаспийский международный транспортный маршрут имеет большой потенциал в осуществлении прямых поставок товаров из Азии в Европу. На сегодня по данному маршруту экспортируют нефть, нефтепродукты, металлы, зерно, химикаты, соду и другие товары. В импортном направлении преобладают товары народного потребления, продукты, железная руда, чёрные металлы, химикаты, цветная руда, нефтепродукты. В транзитном направлении также преобладают товары народного потребления, продукты, зерно, строительные грузы, чёрные металлы, химикаты и сода.

t.me/mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне (Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісім) өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауовтың баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне (Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісім) өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Данияр Қасқарауовтың қосымша баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
ДСҰ аясындағы реттелмейтін балық кәсіпшілігін субсидиялауға салынған тыйымға Қазақстан қосылады

Мәжіліс Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне
(Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісім) өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Хаттама 2022 жылғы 17 маусымда Женева қаласында қабылданды.

Келісім Әлемдік мұхитқа шығатын теңіздерде балық аулау және онымен байланысты қызметті жүзеге асыру мәселелерін реттейді. Мақсаты – заңсыз, хабарланбайтын және реттелмейтін кәсіпшілікке ықпал ететін субсидиялар беруді шектеу арқылы балық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету.

Бұл ретте ішкі су айдындарында балық өсіру және аулау келісімнің қолданылу аясынан алынып тасталады. Сондықтан бұл нормалар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан су қоймаларына қолданылмайды. Өйткені Каспий, Арал теңіздері және еліміздің басқа да ірі су қоймалары ішкі су айдындарына жатады.

Келісімді ратификациялау әлемнің биологиялық ресурстарын сақтауға және ұтымды пайдалануға, сондай-ақ олардың тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.



Казахстан присоединяется к запрету на субсидирование нерегулируемого рыбного промысла в рамках ВТО

Мажилис ратифицировал Протокол о внесении изменений в Марракешское соглашение об учреждении Всемирной торговой организации (Соглашение по рыболовным субсидиям). Он был принят 17 июня 2022 года в городе Женеве.

Соглашение регулирует вопросы осуществления морского промысла рыбы и связанную с ним деятельность в морях, имеющих выход в Мировой океан. Оно направлено на обеспечение сохранения рыбных ресурсов путём ограничения предоставления субсидий, способствующих незаконному, несообщаемому и нерегулируемому промыслу.

При этом выращивание и вылов рыбы во внутренних водоёмах исключены из сферы применения Соглашения. Поэтому данные нормы не могут быть применены к водоёмам, расположенным на территории Казахстана, так как Каспийское, Аральское моря и другие крупные водоёмы страны являются внутренними.

Ратификация Соглашения будет способствовать сохранению и рациональному использованию мировых биологических ресурсов, а также обеспечению их устойчивого использования.

t.me/mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекеттік статистика және деректерді басқару туралы заң жобасы бойынша Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляеваның баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
Әкімшілік деректердің сапасын анықтауға Ұлттық статистика бюросы жауапты болады

Мәжіліс мемлекеттік статистика және деректерді басқару туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Заңды депутаттар Мемлекет басшысының Ұлттық статистика бюросын реформалау және цифрландыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатымен әзірледі.

Заң аясында деректерді басқару саясаты саласындағы мемлекеттік органдар арасында құзыреттер мен өкілеттіктер бөлінеді. Ұлттық статистика бюросы басқа мемлекеттік органдар қалыптастыратын әкімшілік деректердің сапасын анықтауға жауапты болады. Осы мақсатта деректерді бақылаушылар топтары құрылады. Сапасыз деректерді анықтау үшін олардың қызметі орталықтандырылады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі деректерді басқару саясатының техникалық іске асырылуын және «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесін техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар «Электронды үкімет» ақпараттық-коммуникациялық платформасының жұмысын құқықтық реттеу енгізіледі. Мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыру және деректерді талдауды енгізу кезінде деректер алмасудағы ведомствоаралық кедергілерді жою жоспарланған. Бұл халық пен бизнеске мемлекеттік қызмет көрсету аясында цифрлық қызметтерді енгізу процесін жеделдетеді.



Бюро нацстатистики будет отвечать за определение качества административных данных

Мажилис принял во втором чтении закон по вопросам государственной статистики и управления данными. Поправки инициированы парламентариями во исполнение поручения Главы государства по реформированию и цифровизации Бюро национальной статистики.

Законом распределяются полномочия и компетенции между госорганами в области политики управления данными. За Бюро нацстатистики закрепляется определение качества административных данных, формируемых другими госорганами. Для этого будут формироваться команды контроллеров данных. Их деятельность будет централизована для выявления некачественных данных.

МЦРИАП же будет обеспечивать техническую реализацию политики управления данными и техническое сопровождение информационно-аналитической системы «Smart Data Ukimet».

Кроме того, вводится правовое регулирование работы информационно-коммуникационной платформы «Электронного правительства». Предполагается устранение межведомственных барьеров для обмена данными при автоматизации деятельности госорганов и осуществления аналитики данных. Это позволит ускорить процесс внедрения цифровых сервисов для предоставления населению и бизнесу госуслуг.

t.me/mazhilis_kz
Қазақстандықтардың статистикалық мәліметтері ұялы байланыс операторлары мен коммуналдық қызметтерде жинақталатын болады

Заңда статистикалық есеп беру нысандарын қысқарту ұсынылған. Осы мақсатта «Ұлттық регистрлер» түсінігі енгізіледі. Онда салалар бойынша анықтамалық деректер қамтылады. Сондай-ақ әкімшілік деректер негізінде жаңартылатын цифрлық статистикалық регистрлер жүйесі құрылады.

