العليم
158 subscribers
3.45K photos
1.48K videos
92 files
250 links
ӘССАЛАМУ ӘЛЕЙКУМ УА РАХМАТУЛЛАХИ УА БАРАКАТУХ 💓




t.me/marigul_smm
Download Telegram
«Әйелдеріңді қинамаңдар! Олар Аллаһу та'аланың сендерге берген аманаты. Олармен жұмсақ болыңдар, оларға жақсылық жасаңдар!» (Мүслим)
СҰРАҚ:
Әссәләәму әлейкум. Көптеген әһлу сүннет жолындағы апа-қарындастарымыз бидғат иелері болған уаһабилерге алданып күйеуге шығып жатыр. Уахабилер неке қияр алдын өздерің Ханафи мәзһабын ұстанамыз деп айтады екен. Оның алдын алу үшін не істеуіміз керек?

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссалям уә рахмәтуллаһй уә бәракәтуһ.
Неке қимастан бұрын ақидасын сұрасын. Уаһабилер өздерін ешқашан Мәтуриди немесе Әшәриміз деп айтпайды.
Никабтан бұрын Аллах парыз еткен хиджабымызды шариғатқа сай дұрыстап киіп алайықшы. Никаб киейік иә, бірақ мінезің, ахлағың ол никабқа сай болмаса не керек? Көптеген ата аналар қыздарының хиджабына қарсы, неге? Себебі қорқады. Қазір кері пікірлер көп. Бізге ұнайды болғанымен, дұрыс жолда болғанымызбен басқа бауырларымыздың көз жасына қалуымыз мүмкін ғой. Хиджабты шариғатқа сай киіп те жүрген жоқпыз никаб дейміз. Алдымен орамалды алдыға түсіріп тағып, шалбар дан кең етекке көшіп алайық 🙃..
Forwarded from Жазушы - كاتب
Білім жолында жүрген шәкірт немесе ұстаз, жар таңдағанда өзі сияқты ілімге қызығатын жар таңдағаны жақсы.
Сол кезде тақырып ортақ болады.

© Ұстаз Данияр Кенжеұлы

https://t.me/kaatib0
Forwarded from Жазушы - كاتب
Пайғамбар Мұхаммад ‎ﷺ :
“Ғылым үйрену - әрбір мұсылманға парыз”

Ибн Мәжаһ Әнәс ибн Мәликтен,
әт-Табарани Абдуллаһ ибн Масғудтан риуаят еткен.
__________

Күш - білімде, білім - кітапта.

© Қазақ мақалы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ "ҺИБАТУЛЛА АТ-ТАРАЗИ" МЕШІТІ

https://t.me/kaatib0
Forwarded from Жазушы - كاتب
Ер адам үйіне кіріп келе жатқанда дауысын шығарып, аяғын тарсылдатып, киімін қағып не болмаса , т.б. түрде кіріп келе жатқанын білдіртуі әдепті істерден болып саналады. Бұл жұбайының ерінің алдында үсті - басын түзетіп, әдеміленіп дайындалуы, алдынан шығып, жылы жүзбен күтіп алуы үшін жасалады. Ал бұл әдеп отбасының берекесін кіргізетін істердің қатарына жатады.

“Ислам әдептері”

https://t.me/kaatib0
Forwarded from Жазушы - كاتب
Ер адамдар әйеліне әзілдеп те,
тиісіп те көп әйелдік жайлы қозғай бергені дұрыс емес. Алмайтын болса. Себебі, бұл жайында фикһ кітаптарында кездеседі. Әйел баласы эмоцияға берілгіш болғандықтан психикалық күйзеліске душар болуы да мүмкін. Тіпті діннен шығып кету қаупі бар. Қырсығып, ашуға салынып, намаз оқымай күпір етуі, құран аятына қарсы шығуы деген секілді. Алла сақтасын! Көп ерлер осындай жағдайға тап болғанда, әйелдері қырсығып, хиджабын шешіп кеткендері де аз емес. Ашу, эмоция үстінде өздері де не істеп не қойғанын білмей қалады. Кейбіреулері бар,жасырын үйленіп, біріншісімен ажырасып, екіншісінің екі баласымен қалып, кейін онымен де ажырасып кетеді. Сосын жүреді, не анда жоқ, не мында жоқ.
Екі кеменің басын ұстаған суға батар деген. Сол үшін де, ер адам әрнәрсені ойланып барып айтып, ақылмен шеше білгені дұрыс. Айтқым келгені, ерлер, әрқашан да ер болайық, бос болмайық.
Ер - отбасын ұстаушы.

