Madeniet_aqparat_ministrligi
4.43K subscribers
9.97K photos
901 videos
3.57K links
🇰🇿 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

🇰🇿 Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда Әкелер күнін атап өтуде. Мереке аясында бүкіл ел бойынша 600-ден астам іс-шара жоспарланған. Форумдар, «Әке – менің қорғаным», «Менің әкем – мақтанышым» суреттер конкурсы, спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде «Менің әкем – ең жақсы адам» акциясы басталады.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

***

В Казахстане отмечают День отца. В рамках празднования по всей стране запланировано более 600 мероприятий, это: форумы, конкурсы рисунков «Әке – менің қорғаным», «Менің әкем - мақтанышым», спортивные состязания, а также в социальных сетях стартует акция «Менің әкем – ең жақсы адам».

ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📽️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жұмыс аптасына шолу
___

📽️Обзор рабочей недели Министерства культуры и информации РК
⚜️Бүгін журналист, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Арғынбай Бекбосынның туғанына — 87 жыл.

Қаламгер Жамбыл облыстық радиосының тілшісі, Жамбыл аудандық «Шұғыла» газетінің редакторы, Жамбыл облыстық Партия комитетінің бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі нұсқаушысы қызметтерін атқарған. Кейін Жамбыл облыстық «Ақ жол», «Еңбек туы» газетінің редакторы болып жұмыс істеді.

1994 жылғы наурызда ҚР Жоғарғы Кеңесінің, 1995 жылғы желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.
Онда Халықаралық істер, Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік комитетінде мүше бола жүріп, бірталай аса маңызды заң жобалары бойынша жұмыс тобын басқарды.

🖋️Жазушының
«Ауылым – әнім менің», «Жетіқарақшысы жоқ аспан», «Кемеңгермен кездесу», «Хауа ананың аманаты», «Қылкөпір» кітаптары жарық көрген.

Бұдан бөлек шығыс жұлдыздарының шығармалары   топтастырылған «Омар Һаям жұлдыздар шоғырында» атты аударма кітабы жарық көрген. Пушкин, Лермонтов, Есенин, Бунин шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.
Madeniet_aqparat_ministrligi
Photo
👨‍👩‍👦‍👦«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсына 3 мыңнан астам отбасы қатысады

⚡️«Мерейлі отбасы-2024» конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды. Биыл Қазақстанның ең үлгілі отбасы атағына 3369 үміткер қатысуға ниет білдірді.

❗️Өтінімдердің басым бөлігі Қарағанды, Жетісу, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматыда қабылданды. Ұлытау, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының тұрғындардың белсенділігі төмен болды.

Өтінімдер тек қатысушылардың атынан ғана берілмеді, 1482 отбасын ұйымдар мен еңбек ұжымдары ұсынды.

Дәстүр бойынша «Мерейлі отбасы» конкурсының марапаттау рәсімі Отбасы күні қарсаңында өткізіледі. Жеңімпаздар 1 миллион теңгеден алады.

Айта кетейік, 10 жыл ішінде ұлттық байқауға 20 мыңнан астам отбасы қатысты.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

***

👨‍👩‍👦‍👦Более 3 тысяч семей примут участие в Национальном конкурсе «Мерейлі отбасы-2024»


⚡️Завершился приём заявок на конкурс «Мерейлі отбасы-2024». В этом году побороться за звание самой образцовой семьи Казахстана намерены 3369 участников.

❗️Наибольшее количество заявок принято в Карагандинской, Жетысуской, Кызылординской областях, а также в Астане и Алматы. Наименьшую активность проявили жители области Улытау, Атырауской, Мангистауской, Северо-Казахстанской и Акмолинской областей.

Заявки были поданы не только по инициативе самих участников, 1482 семьи выдвинули организации и трудовые коллективы.

Традиционно церемония награждения «Мерейлі отбасы» проводится в преддверии Дня семьи. Победители получат по 1 миллиону тенге.

