MSPORTS.KZ
1.51K subscribers
1.12K photos
134 videos
20 files
965 links
https://msports.kz/ сайтының ресми арнасы! Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтарының жаршысы.

№ KZ31VPY00101321 – Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі берілген.
Download Telegram
Розидің 42 километрлік марафондағы жеңісіне жанкүйерлер мен ұйымдастырушылар күдікпен қарады. Ешкім оның мәре сызығына қайдан топ ете қалғанын түсінген жоқ. Себебі жарыс жолында марафонға қатысушылар да еріктілер де оны көрмеген. Ал Розидің өзі жеңісінен соң сұқбат беріп жатқанда үстіндегі киімінің, беті-қолының терлемей құрғақ болуы көпшіліктің таңданысын тудырған.

https://massaget.kz/layfstayl/sport/bul_kyzyk/58242/
Quartz басылымы журналист Чарльз Чудың кітап оқу тәжірибесін жариялады. Ол бір жылда 200 кітап оқудың еш қиындығы жоқ деген қорытындыға келген. Тек смартфонға алаңдамай, теледидарды өшіріп тастасаңыз болғаны. Назарыңызға мақаланың аудармасын ұсынамыз.

https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/58240/
​​Оксфорд Университеті ағылшын тілінде жиі кездесетін 400 сөзді анықтаған болатын. Ең танымал 100 зат есім, 100 сын есім, 100 етістік пен жиі қолданылатын 100 сөзді әдеби шығармалар, баспасөздегі жарияланымдар, желідегі чаттар, электронды хаттар, блогтардан іріктеген екен.⠀

Зерттеу нәтижесі бойынша, ағылшын тіліндегі ең көп қолданылатын 100 сөз ағылшынша мәтіндердің 50 процентінде қолданылады екен (бұған әдеби шығармалар және салалық мақалалар кірмейді). Егер бұл танымал 100 сөзге, жиі қолданылатын 100 зат есімді, 100 етістік пен 100 сын есімді қосатын болсақ, ағылшынша мәтіннің 75 процентін түсінуге болады екен.⠀

📌Практикалық кеңестер:⠀

– 400 сөздің бәрін жаттауға тырыспаңыз. Оларды мәтін жазған кезде немесе сөйлегенде біртіндеп қолдануға тырысыңыз;⠀
– 400 сөзді алдымен өзіңіз аударып көріңіз, сонда есіңізде қалады;⠀
– сөздерді айтылуымен бірге меңгеріңіз.⠀

#massagetkz
​​Егер кітаптың алғашқы 50 бетін оқығаннан кейін өзіңізге жаңа, пайдалы, қызық ештеңе таппасаңыз, ол кітапты еш ойланбай жауып тастап, басқа кітапқа көшіңіз. Себебі алғашқы 50 бет қандай болса, кітаптың қалған бөлігі де сондай болуы әбден мүмкін немесе ықтималдығы жоғары.⠀

Қызықсыз, өзіңізге пайдасы аз кітапты оқу үшін өмір тым қысқа. Бұл туралы макетолог-жазушы Игорь Манн да өз еңбектерінде жазған екен.⠀

Дегенмен көлемді көркем шығармалар үшін бұл ереже 50 беттен көп болуы мүмкін екенін естен шығармаңыз.⠀

#massagetkz
"Сөз:" – қазақтың ұмыт болған яки көпшілікке мәлім емес сөздерді жариялап отыратын телеграм-арна. Мұнда көнерген сөздер күн сайын мысалдармен жарияланып отырады.

Сөздер кейде қолданушылардың ұсынысымен жарияланады. Телеграм-арнамен таныспас бұрын, ондағы сөздердің синонимінен құралған тесттен өтуді ұсынамыз.

https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/59074/
Димаш орындаған "Самалтау" әні туралы не білеміз?

Әнге заманауи өңдеу жасалып, қобызбен сүйемелденген. Желі қолданушылары Димаш Құдайбергеннің орындауына да, "Самалтау" әніне де тәнті болғанын жазып жатыр.

