Бүгін қазақ поэзиясының дүлдүлі, Алаш үкіметінің көрнекі қайраткері, ұлт мақтанышы Мағжан Жұмабаевтың туған күні. “Өзі – от, өзі – жалын” ақынның поэзиясы нәзік, сыршыл лирикаға ғана емес, үлкен рухқа да толы. Және “Алла”, “Тәңір”, “Жаратқан” деген сөздер өзгелеріндей емес, Мағжан ақында жиі кездеседі. Соған қарамастан, өзін “пайғамбарға” балап өлең жазған да осы – Мағжан. Ақын өзін расымен пайғамбар сезінді ме, жоқ әлде бұл әдеби көркемдеуден туған дүние ме? Міне, кезекті мақаламыздың зерттеуін осы төңіректе жүргізіп көрген едік. http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/magjan-aqyn-ozin-nege-paigambar-atady-1467/#gsc.tab=0
Islam.kz
МАҒЖАН АҚЫН ӨЗІН НЕГЕ “ПАЙҒАМБАР” АТАДЫ? / Марфуға Шапиян
Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясының дүлдүлі, Алаш үкіметінің көрнекі қайраткері, ұлт мақтанышы. “Өзі – от, өзі – жалын” ақынның поэзиясы нәзік, сыршыл лирикаға ғана емес, үлкен рухқа да толы. Және “Алла”, “Тәңір”, “Жаратқан” деген сөздер өзгелеріндей емес…
#1жылда100кітап айдары
Эрик Бертран Ларссен "НА ПРЕДЕЛЕ. НЕДЕЛЯ БЕЗ ЖАЛОСТИ К СЕБЕ"📚
Кейде босаңсып кеткенде осындай кітаптар оқитыным бар. Сонда кәдімгідей бір жиналып алуға көмектеседі. Яғни, келесі босаңсығанға дейін 😉
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Эрик Бертран Ларссон - норвегиялық белгілі тренер. Өзі кезінде әуе-десанттық әскерінде қызмет еткен. Бестселлер кітаптардың авторы. Ал дәл осы кітаптың негізгі ойы "тозақ апта" өткізіп, өз мүмкіндігің мен күшіңді байқап көр" дегенге саяды. Яғни бір апта бойы әлеуметтік желіден, зиянды тамақтан, бос уақыт өткізуден, бәрінен тыйылып, тек темірдей жоспармен өмір сүресің. Ерте тұрып, ерте жатасың. Сонда нағыз шамаңның мүмкіндігін көресің дейді. Тіпті күшіңнің өзің ойлағаннан да көп нәрсеге жететінін білесің деп сендіреді.
Аптаның әр күнінде не істеу туралы кеңес береді. Кови, Трейси секілді мотивация гуруларына сілтеме жасайды. Алуға болатын біраз нәрсе бар енді.
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
6/10 Ютубтан қарасам, осы "тозақ аптаны" өткізіп, оны видеоға түсіріп, бір бірін осы бастамаға шақырып жатқан қауым баршылық екен. Маған оқыған сәтте белгілі бір деңгейде әсер еткенімен, ондай апта өткізуді қажет деп таппадым. Mүмкін сіздер өткізіп көрерсіздер? 😆
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Электронды нұсқасын әдеттегідей төменде 😊
Ойымызға ой қосатын кітапты ғана оқиық! Кітапқа байланысты #сіздергесұрақ: Сіздер мотивацияны қайдан аласыздар?
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#Марфуғадан_кітап📚;;
#МарфуғаШапиян
#кітап #книги #book
#bookblogger
#ЭрикБертранЛарссен
#Напределенеделябезжалостиксебе:

#мен_оқыған_кітаптар айдары:
📚 ХАРУКИ МУРАКАМИ. "НОРВЕЖСКИЙ ЛЕС"
🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ
Маған жапондардан бір нәрсе ұнамайды. Ол жасөспірімдерінің өз-өзін еш себепсіз, оп-оңай өлтіре салатындығы. Фильмдерінде де осындай оқиға жиі кездеседі. Кітаптарында да сол бар екен. Мысалы, мектеп оқушысы, 17 жасар, бас кейіпкеріміз Ватанабэнің жан досы, Наоконың жігіті Кидзуки еш себепсіз суицидке бара салады. Наоконың әпкесі, мектептегі үлгілі оқушы, спорттан да алда, өміріне де риза қыз, біреуге ләм деместен үйіне келіп, асылып қала салады. Ақыры соңында Ватанабэге «Мені ешқашан ұмытпа, өмір сүргенімді, бар болғанымды ұмытпа» деген күйі жүйке ауруына ұшыраған Наоко да өле салды. Осы жерге келгенде Харукиге жыным келді. Оқырманын да, кейіпкерін де аямайтын жазушы екен. Жан досының, сүйген қызының өлімін көтерген байғұс Ватанабэ! Бас кейіпкермен бірге қайғырған байғұс Марфуға))) Бірақ біз ертегіні қанша жақсы көргенімізбен, өмірде олай болмайды ғой. Яғни, Мураками өмірдің өзін жазған жазушы...
