ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
5.68K subscribers
18K photos
1.95K videos
5.82K links
🇰🇿 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

🇰🇿 Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan
Download Telegram
🎞️Ведомствоаралық комиссия 16 киножобаны іріктеді

🔹2025 жылы 16 киножоба мемлекеттік қолдауға ие болады. Ведомствоаралық комиссия іріктеуді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Сараптамалық кеңесінің қорытындысы бойынша жүргізді.

Комиссия мүшелері отандық киноиндустрияны дамытуға және ұлттық құндылықтарды насихаттуға үлес қоса алатын әлеуеті жоғары жобаларды таңдады.

Айта кетейік, конкурсқа анимация, деректі, көркем фильмдері санаты бойынша 444 өтінім тіркелген. Сараптама кеңесінің қарауына 357 жоба жолданды. Бағалау нәтижесінде 128 сценарий мен сценарийлік жоспар екінші кезеңге өтті. Бұл кезеңде қатысушылар толық құжаттар пакетін ұсынды. Нәтижесінде 99 жоба питчингке жолдама алды.

9-12 маусым аралығында Алматы қаласында конкурстық іріктеудің екі кезеңінен сәтті өткен кино жобалардың питчингі өтті. Питчинг Кино орталықтың ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді. Бұл конкурстың ашықтығы мен әділеттілігіне деген ұстанымды көрсетеді.

Іріктелген жобалар тізімімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:
https://drive.google.com/file/d/1wbsWgPCsTRWlCZm8sAB8ntIYdvinOuwJ/view?usp=sharing

Киножобаларды қаржыландыру туралы соңғы шешімді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қабылдайды.
🎞️Межведомственная комиссия отобрала 16 кинопроектов на получение государственной поддержки

🔹16 кинопроектов получат государственную поддержку в 2025 году. Отбор претендентов проводился Межведомственной комиссией на основе заключения Экспертного совета Центра поддержки национального кино.
Члены комиссии отобрали проекты, которые обладают значительным потенциалом и способны внести вклад в развитие отечественного кинематографа и продвижение национальных ценностей.

Отметим, в этом году на конкурс поступило 444 заявки в секциях игровых, документальных и анимационных фильмов. На рассмотрение Экспертного совета было направлено 357 проектов. По итогам оценки 128 сценариев и сценарных планов прошли во второй этап, после чего 99 проектов были отобраны на питчинг.

В период с 9 по 12 июня в Алматы прошла открытая защита кинопроектов, претендующих на статус национальных фильмов. Питчинг транслировался в прямом эфире на официальном YouTube-канале Центра кино. Эта мера была принята для обеспечения прозрачности и объективности конкурсного процесса.

Ознакомиться со списком отобранных проектов можно по ссылке: https://drive.google.com/file/d/1wbsWgPCsTRWlCZm8sAB8ntIYdvinOuwJ/view?usp=sharing.

Окончательное решение о финансировании кинопроектов, будет принято Министерством культуры и информации.
Forwarded from QAZAQ CULTURE
⏺Қазақстанда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы қалай аталып өтеді

📌2025 жылы Қазақстан ұлы ақын, философ, ойшыл және реформатор Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын тойлайды. Бұл күн ресми іс-шара ғана емес, қазақ мәдениетінің тамырына, рухани бағдарларына және зияткерлік дәстүріне тереңінен үңілетін күн.

Бүгінде Абай Құнанбайұлы – мектеп бағдарламасындағы кезекті тұлға ғана емес, ұлттық дүниетанымның айқын бағдары. Айтулы мерейтойға еліміздің қалай дайындалып жатқанының өзі көп нәрсені аңғартады. Биыл мәдени шаралармен қатар, оқу орындарында абайтану сабақтары да өтеді.

Толығырақ🖥

⏺Как в Казахстане отметят 180-летие Абая Кунанбаева

📌В 2025 году Казахстан отмечает 180-летие со дня рождения Абая Кунанбаева — поэта, философа, мыслителя и реформатора. Эта дата выходит за рамки формального мероприятия: это повод вновь обратиться к корням казахской культуры, к ее интеллектуальной традиции и духовным ориентирам.