Ән 1916 жылғы оқиғалармен байланысты. 1916 жылы 25 маусымда Ресей патшасы ІІ Николайдың "Реквизициялау туралы" жарлығы шығып, Қазақстан, Орта Азия мен Сібірдегі "бұратана халықтардан" 19-43 жас аралығындағы 400 мың адамды майданның тыл жұмыстарына алу көзделді. Ән мылтықтың дүмімен, зорлықтың күшімен кетіп бара жатқан бозбаланың сол сәттегі күйін бейнелейді.

https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/59253/
​​Рочестер университетінің (АҚШ) ғалымдары қытайлық әріптестерімен бірлесіп, фемтосекунд лазерді қолдана отырып, металл базасын өңдеу технологиясын жасады. Бұл өңдеуден кейін металл өте гидрофобты және одан жасалған өнімдер суға батпайтын қасиетке ие болады.

Металл суға түскенде, оның айналасында ауа көпіршіктері пайда болып, оны бетіне шығарады. Зат тесілген немесе бүлінген болса да суға батпайды.

Ғалымдар мұндай ерекше металлды денесінде қоршаған су қабығының көмегімен су бетінде ұзақ уақыт тұра алатын су өрмекшілерін мұқият зерттеуден кейін ойлап тапты. Solenopsis құмырсқалары да осындай әдісті қолданады. Олар бір топ болып бірлесіп, жасанды ауа көмегімен суға батпайды.
#massagetkz
Microsoft Japan 4 күндік жұмыс аптасы өнімділікті арттыратынын дәлелдеді


Microsoft Japan әр жұма сайын "Work-Life Challenge Summer 2019" науқаны аясында жұмысшыларына демалыс берген. Бірақ жалақы бұрынғыдай төленген. Бұл 2280 қызметкердің 90 пайызына әсер еткен. Оларға жарты сағаттан астам кездесулер өткізуге тыйым салынған және барлық мәселені бетпе-бет емес, мессенджер арқылы шешуге нұсқау берілген.

Нәтижесінде, тиімділік яғни бір қызметкерге шаққанда келетін сату көлемі 40 пайызға артқан.

"Аз жұмыс істеп, дұрыс демалып, көп білім алу керек. Адамға өмірдегі мақсатын анықтап, биікті бағындыратын мүмкіндіктер керек. Мен қызметкерлерімнің бос уақыты 20 пайыздан аз болғанда да осындай жетістіктерге жеткенін қалаймын", - дейді Жапониядағы Microsoft президенті Тукуйя Хирано.

Айта кету керек, бұл әдіс жапондар үшін біртүрлі. Жапонияда керісінше көп уақытын жұмыста өткізу – қалыпты нәрсе. Бұл елде тіпті артық және ауыр жұмыстан соң қызметкерлер қайтыс болып жатады.

2017 жылғы зерттеуге сәйкес, жапон компанияларының төрттен бір бөлігіндегі қызметкерлер орташа 80 сағаттан артық жұмыс істеген. Көп жағдайда бұл қосымша жұмысқақа ақы төленбейді.

Жапонияда "кароси" деген термин болып, бұл өте көп жұмыс істеп, зорығып өлу деген мағынаны береді. Жапон азаматтары 1 жылда орташа есеппен 1713 сағат жұмыс істейді. Осы себепті, Microsoft 4 күндік жұмыс сынағынан соң, қызметкерлердің 92 пайызы бұл тәжірибе қатты ұнағанын айтқан.

Бұдан бөлек, Microsoft 4 күндік жұмыс күні нәтижесінде 1 ай ішінде электр энергиясын 23 пайызға, қағаз шығынын 59 пайызға тежеген.
​​Жәнібек Әлімханұлы әлемдегі үздік 15 боксшы қатарына кірді


Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) канадалық Альберт Онолуносені (24-2-2, 8 КО) жеңгеннен соң WBC рейтингінде үздіктердің қатарына енді.

АҚШ-тың Фресно қаласындағы Chukchansi Park кешенінде өткен бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңіп, WBC Continental America және WBO Global орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін сәтті қорғады. Осы жеңісінен соң қазақстандық боксшы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің рейтингінде үздік 15 былғары қолғап шеберінің қатарына кірді.

Бұдан бөлек Жәнібек Әлімханұлы Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтингінде 15-ші сатыдан 13-ші орынға көтерілген болатын.