© Ereke

(زادك الله علما و جعلك من الصالحين)

https://t.me/kaatib0
Әр күнім өздігінше әр түрлі, қызық өту де.. Шытырманға, инсайтқа, үлкенді кішілі сынаққа толы өміріме разымын! 🌸

Шүкір 🌷
Forwarded from толқын ~
өзінің каналы бар ханымдар мен мырзалар егер салып жүрген посттарыңызды басқа бір каналдардан көріп қалсаңыздар ашуланбаңыздар, қуаныңыздар.

ол діни уағыз, мотивация, сүбелі сөздер, бір тақырыпты ашу сияқты сөздер болса тем более.

кімнің айтқаны емес, кімнің өзгергеніне фокус қояйық.
Ілім жолында сабырдың көкесі керек!
Қандайда бір адамның сені жақсы көргені жәннатқа кіруіңе себеп бола алмайды. Жек көргені де тозаққа кіруіңе себеп болмайды. Ендеше, тек Алла үшін ғана, Алланың разылығы үшін ғана өмір сүр 🌸
Forwarded from Жарығым (QR NM)
Баланы түсіне біліп өз ықпалыңнан кетірмеймін десең, қашан да оның алдында өзіңді-өзің ұстай біл. Ашумен емес, салмақты мінезіңмен, салиқалы ақылмен, үлгі болар өнегеңмен жеңуге тырыс. Онсыз әке деген атың сырт көзге дардай, іші кеуек бірдеңе ғана. Баланың сыйлауы - әкенің адамгершілік салмағында.

(с) Сансызбай Сарғасқаев, "Көршінің ұлы"
Forwarded from Жарығым (QR NM)
Сахаба Абдуллаһ ибн Аббас бала туылғаннан кейінгі жетінші күні мына нәрселерді жүзеге асырудың сүннет екенін мәлімдеген:

•ат қою және сүндетке отырғызу;
•туылғанда нәрестенің денесіне жағылып қалған қан секілді лас нәрселерді сүртіп, тазалау;
•Егер қыз болса, құлағын тесу;
•ақиқа құрбанын шалу;
•шашын алу;
•алынған шаштың салмағындай алтын немесе күміс садақа беру.
Forwarded from Жарығым (QR NM)
Неке бұл жеңіл қарайтын нәрсе емес.
Бұл қадамды басқаннан соң артқа қайтар жол жоқ!
Егерде артқа қайтар болса әйел жесір бала жетім қалады. Әйел жесір қалса сөз болады, бала жетім қалса қоршаған ортасында қор болады...
Сондықтанда неке мәселесін ақырет ісі деп білу керек!
Бұл жолды ерге мықты сабыр, әйелге шүкіршілік керек болады.
Егер сабырмен шүкіршілік бір арнада тоғысса, Аллаһ оларды мына дүниеде және ақыретте нығметке бөленгендерден етеді.
Forwarded from Жарығым (QR NM)
Жігітте 3 нәрсе болуы шарт:

Ұяты, Адалдығы және Намысы.

Жігіттің шынайы ұяты болса, ешқандай қызга некесіз жоламайды. Себебі ол Алладан ұялады.

Жігіт шынайы адал болса, болашақ жарына, тіпті оның кім боларын білмесе де адал таза күйінде қосылғысы келеді. Болашақ жарына отбасын құрмастан адал болган жігіт, отбасы құрганнан кейін де адалдығын жоғалтпайтыны анық..

Жігітте шынайы намыс болса, ол әр қызға қарындасындай- әпкесіндей қарайды. Қыз бұзылған болса да, оны тура жолға салуға тырысады.

Қазақтың әр жігітінің бойында осындай құндылықтар болсын!
Forwarded from Жарығым (QR NM)
"Өлгеннің жаманы жоқ, тірінің өсектен аманы жоқ...." Мысалы: Бір кісі өлсе жаназасында имам сұрайды: "бұл кісі қандай кісі? "-деп. Сонда жаназаға жиналған жамағат "жақсы кісі, жақсы кісі, жақсы кісі,"- деп айтушы еді. Сондықтан өлгеннің жаманы жоқ. "Тірінің өсектен аманы жоқ,"- деген сөздің мағынасы: Тірі жүріп, кеудеңде жаның бар да, өзің тура жолда жүріп, таза адам болсаңда, қисайған көлеңкеңнен кінәрәт іздеп, сені жазғырушы бір не одан көп адамның табылары сөзсіз. Сол үшін де" Тірінің өсектен аманы жоқ". Кім болсақта, қандай болсақта адамды бар болмысымен қабылдап үйренуіміз керек, егер үйренісе алмасақ ол адамның сіз көрмеген бір жақсылығы бар деп ойлап, ақтап алуымыз керек. Күндеріңіз сәтті, хайырлы, берекелі болғай ин ша'Алла.