ҚР Парламенті Мәжілісі
5.54K subscribers
4.9K photos
1.71K videos
1 file
2.62K links
Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасынан басты жаңалықтар, депутаттардың қызметі, түрлі жобалар және Парламент өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат ала аласыздар.
Download Telegram
Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дания Еспаева «Әйелдер – саяси көшбасшылар» ұйымының президенті әрі негізін қалаушы Сильвана Кох-Меринмен кездесті.

Тараптар Парламент Мәжілісі мен «Әйелдер – саяси көшбасшылар» ұйымы арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Соның ішінде әлеуметтік-демографиялық саясат саласындағы Еуропалық Одақтың және басқа елдердің, сондай-ақ әйелдердің осал топтарының құқықтарын қорғаудың озық тәжірибесін зерделеу жайы қаралды.

– Гендерлік теңдік тәуелсіздік алған күннен бастап біздің Үкіметіміз үшін маңызды басымдық болып саналады. Қазақстанда әйелдерге арналған және барлық азаматтың өмір сапасын арттыруға, тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған прогрессивті саясат пен реформалар дәйекті түрде жүргізілуде, – деді Мәжілістің вице-спикері.

Жоғары лауазымдардағы әйелдердің санын арттыруға және олардың әлемдік деңгейдегі халықаралық мәселелерді шешуге ықпалын кеңейтуге бағытталған «Women Political Leaders» халықаралық үкіметтік емес ұйымы саясаткер әйелдердің ең ірі желісі болып саналады.

🔸

Заместитель Председателя Мажилиса Дания Еспаева встретилась с Президентом и основателем организации «Женщины-политические лидеры» Сильваной Кох-Мерин.

Стороны обсудили вопросы развития сотрудничества между Мажилисом Парламента и организацией «Женщины-политические лидеры». В том числе, изучение передового опыта Евросоюза и других стран в области социальной и демографической политики, а также передовые методы защиты прав уязвимых групп женщин.

– Гендерное равенство является важным приоритетом для нашего Правительства с момента обретения независимости 30 лет назад. Казахстан последовательно проводит прогрессивную политику и реформы, ориентированные на женщин и направленные на повышение качества жизни и создание равных возможностей для всех, – отметила вице-спикер Мажилиса.

Деятельность международной неправительственной организации «Women Political Leaders» направлена на увеличение количества женщин на руководящих должностях и расширение их влияния для решения международных проблем на глобальном уровне.

@mazhilis_kz
Парламент палаталарының бірлескен отырысы:

Совместное заседание палат Парламента:

https://www.youtube.com/watch?v=xvKi7r-EP9o

@mazhilis_kz
Парламент палатарының бірлескен отырысының күн тәртібіндегі бірінші мәселе – ҚР Конституциялық Сотының «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауы жөнінде.

Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімова 2022 жылғы конституциялық реформаның нәтижесінде Конституциялық Сот құрылып, азаматтарға осы органға қорғау үшін жүгіну құқығы берілгенін атап өтті.

– Бес ай ішінде үш мыңнан астам азамат өз құқықтарын конституциялық қорғауға жүгінді. Бұл цифрлар азаматтардың жаңа органға деген жай ғана қызығушылығының дәлелі емес, өтініш берушілердің әрқайсысының өз құқықтарын қорғау ниетін растайды. Бұл ретте Қазақстан заңнамасында Конституциялық Сотқа жүгінгенге дейін құқықтық қорғаудың барлық басқа құралын қолдану туралы талап жоқ, – деді Э.Әзімова.

Азаматтың конституциялық жүгіну институты қоғамның, мемлекеттік аппараттың және азаматтың конституциялық құқықтық сана мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыруды талап етеді.

Қарау қорытындылары бойынша Парламент Конституциялық Соттың жолдауын назарға алу туралы шешім қабылдады.

🔸

Первым вопросом на совместном заседании Палат Парламента рассмотрели ежегодное Послание Конституционного суда РК. Его создание и наделение граждан правом обращаться за защитой в данный орган являются результатом конституционной реформы 2022 года, подчеркнула председатель Конституционного Суда Эльвира Азимова.