Сондай-ақ WBC жаңартылған рейтингінде Батыр Жүкембаев жартылай орта салмақта 12-ші, ал екінші орта салмақта жұдырықтасатын Әли Ахмедов 14-ші сатыға көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой мансабында өткізгене сегіз жекпе-жегінде де жеңіске жетсе, оның тең жартысын уақытынан бұрын аяқтаған.
Ақша мен экономикаға қатысты балаңыз қоюы мүмкін 3 сұрақ

Қоршаған ортаны енді танып келе жатқан бала күніне жүздеген сұрақ қоюы мүмкін. Оның барлығына жалықпай жауап беріп, баланың зейінін қашырып алмау аса маңызды. Бала қоятын сұрақтың көбіне ата-ана оңай жауап берер, бірақ кейбір күрделі салаға қатысты сұрақ тығырыққа тіреуі мүмкін. Мысалы ақша мен экономика туралы сұрақтар. Экономист Мария Бойконың "Бриллиант неге судан қымбат? Және экономика туралы басқа да 47 сұрақ" атты кітабында бала қоюы мүмкін сұрақтарға жауап жазылған.

1. Қағазды үнемдеп қолдансақ, ағаштарды құтқара аламыз ба?

Қағаз ағаштан жасалады. Мұны бәрі біледі. Байғұс ағаштар біз жазатын, сурет салатын қағаз жасалсын деп шабылады. Ал біз кейде қағазды үнемсіз қолданамыз. Осыған дейін жартысын ғана қолданған қанша дәптерді қоқысқа тастадыңыз? Бұл жақсы ма? Бәлкім, бізге қағазды үнемдеу арқылы ағаштарды құтқару керек шығар?

Дәл осылай біршама эколог дабыл қағып жатады. Олардікі де дұрыс шығар, алайда ағаштарды бұл жолмен құтқарудың арты сәтсіз болады. Себебі қағаз жасау үшін шабылған ағаштар өзімен-өзі жапандағы орманда өспейді. Адамдар оны арнайы қағаз жасау үшін өсіреді. Бұл да алма бақтары секілді нәрсе. Егер адамзат алма жемей қойса, алма ағаштардың жағдайы қандай болмақ? Алма саны да, алма ағаштар да азайып кетеді, өйткені қожалықтар оларға күтім жасауды қояды. Оның орнына адамдарға қажетірек заттармен айналыса бастайды, мысалы картоп егеді. Арнайы қағаз үшін өсірілетін ағаштардың да жағдайы осындай болады.

Мынандай парадоксты мойындауымыз керек: біз ағаштар көп болсын деп дәптерге жазуды доғарып, альбомға сурет салмайтын болсақ, олардың саны керісінше азая бермек.

Кем дегенде оларға күтім жасалмайды, тіпті өзге қожалыққа арнап, тамырымен қопарып тастауы мүмкін.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/faq/59638/
​​Қазіргі кезде Инстаграм желісінде көптеген жас аналарға тегін кеңесімен көмектесіп жүрген отбасылық және балалар дәрігері Асия Ибрахимова Массагет сайтына сұқбат берді. Болашақ ана болсаңыз не кішкене бөбегіңіз бар болса, оның айтар кеңестері сіздің де кәдеңізге жарайды.
​​Енді кез келген адам Альпі таулары ауасымен дем ала алады. Швейцарияда әдеттен тыс стартап іске қосылды. Swiss Alpine Air компаниясы таудың саф ауасын ғаламторда онлайн режимінде сатуды бастады.


Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/59655/
​​"Азиядағы ең келбетті адам – 2019" рейтингінде қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген 8-орыннан көрінді. Бұл туралы TC Candler Facebook парақшасында хабарлады.

TC Candler Азияның ең тартымды, ең келбетті 100 тұлғасы енген жыл сайынғы тізімін жариялады. Тәуелсіз сарапшылар TC Candler халықаралық конкурсының "Азиядағы ең келбетті адам" аталымына қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді ұсынған еді. Олар Димаштың сыртқы келбеті мен дауысы керемет екенін айтып, "Әлемнің барлық тұрғыны, ұлттар мен ұлыстар оны ерекше жақсы көреді" деп баға берді.
​​АҚШ-тың Флорида штатында Starlink жобасы аясында 60 жасанды жерсерігі бар Falcon 9 зымыраны ғарышқа ұшырылды.

Зымыран АҚШ-тың шығысындағы Канаверал жағалауынан сағат 9:56 (Нұр-Сұлтан уақытымен 20:56) ұшырылған. Зымыран ғарышқа төртінші рет ұшты, бұл рекордтық нәтиже, өйткені осы уақытқа дейін зымырандар ең көп дегенде үш рет пайдаланылатын.