Отметим, за 10 лет в Национальном конкурсе приняли участие более 20 тысяч семей.

ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
⚜️Құддыс Қожамияров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры 90 жылдық мерейтойын атап өтуде!

Бүгін Алматыда Құддыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының 90 жылдығына орай, музыкалық қойылымдардың І театр фестивалі басталды.

🗓17-21 маусым аралығында театр сахнасында Қазақстанның бес театрының әртістері өнер көрсетеді, олардың арасында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры, «Жаңа ғасыр» театры және «Алатау» дәстүрлі өнер театры бар. Олардың репертуарында «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» және т.б. қойылымдар бар.

▪️Қ. Қожамияров атындағы ұйғыр музыкалық-драма театры 1934 жылдың қыркүйегінде ашылды. Бүгінгі таңда драмалық труппадан басқа театрда «Нава» фольклорлық ансамблі, «Сада» жастар эстрадалық ансамблі және «Рухсара» би ансамблі жемісті жұмыс істеп келеді.

▪️1984 жылы театр қазақстандық өнерді дамытуда қосқан үлесі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 2016 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай театрға «академиялық» мәртебе берілді.

▪️Биыл мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Мемлекет басшысы бірқатар театр қызметкеріне «Құрмет» орденін табыс етті, ал ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын берді.

▪️90 жылдық тарихында театр ТМД және Түркия, Венгрия, Финляндия, Германия, Египет, Қытай, Румыния, Болгария, Пәкістан және Португалия елдерінде халықаралық фестивальдар мен гастрольдік сапарларға белсенді қатысып, әлемдік аренада отандық өнерді кеңінен насихаттады.

Театр фестивалі аясында мұрағаттық тарихи құжаттар мен театрдың сирек кездесетін фотоматериалдарының көрмесі ашылды. Іс-шара соңында фестиваль лауреаттары анықталады.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

***

⚜️Уйгурский театр музыкальной комедии имени Куддуса Кужамьярова отмечает 90-летний юбилей!

Сегодня в Алматы стартовал I театральный фестиваль музыкальных спектаклей в честь 90-летия Республиканского государственного академического уйгурского театра музыкальной комедии имени Куддуса Кужамьярова.

🗓С 17 по 21 июня на сцене театра выступят артисты пяти театров Казахстана, среди которых Казахский национальный театр драмы имени М. Ауэзова, Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Г. Мусрепова, Республиканский государственный академический корейский театр, театр «Жаңа ғасыр» и театр традиционного искусства «Алатау». В их репертуаре — постановки «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» и другие.

▪️Уйгурский музыкально-драматический театр имени К. Кужамьярова открыл свои двери в сентябре 1934 года. Сегодня, помимо драматической труппы, в театре успешно работают фольклорный ансамбль «Нава», молодежный эстрадный ансамбль «Сада» и танцевальный ансамбль «Рухсара».

▪️В 1984 году театр был награжден орденом «Знак Почета» за значительные творческие достижения в развитии казахстанского искусства. В 2016 году, к 25-й годовщине Независимости Казахстана, театру был присвоен статус «Академический».

▪️В этом году, в честь Дня работников культуры и искусства, Глава государства вручил сотруднику театра орден «Құрмет», а другому служащему Министром культуры и информации РК было присвоено почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».

▪️За свою 90-летнюю историю театр активно участвовал в международных фестивалях и гастрольных поездках в странах СНГ и Турции, Венгрии, Финляндии, Германии, Египте, Китае, Румынии, Болгарии, Пакистане и Португалии, завоевывая главные призы и популяризируя казахстанское искусство на мировой арене.

В рамках театрального фестиваля была открыта выставка архивных исторических документов и редких фотоматериалов театра. По завершению мероприятия будут определены лауреаты фестиваля.

ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🖋️«Бақытсыз Жамал» — қазақ әдебиетіндегі көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман.

🎥Міржақып Дулатұлының бұл шығармасы жайлы толығырақ бейнероликтен біліңіз.
«Jas Kenes Siylygy» байқауы