– За конституционной защитой своих прав в течение пяти месяцев обратились свыше 3 тыс. граждан. Данные цифры являются свидетельством не просто интереса граждан к новому органу, а подтверждают желание каждого из обратившихся защитить свои права. При этом требование об исчерпании всех других инструментов правовой защиты до обращения в Конституционный Суд законодательство Казахстана не содержит, – отметила она.

Эльвира Азимова добавила, что институт конституционного обращения гражданина требует повышения уровня конституционного правосознания и правовой культуры общества, государственного аппарата и самого гражданина.

По итогам рассмотрения Парламент постановил принять к сведению послание Конституционного Суда РК.

@mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Руководитель фракции партии «Respublica» Айдарбек Ходжаназаров отметил, что на предыдущем пленарном заседании Мажилиса они уже дали ряд рекомендаций по исполнению республиканского бюджета.

– Мы, как партия бизнеса, считаем, что в условиях резких геополитических изменений в мире требуется полная перезагрузка и пересмотр индикативных планов Правительства. Нужны новые ниши роста экономики и глубокий секторальный анализ. В текущей ситуации Правительству необходимо сконцентрировать все усилия на реализации инфраструктурных проектов в приоритетных секторах, – заявил депутат.

Айдарбек Ходжаназаров подытожил, что в результате обсуждения члены фракции партии «Respublica» пришли к общему решению поддержать отчёты Правительства и Высшей аудиторской палаты.

@mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
На недавнем пленарном заседании Мажилиса фракция ОСДП уже заявляла, что выступает против принятия отчётов об исполнении республиканского бюджета за 2022 год. Позиция осталась неизменной. Депутаты считают, что для повышения эффективности использования государственного бюджета необходимо вовлекать больше общественности.

– В отчёте Высшей аудиторской палаты говорится, что чиновники определили для себя в нацпроектах индикаторы, комфортные в исполнении. Если бы эти индикаторы обсуждались с населением и контролировались ими – доверие казахстанцев к госорганам и эффективность использования бюджетных средств можно было бы повысить, – уточнил руководитель фракции Асхат Рахимжанов.

@mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту мәселесі қаралды. «Ақ жол» фракциясы Үкіметтің есебін қолдамайтынын және оған қарсы дауыс беретінін айтты.

Фракция жетекшісі Азат Перуашев қарсы дауыс беруге кірістердегі күмәнді жетістіктер, бюджетті жоспарлаудағы жауапсыздық, мұнайдан тыс бюджет тапшылығының артуы, Ұлттық қорды талан-таражға салу сынды себептер негіз болғанын мәлімдеді.

– Мемлекет холдингтер мен ұлттық компанияларға триллиондап қаражат бөледі, ал олар бюджетке 6 есе аз қайтарып жатыр. Қалған триллиондарды Үкімет пен ұлттық компаниялар өз қалауы бойынша, Парламентке көрсетпей жұмсауда. Сонда «ықпалды Парламент» пен «есеп беретін Үкімет» қайда? – деді А.Перуашев.

@mazhilis_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«AMANAT» партиясы Фракциясы Үкіметтің 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін аталған ескертулермен бекітуге болатынын жеткізді.

Фракция жетекшісі Елнұр Бейсенбаев бюджет қаражатын игеруді емес, нақты нәтижеге қол жеткізуді басты индикатор ретінде қарастыру керектігіне тоқталды.

– Әрине, мәселе жетерлік. Жария етілген көптеген міндеттеме әлі де баяу іске асып келеді. Оны мойындауымыз керек. Сондықтан Үкімет бұрынғы жұмыс тәртібін түбірімен жою қажет деп есептейміз, – деді Е.Бейсенбаев.

Толығырақ бейнежазбада.

@mazhilis_kz
Парламент палатарының бірлескен отырысында Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері бекітілді.

Бюджеттің атқарылуы туралы есептер жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен Жоғары аудиторлық палата төрайымы Наталья Годунова баяндама жасады.

Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков республикалық бюджеттің атқарылуының негізгі тұстары мен өзекті проблемаларына тоқталып, Үкімет есепті талқылау кезінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды алда ескеруі қажеттігін айтты.

