Madeniet_aqparat_ministrligi
4.3K subscribers
9.13K photos
820 videos
3.49K links
🇰🇿 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

🇰🇿 Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan
Download Telegram
Madeniet_aqparat_ministrligi
📸 https://t.me/madenietaqparat
«1941 жылдың жазы» фильмі Қазақстанның бірнеше қаласында тегін көрсетіледі

Жеңіс күніне арналған әскери-патриоттық кино апталығы аясында Алматы, Қарағанды, Шымкент және Талғар кинотеатрларында «1941 жылдың жазы»фильмінің тегін көрсетілімі өтеді.

Режиссер Бекболат Шекеровтың фильмі ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы партизан отрядымен шайқас жайында. Кинокартина ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында ерлігімен көзге түскен диверсиялық топтың басшысы көрнекті қазақ қайраткері, лейтенант Әди Шәріповтың өмірбаяны туралы баяндайды.

Фильм ІІ дүниежүзілік соғыс кезін суреттейді. Үшінші Рейх КСРО-ға енді шабуыл жасаған кезі. Беларуссияда жойқын шайқастар жүріп жатыр, ал Кеңес армиясының күштері әзірге тек шегінуге мәжбүр. Қазақстаннан келген жас лейтенант Әди Шәріпов дәл осы оқиғағаның куәгері болады.

Оның жасағы әскердің алдыңғы шебінде шайқасып, ақыр соңында ми батпақта жаудың қоршауында қалады. Жау тылында қалған лейтенант партизан жасағын құрып, нацистік басқыншыларға лайықты тойтарыс береді.

Әскери-патриоттық кино апталығы 2024 жылдың 9 мамырында басталады.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

***

Бесплатный показ фильма «Лето 1941 года» пройдёт в нескольких городах Казахстана


В рамках недели военно-патриотического кино, посвященной Дню Победы в кинотеатрах Алматы, Караганды, Шымкента и Талгара состоится бесплатный показ фильма «Лето 1941 года».

Фильм режиссера Бекболата Шекерова рассказывает о боях с партизанскими отрядами в годы Великой Отечественной войны. Кинокартина повествует о биографической истории выдающегося казахского деятеля, лейтенанта Ади Шарипова, отличившегося своей доблестью в годы ВОВ и возглавлявшего диверсионные группы.

Действие происходит в начале Второй Мировой войны. Третий Рейх только что напал на СССР. В Беларуси ведутся ожесточенные бои и силы советской армии пока вынуждены только отступать. Именно в таком незавидном положении оказался молодой лейтенант из Казахстана Ади Шарипов.

Его взвод прикрывал отступление полка, но в итоге сам оказался в окружении врага на болоте. Несмотря на трудное положение, лейтенант создает партизанский отряд и дает нацистским оккупантам достойный отпор.

Неделя военно-патриотического кино стартует 9 мая 2024 года.

ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
Madeniet_aqparat_ministrligi
Photo
⚜️Еліміз үшін, бүкіл әлем үшін ең ұлы және қасиетті мереке – Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Бұл күні біз болашақ, бейбітшілік пен тұрақтылық үшін өз өмірін қиған жандардың барлығын еске аламыз. Келесі жылы біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтетін боламыз.

Мемлекет басшысы әрқайсымыз үшін елеулі күнге ауқымды дайындықты бастауды тапсырды. Президенттің тапсырмасы бойынша бүкіл ел бойынша елдімекендер, объектілер мен көшелердің атауларында ардагерлерді ұлықтау тәжірибесі жалғасатын болады.

🎖️Жеңіс күні – біздің батырларымыздың ерлігін еске алатын күн. Бұл күн бізге бейбітшілік пен бірлікті сақтап, бостандық пен тәуелсіздікті бағалауымыз керек екенін еске салады.

Біздің ардагерлер – барлық сынақтар мен қиындықтарға қарамастан, антқа адал болып, жеңіске жете білген нағыз батырлар. Біз оларға батылдығы, төзімділігі мен адалдығы үшін алғыс айтамыз. Олардың ерен ерлігі жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге болары сөзсіз.

🕊️Бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін әр адам атсалысуға тиіс. Отан үшін жанын пида еткен батырларымызды мәңгі есте сақтаймыз. Әрдайым еліміз аман, аспанымыз ашық болсын!

•••

⚜️Поздравляем с Днем Победы – самым великим и священным праздником для нашей страны и всего мира!

В этот день мы чтим память всех тех, кто отдал свою жизнь за наше будущее, мир и стабильность. В следующем году мы будем праздновать 80-летие Великой Победы.

Глава государства поручил начать подготовку к масштабному празднованию особой для каждого из нас даты. По поручению Президента будет продолжена практика по увековечиванию героев войны в названиях населенных пунктов, объектов, улиц по всей стране.