Ватанабэ Наоконы ұмытпады... Арада қаншама жылдар өткенде «Битлздің» «Nowegian Wood» әнін тыңдап отырып, Наоконың осы әнді ессіз жақсы көргенін есіне алды. Ұзақ жылдар бойы жүректе сақтай алу!!! Кез келгеннің қолынан келе бермесі анық. Бұл романда музыка бар... Кітапты оқып отырып, мұңды, қайғылы, әуезді әуен құлағыма келе берді. Оқырманына кітабынан музыка тыңдата білген жазушыны шебер демей көр! Қазір де кітап туралы рецензиямды «Битлздің» «Nowegian Wood» әнін тыңдап, жазып отырмын...
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
7/10 Қазіргі романдарда кездесетін төсек қатынасы туралы дүниелер ұнамайды ақ. Сосын көп кейіпкерлердің кейінгі өмірі туралы білгім келді. Ал олар туралы Мураками жақ ашпайды. Басымда сансыз сұрақ қалды. Сосын кітап кейіпкерлері тым әлсіз, жігерсіз бе, бірдеңе... Кітапты аяқтағанда «Мураками менің жазушым емес, роман маған ұнамады» деген ойда болдым. Бірақ кітап біткеннен соң біраз күн ішкі әлемім алай-дүлей боп, роман кейіпкерлері әлсін-әлсін ойыма келіп, жүрді.
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Электронды нұсқасы әдеттегідей төменде.
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап:books:
#кітап #книги #bookblogger
#ХарукиМураками
#Норвежскийлес

Ауылда демалып жатырмын. Бұйыртса, бірер күннен соң жайлауға. Қандай жайлау екенін мына видеодан көріңіз: https://www.youtube.com/watch?v=E5OL8K8eSm8
YouTube
Мен қалай жайлауға барып, далаға қондым? // Марфуға ШАПИЯН
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР:
*facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian
*vk: https://vk.com/marfugashapian
*instagram: https://www.instagram.com/marfugasha...
*telegram: https://t.me/marfugashapian
*блог: http://marfugashap…
*facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian
*vk: https://vk.com/marfugashapian
*instagram: https://www.instagram.com/marfugasha...
*telegram: https://t.me/marfugashapian
*блог: http://marfugashap…
#мен_оқыған_кітаптар айдары:
📚 БАРША МҰСЫЛМАННЫҢ АРДАҚТЫ АНАСЫ ХАЗІРЕТ АЙША [р.а]
Айша анамыздың өмірі таңғаларлық. Ол Пайғамбарымыздың [с.а.у] шаңырағына келін боп түскенде, үлбіреген жап-жас бойжеткен еді. Алайда сол қаршадай қыздың артынан кейінгі үмбеттің барлық қыз-келіншегіне үлгі боларлық үлкен даналық қалды.
🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ
Кітапта Айша анамыздың өмірбаяны жан-жақты баяндалады. Оның Пайғамбарымыз [с.а.у.] дүниеден қайтқаннан кейінгі өміріне де аз-кем тоқталады. Жалпы аналарымыз туралы кітаптардың барлығын құрбыларыма оқуға кеңес берер едім. Өйткені олардың өмірінен біздің аларымыз көп.
Пайғамбарымыздың үйдегі жай күйі, қыздарға қатысты кей мәселелер бәрі бәрі бізге осы Айша анамыз арқылы жеткен ғой. Тіпті сахабалардың білімін таразының бір басына қойып, Айша анамыздікін екінші басына қойғанда анамыздікі артығырақ түседі деседі. Маған кейде Айша анамызда жалпы әйелдерге тән барлық қасиет бардай көрінеді. Оның Пайғамбарымызға [с.а.у.] өзінің артықшылықтарын айтып мақтанатыны бар еді ғой. Кейде Пайғамбарымызды қызғанып қалатыны бар. Осындай қылықтары оны бізге тіпті жақындата түсетіндей. Қысқасы, кітапты оқу керек, көп нәрсені үйрену керек.
