العليم
157 subscribers
3.45K photos
1.48K videos
92 files
250 links
ӘССАЛАМУ ӘЛЕЙКУМ УА РАХМАТУЛЛАХИ УА БАРАКАТУХ 💓




t.me/marigul_smm
Download Telegram
Рамазаншыл болма,құдайшыл бол. Рамазандағы Раббымыз басқа айларда да Раббымыз. Қағбадағы Раббымыз басқа барлық жерде де Раббымыз.

اتق الله حيثما كنت
Қайда болсаңда Алладан қорық..
Forwarded from نور على نور
نحن نساء مع رجالنا، ورجال مع غيرهم

Біз күйеулеріміздің жанында әйелміз. Басқалардың жанында еркекпіз..

©️Алия бинт Махди
Forwarded from نور على نور
Forwarded from мысли муслимы
Ұстаз негізі жақсы тақырыпты көтерді.”Еститін құлақ,көрер көз,түсінер жастар”-болса тіпті керемет дер едім.Қазіргі кезде жар іздеу болсын,қызық іздеу мақсатында болсын муслима қыз бен жігіттің некесіз,махрамсыз сөйлесуі ұлғайып бара жатыр.Әр жігітпен бір сөйлескен қыздың құны кетері сөзсіз.Мейлі,ол орамалды болсын,орамалсыз болсын.Алла Тағала абырой берсін🙌🏻

ойымның шашырап тұрғаны)
Бағана Мұқажыр деген бір сөзді естіп қалдым. Бір елден бір елге көшкендікті меңзейді екен. Таныс әжеміз Қазақстаннан Қытайға барып біраз уақыт қалып қалған болатын,біз Мұқажыр болдық деп айтып отыр. Таңғалдым😁. Мұһажир~Мұқажыр.

●Мұсылманшылықпен қандай керемет байланыста еді.... ❤️

Қалай енді айта аламыз Қазақтар мұсылман болмаған,араб болмаңдар тағысын тағы деп😅. Қарапайым өмірде қолданып жүрген неше неше сөздеріміз Арабшадан енген ғой.
Forwarded from Жазушы - كاتب
Алла Тағала намаз оқуды бұйырды, біреулер болса бәріміз оқып кетпейік деді. Ерсін ұстаздың ғұмырын ұзақ, берекелі қылсын. Оны түрлі жамандықтардан сақтасын. Кеше эфирінде намаз жайлы өте керемет, әрі нақты айтты.
Audio
Ауырмай оянуыңның өзі бір бақыт екен ғой. Ауырған кездерде Аллаһ Тағала бізге қалай көп нығмет бергенін түсінеміз. Бағасына жете алмағанымызды түсініп,тәубе етеміз...
Үйленгендерден үйрену һәм үйленбегендерге үндеу – 4: ӘЙЕЛІҢДІ ӘЛПЕШТЕ (қатынның құны)

Не деген ұзааақ тақырып деп ойлап болсаңыз, әңгімені бастайық. Бір күні «Сендердің жақсыларың әйелдеріңе жақсы болғандарың» деген хадисті зікір етіп жатып, ұлы ойдың тұңғиығына батып кеттім-нақ.

Бізде мынадай стреотипті бар, мысалы, әйелінің сөзін сөйлейтін еркекті «өкшесүйер» (подкаблучник), әйелінің үйінде тұратын еркекті «күшіккүйеу» дейміз. Бұған қарсылық танытқым кеп отқан жоқ, әйтсе де кейбір кезде қатынның құнын жөнсіз түсірмеген жөн бе деймін.

Айтқым келгені мынау. Біз еркектер өз қатындарымызға қарызбыз, қарыз болғанда банктікі мұның қасында түк емес. Мысалы, әйелдің мойнында ең кемі бес адамның жұмысы бар: бала бағу, тамақ әзірлеу, кір жуу, үй жинау, саған көңіл бөлу. Кейде түнгі он екіден кейін өзіміз тағы жұмыс тауып береміз еще...)

Ал, еркектерде екі-ақ жұмыс бар: тамақ ішу, телефон шұқып, колеса ақтару.

Бәлкім, базбіреулер ол әйелдің міндеті емес пе дер. Бірақ, өзің сол міндеттерді бір сәт өзің ақтарып көрдің бе? Кейде, әйелім шаруаларымен сыртқа шығып үш батырмен үйде қалсам, үш сағат зорға шыдаймын-нақ. Ал, ол болса, таңнан қара кешке дейін үйде, Карл, түсінесің бе?!

