Massaget NEWS
24.3K subscribers
2.83K photos
545 videos
4 files
2.91K links
Танымдық материалдар: @massaget_kz
Download Telegram
Су тасқынымен күрес: өңірлердегі ахуал қандай?

"Атырау облысы Жайық өзеніне мониторинг жүргізіліп жатыр. Мұнда судың деңгейі көтелгені байқалады. Су тасқынынан қорғау үшін Атырау қаласындағы бөгеттерді нығайту жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінде ұзындығы 240 шақырым болатын бөгеттер нығайтылып жатыр. Оған дейін көмекке келген күштер мен құралдар учаскелерде бөлініп, қажет жұмысты істеп жатыр", - деді ТЖМ өкілі.

massaget.kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатына қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Айыпталушы ер адам сотта жылап тұрып, өз ісіне өкінетінін айтты.

Сонымен қатар, марқұмдардың отбасынан шын жүректен кешірім сұрады.

massaget.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кадрларда ер адам әйелді теуіп, артынша ұратыны көрінеді. Видеода бұл оқиға үйлердің бірінің алдында түсірілгені байқалады.

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазып жатыр.

"Бишімбаевтар қаптап бара жатыр", "Әйелді ұруды Бишімбаев синдромы деп атау керек", "Ұратын болсаңдар неге алдыңдар?" - дейді олар.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері осы жайтқа қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Видеодағы адамдар мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі адам міндетті түрде жауапқа тартылады", - деп жазылған Massaget.kz-ке жауапта.

дереккөз: 59cek

massaget.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дархан Ахметжанов сегіз жылға бас бостандығынан айырылды

Ахметжановтың сот барысында тек бұзақылық жасағаны үшін кінәсін мойындады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың желтоқсан айында ер адам автобус жүргізушісін ұрған болатын. Әйел есін жоғалтып, нәтижесінде аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кеткен. Үш адам қайтыс болды.

massaget.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысының оңтүстігінде қар жауды

"Сәуірдің 27-сі. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, қар жауды",- делінген әлеуметтік желідегі видеоның бірінің сипаттамасында.
Түркістан облысында өз-өзіне қол салған полицей өліміне бастығын кінәлап хат жазып кеткен

Әзіретәлі Жүзеевтің ұлы Ратбек Жүзеев биыл 12 наурыз күні өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Әзіретәлі Жүзеевтің сөзінше, баласын қаза болардан бір күн бұрын бөлім бастығы шақырған.

Марқұмның анасы полиция бөлімінің бастығы ұлы көз жұмғаннан кейін 16 күн өткен соң келді дейді. Көңіл айтуға келген кезінде "мінезі қызметіне тура келмейтіндіктен" басқа орынға ауыстырғанын айтыпты.

Жақындары Ратбек Жүзеевке қысым көрсетілгеніне сенімді. Олардың сөзінше, ол өлер алдында хат жазып қалдырыпты. Марқұм хатта ата-анасы мен балаларын жақсы көретінін айтып, өз өліміне кінәлі адамның аты-жөнін жазып кеткен.

🔗Толық ақпарат мына сілтемеде

massaget.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Видео Ақтаудағы 4-шағын аудандағы №7 үйдің лифтінде түсірілген. Онда ер адамның әйелді тепкілеп, жұдырықтап жатқаны көрсетілген.

Құқық қорғау органдары күдіктінің анықталып, ұсталғанын хабарлады. Бұл құқық бұзушылық үшін күдікті бес тәулікке дейін қамауға алынады.

"Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеті үшін ер адам жауапқа тартылды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.

massaget.kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды. Себебі айыпталушылар сот залына әлі жеткізілмеген.

Тараптар айыпталушылар келмесе сот отырысын жалғастыра алмайтынын жеткізді.

massaget.kz
Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 39 жастағы ер адам өлі табылды

25 сәуірде Ырғыз ауданы полиция бөліміне 39 жастағы ер адамның белгісіз жоғалып кету фактісі бойынша туыстары арызданған.

Туыстарының айтуынша, жоғалып кеткен адам бір күн бұрын атпен Қарақоға деп аталатын жерге мал қарауға кетіп, қайтып оралмаған.

Полиция, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың күшімен іздеу шаралары ұйымдастырылды, нәтижесінде 26 сәуірде Ырғыз өзенінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылды. Сараптама тағайындалды.

massaget.kz
"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингі Жайық өзенінің деңгейіне қатысты жаңа деректер жариялады.