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
9/10 Кітап қызық, тілі де ауыр емес. Өмірі толық қамтылмағаннан кейін осылай бағаладым.
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Кітаптың электронды нұсқасы өкінішке қарай менде жоқ. Қағаз нұсқасын @sevenbooks парақшасынан арзан бағаға сатып ала аласыздар.
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап📚
#кітап #книги #bookblogger
#ХазіретАйша

Жоғалтып алдыңыздар ма? 😊 Енді байланыста боламын, бұйырса ☺️
Менің #1жылда100кітап деген бастамамды Назым сіңліміз жалғастырып жатыр екен. Қандай күшті! Қазір кітап оқылмайды деп жүрген кім ол?)
http://zhasorken.kz/1-zhylda-100-kitap-zhospary-%D2%9Balaj-oj%D2%93a-keldi/

📚 ПОЛ КАЛАНИТИ. "КОГДА ДЫХАНИЕ РАССТВОРЯЕТСЯ В ВОЗДУХЕ"
⠀
Бұл менің есіме өлімді түсірген кітап. Әдетте өлім туралы ойласақ, неге екенін бойды қорқыныш, үрей билейді ғой. Ал бұл кітапты оқығаннан кейін Полдың өлімге деген көзқарасынан ба, өлім маған соншалықты қорқынышты көрінбеді. Өлім тым жақын, жақын да болса алыс секілді...
⠀
🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Бұл белгілі нейроxирург Пол Каланитидің өмірбаянына арқау болған кітап. Әдетте дәрігерлерді ауырмайтындай көреміз ғой. Ал дәрігерлердің өздері ауырса ше? Кітапта дәрігердің ішкі толғаныстары, жаман ауруды қалай қарсы алғаны, онымен қалай күрескені, өзін дәрігердің емес, пациенттің орнында қалай сезінгені суреттеледі. Бұл кітап маған өмірді қадірлеуді үйреткендей... Соңында ағыл-тегіл жылағаным бөлек әңгіме.
⠀
🌺БЕРЕТІН БАҒАМ:
9/10 Кітаптың тілі жеңіл. Бір деммен оқылады. Әсерлі. Оқыған адамның өкінбесі анық.
⠀
🌺КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Электронды нұсқасын менің телеграм каналымнан табасыздар. Ал қағаз нұсқасын іздесеңіздер, интернет дүкендер көмекке келер.
⠀
Ойымызға ой қосатын кітапты ғана оқиық! 🤗
⠀
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#Марфуғадан_кітап📚
#1жылда100кітап
#МарфуғаШапиян #кітап #книги #book #bookblogger #книгоман #полкаланити #когдадыханиерастворяетсяввоздухе

📚ДЖОН ГРЭЙ. "МУЖЧИНЫ С МАРСА, ЖЕНЩИНЫ С ВЕНЕРЫ"
Бұл кітап туралы көп естіген едім. Бірақ оқудың сәті түспей жүрген. Құрбымнан алғаныма біраз болса да, үйде құр тұр еді. Интернетсіз демалысымда қызыға, құныға оқып шыққан кітаптардың бірі болды. Өте қызық екен.
⠀
🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Танымал псиxолог Джон Грэйдің бұл кітабы алғаш 1992 жылы жарық көріп, бірден бестселлер болған екен. Содан күні бүгінге дейін жұрттың бәрі іздеп оқитын кітаптар қатарында.
Автор мұнда негізінен ер мен әйелдің қарым-қатынасы жөнінде сөз қозғайды. Ерлердің Марстан, ал әйелдердің Венерадан, яғни түрлі планеталардан келгенін айтады. Соған орай олардың ойлауы да, түрлі нәрселерді қабылдауы да әртүрлі. Ер мен әйелдің арасында түсініспеушілік осыдан келіп туады екен. Яғни ер адам әйелді өзіндей көреді, ал әйел ер адамды өзі секілді ойлайды деп ойлайды. Сосын ұрыс-керіс, соңы отбасылардың ажырасуына ұласады.
