ҚЫЗЫЛОРДА СОТТАРЫ
620 subscribers
3.03K photos
1.04K videos
6 files
1.84K links
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Асламбек Мерғалиев Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында сөз сөйледі

🎥 “24kz” телеарнасы
👍2
⚖️Облыстық сотта семинар өткізілді
▪️Бүгін Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен семинар өткізілді.

▪️Семинарға Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы М.Асанова, Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев, Департаменттің бөлім басшылары мен мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттар әкімшілерінің басшылары мен мамандары, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының мамандары Б.Қалық, Ж.Шарапов, ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша Департаментінің Терроризмге қарсы орталығының бөлім қызметкері М.Телеуов, Қызылорда облысы мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлері қатысты.

▪️Департамент басшысы М.Асанова семинарды ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды.

▪️Семинар барысында ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша Департаментінің Терроризмге қарсы орталығының бөлім қызметкері М.Телеуов террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге, алғашқы іс-қимыл алгоритмдеріне кеңінен тоқталып, бірқатар маңызды мәселелерді атап өтіп, лаңкестік қауіптің алдын алу мен оған төтеп беру бойынша ұсыныстар мен практикалық кеңестер туралы айтып өтті.

▪️Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының мамандары Б.Қалық және Ж.Шарапов төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел араласу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығына тоқталып, практика түрінде көрсетіп өтіп, алғашқы көмекті дұрыс әрі уақтылы көрсету тәсілдерін, қажетті құрал-жабдықтарды пайдалану әдістерін және осындай жағдайларда үйлесімді әрекет етудің негізгі қағидаларын түсіндірді.

▪️Семинарда мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің қағидалары мен жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануы және лудомания мәселесі талқыланып, сыбайлас жемқорлық көріністерінен аулақ болу керектігі айтылды.

🖊Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

https://t.me/kzlsud
👍62
⚖️В областном суде проведен семинар

▪️Сегодня в областном суде проведен семинар, организованный Департаментом Судебной Администрации Республики Казахстан по Кызылординской области.

▪️В семинаре приняли участие руководитель Департамента Судебной Администрации по Кызылординской области М.Асанова, заместитель руководителя Департамента Е.Бурибаев, руководители и специалисты отделов Департамента, руководители и специалисты администраторов районных и приравненных к ним судов, специалисты управления здравоохранения Кызылординской области Б.Калык, Ж.Шарапов, сотрудник отдела Антитеррористического центра Департамента КНБ РК по Кызылординской области и г.Байконыр М.Телеуов, а также сотрудники управления специализированной охраны Кызылординской области.

▪️Руководитель Департамента М.Асанова открыла семинар, ознакомила участников с повесткой дня, отметила важность и актуальность поднимаемых вопросов.

▪️В ходе семинара сотрудник отдела Антитеррористического центра Департамента Комитета Национальной безопасности Республики Казахстан по Кызылординской области и г.Байконыр М.Телеуов подробно остановился на потенциальных террористических угрозах, алгоритмах первых действий, также отметил ряд важных вопросов и предоставил рекомендации и практические советы по предотвращению и противодействию террористическим угрозам.

▪️Специалисты управления здравоохранения Кызылординской области Б.Калык и Ж.Шарапов отметили важность оказания первой медицинской помощи для обеспечения возможности оперативного реагирования в случае чрезвычайных ситуаций, продемонстрировали это на практике, объяснили способы правильного и своевременного оказания первой помощи, методы использования необходимых инструментов и оборудования, а также основные принципы слаженных действий в подобных ситуациях.

▪️На семинаре обсуждались вопросы соблюдения государственными служащими норм Кодекса Этики и общепринятых морально-этических норм, была затронута проблема лудомании, также подчеркнута необходимость избегать проявлений коррупции.

🖊Пресс-служба Кызылординского областного суда
https://t.me/kzlsud
👍5
⚖️Сот асыраушысынан айырылуына байланысты зиян өндірді

▪️Талап қоюшы М. Қызылорда қалалық сотына жүгініп, жауапкер «Қызылорда» автобус паркі» мекемесінен асыраушысынан айырылуына байланысты кәмелетке толмаған балаларын асырауға ай сайын кәмелетке толғанша әр қайсысына зиянды өтеу мөлшерін белгілеп, өндіруді сұраған.

▪️Талап қоюшы М.-ның жұбайы С. 2019 жылы Қызылорда қаласында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан қайтыс болған, ал кәмелетке толмаған баласы ауыр дене жарақатын алған.

▪️ «Қызылорда» автобус паркі» мекемесіне тиесілі автобусты басқарған кезде жол жүру ережелерін бұзғаны үшін автобус жүргізушісі Н. сот үкімімен кінәлі болып танылған.

▪️Жауапкер сотта талап қоюшыға сот шешімімен материалдық шығын, моральдық зиян өндірілгенін, сонымен бірге, сақтандыру төлемі төленгенін, және материалдық көмек көрсетілгенін көрсеткен.

▪️Сотта жол-көлік оқиғасына «Қызылорда» автобус паркі» мекемесінің автобус жүргізушісінің кінәлі екені сот үкімімен анықталғаны, талап қоюшы М. жұмыс істегенімен, кәмелет жасына толмаған балаларына, оның ішінде жол-көлік оқиғасы салдарынан ІІ топ мүгедектігі берілген баласына қараумен айналысатыны анықталды.