Starlink – бұл ғаламшар тұрғындары үшін кең жолақты Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған келесі буынның спутниктік желісі. Жоба 2018 жылдың ақпан айында іске қосылды. Содан кейін Falcon 9 көмегімен екі спутник орбитаға бағыт түзеді. Мамырда тағы 60 жерсерік жіберіледі. Барлығы 12000 жер серігі орбитаға шығарылады. Сондай-ақ, 328 шақырымнан 580 шақырымға дейін орбитаға 30 000 қосымша жер серіктерін жеткізу жоспарланған.
​​Нидерландтағы Эйндховен Техникалық университетін биыл Лоран Симонс атты 9 жастағы вундеркинд аяқтамақ.

Бірнеше айдан соң диплом алатын Лоран әлемдегі ең жас түлек атанбақ. Бұл атақ әзірге 10 жасында Алабама университетінің түлегі атанған америкалық Майкл Карниге тиесілі.

Лоран Симонс бір жыл бұрын электротехника факультетіне түскен. Дарынды бала орта және жоғары сынып оқушылары меңгеруі тиіс алты жылдық білім бағдарламасын 1,5 жыл ішінде меңгеріп, 8 жасында орта білім аттестатына қол жеткізген.

Баланың IQ көрсеткіші – 145 және есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Лоранның айтуынша, оның сүйікті пәні – математика, себебі ол статистика, геометрия және алгебраны қамтиды.

Лоран болашақта кардиохирург атанып, адамдардың өмірін ұзартатын құрал ойлап тапқысы келеді. Мектепте оқып жүрген кезінде Амстердам университетіндегі медицина факультетінің курсын да оқып алған екен.
#massagetkz
​​NASA Шолпанға скаттар ұшырмақшы

АҚШ-тың Буффало Университетінің инженерлері NASA-ның тапсырмасы бойынша скатқа ұқсатып ғарыш кемесін жасап шығады. Ерекше ғарыш кемесі Шолпанды зерртейді.

Ғарыш ұшағының қанаттары скаттың жүзбеқанаты секілді желпілдейді. Бұл арқылы ғарыш кемесі күшті дауыл тұратын Шолпандағы атмосфераның жоғарғы қабаттарында ұша алады. Зонд күкірт қышқылынан тұратын бұлттың арасында ұшып, Цельсия бойынша +500 градус температураға шыдайтындай етіп жасалады.

Скаттар Шолпанды әр төрт-алты күнде айнала ұшады. Қуатты күн көзінен алып, ғылыми құралдардың жұмыс істеп тұруына ықпал етеді. Осы ғарыш кемелерінен арқасында ғалымдар Шолпандағы ауа құрамын, лимат жағдайларын және жанартаулардың белсенділігін зерттеуді жоспарлап отыр. Шолпанды бақылап жүрген ғалымдарды көптен бері ғаламшардағы ұзақ түндердің құпиясы мазалап келеді. Шолпан өз өсінен Жерге қарағанда ақырын айналып, Күнді 243 Жер күнінде айналып өтеді.  

*Шолпан – күн жүйесіндегі ең кішкентай ғаламшар. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына өз осі төңірегінде қарсы айналатын болып шықты. Ондағы тәулік шамамен Жердегі 118 тәулікке тең. Бұл ғаламшардың атмосферасының 98 пайызы карбонат ангидрид газынан тұрады. Сосын ол сульфат қышқылы бұлтымен қоршалған. Осындай "химиялық зертханада" адам бір секунд та жасай алмайды. Сіз Шолпанға бара қалсаңыз 0,94 секундта арғы дүниге аттанып кетеді екенсіз. Ал ол жердегі ауа райы туралы айтпаса да болады, ол +470 градусқа тең.

Жақында NASA Шолпанды зерттеу бойынша жаңа миссияның басталғалы жатқанын мәлімдеді. Жоспары бойынша Long-Live-in-situ Solar System Explorer деп аталатын зонд планетаның бетінде кем дегенде 60 күндей болады.
Қазақстан және әлем мектептері: 5 айрықша айырмашылық

Мінсіз білім жүйесі ешбір елде жоқ. Тіпті Франция, Жапония мен АҚШ мектеп оқушыларының арасында оқытушыға, сабақ кестесі мен бағалау жүйесіне наразылық білдіретіндер бар. Бүгін әлем мемлекеттеріндегі білім жүйесі және олардың Қазақстандағы мектептерден айырмашылығын айтамыз.

https://massaget.kz/okushyilarga/mektep_omiri/59730/