⠀
Джон Грэй бұл кітабында отбасылық түрлі мәселелерді әйел қалай қабылдайтынын, еркек қалай қабылдайтынын егжей-тегжейлі сипаттап, оларға түрлі практикалық кеңестер береді. Кітап талай отбасының сақталып қалуына ықпал еткен екен.
⠀
🌺БЕРЕТІН БАҒАМ:
9/10 Кітап ұнады. Жаңадан білген дүниелерім де өте көп болды. Осы кезге дейін олардың болмысындағы көөөп нәрсені білмеген екенмін. Енді әкем мен бауырымның кей жағдайларда неге басқаша әрекет ететінін түсіндім. Олардың болмыстары басқа екен ғой. Болашақта бұйыртса күйеуіммен де тіл табысамын деген ойдамын ☺️
⠀
Бұл кітапты ерлер де, әйелдер де оқығаны жөн. Әсіресе отбасылы адамдар оқыса, тіпті керемет. Күйеуінің немесе әйелінің тілін таба алмай, түсініспеушілер көбейіп кетсе, осы кітап сіздің қарым-қатынаста қай жерден қате жіберіп жүргеніңізді айқындап береді. Кейін тұрмыс құрған соң Алла қаласа, тағы бір оқимын деп қойдым 😊
⠀
🌺КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛЫП ОҚУҒА БОЛАДЫ?
Әдеттегідей электронды нұсқасы телеграм каналымда болады.
#1жылда100кітап
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап📚
#кітап #книги #books #bookbloger
#джонгрэй #мужчинысмарсаженщинысвенеры

Абай атамыздың бүгінгі туған күніне кішкентай шәкірттеріммен түсірген видео еді 😊
https://youtu.be/TkNIvir2nS4
https://youtu.be/TkNIvir2nS4
Алматыға табаным тие сала бірінші кезекте барғым келетін жер - КӨКЖАЙЛАУ. Жылдың қай мезгілі болса да, жаңбырлатып, қар омбылап, талай шыққан едім. Ал жазда бұл өлкенің сұлулығы тіпті керемет. Жекеге келген сұрақтарға байланысты мұнда қалай баруға болатыны туралы айтып берейін.
⠀
✅Көкжайлауға не үшін баруымыз керек?
📌 Себебі, бұл Алматы секілді үлкен шаһарда тұрып, бір сәтке табиғатпен тілдесетін, таудың сұлулығын сезінетін, көзіңді, көңіліңді демалдыратын, бір сәт қаланың шуы мен қарбаласын артта қалдырып, біраз уақытқа бойыңа күш-қуат жинайтын, ең аяғы офисте тапжылмай отырып жұмыс істейтіндерге бір сергіп қайтуға болатын таптырмас мекен. Әрі өзі қалаға да тиіп тұр. Бару да оңай.
⠀
✅ Көкжайлау қай жақта?
📌 Іле Алатауы ұлттық табиғи паркіне қарасты алқапта. Алматыдан бар-жоғы 10 шақырым жерде.
⠀
✅ Көкжайлауға қалай баруға болады?
📌 Жеке көлігіңіз болса, Алматыдан Медеуге баратын жолға түсіп, қала тұрғындары су алатын бұлақтың жанынан көлігіңізді қалдырасыз. Қазір ол жерге "Ақбұлақ" деп жазып қойған екен. Көлік қалдыратын арнайы орындар бар. Ал көлігіңіз болмаса, Достық көшесінің бойымен Алматыға қарай жүретін автобустардың біріне отырып, "Просвещенец" деген аялдамадан түсіп қаласыз. Сол түскен жеріңізден Көкжайлауға баратын жол бағыт-бағдар, белгілер арқылы анық көрсетілген.
⠀
✅Жол ұзақтығы қанша?
📌 Біз асықпай, жан-жағымызға қарап, фотоға түсіп, демалып, 3 сағат дегенде көтерілдік. Кейбір жылдам жүретін жандар 1,5-2 сағатта Көкжайлаудың басында отырады. Қайту барғандағыдан азырақ уақыт алады. Таңертең ертерек шыққан тиімді.
⠀
✅ Орташа бюджет
📌 Автобусқа және тамағыңызға есептесеңіз болғаны. Қаладан жейтін дүниелеріңізді салып алып, Көкжайлауда тамақтансаңыздар да болады.