🎖️День Победы – это день, когда мы вспоминаем подвиги наших героев. Он напоминает нам о том, что мы должны беречь мир и сплоченность, ценить свободу и независимость.

Наши ветераны – настоящие герои, которые несмотря на все испытания и трудности, сохранили верность своему клятвенному слову и смогли добиться победы. Мы благодарим их за их мужество, стойкость и самоотверженность. Их пример должен быть для нас, молодого поколения, вдохновением и образцом.

🕊️Пусть каждый из нас делает все возможное для сохранения мира и гармонии на свете. Пусть память о погибших защитниках Отечества будет вечной, а их подвиги передаваться из поколение в поколение.
🎞️Жеңіс күні мейрамында Ұлы Отан соғысы жөнінде қазақстандық фильмдерді назарларыңызға ұсынамыз

•••

🎞️В День Победы предлагаем вашему вниманию список казахстанских фильмов о Великой Отечественной войне
Madeniet_aqparat_ministrligi
Photo
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі batyrlargatagzym.kz порталын іске қосты

Жобаның негізгі мақсаты – әр батырдың тарихта лайықты танылуын қамтамасыз ету.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты III отырысында атап өткендей, мемлекет соғыс жылдарында теңдесі жоқ жауынгерлік және еңбек ерліктерін жасаған отандастарымызды ел жадында сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Сайт әртүрлі ақпарат көздерінен жинақталған және Қазақстан халқының ерлігінің мәңгілік ескерткіші болып табылады. Пилоттық жоба 2023 жылы іске қосылып, азаматтық қоғам мен еріктілердің үлкен қызығушылығына ие болды. Сайттың функционалдық мүмкіндіктері кеңейтіліп, деректер толыққанды порталға жүйеленді.

Бүгінгі таңда порталда 100 мыңнан астам қазақстандық ардагерлер туралы ақпарат бар. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай портал барлық ардагерлер туралы деректерді біріктіреді деп үміттенеміз.

Біз әрбір қазақстандықты ҰОС ардагерлері туралы қосымша ақпарат беру арқылы бұл жобаға өз үлесін қосуға шақырамыз. Кез келген адам жеке отбасылық мұрағаттарда сақталған құжаттармен сайтты толықтыруға көмектесе алады. Бұл фотосуреттер, құжаттар, майданнан келген хаттар және басқа материалдар болуы мүмкін.

Бұл портал – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, еріктілер мен азаматтық қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

***

Министерство культуры и информации РК запустило портал
batyrlargatagzym.kz

Основная цель проекта – обеспечить каждому герою заслуженное признание в истории.

Как отметил Глава государства на III заседании Национального курултая «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс», государство проводит последовательную работу по сохранению памяти о наших соотечественниках, совершивших в годы войны беспримерные ратные и трудовые подвиги.

Сайт собрал информацию из различных источников и является вечным памятником подвигу казахстанцев. Пилот был в 2023 году и получил большой интерес представителей гражданского общества и волонтеров. Функционал был расширен, а данные систематизированы до полноценного портала.

На сегодняшний день портал содержит информацию о более чем 100 тысячах ветеранах казахстанцах. Мы надеемся, что к 80-летию Великой отечественной войны портал объединит данные о всех ветеранах.

Мы приглашаем каждого казахстанца внести свой вклад в проект, дополнив информацию о ветеранах. Каждый может помочь проекту в дополнении сайта, передавая для копирования сохранившиеся документы из личных семейных архивов. Это могут быть фотографии, документы, письма с фронта и другие материалы.

Данный портал — это результат общей совместной работы Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Государственных архивов, Министерства обороны Республики Казахстан, волонтеров и гражданского общества.

ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
🎬Қазақстандық фильмдердің тұсаукесері жинағын назарларыңызға ұсынамыз

🎬 Представляем вашему вниманию подборку казахстанских фильмов, премьеры которых состоятся в мае
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 11-12 мамырда өтетін қызықты қойылымдар мен концерттер жинағын ұсынады

•••

Подборка интересных спектаклей и концертов от Министерства культуры и информации РК на 11-12 мая
Madeniet_aqparat_ministrligi
Photo
📚Қазақстандық жастар оқу жылында 10-12 кітап оқиды

📊ҚазҰЭК кітапханасы ақпараттық жүйесінің көрсеткіші бойынша ең белсенді оқырмандар – жастар (51%), 27%-ы профессор мен оқытушылар құрамы, мемлекеттік қызметшілер және түрлі сала мамандары.

📕Ең көп оқылатын әдебиет – салалық әдебиет (философия, медицина, математика, өнер және т.б.) – 69%, көркем әдебиет – 31%.