Кейде тамақ уақытылы дайын болмай қалса тағы кеп бұрқылдаймыз. Хафиздің тынымсыз екені, Әминнің үндемей жүріп бүлдіретіні, Шәмилдің бұтына кәк еткені былай тұрсын ағаларымен бірігіп жиналған үйді бес минутта шашудың мастері екені, ал қатыным олардың кір-қоңын жуып, құйрығын тазалап, шашылған үйді жинаймын дегенше тамақ істеуге үлгермегенін дәл сол уақытта түсінуге шама жетпейді. Как будьто азаннан кешке дейін диванда аяғын көтеріп қойып, телефон шұқып, Қалаулым көріп жатқандай көреміз. Тамақ па, болды аспан жерге төңкеріліп, каспи банк құлап қалса да уақытында дайын болуы керек біз үшін.

Кейде әйелің қабағы бұзылып отырса, «осы саған не жетпейді» деп дікеңдейтініміз тағы бар. Сондағы ай сайын табатын табысымызды бұлдап отқанымыз.

Байлар қаласа, аспазшы алады, үй тазалаушы, бала күтуші жалдайды. Ал, бізде мұның бәрін ҚАТЫН деген бір адам атқарады. Если честно жігіттер, егер әйелдің әр ісіне ақша төлейтін болсақ ше, әлгі бұлдаған зарплатаңның жұғыны да қалмайды-нақ.

Мысалы, кафеде ең арзан сорпаның өзі 700 теңге тұрады. Түскі комплексті астың орташа құны 700-1000 тг құрайды. Ал, әйелің осыны саған тегіннен тегін ең кемі үш жылдан бері пісіріп жатыр емес пе?! Бұл бер жағы, әшейін...

Қатын қарандаш па, маркер ма білмеймін, бірақ біз үшін өзімізден қымбат ұрпағымызды дүниеге әкелетін жан. Еркектердің бұл үшін маңдайы терлеп, арқасы бусағаны болмаса, жарықтық әйел, тоғыз ай көтеріп, тоғыз күн толғатып барлық қиындықты көреді. Еще содан кейін «фигураң бұзылған» деп әңгіме айту қандай күнәһарлық десеңізщі?!

Бір бойдақ танысым айтатын, маған тұрмысқа шығатын қыздың обалына қалам ба деп қорқамын. Өзін танығаннан айтқаны ғой. Егер біз әйел болсақ, өзің сияқты еркекке тұрмысқа шықпақ түгіл, суретіне лайк та баспас та едік қой. Рас па?

Солай досым, қатынның құны тым қымбат, біз ойлағаннан да. Себебі, сен оған қарызсың. Бұдан кейін тоқал туралы әңгіме айту тахриман макрух кабиран жиддан болар нақ.

Енесінің үйінде тұратын өкшесүйер еркекше жазып кетсем, мені кешіріңдер. Әпендішілік қой. Бірақ шындық осы, тфу...!

Пысы. Бұл жазбаны екі күн бұрын зәужәмның туған күніне орай жазған едім. Нүктесін қою бүгін бұйырды 🙂

✍️10.03.2020

Пып-пысы: Бұл жазба жазылғанда мен үш баланың әкесі едім, Шәмилдің екіге толмаған кезі болатын
Forwarded from Жазушы - كاتب
1. Қызды еркінен тыс алып қашу харам.

2. Әке-шешесінің разылығынсыз қызды алып қашу шариғатқа қайшы.

3. Құдалық шараларын атқаруға шамасы келмеген отбасылар өзара келісіп, қызды алып қашуына рұқсат.

‎والله اعلم بالصدق والصواب

📕 “ҚМДБ, Пәтуалар жинағы”
Балаға үлгі бола алмаймыз,керісінше біз одан не үйрене аларымызды білеміз.
Бала бізді тәрбиелеу үшін.

Жаңа инсайттар🤯
Ешнәрсе біздікі емес. Құлда түк жоқ. Иемденбеуіміз керекпіз.
Әлеуметтік желідегі рамазанға ұлан-асыр дайындалып жатқандарды көріп: “Менің ешқандай да дайындығым жоқ екен” деп қынжылып қалма.

Қарапайым айларда күніне 100 салауат айтып жүрсең, рамазанда 200 салауат айт. Бұрын күніне 100 истиғфар айтып жүрсең, рамазанда күніне 150-200 айт.

Бұрын мүлде айтпайтын болсаң, осы рамазанда күніне 50-100 айтып бастауға болады.

Басқа айларда мүлде кітап бетін ашпайтын болсаң, осы берекелі айда күніге 2-3 бет оқып дағдылансаң болады.

Рамазан басқалармен жарысу үшін емес, рамазан – өз-өзіңмен мен жарысу үшін.

Рамазандағы басты қарсыласың олар емес, бәлки – сенің өзің.