⠀
Көкжайлауға курорт салынады деген әңгіменің шыққанына 4-5 жылдың жүзі болды. "Аңдыған жау алмай қоймайды" дегендей, жергілікті тұрғындар қанша қарсы болса да, бұл іс жүзеге асатын сияқты. Сондықтан Көкжайлауды осы табиғи қалпында көріп қалуға асығыңыздар 😉
⠀
Ал сіз Көкжайлауда болғансыз ба?
⠀
#marfu_travels
#marfu_traveller
#жиһанкез_журналист
#көкжайлау #кокжайлау #кокджяйлау #kokzhailau #таңғажайыпҚазақстан #Қазақстан #туғанел #көріктімекен #qazaqstan #сакральныеместаказахстана

📚КӘМШАТ БЕКЖІГІТОВА. "ОЙЫҢДЫ ӨЗГЕРТІП, ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТ"
⠀
Бұл кітап алдымнан қайта-қайта шыға берді. Мұндай кітаптарды әдетте орыс тілінде оқитынмын. Мұны да кезекті сәтсіз аударма шығар деп, оқуға асыға қоймағанмын. Бірақ адамдардың жылы лебізінен кейін оқып көруге бел будым.
⠀
🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Кәмшат Бекжігітова бұл кітабында негізінен өз өмірін баяндайды. Түрлі қиыншылықтан қалай шыққанын, тығырықтан қалай жол тапқанын, ойын өзгерту арқылы табысқа жеткенін жазады. Өз өмірінің мысалдарын бере отырып, басқа адамдарды да өмірін жақсы жаққа өзгертуге шақырады.
⠀
Автордың ең ұтып тұрғаны, өз тәжірибесімен бөлісіп әрі шетелдік псиxологиялық кітаптарда жазылған дүниелерді қазақша жүйелеп беруінде шығар. Сосын "жақсы сөздерді" жинақтап бергені ұнады.
Жалпы өз өмірін жақсы жаққа өзгерткісі келетін әр қазақ әйелі оқуы тиіс кітап деп ойлаймын. ⠀
⠀
🌺БЕРЕТІН БАҒАМ:
7\10 Кітап жалпы ұнады. Қазақтілді аудитортяға керек-ақ дүние. Ұнағаны шығар, күнделігін де алдырдым. Енді тапсырмалаңрын орындап көрмекпін. Ал ұнамаған тұсы ішіндегі редакторлық, корректорлық қателер шығар. Қателері бар кітаптарды аса ұнатпаймын.
⠀ ⠀
🌺КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛЫП ОҚУҒА БОЛАДЫ?
Кітапты @sevenbooks.kz дүкенінен арзан бағаға сатып алсаңыздар болады. Өзім сол жақтан алдым.
⠀
#1жылда100кітап
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап📚
#кітап #книги #books #bookbloger
#кәмшатбекжігітова #ойыңдыөзгертіпөміріңдіөзгерт

Алматыдамын. Айттауға кетіп барам. Таксиге отырдым. Ат жақты, Шашын артына қайырған, түрі сұсты, орта жастағы аға екен. Бағдаршамда тұрмыз. Бір жас жігіт келіп қайыр сұрады. Таксист аға қолына тиындар алды да, анау жігітке ұсынды. Жәй ұсынып қоймай: "Мына жүрісің не, не істеп жүрсің? Арақ ішпе! Ішпе деймін мен саған!" деп көлік қозғалғанша біраз ақылын айтты. Ары қарай жүріп кеттік. Жолдан жиырмалардағы жас жігітті отырғызды. "Темекі көмектесе ме?" деп сұрады. "Иә" деген жауапқа: "Солай сияқты көрінеді. Ал анығында өзіңді де құртып жатырсың, айналаңды да улап жатырсың" деп біраз ұрсып алды. Ұрысқаны құдды бір үлкен ағаңның айтқан ақылындай естіледі екен. Жігіт үндемеді. Енді мен отырмын, ойланып. Әдетте,әр адам не істесе де өз құқы, өзі біледі. Ешкімнің ешкімге ақыл айтуға қақысы жоқ деген нәрселерді күнде естіп жатырмыз ғой. Бірақ маған мына таксист ағаның әрекеті жағып қалғандай) Ал ішімнен бір дауыс "жұртта не жұмысы бар?" дейді. Сіздіңше, қалай? Аға дұрыс істеді ме, бұрыс па?
👍 - дұрыс
👎- дұрыс емес
👍 - дұрыс
👎- дұрыс емес