– Мемлекет басшысы бюджетті жоспарлау және мемлекет қаражатын жұмсау кезінде қабылданатын барлық шешімдер барынша тиімді болуға тиіс екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Бюджетті жоспарлау мен атқаруда созылмалы сипатқа ие болып отырған кемшіліктер туралы мәселені депутаттық корпус та үнемі көтеріп отырады, – деді депутат баяндамасында.

🔸

Парламент утвердил отчёты Правительства и Высшей аудиторской палаты об исполнении республиканского бюджета за 2022 год.

По второму вопросу совместного заседания выступили заместитель Премьер-Министра – Министр финансов Ерулан Жамаубаев и председатель Высшей аудиторской палаты Наталья Годунова.

Депутат Мажилиса Уласбек Садибеков в своём содокладе остановился на основных моментах и актуальных проблемах исполнения республиканского бюджета. Он отметил, что Правительству следует учесть замечания и предложения, высказанные в ходе обсуждения отчёта.

– Глава государства неоднократно отмечал, что все принимаемые решения при бюджетном планировании и расходовании государственных средств должны быть максимально эффективными. О недостатках в планировании и исполнении бюджета, уже приобретших хронический характер, постоянно говорит и депутатский корпус, – резюмировал мажилисмен.

@mazhilis_kz
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссия құрамы бекітілді.

Бірлескен комиссия құрамына Сенаттан – Мәулен Әшімбаев, Ольга Перепечина, Асқар Шәкіров, Сүйіндік Алдашев, Нұртөре Жүсіп, Әли Бектаев, Нұрлан Бекназаров, Сергей Карплюк, Ақмарал Әлназарова;
Мәжілістен – Альберт Рау, Нұртай Сабильянов, Аян Зейнуллин, Павел Казанцев, Асхат Рақымжанов, Асқар Садықов, Ерлан Стамбеков, Гауһар Танашева, Динара Шүкіжанова енді.

🔸

Депутаты Сената и Мажилиса утвердили состав Парламентской комиссии по мониторингу реализации национальных целей и задач в области устойчивого развития Казахстана.

В неё из числа сенаторов вошли Маулен Ашимбаев, Ольга Перепечина, Аскар Шакиров, Суиндик Алдашев, Нурторе Жусип, Али Бектаев, Нурлан Бекназаров, Сергей Карплюк, Акмарал Альназарова. Из числа мажилисменов – Альберт Рау, Нұртай Сабильянов, Аян Зейнуллин, Павел Казанцев, Асхат Рахимжанов, Аскар Садыков, Ерлан Стамбеков, Гаухар Танашева, Динара Шукижанова.

@mazhilis_kz
Бірлескен отырыста Парламент «Прокуратура туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңды екі оқылымда қарап, қабылдады.

Заң жобасының басты мақсаты – заңсыз иемденілген және шығарылған активтерді қайтару тетігін құру жөніндегі мәселелерді шешу.

Сондықтан Мәжіліс депутаты Абзал Құспан аталған Конституциялық заң жобасын қабылдау уәкілетті органның активтерді қайтарудағы қызметінің белсенділігіне ықпал ететінін айтты.

– Заң жобасына активтерді іздестіру мен қайтару қызметі, активтердің шығу тегін анықтау, олардың сақталуын қамтамасыз ету шараларын қолдану, активтерді қайтаруға байланысты халықаралық ынтымақтастық орнату, уәкілетті органдар қызметін үйлестіру және байланыс орнату сынды ережелермен толықтырылды, – деді А.Құспан.

🔸

На совместном заседании Парламент рассмотрел в двух чтениях и принял Конституционный закон «О внесении изменений и дополнений в Конституционный закон РК «О прокуратуре».

Мажилисмен Абзал Құспан заявил, что принятие этого Конституционного закона будет способствовать деятельности уполномоченного органа по возврату государству незаконно приобретённых и выведенных активов.

– Закон был дополнен такими правилами, как розыск и возврат активов, установление происхождения активов, применение мер по обеспечению их сохранности, налаживание международного сотрудничества, связанного с возвратом активов, координация и информирование деятельности уполномоченных органов, – рассказал депутат.

@mazhilis_kz