▪️Сот істегі дәлелдемелерді және тараптардың түсінігін тыңдай келе, талап қоюшының талап қоюын қанағаттандырып, «Қызылорда» автобус паркі» серіктестігінен талап қоюшының пайдасына кәмелетке толмаған балаларын асырауға ай сайын әр балаға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде балалар кәмелет жасына толғанға дейін асыраушысынан айырылуға байланысты зиян өндірілді.

🖊Қызылорда қалалық соты
https://t.me/kzlsud
👍41
⚖️Взыскан ущерб в связи с потерей кормильца

▪️Истец М. обратилась в Кызылординский городской суд с иском к ТОО «Автобусный парк «Кызылорда» о взыскании ежемесячной компенсации вреда, в связи с потерей кормильца на содержание своих несовершеннолетних детей до достижения ими совершеннолетия.

▪️Согласно материалам дела, супруг истца С. погиб в результате дорожно-транспортного происшествия, произошедшего в 2019 году в г.Кызылорда, их несовершеннолетний ребенок в результате ДТП получил тяжкие телесные повреждения.

▪️Виновником дорожно-транспортного происшествия признан водитель Н., управлявший автобусом, принадлежащим ТОО «Автобусный парк «Кызылорда», его вина в нарушении правил дорожного движения, повлекшем смерть человека, установлена приговором суда.

▪️В ходе судебного разбирательства ответчик указал, что решением суда в пользу истца уже были взысканы материальный ущерб и моральный вред, а также выплачена страховая выплата и оказана материальная помощь.

▪️Судом установлено, что виновником ДТП является водитель автобуса, принадлежащего ТОО «Автобусный парк «Кызылорда», истец работает и ухаживает за своими несовершеннолетними детьми, один из которых после ДТП стал инвалидом II группы.

▪️Суд, изучив доказательства и заслушав пояснения сторон по делу, удовлетворил иск истца и взыскал с ТОО «Автобусный парк Кызылорда» в пользу истца ежемесячные выплаты на содержание несовершеннолетних детей, в связи с потерей кормильца, в размере 15 месячных расчетных показателей на каждого ребенка, до достижения ими совершеннолетия.

🖊Кызылординский городской суд
https://t.me/kzlsud
👍3
⚖️ Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

▪️ Талап қоюшы республикалық мемлекеттік мекеме сотқа талап қою беріп, онда жауапкер «Ж» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

▪️ Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «Ж» жеке кәсіпкері танылып, тараптар арасында келісім-шарт жасалған.

▪️ Келісім-шартқа сәйкес, жеке кәсіпкер 1 948 220 теңгеге жарық шамдарын тапсырыс берушіге жеткізуге міндеттелген. Алайда, жеке кәсіпкер келісім шартта көзделген міндеттемелерін орындамаған.

▪️ Сотта тараптардың түсініктері тыңдалып, дәлелдемелер зерттеліп, талап қою қанағаттандырылып, «Ж» жеке кәсіпкері мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп танылды.

🖊 Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты
https://t.me/kzlsud
👍2
⚖️ Признан недобросовестным участником государственных закупок

▪️ Истец республиканское государственное учреждение обратилось в суд с иском о признании ответчика индивидуального предпринимателя «Ж» недобросовестным участником государственных закупок.

▪️ По итогам конкурса по государственным закупкам победителем был признан индивидуальный предприниматель «Ж», с которым был заключен договор.

▪️ Согласно условиям договора, индивидуальный предприниматель обязался поставить заказчику светильники на сумму 1 948 220 тенге в надлежащем качестве. Однако, индивидуальный предприниматель не исполнил обязательства по договору.

▪️ В суде были заслушаны объяснения сторон, исследованы доказательства, и иск был удовлетворен.

▪️ Ответчик индивидуальный предприниматель «Ж» признан недобросовестным участником государственных закупок.

🖊 Специализированный межрайонный экономический суд Кызылординской области
https://t.me/kzlsud
👍2
⚖️ Көлік құралын мас күйінде басқарған

▪️ Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

▪️ Іс құжаттарына сай, азамат Е. сағат 02:30 шамасында өз басқаруындағы көлік құралын алкогольдік мас күйінде тізгіндеген.

▪️ Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

▪️ Сот қаулысымен Е. кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

🖊 Қазалы аудандық соты

https://t.me/kzlsud
👍2
⚖️ Управлял автотранспортом в состоянии алкогольного опьянения

▪️ В Казалинском районном суде рассмотрено дело об административном правонарушении по ч.1 ст.608 КоАП Республики Казахстан в отношении гражданина Е.

▪️ Согласно материалам дела, гражданин Е. около 02:30 часов управлял автомобилем в состоянии алкогольного опьянения.

▪️ В ходе судебного заседания вина правонарушителя была доказана его признательными показаниями, а также другими материалами дела.

▪️ Постановлением суда Е. признан виновным в совершении административного правонарушения и подвергнут административному аресту сроком на 15 суток с лишением права управления транспортными средствами сроком на 7 лет.

🖊 Казалинский районный суд
https://t.me/kzlsud
👍2