Сегодня Абай Кунанбаев — это не только имя в школьной программе, но и живой ориентир на национальное самосознание. И то, как республика готовится к его 180-летию, говорит о многом. В этом году пройдут не только культурные мероприятия, но и усиление уроков абаеведения в учебных заведениях.

Подробнее 🖥
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍1
🗣Қазақстан ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесінің отырысына қатысты

🔹Осы күндері Қазақстан делегациясы Әзербайжанда өтіп жатқан «Габала – ТМД-ның Жастар астанасы 2025: Әралуандық пен бірлік мерекесі» бағдарламасының ашылу рәсіміне қатысып жатыр.

Іс-шараға ТМД елдерінің мемлекеттік құрылымдары, жастар және волонтерлік қозғалыстардың көшбасшылары, сондай-ақ менторлар қатысты. Кездесудің басты мақсаты – ТМД елдерінің жастары арасындағы өзара байланысты нығайту.

Бағдарлама аясында Жастар қоғамдық ұйымдарының форумы және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.

Айта кетейік, бұл Кеңес ТМД-дағы жастар саясатын қалыптастыруда белсенді атсалысады, стратегиялық бағдарламалық құжаттар мен имидждік халықаралық жобаларды әзірлейді.

Кеңес 2005 жылы ТМД елдеріндегі жастарды қолдау және олардың үздік идеялары мен жобаларын іске асыру мақсатында құрылған. Оның құрамына мемлекеттік органдар басшыларымен қатар, ТМД-ның жастар және қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары кіреді.

🗣Казахстан принял участие в заседании Совета по делам молодежи
государств-участников СНГ

🔹В эти дни казахстанская делегация находится в Азербайджане на церемонии открытия программы «Габала - Молодёжная столица СНГ 2025: Торжество разнообразия и единства».

Событие объединило лидеров молодежных и волонтерских движений, представителей государственных структур, а также менторов стран СНГ. Встреча направлена на укрепление взаимодействия молодежи стран Содружества.

В рамках мероприятия состоялись Форум молодежных общественных организаций и Заседание Совета по делам молодежи государств-участников СНГ. Отметим, Совет принимает самое активное участие в формировании молодежной политики в СНГ, разрабатывая стратегические программные документы и имиджевые международные проекты. Площадка была создана в 2005 году для поддержки молодежи стран СНГ и содействия в реализации ее лучших идей и проектов в состав которого, наряду с руководителями государственных органов входят лидеры молодежных и общественных организаций Содружества.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
📍Қазақстанның барлық өңірінде ҮЕҰ консультациялық орталықтары ашылды

✔️2025 жылғы 1 маусымнан еліміздің барлық өңірінде үкіметтік емес ұйымдардың консультациялық орталықтары өз жұмысын бастады. Бұл бастама азаматтардың білікті құқықтық көмек алуын кеңейтуге бағытталған, «Заң және тәртіп» наративі шеңберінде жасалған маңызды қадам.
Орталықтар азаматтар мен ҮЕҰ үшін қолжетімді құқықтық кеңес беріп қана қоймай, мемлекет жүзеге асырып жатқан бастамаларға қатысу жолдары мен мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты мәлімет ұсынады.

Бір айдың ішінде орталықтар мамандары 400-ге жуық кеңес  берген. Оның ішінде 239 қала тұрғындарына, 103 ауыл тұрғындарына бағытталды.

Азаматтарды қызықтырған мемлекеттік сатып алулардың шарттары, әлеуметтік көмек түрлері, волонтерлік қозғалысқа қатысу мүмкіндігі, үкіметтік емес секторды дамытуға арналған қолдау шаралары, баспана мен жерге қатысты мәселелер.

ҮЕҰ консультациялық орталықтары жұмыс күндері тұрақты түрде қызмет көрсетеді.

