Madeniet_aqparat_ministrligi
4.45K subscribers
10.1K photos
913 videos
3.59K links
🇰🇿 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

🇰🇿 Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan
Download Telegram
Madeniet_aqparat_ministrligi
Photo
Бүгін – ұлттық мұрамызды ұлықтайтын Домбыра күні! Домбыра – ұлттық болмысымызбен, тарихи тамырызбен біте қайнасып жатқан қастерлі құндылығымыз.

Жақында Мемлекет басшысы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнінде сөйлеген сөзінде домбыра қазақ халқының жаны, ұлт болмысының айнасы екенін тілге тиек етті.

«Біз ұлттық бірегейлігімізді сақтағымыз келсе, қастерлі аспапты қадір тұтуымыз қажет. Ол – біздің тереңнен тамыр тартатын төл тарихымыздың куәгері. Мерейлі мереке өнерімізді өрге шығарып, тұтастығымызды нығайта түсу үшін керек. Мен ұлттық құндылықты ұлықтайтын бастамаларды барынша дәріптеу қажет деп санаймын. Домбыра күні соның айқын көрінісі болуға тиіс», - деді Президент.

Домбыраның қоңыр үні көңіл төрінде күмбірлеп, рухымызды асқақтата берсін! Баршаңызға мереке құтты болсын!

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

***

Сегодня мы отмечаем один из самых значимых праздников в нашей культуре - Национальный день домбры. Домбра - это не просто музыкальный инструмент, это священный символ казахского народа, который отражает нашу историю, душу и бытие нации.

Недавно Глава государства в своем выступлении в День работников средств массовой информации отметил, что домбра – душа казахского народа, зеркало бытия нации. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра».

«Если мы хотим сохранить национальную идентичность, следует чтить этот священный музыкальный инструмент. Домбра – свидетель событий нашей истории, имеющей глубокие корни. Этот праздник важен для развития искусства и укрепления нашего единства. Считаю своим долгом поддерживать инициативы, направленные на продвижение национальных ценностей. Ярким свидетельством этого должен быть День домбры», - сказал Президент.

Пусть звуки домбры продолжают вдохновлять и объединять наш народ, напоминая нам о наших корнях и великой истории. Поздравляем всех с этим прекрасным праздником!

ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Madeniet_aqparat_ministrligi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Madeniet_aqparat_ministrligi
Photo
Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Ұлттық домбыра күніне арналған «Әлемді күймен әлдилеп...» атты концерт өтті.

Іс-шара аясында көрерменге ұлттық мәдени мұра: халық әндері мен күйлері ұсынылды.

Жақында Мемлекет басшысы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнінде сөйлеген сөзінде домбыра біздің тарихымыздың терең тамыры бар оқиғаларының куәгері екенін тілге тиек етті.

«Мерейлі мереке өнерімізді өрге шығарып, тұтастығымызды нығайта түсу үшін керек. Мен ұлттық құндылықты ұлықтайтын бастамаларды барынша дәріптеу қажет деп санаймын. Домбыра күні соның айқын көрінісі болуға тиіс», – деді Президент.

Мерекелік концертке ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, қоғам қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Салтанатты іс-шарада елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары және қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
Атап айтқанда, Қазақстанның Халық әртісі Айгүл Үлкенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов, «Құрмет» орденінің иегері Олжас Сүлейменов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Бекболат Әбдіберікұлы және басқалары.

Сонымен қатар, концертке Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, «Қазақ квартеті» қазақ ішекті квартеті, «Hassak» этно-фольклорлық ансамблі және «Ұлытау» тобы қатысты.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі


•••

В столице прошел праздничный концерт к Национальному дню домбры

В Казахском национальном музыкально-драматическом театре имени Калибека Куанышбаева состоялся концерт «Әлемді күймен әлдилеп...», посвященный Национальному дню домбры.

В рамках мероприятия зрителям были представлены лучшие образцы национальной культуры, народные песни и кюи.

Как отметил глава государства в своем выступлении в День работников средств массовой информации, домбра свидетель событий нашей истории, имеющий глубокие корни.

«Этот праздник важен для развития искусства и укрепления нашего единства. Считаю своим долгом поддерживать инициативы, направленные на продвижение национальных ценностей. Ярким свидетельством этого должен быть День домбры", - сказал Президент.

Разделить значимый праздник для нашей культуры пришли министр культуры и информации РК Аида Балаева, общественные деятели и представители творческой интеллигенции.

На торжественном мероприятии для жителей и гостей столицы выступили заслуженные деятели Казахстана, лауреаты международных и республиканских конкурсов и известные звезды казахстанской эстрады.
В частности, Народная артистка Казахстана Айгуль Улкенбаева, Заслуженный деятель Казахстана Айткали Жайымов, Кавалер ордена «Құрмет» Олжас Сулейменов, лауреат Государственной молодежной премии «Дарын» Бекболат Абдиберикулы и другие.

Кроме того, в концерте приняли участие Государственная академическая филармония имени Еркегали Рахмадиева, Казахский струнный квартет «Казахский квартет», фольклорно-этнографический ансамбль «Hassak» и группа «Улытау».


ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
Madeniet_aqparat_ministrligi
Photo
Ел бойынша Ұлттық домбыра күніне орай 200-ден астам іс-шара өтті

Мереке күндері Қазақстанның әр өңірінде Ұлттық домбыра күніне арналған түрлі мәдени іс-шаралар өтті. Жыл сайын ұлттық аспапқа деген қызығушылық артып келеді.

Мәселен, Ақмола облысында «Домбыра, жүрегіммен үндес едің...» атты мерекелік концерт өтті.

Оңтүстік астананың қонақтары мен тұрғындары «Домбыра – асыл қазына» көшпелі көрмесін тамашалады. Көрмеде Абай Құнанбаев, Дина Нұрпейісова, Жамбыл Жабаев, Махамбет Өтемісұлы және т.б. көрнекті тұлғалар домбырасының көшірмелері ұсынылды.

Жамбыл облысында «Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ – домбыра» атты мәдени іс-шаралар мен мерекелік концерттер өтті.

Қазақстанның шығысында «Әнші қала» байқауы басталып, тақырыптық жәрмеңкелер ұйымдастырылды.

Маңғыстау облысында «Күмбірле, қоңыр домбыра» гала-концерті өтті, сондай-ақ мәдениет қайраткерлер қатысқан дөңгелек үстел өтті.

Қостанай облысында да «Күмбірле,қоңыр домбыра» іс-шарасы өтті. Сондай-ақ, облыс домбырашылары арасында музыкалық байқау ұйымдастырылды.

Ақтөбе облысында өскелең ұрпаққа «Домбыра – бабалардан жеткен мұра» атты танымдық іс-шара өткізілді.

«Қазағымның домбырасы күй тартса» іс-шарасы аясында Шымкент жастары ұлттық музыкалық аспаптың тарихымен танысты.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

***

Более 200 мероприятий провели по всей стране в честь Национального дня домбры

В эти дни в каждом регионе Казахстана прошли различные культурные мероприятия, посвященные Национальному дню домбры. С каждым годом в стране возрастает интерес к древнему музыкальному инструменту.

Так, в Акмолинской области состоялся праздничный концерт «Домбыра, жүрегіммен үндес едің…».

Гости и жители южной столицы посетили передвижную выставку «Домбыра-асыл қазына», где была представлена коллекция копии домбр выдающихся личностей таких, как Абай Кунанбаев, Дина Нурпеисова, Жамбыл Жабаев, Махамбет Отемисулы и другие.

В Жамбылской области прошли культурные мероприятия и праздничные концерты «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра».

В восточной части Казахстана стартовал конкурс «Әнші қала», а также прошли тематические ярмарки.

В Мангистауской области состоялся Гала-концерт «Күмбірле қоңыр домбыра», а также прошел круглый стол с участием деятелей культуры.

Одноименное мероприятие «Күмбірле қоңыр домбыра» прошло в Костанайской области. Также был организован музыкальный конкурс среди домбристов региона.

В Актюбинской области провели познавательное мероприятие для подрастающего поколения «Домбыра - бабалардан жеткен мұра».

С историей национального музыкального инструмента ознакомили также молодежь Шымкента в рамках мероприятия «Қазағымның домбырасы күй тартса».

ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📽️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жұмыс аптасына шолу
___

📽️Обзор рабочей недели Министерства культуры и информации РК
Madeniet_aqparat_ministrligi
Photo
Астанада этникалық сән апталығы өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Bozjyra Fashion Week Astana 2024 сән апталығы өтті. Бұл – Түркі әлемі халықтарының мәдениетін жаңғыртуға, заманау интерпретациядағы этникалық сәнге арналған Қазақстандағы жалғыз сән апталығы.

Сән апталығының әр маусымында тарихта өшпес із қалдырған Ұлы дала әйелдері туралы баяндалады. 2024 жылғы апталықтың тақырыбы Лондонды бағындырған XVI ғасырдағы қазақ ақсүйектерінен шыққан Ару Сұлтанға арналды.

Этникалық сән апталығына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Грузия дизайнерлері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Bozjyra Fashion Week– болашақта әлемдік этникалық сәнге әсер ете алатын тұтас қауымдастық құратын түркі әлемі дизайнерлерінің бірлестігі.
Сән апталығының ерекшелігі – Bozjyra Fashion Week «Жібек жолы» елдерін аралап, қазақстандық дизайнерлердің елден тыс жерлердегі жұмысын көрсетуге бағытталған көшпелі апталық.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

***

Неделя этнической моды прошла в Астане

При поддержке Министерства культуры и информации РК состоялось модное событие - Bozjyra Fashion Week Astana 2024. Это единственная неделя моды в Казахстане, посвященная этнической моде в современной интерпретации, возрождению культуры народов тюркского мира.

Каждый сезон модной недели рассказывает о женщинах Великой степи, оставивших неизгладимый след в истории. Темой недели 2024 года стала Ару Султана - представительница высшей казахской аристократии XVI века, покорившая Лондон.

Участие в Неделе этнической моды приняли дизайнеры Казахстана, России, Узбекистана и Грузии.

Со слов организаторов, Bozjyra Fashion Week - это объединение дизайнеров тюркского мира, которое в перспективе может создать целое сообщество, влияющее на этническую моду в мире.
Фишкой самой недели моды является то, что Bozjyra Fashion Week - это мигрирующая неделя, цель которой объездить страны «Шелкового пути» и продемонстрировать работу казахстанских дизайнеров за пределами страны.

ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК