العليم
157 subscribers
3.45K photos
1.48K videos
92 files
250 links
ӘССАЛАМУ ӘЛЕЙКУМ УА РАХМАТУЛЛАХИ УА БАРАКАТУХ 💓




t.me/marigul_smm
Download Telegram
Өмірімнің бал шақтары өткенде қалыпты. Бірақ сол бал шағында қадірін білмеппін. Ертең де дәл солай бүгінімді сағынышпен, өкінішпен есіме алып отырармын.. Пенде деген қызық қой..
Түсімде наушникпен құран тыңдап келе жатыр екенмін. Оянғандағы сезім ай🥰. Өмірде тыңдаған секілді, жүрегім тыныштық тауып 🌷
САЛАУАТ АЙТУДЫҢ 40 ҚАСИЕТІ🤯

📌«Ескерт! Өйткені, ескерту мүміндерге пайда береді» («Зарияті» сүресі, 55-аят),-дәп әмір етеді. Салауат – зікірдің бір түрі.

🕋 Салауат – Алла Тағалаға мадақтау мен Пайғамбарына игілік пен сәлем айту дұғасының жиынтығы.

😍 Салауаттың қасиеттері жайлы аяттар мен хадистер негізінде 40 хикметі табылған.

Ендеше, сол хикметтері мен сырларын назарларыңызға ұсынамын:

🍃Салауат – Алла Тағаланың әмірін орындау;

🍃Салауат – Алла Тағаланың сөзімен қатар жүреді.

🍃Салауат – Періштелердің Пайғамбарды мақтауы.

🍃Салауат айтумен мұсылманның тілегі, періштелер тілегімен ұштасады;

🍃Бір салауат – Алла Тағала тарапынан он жарылқауға себеп;

🍃Бір салауат – мұсылманның мәртебесін он есе көтереді;

🍃Бір салауатқа – он сауап беріледі;

🍃Бір салауат – он қателікті жуып шаяды;

🍃Дұғадан алдын айтылған салауат тілектің қабыл болу үмітін арттырады;

🍃Салауат – Пайғамбар (ﷺ) шапағатына лайық болудың бірден-бір себебі;

🍃Салауат – күнәнің кешірілуіне себеп;

🍃Салауат – Алла Тағала тарапынан адамның уайым-қайғысының кетуін қамтамасыз етеді;

🍃Салауат – қиямет күні Пайғамбарға (ﷺ) жақын тұруға себеп;

🍃Салауат – жағдайы төмен адам айтса, садақаның орнын басады;

🍃Салауат – мұң-мұқтаждықтың өтелуіне себеп;

🍃Салауат айтушыны – Алла Тағала жарылқайды, оған періштелер дұға жасайды;

🍃Салауат – айтушының жан дүниесін тазартады;

🍃Салауат – адамның тірі кезінде жәннатпен сүйіншіленуіне себеп;

🍃Салауат – қиямет қорқынышынан құтылуға себеп;

🍃Салауат – ұмытқан нәрсені тез еске түсіруге көмектеседі;

🍃Салауат айтсаңыз, сәлеміңізге Пайғамбар (ﷺ) жауап қайтарады;

🍃Мәжіліс басында салауат айту – жиынға берекет келтіреді және азын-аулақ кемшіліктерді жояды;

🍃Салауат – кедейлікті жояды;

🍃Салауат – мұсылманның сараңдығын жояды;

🍃Салауат – Пайғамбарымыз жазғырған адамдар қатарынан құтқарады;

🍃Салауат – жәннатқа апатарын жолға жетелейді;

🍃Салауат – Алла Тағаланы тілге алмайтын мәжілістен сақтайды;

🍃Салауат – сөзді толықтырушы дұға. Әр маңызды әңгіме Алла Тағалаға мақтау және Пайғамбарға (ﷺ) салауат айтумен басталады;
________

ЖАЛҒАСЫ ПІКІРДЕ🌿
_________
Пост ұнаса “ Ма ша Аллаһ” деп жаза кетіңіз🪴
Кез-келген ұрыста еркек әйелінің міндетін дұрыс атқара алмай жүргенін алға тартады. Ал әйел күйеуінен жылу жоқтығын желеу етеді. Осыдан келіп бітпейтін тартыс шығады. Бұл ұрыс түбі жоқ құдық, жағалауы көрінбейтін мұхит сияқты. Сағаттың екі тілі әрқайсысы өз міндетін дұрыс атқарса ғана уақытты көрсететіні секілді, ерлі-зайыптылардың әр қайсысы өз огородына сақ болса ғана жемісті болмақ бұл жұп. Олай болмаған тұста бұл кәдәмгі соңғы саны белгісіз сериялға айналады. Шыны ыдысты бір - біріне ұрсаң екеуі де сынады. Ал оны жастыққа ұрсаң екеуі де аман қалады. Сондықтан бұл жағдайда екеудің біреуі жастық бола білуі тиіс. Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде: "Сендердің Жәннаттағы әйелдерің туралы айтайын ба? Ол - әрбір сүйетін, бала табатын әрі егер күйеуі оған нашар қарым-қатынас көрсеткен болса, немесе оның өзі оны ашуландырған болса, оның қолын алып: «Сен разы болмайынша, мен ұйықтамаймын!», - дейтін әйел”,-деген. (Әт-Табарани “әл-Кәбир”)
Осы хадиске сүйеніп ғалымдар әйел адам алғаш болып шегінуі керек деп ой қортыпты. Жарыңыз ез емес, нағыз ер болағанын қаласаңыз бірінші шегініңіз. Ұлыңыз намысты жігіт болғанын қаласаңыз оның әкесінің дәрежесін түсірмеуге тырысыңыз. "Әйел жылап алса ажарланып кетеді. Әйел ашуланса - жеңіледі, еркелесе - жеңеді. Әйелдің естілігі жеңсе - сұлулығы да арта түседі",- депті Ғабит Мүсірепов атамыз.

@zhanadil_raimbekov
@zhanadil_raimbekov
@zhanadil_raimbekov

#отбасы #ерлізайыпты #Жанәділденкеңес
#ЖанаділРайымбек
Жар таңдауда қателеспеу керектігі жайында көп ойланамыз, ал жақсы жар болу жайында өте аз ойланамыз..

Бір кем дүние 🌘