Толығырақ 🖥

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

📍Консультационные центры НПО созданы во всех регионах Казахстана

С 1 июня во всех регионах страны начали работу консультационные центры неправительственных организаций. Открытие этих площадок стало частью усилий по продвижению ключевых идеологических направлений, включая нарратив «Закон и порядок», и направлено на расширение доступа граждан к квалифицированной правовой поддержке.

Центры предоставляют бесплатные консультации как для граждан, так и для представителей НПО, обеспечивая их актуальной информацией о действующих государственных мерах и возможностях участия в различных инициативах.
Только за первый месяц работы экспертами консультационных центров было проведено около 400 консультаций. Из них 239 — в городах и 103 — в сельской местности.

Среди наиболее часто поднимаемых тем — порядок участия в государственных закупках, получение адресной социальной помощи, вступление в волонтёрские организации, доступные механизмы поддержки неправительственного сектора, а также вопросы, связанные с жилищными и земельными отношениями.

Консультационные центры неправительственных организаций продолжают работу на постоянной основе в будние дни.

Подробнее 🖥

ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
⚜️6 шілде – Домбыра күні

🔹Қазақстанда жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде Ұлттық Домбыра күні атап өтіледі. Биыл бұл мереке 6 шілдеде тойланбақ.

2018 жылы Президенттің бастамасымен бекітілген бұл мереке ұлттық бірегейлікті нығайтуға, жастардың дәстүрлі мәдениетке қызығушылығын оятуға және ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы күнге орай республикалық іс-шаралар жоспарын бекітті.

Биыл ел көлемінде 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады, оның 200-ден астамы өңірлерде жоспарланған.
6 шілде күні Алматы қаласындағы MEGA Alma-Ata ашық алаңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің мерекелік концерті өтеді. Сонымен қатар Көктөбе саябағының алаңында «Dombyra party» атты салтанатты концерт ұйымдастырылады.

Астанадағы амфитеатр алаңында Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт ұйымдастырылады.

Жамбыл облысында, «Көне Тараз» археологиялық саябағы аумағында «Ұлттық домбыра күні – баба үніне құрмет» атты музыкалық кеш өтеді.

Түркістанда, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени музей-қорығының алаңында «Домбыра – дастан» атты мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, елімізде Домбыра күніне орай челлендж өтіп жатыр, оған 100-ге жуық мәдениет саласының көрнекті өкілі қатысуда.
 
ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
⚜️6 июля в Казахстане отметят День домбры

🔹Ежегодно в первое воскресенье июля в Казахстане отмечается Национальный день домбры. В этом году данный праздник выпадает на 6 июля.

Этот праздник, учрежденный в 2018 году по инициативе Президента, способствует укреплению национальной идентичности, пробуждает интерес у молодежи к традиционной культуре и подчеркивает преемственность поколений.
Министерство культуры и информации Республики Казахстан утвердило план республиканских мероприятий, приуроченных к данному празднику.  

В этом году будет организовано около 300 мероприятий, из которых свыше 200 состоятся в регионах.  

6 июля на открытой площадке MEGA Alma-Ata состоится праздничный концерт Казахского национального оркестра народных инструментов имени Курмангазы. Кроме того, на площадке парка Көк Төбе состоится торжественный концерт Казахского национального оркестра народных инструментов имени Курмангазы «Dombyra party».

В Астане на площадке амфитеатра состоится праздничный концерт, посвященный Национальному дню домбры.

В Национальном музее РК состоится концерт, приуроченный к 100-летию выдающегося композитора Нургисы Тлендиева.
В Жамбылской области на территории археологического парка «Көне Тараз» состоится музыкальный вечер «Ұлттық домбыра күні – баба үніне құрмет».

В Туркестане на площадке историко-культурного музея-заповедника «Азрет Султан» состоится культурно-массовое мероприятие «Домбыра-дастан».

Кроме того, в настоящее время по всей стране проходит челлендж, приуроченный ко Дню домбры, в котором приняли участие около 100 известных деятелей культуры.
 
ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍1
🔹Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Жастар форумына қатысуда

✔️Бұл күндері Қазақстан делегациясы Әзірбайжанда өтіп жатқан ЭЫҰ апталығы аясындағы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Жастар форумына қатысуда.

Форумға ұйымға мүше тоғыз елден келген делегаттар қатысуда. Олардың қатарында жас көшбасшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, ЭЫҰ лауазымды тұлғалары мен сарапшылар бар.

Іс-шара барысында экономикалық және сауда ынтымақтастығы, жастар кәсіпкерлігі мен цифрлық экономика, тұрақты даму, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияның ЭЫҰ аймағындағы рөлі талқылануда.

Халықаралық кездесудің басты мақсаты — жас көшбасшылардың өңірлік маңызды мәселелер мен шешім қабылдау үдерістерімен танысуы, мүше мемлекеттер жастары арасындағы ынтымақтастықты дамыту және өзара ой алмасу, сондай-ақ тарихи және мәдени байланыстарды нығайту.

🔹Казахстан принимает участие в Молодежном форуме Организации экономического сотрудничества

✔️В эти дни казахстанская делегация принимает участие в Молодежном форуме Организации экономического сотрудничества, который проходит в рамках Недели ОЭС в Азербайджане.

Участие принимают делегаты из 9 стран – членов организации, это: молодые лидеры, представители государственных органов, должностные лица ОЭС и эксперты.

На мероприятии обсуждают вопросы экономического и торгового сотрудничества, молодежное предпринимательство и цифровую экономику, устойчивое развитие, а также роль ИИ и цифровую трансформацию в регионе ОЭС.

Цель международной встречи – повысить осведомленность молодых лидеров о ключевых региональных проблемах и процессах принятия решений, способствовать сотрудничеству и обмену идеями между представителями молодежи стран-членов ОЭС, укрепить исторические и культурные связи.
🎞️Қазақ киносы Қытай фестивалінде көрсетілді

🔹2025 жылдың 3-7 маусым аралығында Қытайдың Чунцин қаласындағы Юнчуань ауданында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің халықаралық кинофестивалі басталды. Бұл мәдени іс-шара ШЫҰ елдері арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытуға және кино саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

Іс-шараға Қазақстандық делегация ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы өкілдері, сондай-ақ еліміздің танымал продюсерлері мен режиссерлері қатысуда.
Биылғы фестивальдің «Алтын Камелия» атты негізгі байқау бағдарламасына 10 елден 20 фильм енді. Әр елден екі туынды ұсынылған.

Қазақстандық «Набат операциясы» мен «Ағайындылар» фильмі қытай көрерменіне көрсетіледі.
«Набат операциясы» (режиссер Рашид Сүлейменов) – Қазақстан құқық қорғау органдары жүргізген ірі арнайы операция туралы шынайы оқиғаға негізделген драма. Фильм «Қазақфильм» киностудиясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстанның Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген.

«Ағайындылар» (режиссер Дархан Төлегенов) – 15-тен астам халықаралық жүлдеге ие болған фильм. Картина Германияда өткен Oldenburg халықаралық кинофестивалінде Spirit of Cinema марапатын алған. Фильмді Golden Man Media студиясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген.

Фестивальдің қазылар алқасына ШЫҰ елдерінен 9 белгілі кинематограф енген. Олардың ішінде қазақстандық продюсер Тасболат Мерекенов те бар. Қазылар алқасының төрағасы – Қытайдың танымал продюсері әрі сценаристі Жэнь Чжунлунь.

Жеңімпаздар 10 номинация бойынша анықталады. Атап айтсақ, «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий» және актерлік шеберлік номинациялары бар.
Кинофестиваль аясында 11 негізгі іс-шара жоспарланған, олардың қатарында байқау фильмдерінің көрсетілімдері, ынтымақтастыққа арналған форумдар, кинотехнология көрмесі мен Гала-концерт бар.
 
ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎞️Казахстанское кино представлено на фестивале в Китае

🔹С 3 по 7 июля 2025 года в Юнчуаньском районе китайского мегаполиса Чунцин проходит международный кинофестиваль стран Шанхайской организации сотрудничества (ШОС).
Фестиваль нацелен на развитие гуманитарного обмена и расширение сотрудничества в области кино между государствами-участниками ШОС.
Казахстанскую делегацию представляют эксперты Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Государственного центра поддержки национального кино, Национальной киностудии «Казахфильм» им. Ш.Айманова, а также ведущие отечественные продюсеры и режиссеры.

В состав конкурсной программы «Золотая камелия» вошли 20 полнометражных кинокартин – по две от каждой из стран-участниц. Казахстан представит киноленты «Операция Набат» и «Братья».

«Операция Набат» (режиссер Рашид Сулейменов) – основанная на реальных событиях драма о громкой спецоперации казахстанских силовых структур. Фильм снят на киностудии «Казахфильм» при поддержке Министерства культуры и информации РК и Центра кино Казахстана.

«Братья» (режиссер Дархан Тулегенов) – фильм, получивший более 15 международных наград, включая премию Spirit of Cinema на Oldenburg International Film Festival в Германии. Картину создала студия Golden Man Media при поддержке Министерства культуры и информации РК и Государственного центра поддержки национального кино.

Жюри фестиваля включает 9 известных кинематографистов из стран ШОС, в том числе казахстанского продюсера Тасболата Мерекенова. Председателем жюри выступает известный китайский продюсер и сценарист Жэнь Чжунлунь.
Победители фестиваля будут определены в 10 номинациях, включая «Лучший фильм», «Лучший режиссер», «Лучший сценарий», а также актерские номинации.

В рамках кинофестиваля запланированы 11 мероприятий, включая показы конкурсных фильмов, форумы по вопросам сотрудничества, выставку кинотехнологий и Гала-концерт.
 
ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎞️Қазақ киносы Қытай фестивалінде көрсетілді

🎞️Казахстанское кино представлено на фестивале в Китае
👍1
🔹Алматыда есірткіге және есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі фронт-кеңсе ашылды

✔️Алматыда Esirtkisiz QAZAQSTAN жобасы аясында есірткіге және есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі фронт-кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті.

Бұл іс-шара «Esbol Qory» қоғамдық қорының («Есірткісіз Болашақ» ҚҚ) бастамасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылды.

Фронт-кеңсенің мақсаты мен қызметтері:

- Жастарды, ата-аналар мен мұғалімдерді өмірлік дағдыларға үйрету;
- Кешенді және жүйелі алдын алу шараларын өткізу;
- Есірткіге қарсы белсенділерді БҰҰ стандарттарына сай даярлау;
- Алматы қаласындағы есірткі ахуалын бақылау және алдын алу шешімдерін әзірлеу.

Осындай фронт-кеңселердің құрылуы – қоғамда тұрақты есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ұлттық стратегияның бір бөлігі.

Фронт-кеңсе Алматы қаласы, Серіков көшесі, 6а/1 мекенжайында орналасқан.

🔹Фронт-офис по профилактике наркомании и наркопреступности открыли в Алматы

✔️В Алматы состоялось торжественное открытие фронт-офиса по профилактике наркомании и наркопреступности в рамках проекта EsirtkisizQAZAQSTAN.

Инициатива реализуется общественным фондом «Esbol Qory» (ОФ "Будущее без наркотиков") при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, а также Центра поддержки гражданских инициатив.

Цели и функции фронт-офиса:
- Обучение молодёжи, родителей и педагогов жизненным навыкам;
- Проведение комплексных системных профилактических мероприятий;
- Подготовка антинаркотических активистов в соответствии с международными стандартами УНП ООН;
- Мониторинг наркоситуации в городе Алматы и выработка эффективных превентивных решений.

Создание подобных фронт-офисов является частью национальной стратегии по укреплению общественной безопасности и формированию устойчивого антинаркотического иммунитета в обществе.

Фронт-офис расположен по адресу: г. Алматы, ул. Серикова 6а/1