"Жайық өзені Махамбет кенті 754 см деңгейінде, тәулігіне + 11 сантиметр деңгейге көтерілді. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу - 437 сантиметр. Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы деңгейі 442 сантиметр. Тәулігіне +8 сантиметр жоғарылады. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі - 251 сантиметр", - деп хабарлады Атырау облысының жедел штабы.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі мүмкін.

massaget.kz
Massaget NEWS
Айтпақшы, сот отырысы 14:30 жалғасады🙌🏼
Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотта прокурор екінші айыпталушы - Бақытжан Байжановқа қатысты кейбір айыптардан бас тартты.

Бақытжан Байжановты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отыр: 432-бап "ауа ауыр қылмысты жасырып қалу" және 434-бап "аса ауыр қылмысты хабарламау".

Прокурор Саяхат Нұрбековтың айтуынша, айыптаушы тарап Бақытжан Байжановқа қатысты қылмысты хабарламағаны туралы айып тағудан бас тартты.

massaget.kz
😱😱😱😱

Алматыда некрофилияға күдікті адам ұсталды.

Күдікті - мәйітхана күзетшісі. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, ер адам ломбардқа телефонын өткізбек болған. Ломбард қызметкері телефон ер адамға тиесілі екеніне көз жеткізу үшін суреттерді көрсетуді сұраған. Осылайша ер адамның телефонынан 18+ суреттер шыққан. 

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам ұсталып, қамауға алынған.  

massaget.kz
Түркістан облысында полиция дүкеннен киім ұрлаған үш жігітті ұстады

Түркістан полиция басқармасының криминалды полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен үш жас жігітті қолға түсірді.

Күдіктілер киім дүкеніне әдейі сатып алушы кейпінде барған. Олар өздеріне ұнаған бірнеше спорттық киімдерді киіну бөлмесіне апарып, магниттерді шешіп тастаған. Содан кейін ол киімдерді күртелерінің астына тығып, дүкеннен шығып кеткен.

Қазір күдікті жігіттердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

massaget.kz
Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев ұсталды

Еске салайық, бұған дейін Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевтан тек жауап алынғанын хабарлаған еді.  

Бас прокуратура мәліметінше, 2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді әлі де жалғастырып жатыр. Оларды жасағаны үшін соттармен облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталған.

Бас прокуратураның 20 наурыздағы мәліметі бойынша, жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер барысында Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан да жауап алынған.

massaget.kz
Алматы облысындағы мектептердің бірінде 4-сынып оқушысы қайтыс болған

Алматы облысының Білім басқармасы мәліметінше, 23 сәуірде Қарасай ауданы Қошмамбет ауылындағы орта мектепте 2014 жылы туған 4-сынып оқушысы қайтыс болған.

"Сабақ кезінде қыз өзін нашар сезініп, есін жоғалтқан. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы №118 бұйрығына сәйкес медециналық көмек көрсетілді. Медицина мамандары қанша тырысқанымен мектеп оқушысын аман алып қала алмады", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Оқушы жедел жәрдем көлігінде, ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.

massaget.kz
🗣 "Осы үйде тұрғаныма 9 жыл болады. Әрқайсымыз осында жеке бөлмеде тұрамыз. Еш қиындық көрмедім, ауырсақ - емдейді, тамақтың түрі бар. Биыл Оразада 1 ай бойы ауызашар берді. Жалғыз кемпірге не керек дейсің? "Қарт-қазына" деп жатады ғой. Біздікі сол - еліміздің тілеуін, амандығын тілеу. Табиғат апаттарынан елімді сақтай гөр деп үнемі тілеп отырамын. Зейнетке шыққанша бас есепші болып, бірнеше мекемеде жұмыс істедім. Туыс-туғандарым Алматыда тұрады. Олармен қарым-қатынасым жақсы", - деді Дариға апа.

Жалғызбасты қария, алаяқтардың құрбаны, түрмеден кейінгі өмір: massaget.kz тілшісі қарттар үйіне барып қайтты.

🔗 Оқу үшін мына сілтемеге өтіңіз

massaget.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Құлыбаевқа тиесілі фирмаға 1 миллиард теңгеден аса айыппұл салынды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС қызметіне тергеу жүргізді. Нәтижесінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы сұйытылған мұнай газы нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланудан тұратын бәсекелестікті қорғау туралы Заңнаманы бұзу анықталды.

massaget.kz
Бағдат Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды.

massaget.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

Мереке құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

massaget.kz