Бұл ретте Ұлттық статистика бюросына ақпарат жеке жеткізушілер ұсынған балама деректер көздерінен де келетін болады. Оның ішінде ұялы байланыс операторлары, табиғи монополиялар бар. Олар тараптардың келісімі бойынша деректерді тегін тасымалдайды. Бұл респонденттерге түсетін жүктемені азайтып, статистикалық өндіріс процесін цифрландыруға мүмкіндік береді.



Статданные казахстанцев будут собирать у мобильных операторов и коммунальных служб

Законом предлагается сократить формы статистической отчётности. Для этого вводится понятие «Национальные регистры». В них будут содержаться эталонные данные по сферам. Также будет выстроена система цифровых статистических регистров, которые будут обновляться на основе административных данных.

При этом информация в Бюро нацстатистики будет поступать также от альтернативных источников данных в лице частных поставщиков. В их число входят мобильные операторы, субъекты естественных монополий. Они будут передавать данные на безвозмездной основе в рамках соглашений сторон. Это позволит снизить нагрузку на респондентов, сделать оцифрованным процесс статистического производства.

t.me/mazhilis_kz
Қазақстанда деректерді өңдеу орталықтары нарығы дамиды

Түзетулерде «деректерді өңдеу орталықтары» ұғымы енгізіледі. Олар бұлтты есептеулердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның негізгі құрамдас бөлігі болады.

Мәліметтерді өңдеу орталықтары нарығын дамыту және оны заңнамалық реттеу Қазақстанның деректерді өңдеу хабына айналуына мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ ел экономикасының барлық секторын шағын және орта кәсіп иелерінің қызметін автоматтандыру процестерін тереңдету есебінен цифрлық трансформациялау қарқынын арттырады. Цифрландыруды кең көлемде енгізу нәтижесінде халық сапалы қызметке қол жеткізетін болады.



В Казахстане получит развитие рынок центров обработки данных

Поправками вводится понятие «центры обработки данных». Они являются основной составной частью информационно-коммуникационной инфраструктуры, обеспечивающей бесперебойное функционирование облачных вычислений.

Развитие рынка центров обработки данных и его законодательное регулирование позволят Казахстану стать хабом обработки данных. Это также повысит темпы цифровой трансформации всех отраслей экономики страны, в том числе через углубление процессов автоматизации деятельности малых и средних предпринимателей. Население же сможет получать более качественные услуги благодаря широкомасштабному внедрению цифровизации.

t.me/mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы бойынша Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал Құспанның баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
Қоғамға қауіп төндірмейтін экономикалық құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекстен алынып тасталады

Мәжіліс экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады.

Қылмыстық кодекстің 219-бабы (кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану) мен 241-бабын (ҚР бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу) қылмыстық сипаттан арылту көзделген.

Қылмыстық кодекстің 234-бабы (экономикалық контрабанда) бойынша жауапкершілік 10 мың АЕК-тен 20 мың АЕК-ке ұлғайтылады. 236-бабы (кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару) бойынша 5 мыңнан 10 мың АЕК-ке ұлғайтылады.

Сонымен қатар тиісті акт не қорытындыларында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін жеткілікті деректері бар қорытынды қоса берілмеген және актілерге қатысты жоғары тұрған органға не сотқа шағым жасалған кезде, сондай-ақ (жұмыстар нақты орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей не декларация ұсынылмай мәмілелер бойынша есепке жазу жүргізілген жағдайларды қоспағанда) есепке жазылған салық сомалары толық ерікті түрде өтелген кезде салық қылмыстары саласындағы істерді тіркеуге жол берілмейді.



Из Уголовного кодекса исключат статьи за экономические правонарушения, не представляющие общественной опасности

Мажилис принял во втором чтении законопроект по вопросам дальнейшей декриминализации экономических правонарушений и противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных незаконным путём, и финансированию терроризма, а также сопутствующие ему поправки в Кодекс об административных правонарушениях.

Полной декриминализации подлежат две статьи Уголовного кодекса: 219 (незаконное получение кредита или нецелевое использование бюджетного кредита) и 241 (нарушение законодательства о бухгалтерском учёте и финансовой отчётности).

Статьи 234 (экономическая контрабанда) и 236 (уклонение от уплаты таможенных пошлин, таможенных сборов, налогов, специальных, антидемпинговых, компенсационных пошлин) Уголовного кодекса подвергаются частичной декриминализации. По ним поднимаются пороги наступления уголовной ответственности до особо крупного размера. По 234 – с 10 до 20 тыс. МРП, по 236 – с 5 до 10 тыс. МРП.

Кроме того, регистрации не будут подлежать дела в сфере налоговых преступлений в случае отсутствия соответствующего акта либо заключения с данными, указывающими на наличие признаков уголовного правонарушения; а также при обжаловании актов в вышестоящем органе либо в суде и при полном добровольном погашении начисленных сумм налогов (за исключением случаев, когда начисления произведены по сделкам без фактического выполнения работ, оказания услуг, отгрузки товаров, либо непредставления декларации).

t.me/mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жылу энергетикасы туралы заң жобасы бойынша Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршиннің баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz