العليم
158 subscribers
3.45K photos
1.48K videos
92 files
250 links
ӘССАЛАМУ ӘЛЕЙКУМ УА РАХМАТУЛЛАХИ УА БАРАКАТУХ 💓




t.me/marigul_smm
Download Telegram
Жүректің жұмсақтығы аштықтың нәтижесі. Жүрегі сынған күйде Аллаға жалбарыну ең үлкен нығмет.
Біз құдайдың құлымыз. Құдайға Құл болу үлкен мәртебе.
Кім Аллаға шынайы түрде құл бола білсе,адамдарға құл болмайды.
Тойып тамақ ішіп жүрген адам қалай мінәжаттың ләззәтін сезінбекші?
Сен араб тілін орындап болған соң ғана басқа пәндерді оқуың керексің.

#подкасттан
Ғалым шығару үшін ғалым керек.
Channel photo updated
Әрбір ұстаздың өз шәкірті,әрбір шәкірттің өз ұстазы бар. Өз ұстазыңды таптыңба,енді жібермеуің керексің. Сол ұстаздың тәлімін бойыңа сіңіру керексің.
Forwarded from نور على نور
- амал дәптерінде : ол Құранды тастаған,ол Құраннан бастартқан,ол Құраннан теріс бұрылған,ол Құранды ұмытқан деген сөздер кездескен адамның хәлін елестетіңіз...

- мүмкін сол адам Мен, не Сіз болып шығуымызда мүмкін.
бәрі де әбден мүмкін..

Алла сақтасын…(
Forwarded from نور على نور
Шейх Усәмә Саид Махмуд әл-Әзһари (хафизаһулла)
“Мағыналары бір-біріне жақын қолданылатын екі термин бар:

“Итқан” және “Ихсан”.

Итқан дегеніміз – бір істі ең кемел түрде аса шеберлікпен жасау.

Ихсан – сол бір іске махабат қоя отыра итқанмен жасау.

Адам жасайтын ісін итқанмен емес ихсанмен жасаса, шеберлік пен жасампаздықтың шегіне жетері анық».

©️шейх Усәмә әл-Әзһәри (хафизаһулла)
Forwarded from Bilim baqshasy🤍
Шейх Ахмад Мұхаммед Саад Аш-Шафи’и Усама әл-Азхари 1976 жылы 16 шілдесінде Александрияда ғалымдар отбасында дүниеге келді. Отбасы әдет-ғұрыпы бойынша жасынан Құран жаттау болғандықтан, шейх Саад әкесінің қолымен он жасында қасиетті Құранды жатқа бітіріп, негізгі араб тілін оқыды. Өмірінің 17 жылын бакалавриатпен бітірген. Аль-Азхар мектептеріне түсер алдында грамматика мен балағат (риторика)оқыды. Ағылшын тілінде жақсы меңгерген. Сонымен қатар ол Аль-Азхар университетінде магистрлік деңгейлерін аяқтады. Шейх Саад өзінің алғашқы хутбасын 15 жасында оқыды, алғашқы намазын 13 жасында оқыды және содан бері Дағуат жұмысымен айналысып, білімді таратуда. Шейх Саад әлемді имам, баяндамашы және ұстаз ретінде аралады; ол Канада, АҚШ, Германия, Малайзия, Швецияда болып, Ұлыбританияда Солтүстік Лондон орталық мешітінің имамы ретінде қоныстанды.
📌Ол 15 жасында Имам ән-Науауидің Рияд Ас-Салихинді және 13 жасында Ибн Маликтің әл-әлфиясын жаттап алып, мыңдаған жолдар өлеңдерін және әл-Джазарияны қоса алғанда басқа өлеңдер мен прозалық мутунды (мәтіндерді) жатқа білді. ,
Тәжуидте әт-Тухфа, Кирәаттағы аш-Шатибия.Шейх Саад сонымен қатар Кираатқа назар аударып, Аллаһтың рақымымен Шейх Саад Ижазаны Асымнан Хафс пен Шуба, Нафиден Уарш пен Калун және Хамзадан Халаф пен Халладтан басқа көптеген тәжуид мәтіндерінен алды.
📌Шейх Саад бүгінде өз қатарластары үшін ең жоғары тізбектердің бірін иемденеді, Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһиссалам) мен оның арасында 29 адам бар. Қирағаттағы Шейх Саадтың шейхтарының қатарына: Дамасктағы шейх доктор Айман Сувейд, шейх Муаз Сафват, шейх Али Ан-Наххас, шейх Шибл Матар, шейх Абдель-Басит Хашим, шейх Абдель-Фаттах Мадкур (соңғы) Шейх Али Ад-Даббаның тірі студенті және (шейх әл-Хусаридің әріптесі) т.б. шейхтар.
📚 Еңбектері:
المدخل إلى أصول التفسير

الإحياء الكبير، لمعالم المنهج الأزهري المنير

العلاقة بين الفقه وأصوله.

-التأصيل لمنهج السلف في الفهم.
الإمعان، في محاور سور
“Мағыналары бір-біріне жақын қолданылатын екі термин бар:

“Итқан” және “Ихсан”.

Итқан дегеніміз – бір істі ең кемел түрде аса шеберлікпен жасау.

Ихсан – сол бір іске махабат қоя отыра итқанмен жасау.

Адам жасайтын ісін итқанмен емес ихсанмен жасаса, шеберлік пен жасампаздықтың шегіне жетері анық».

©️шейх Усәмә әл-Әзһәри (хафизаһулла)
Имам Әд-Динәуәри өзінің “Әл-мужәләсә уә жәуәһир әл-ғилм” кітабында отанға деген махаббат жайлы былай дейді:

«Егер адамның мінезі жақсы ма, әлде жаман ба екендігін білгің келсе, оның өз отанына деген жанашырлығына қара.

Егер жанашыр болса, мінезі де жақсы, жанашыр болмаса мінезі де дәл солай жаман екендігін білеміз
».

Шейх Усәмә әл-Әзһәри (хафизаһулла)
Forwarded from Bilim baqshasy🤍
Forwarded from Nurbakhyt Aidosuly (Nurbakhyt Aidosuly)
Адам баласы қашан өлімді көп еске алатын болса, сонда ғана дұрыс өмір сүре алатын болады.
Forwarded from Nurbakhyt Aidosuly (Nurbakhyt Aidosuly)
Ілім талабасы үшін Алла елшісіне ﷺ деген жолдайтын күндік салауаты 1000-нан кем болмауы тиіс.
Forwarded from Zukhridin Al-Hanafi
Алла үшін болмаған өзгеріс бекер! Сіз үшін өзгерген адам, сіз оның өмірінен кеткен кезде өзінің қалпына қайтады. Алла үшін өзгерген адамның өзгерісі тұрақты болады.

Кей жігіттер ойлайды ғой: “пәленше қыз мен үшін жігіттермен араласуды қойды, мен үшін ерлермен араласпайды, мен үшін суретін жария етпейді”- деп. Ой бауырым, ол сені деп қойды ғой, ол Алла үшін сенімен сөйлесуді қоя алмай жүр емес пе?! Ол сенімен сөйлесуді доғарса, сол баяғы қыз болады.

Қыздарда да солай.