📌Егер статистикаға сүйенетін болсақ, медицина туралы кітаптарды – 23059, психология – 6918, дін – 2305, география – 12105 оқырман сұраған. Көркем әдебиет кітапхана оқырмандары арасында да сұранысқа ие.

Көркем әдебиетті түрлі жанрларға бөліп қарастырсақ, романдар – 33%, детективтер – 19%, тарихи беллетристика – 15%, қиял-ғажайып – 13%, шытырман оқиға – 12%, балалар әдебиеті – 8%.

Электронды кітапхананың (ҚазҰЭК) деректеріне сәйкес, осы жылдың бірінші тоқсанында оқырмандар кітаптарды – 1 331 503, мерзімді басылымдарды – 178 623, авторефераттар мен диссертацияларды – 81 524, аудио-бейне құжаттарды – 24 492 рет жүктеп оқыған және сайтқа әлемнің 102 елінен пайдаланушы кірген.

Қазақстандық жастар жылына орташа есеппен 10-12 кітап оқиды. Сүйіп оқитын кітаптар қатарында ХХ ғасыр мен қазіргі заманғы балалар жазушыларының шығармалары бар. Жастар арасында жауап берген респонденттердің көпшілігі жиі кітап оқиды. Мәселен, білім алу үшін – 55%, оқуды міндет ретінде қабылдайтындар – 5%, кітап оқуды ұнататындар – 40%.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

***

📚Казахстанская молодежь прочитывает 10-12 книг за учебный год


📊По показателям информационной системы библиотеки КазНЭБ, наиболее активными читателями является молодежь - 51%, 27% - составляют профессорско-преподавательский состав, госслужащие и специалисты по разным отраслям.

📕Самой запрашиваемой литературой является отраслевая литература (философия, медицина, математика, искусство и т.д.) – 69%, художественная литература – 31%.

📌Если обратиться к статистике, то литературу по медицине запрашивали 23059 читателей, психологии – 6 918, религии – 2305, географии 12105 и т.д.
Художественная литература также пользуется спросом среди читательской аудитории библиотеки.

Запросы по жанрам художественной литературы распределились следующим образом: романы – 33%, детективы – 19%, историческая беллетристика – 15%, фэнтези – 13%, приключенческая – 12%, детская – 8%.

Согласно данным электронной библиотеки (КазНЭБ) в первом квартале текущего года книги скачивали и просматривали 1 331 503 раза, периодические издания - 178 623, авторефераты и диссертации - 81 524, аудио-видео документы - 24 492 и др.
Пользователи КазНЭБ из 102 стран мира.

В среднем, казахстанская молодежь прочитывает 10-12 книг в год. В числе любимых - произведения детских писателей ХХ века и современности. Большинство респондентов из числа молодежи считает, что чтение в их жизни – часть учебы - 55%, воспринимают чтение как обязанность 5%, для 40% - это полезное (любимое) времяпрепровождение.

ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
Madeniet_aqparat_ministrligi
Photo
⚜️Бүгін әдебиеттанушы, өнертанушы, ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы Әлкей Марғұланның туғанына – 120 жыл.

Әлкей Марғұлан Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi, филология ғылымының докторы, Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi атанған. Оның бастамасымен Шоқан Уәлиханов шығармаларының 5 томдық толық академиялық жинағы жарық көрді.

🖋️Әлкей Марғұланның фольклорлық зерттеулерінің маңызы зор.
Ғалым «Қазақ халқының эпикалық жыр дастандары» тақырыбында диссертация қорғады, ғылыми еңбек қазақ әдебиетi мен тарихындағы iргелi зерттеулердiң нәтижесi деп бағаланды.

Әдебиеттанушы «Қазақ халқының көне замандағы ақындық өнерiнiң шеберлерi» атты еңбегiнде қазақ халқының эпикалық жыр дәстүрiн дамытқан ақындарға, шебер орындаушыларға, сал-серiлерге тоқталып, олардың сөз өнерiндегi орнын айқындады.

📖Сондай-ақ қаламгердің «Мәшһүр Жүсiп мұрасындағы түркi эпосы», «Декабристер және Қазақстан», «Әлiшер Науаи және қазақ мәдениетi», «Мұхаммед Хайдар Дулати – тарихшы», «Шоқан Уәлиханов және Орта Азия тарихы», «Суворов», «Жамбыл Жабаев» сынды еңбектерi жарық көрдi.

Ғалым тарих, археология, этнография, әдебиет, өнер және металлургия саласына қатысты 300-ден астам ғылыми-зерттеу жұмысын, 100-ден астам энциклопедиялық мақала жазды. Сонымен қатар қазақстандық этнографтардың, археологтардың, тарихшылардың бiрнеше буынын тәрбиеледі.